Автор работы: p*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 11:45, курсовая работа
Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.
Кіріспе .............................................................................................................3
I ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ............................................4
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................4
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ .............................................................7
Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы .............................................................7
2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................14
2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ....20
Қорытынды.................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер..................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай
келе, экономиканың қандай даму формасы
болмасын мемлекеттік реетудің қажетті
екендігіне көзіміз жетті. Экономиканы
мемлекеттік реттеу әр елде әр деңгейде
жүргізілгенімен қазіргі
Жұмыс барысында экономиканы мемлекеттік реттеудің екі негізгі әдістемелік нұсқасы бар екендігіне көзіміз жетті. Олар экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері. Мұнда тікелей әдістер көбінесе әкімшілік рететудің сипатын алса, ал жанама әдістер нағыз нарықтық экономиканы реттеудің тиімді құралдарын пайдалануды көрсетеді. Жанама әдістер арқылы нарықтық экономиканың заңдылықтарына қайшы келмей, керісінше олардың маңызды және стратегиялық салаларын ынталандыру мен қолдауды жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жанама әдістері Қазақстан Республикасы үшін маңызы жоғары болып табылатындығына көзіміз жетті. Өйткені бүгінгі таңдағы мемлекеттің даму бағдарламалары, стратегиялары, қаржы және өндіріс салаларының даму бағдарламаларының, Ұлттық банктің ақша-несие саясатының, мемлекеттің фискалды-бюджет саясатының барлығы осы экономиканы жанама реттеу әдістері болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.
Сонымен, Ұлттық банк жүзеге асыратын ақша-несие саясаты ұлттық экономиканың дамуының тиімділігін реттейтін басты саясаттардың бірі болып табылады. Бұл саясаттың экономика дамуындағы маңыздылығын Қазақстан Республикасы Қаржы саласының бүгінгі таңда ТМД елдері бойынша ең дұрыс қалыптасқан және әлемдік талаптарға сай дамып отырған бірегей жүйе болуымен және елдің ақша-несие саясатында 2002 жылдардан бастап негізгі басты мақсат ұлттық валютаның тұрақты деңгейін және оның нығаюын қамтамасыз ету болып отырғандығынан көре аламыз.
Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР