Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор работы: p*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 11:45, курсовая работа

Описание

Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе .............................................................................................................3
I ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ............................................4
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................4

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ .............................................................7

Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы .............................................................7

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................14
2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ....20
Қорытынды.................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер..................................................................29

Работа состоит из  1 файл

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.30.doc

— 270.50 Кб (Скачать документ)
    • шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
    • Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
    • Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;
    • Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен  жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.

     Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.

        

     2010-2011 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:

  • Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
  • Білім беруді дамытуға;
  • Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге;
  • Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
  • Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
  • Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
  • Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр. /12/

     Орта  мерзімді кеезңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі нарттыру болып табылады.

     Орта  мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол  жеткізу үшін мынадай міндеттерді  шешу қажет:

  • Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;
  • Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;
  • Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
  • Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;
  • Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
  • ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;

     Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің  негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағытары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. /12/

     Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз керек.  
 
 
 

2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы 

     Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.

     Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие  саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту  саясаты болуында.

     Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының  Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

         Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

    • рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
    • экспанциялық ақша-несие саясаты. 

     Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты -  коммерциялық  банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

     Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.

Ақша  саясатының құралдарын төмендегiдей  топтастыруға болады:

Ақырғы  мақсат:

      а) экономиканың өсуi;

      ә) толық жұмысбастылық;

      б) бағаны тұрақтандыру;

      в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық  мақсат:

      а) ақша жиыны;

      ә) пайыз мөлшерлемесi;

      б) айырбас курсы.

Құралдары:

      а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн  тiкелей реттеу;

      ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

      б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

      в) ашық нарықтағы операциялар.

      Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң  дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

     Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша  ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

           Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл  мақсатты орындауда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:  

    • Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
  • Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
  • Мемлекеттiң бағалы қағаздарын  сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде айналыстағы ақша жиынын реттеу;
  • Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына  несиелер беруді тиімді жүргізу;
  • Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық банктің шетел валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық бағам мен төлем балансын реттеп отыру;
  • Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
  • Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi. 

      Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.

      Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей Орталық банктiң жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

           Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек,  жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.  Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етіп отырады. 

     Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір  маңызды факторы шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету  болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

     Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа  және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етедi  және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкiндiк жасайды.  Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.

     Ұлттық  банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей  бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар  нарығының шартына сай банктер  дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.

     Ақша  нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие  көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн  қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады.

     Ұлттық  банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау  барысында банктерге келесiдей  екi тәсiлдi қолданады:

  1. мiндеттi резервтеу;
  2. резервтеудiң баламалы тәртiбi.

     Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң  нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады.  Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының динамикасына әсер етедi.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу