- монополияға
қарсы реттеу;
- макроэкономикалық
тұрақтандыру саясатын жүргізу;
- ресурстарды
орналастыруға ықпал ету;
- табыстарды
бөлу аясындағы қызмет;
- мүліктік
қатнастар субъектісі ретіндегі
мемлекет қызметі.
Заңдық
базаны құру – бұл барлық
тауар өндірушілер, тұтынушылар
және мемлекеттің өзі іс - әрекетінде
жетекшілікке алуға тиісті экономикалық
агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық
араласудың заңдық қағидаларын белгілеу.
Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын
қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын,
кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың
өзімен және мемлекет арасындағы өзара
қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті
актілерді атап өтуге болады.
Макроэкономикалық
тұрақтану экономикалық өсумен,
жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен
және бағаның тұрақты деңгейімен
байланысты.
Ресурстарды
қайта бөлу өнеркәсіптік және
ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты
болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік
ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады.
Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу
және т.б. – құралдар ретінде қолданылуы
мүмкін.
Бәсекелестік
тетіктерін қамтамасыз етудегі
бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және
кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік
қорғау бағдарламасында қолданылған,
табыстарды салықты қайта бөлу арқылы
ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды
өз мойнына алады.
Мемлекеттік
меншік – сату-сатып алу объектісі
болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық
игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің
қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру
және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.
Нарықтық
экономиканы реттеу
жүйесіндегі мемлекеттік
бюджеттің маңызы
Экономика
өміріне мемлекеттің қатысу себептері,
формалары мен тәсілдері актуалды мәселелер
қатарына жатады және дәстүрлі түрде ғылыми
зерттеу пәні болып табылады. Нарықтық
экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді
жүйесі елдің экономикалық дамуының және
саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды
шарты болып саналады. Қазіргі заманғы
мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы
болып табылмайды, керісінше мемлекет
елдің шаруашылық-экономикалық өміріне
белсенді түрде қатынасады және де керек
кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру
үшін керекті шараларды да жүргізеді.
П.Самуэльсон барлық елдердің дерлік үкіметі
өздерінің қолын экономиканың пульсінде
ұстап тұрғылары келеді деп атап көрсетеді.
Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі
мемлекет нарықтық механизмдегі іркілістерге
көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі
заманғы капитализм нарықтық қызметі
мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара
байланысты болатын және бірін бірі толықтыратын
жүйе болып табылады.
Жақсы
үкімет - бұл байлық емес, өмірге
керекті жағдай дегенмен келіспеуге
болмайды. Тиімді мемлекетсіз тұрақты
әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін
емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер
мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық
сұрақтарына оралуда ғана емес, сонымен
қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан
да оны өзекті етуге мәжбүрлейді.
Қазіргі
кезде мемлекеттің экономикадағы
орны мен ролі үздіксіз күшеюде.
Бұны тек қана жалпы ішкі
өнім қатынасында мемлекеттік
кірістер мен шығындардың өсуі
ғана емес, сонымен қатар экономикадағы
дағдарысты жағдайларды жеңуге
бағытталған үкіметтің реттеуші
шараларының мәнінің де өсуі куәландырады.
Шаруашылық тәжірибе арқылы компаниялардың
өз қызметтерін жоспарлаудың уақытты
кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі
елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің
ролін жаңаша түсінуді қажет етті. Срндықтан
кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің қызметтеріне
деген сұранысты туындатады, өйткені ол
ең алдымен мемлекеттік биліктің тиімсізділігіне
немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел
мен анықсыздықты жеңуге мүдделі.
Экономиканы
мемлекеттік реттеудің тапсырмалары
мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың
әсерінен болады, олардың ішінде ерекше
орынды қаржылық жахандану, инновациялық
дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси
факторлар алады. Сол себепті мемлекетте
үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің
қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа
мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс
елдері көп көңіл бөлуде.
Мемлекеттің
экономикалық ролі туралы сұрақты
мемлекеттік реттеуді «ұлғайту-азайту»
терминінде шешуге бел буу
мемлекеттік институттарының сапасы
туарлы маңызды сұрақты екінші жоспарға
қоюға әкеледі. Тиімді экономиканы құруға
бағытталған бюджеттік саясат мемлекеттің
ықпалын қысқартуға немесе ұлғайтуға
әкелуі мүмкін.
Шаруашылық
жағдайын реттеу саясатын инновациялық
процестер мен глобализациялауды
есепке ала отырып жүргізу мемлекеттің
бюджет саясатында алғы орынды алады.
Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін
көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлуе
отырып, оны шешу үшін экономикадағы мемлекеттің
жаңа басымдылықтарын іздеу мәселесі
туындайды. Тәжірибе жүзінде мемлекет
өзінің қатысуын бір сфераларда күшейтуі
мүмкін және бір мезгілде оны басқа сфераларда
азайтуы немесе жоюы мүмкін. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде мемлекеттің
реттеуші ролінің күшеюі немесе әлсіреуін
сипаттай алмайтын процестер жүреді, өйткені
мемлекеттің экономикадағы ұлттық экономиканың
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге
бағытталған сапалы қызметі туралы сөз
болады.
Бірақ
та экономиканы мемлекеттік реттеу
нақты шешімдерді қабылдау кезінде
кемшіліктерге жол бермеу арқылы
жүзеге асыру керек екендігін
ешкім де жоққа шығармайды. Осы мәселе
экономика ғылымындағы ең күрделі сұрақтардың
қатарына жатады және көп жағдайларда
оның шеңберінен шығып та кетеді.
Экономиканы
реттеу қызметі мен тәсілдері
нақты тарихи жағдайларға байланысты
өзгереді, бірақ та мемлекеттің нарықтық
жүйедегі негізін қалаушы қызметтері
өзгеріссіз қалады. Оларсыз қазіргі заманғы
экономиканың дамуы мүмкін болмайтын,
нарықтық жүйенің керекті конструктивті
элементтері болып саналады.
Дж.
Тобин экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігін төмендегіше
негіздеді: « «Көрінбейтін қол» теоремасы
жеке және қоғамдық мүдделер қайшылықтарға
тірелетін экстерналийлер мен қоғамдық
игіліктердің бар болуын есепке ала отырып
жетілдірілуі керек. Осыдан ұжымдық мүддеге
негізделген мемлекеттік қызметтің қажеттілігі
туады... Смиттің жүйесі эгоистік энергияны
конструктивті бағытқа бағыттайтын институттар
болған жағдайда ғана жұмыс істей алады»
.
Экономикалық
тиімділікті көтеру мен инновациялық
белсенділікті ынталандырудағы
бәсекелес нарықтардың артықшылығы
жалпы мойындалған және мемлекет өзінің
дамуында, ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу,
экономикалық өсуді қамтамасыз етуді
қанағаттандыру үшін оларға сүйенеді.
Сонымен қатар олардың жеңісті қызмет
етулері үшін дұрыс инфрақұрылымдар мен
институттар қажет. Нарықтарға тиімді
қызмет етуге мүмкіндік беретін жағдайды
жасау мемлекеттің құзырындағы іс әрекет.
Осы жағдайлардың ішінде ең алдымен меншіктің
анық құқықтарын айту керек, ал ол дәйекті
жасалынған заң процедуралары негізінде
қызмет ететін сот билігінің болуын қарастырады.
Тәжірибе
көрсеткендей нарық экономикалық
субъектілердің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайды. Қазіргі
заманғы нарықтық экономикада
мемлекетке артылған базалық
қызметтер ең алдымен экономикалық
процестерге «нарықтың жетіспеушілігін»
түзету мақсатында араласумен байланысты.
Осындай қызметтердің қатарына қоғамдық
игіліктер өндірісі, монополияға қарсы
мемлекеттік реттеу, «сыртқы әсерлерді»
реттеу және анық ақпараттарға тең қол
жеткізуді қамтамасыз ету жатады. Сондықтан
мемлекеттік бюджет жүйесінің қызметінің
нәтижесі ең алдымен мемлекеттің нарықтық
«жетіспеушілігін» қаншалықты тиімді
түзететіндігінен көрінеді.
Қайсібір
қоғамдық игіліктерді өндіруді
жеке сектор атқара алмайды
немесе атқарған күнде де бұл
қызмет оларға пайда әкелмейді,
ал егер де жеке сектор атқаратын қызмет
оларға пайда әкелмейтін болсама, онда
кәсіпкерліктің заңы бұзылады. Осындай
игіліктердің классикалық моделі меншік
құқығын қорғау, мемлекеттің қорғаныс
қабілетін қамтамасыз ету, сыртқы саясатты
жүргізу, елдегі тәртіпті сақтау болып
табылады. Осы сияқты игіліктерге деген
қажеттіліктерді қанағаттандыру тұтас
қоғамның қызметінің нәтижесі болуы керек.
Осындай қоғамдық мүдденің өкілі мемлекет
болып саналады. Сондықтан да мемлекет
тұрғындарды ұжымдық және қоғамдық игіліктермен
қамтамасыз етуге жауапкершілікті болады.
Ерекше
экономикалық категория ретіндегі
қоғамдық игіліктердің негізгі
мінездемелерін төмендегіше сипаттауға
болады:
1. Жеке
тұлғалардың қоғамдық игіліктерді
тұтына отырып өзара бәсекелестікке
түспейтінін сипаттайтын, тұтынудағы
бәсекелестіктің болмауы. Қосымша индивидтің
ұжымдық иглікті тұтынуының шекті шығындары
нольге тең, осылайша қоғамдық игіліктерді
тұтынуға қосымша индивидттердің қосылуы
оның басқаларға қол жеткізу мүмкіндігінен
айырмайды, өйткені қоғамдық игіліктер
бөле жара қарастырылмайды және жеке бөлшектерге
бөлінбейді. Сонымен бірге жеке игіліктерді
қайсібір индивидтің тұтынуы, осы игіліктерді
басқалардың тұтынуын толығымен жоққа
шығарады.
2. Қоғамдық
игіліктер тұтынудан шығармау
қасиетіне ие, өйткені қосымша тұтынушыға
қоғамдық игіліктерді пайдалануға рұхсат
бермеу мүмкін емес немесе белгілі субъектінің
олардың қоғамдық игіліктерді тұтыну
үлесін төмендету мүмкін емес. Мысалы,
индивидтің тұтынуынан мемлекеттің қорғаныс
қабілеті немесе тәртіпті сақтау сияқты
игіліктерді пайдалануын шығарып тастау
мүмкін емес.
Келтірілген
мінездемелердің талдауы классикалық
қоғамдық игіліктердің санының
шекті екендігін сипаттайды. Сонымен
қатар жеке және қоғамдық игліктер
арасына нақты, анық шек қою
өте күрделі. Таза ұжымдық игіліктерге
шарттылықтың белгілі үлесінде меншік
құқығын қорғауды, мемлекеттің қорғаныс
қабілетін, көшелерді игеруді және т.б.
жатқызуға болады.
Классикалық
қоғамдық игіліктер мен жеке
игіліктердің арасында көптеген
игліктер бар, оларды «толығымен
қоғамдық емес» және «толығымен жеке емес»
деп сипаттауға болады. Осындай игіліктер
«аралас» деген атауға ие және мемлекет
арқылы да, жеке сектор арқылы да өндірілуі
мүмкін, мысалы, жол құрылысы, білім беру,
денсаулық сақтау, фундаментальды ғылыми
зерттеулер.
Қоғамдық
игіліктерді ұсыну мемлекеттің
экономикаға қаржы және бюджет
саясаттарын жүргізу арқылы араласуының
объективті алғы шарты болып
табылады. Қоғамда болып жатқан
экономикалық және әлеуметтік
процестерге мемлекеттің араласуы
өте үлкен көлемде сезіледі. Осы әсер
ету шеңберіндегі негізгі мәселе осы жағдай
үшін дұрыс болып саналатын нарық пен
мемлекеттің рольдерінің қатынасын табу
болып есептелінеді.
П.Самуэльсон
сыртқы әсерлер, яғни экстерналиилер
экономикалық субъектілер өзінің
қызметімен байланысты шығындарды басқаларға
«таңғанда» немесе олармен пайда арқылы
қамтамасыз етілетін жағдайда пайда болады
деп атап көрсетеді .
Басқа
экономикалық субъектілерге әсер
ету нәтижесі бойынша экстерналииді
оң және теріс деп бөлуге
болады: сыртқа әсерлер, егер де олар
сыртқы субъект үшін өнімділік пен пайдалылықты
ұлғайтса оң деп есептелінеді және керісінше
теріс сыртқы әсерлер оны төмендетеді.
Сыртқы әсерлердің болуы сонымен қатар
теріс сыртқы әсерлерді төменгі дәрежеге,
ал оң сыртқы әсерлерді ең жоғарғы дәрежеге
жеткізетін, экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігінің негізі болып
саналады. Көптеген жағдайларда теріс
сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті қорқыныш
тударатын экология мәселелерімен байланыстырылады.
Мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты
ретіндегі ұлттық экономиканың бәсекелестік
қабілетін ең жоғарғы дәрежеге жеткізу
қажеттілігі мен қоршаған ортаны қорғау
тапсырмалары арасында қайшылықтар бар.
Экономикалық глобализациялаудың күшеюі
жағдайында оның толығымен жойылуы мүмкін
емес. Сонда да осы жағдайдың күшін бюджет-салық
механизмдерін белсенді қолдану арқылы
азайтуға болады.
Қоршаған
ортаны ластаумен байланысты
теріс экстерналиилерді ең төменгі
дәрежеге жеткізу Қазақстан үшін
қазіргі таңда өзекті мәселе,
өйткені оның экономикасының
бәсекелестік артықшылығы металдар өндірісімен,
мұнай өңдеумен, химия өнеркәсібімен байланысты,
олар экология үшін өте қауіпті болып
саналады және қоршаған ортаны қорғауға
маңызды салымдарды талап етеді. Бірақ
та қазіргі таңда мемлекеттің де, жеке
секторлардың да табиғатты қорғау шараларына
жұмсап отырған шығындар көлемі мардымсыз
және олар мәселенің көлеміне сай келмейді.
Сыртқы әсерлерді интернализациялау бюджет
саясатының құралдарын икемді пайдалануды
қарастырады, оның ішінде:
•
экологиялық жобаларға «мультипликациялық»
әсер беретін және қазақстандық экономиканың
бәсекелестік позициясын нығайтуға әсер
етуге қабілетті тікелей мемлекеттік
инвестициялар;