Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 07:05, реферат

Описание

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді.

Работа состоит из  1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.doc

— 155.50 Кб (Скачать документ)

 •  экологиялық жобаларды және осы  сферада алғы технологияларды  жасауды қаржыландырудың қайнар  көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін табиғат рентасының деңгейін көтеру.

 Сонымен  қатар экологиялық жобаларды  жанама мемлекеттік қолдау механизмі  болып ғылыми-техникалық ақпараттардың  осындай жобаларына қатысушыларына  ұсынылатын несиелерінің пайыздық  ставкаларына жеңілдік жасау, шетелдік инвесторларды іздеп тарту және т.б. саналады.

 Қазіргі  заманда жеке экономикалық субъектілер  ғана емес, сонымен қатар мемлекетт  те оң және теріс сырқы әсерлерді  өндіре алады. Осының классикалық  мысалы ретінде ғылымды, білім  мен медицинаны қолдауды айтуға болады. Фундаментальды ғылыми зерттеулерге мемлекеттік шығындарды жұмсау пайдалы білімді тарату арқылы басқа да субъектілерге оң сыртқы әсерлерді өндіреді. Жаңа білімдерге деген жеке құқықтарды ұзақ уақыт бойы қорғау мүмкін емес және фундаментальды ғылыми зерттеулерге салынған жеке қаражаттар мәні бойынша қоғамдық игіліктерді құруға әкеледі, нарықтық экономика жағдайында фундаментальды білімдердің жеткіліксіз өндірісі салыстырмалы түрде болуы мүмкін, ол біздің пікірімізше, фундаментальды білімдерді бюджеттік қаржыландырудың бірден бір себебі болып саналады.

 Білім  беру үнемі оң сыртқы әсер  әкелетін қызмет ретінде қарастырылатындықтан, мемлекет әлеуметтік пайданы  үнемі ең жоғарғы деңгейге  жеткізуге және білім берудің  мүмкіндіктерін нарықтың жеке оқу орындарына беретін жеңілдіктерімен немесе тікелей мемлекеттік оқу орындарын құрумен қатар кеңейтуге ұмтылады.

 Мемлекет  тарапынан денсаулық сақтау саласын  аржыландырудың мәні ор болып  табылады. Денсаулық сақтауды дамыту  оң экстерналииді екі бағытта құрады. Біріншіден, денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау жасау адам факторын экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Екіншіден, денсаулық сақтау өнеркәсіптің көптеген секторлары мен қызмет сфераларымен байланысты күрделі жоғарғы технологиялық кешен бола тұрып, көптеген жоғарғы технологиялық салалар үшін оң экстерналииді құруға қабілетті. 

 Мемлекет  өндіретін сыртқы әсерлерді талдаумен  байланысты мәселелердің күрделілігі  сыртқы әсерлер мен қоғамдық  игіліктер түсінігінің өзара тығыз байланыста болуымен түсіндіріледі.

 Қоғамдық  игліктерге деген қажеттіліктерді  нақты анықтау мүмкін емес. Мемлекет  арқылы қоғамдық игіліктерді  өндіру оң, сонымен қатар теріс  экстерналиилерге де әкелуі мүмкін.

 Нақты  экономикалық жағдайларда барлық  теріс әсерлерді интернализациялайтын идеалды нарық және тек қана оң сыртқы әсерлерді өндіретін мемлекеттік саясат та болмайды. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің тапсырмасы әрбір жағдайға нарықтық күштер мен мемлекеттік әсер етудің адекватты жағдайын таба отырып, теріс сыртқы әсерлерді ең төменгі деңгейге және ең әсерлерді ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып табылады.

 Бәрімізге  белгілі жағдай нарықтық экономикада  мемлекеттік реттеу тікелей әрі  жанама тәсілдер арқылы жүргізіледі.  Әсер етудің тікелей тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық реттеушілер, жанама тәсілдерге - қаржылық тәсілдер жатады. Тікелей тәсілдерді мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізу үшін институциональды фундамент ролін атқарады.

 Мемлекет  алдында нарықтық «кемшіліктерін»  реттейтін және осылайша экономикалық дамуға ықпал ететін бюджеттік саясатты жүргізу тапсырмасы тұрады. Сонымен қатар мемлекеттің әсер етуі қалаған нәтижеге жетуге әкелмейді, ол мемлекеттің өзінің «кемшіліктері» әсерінен болуы мүмкін, ал ол ең алдымен ақпараттарды біркелкі бөлмеумен, саяси процестің жетілмеуінен, бюрократияның әсерімен және уақытша лагпен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бюджеттік саясатты жүргізу оның тиімділігінің мониторингі мен мүмкін негативті жағдайларды жою жөнінде шараларды мерзімінде жүргізуді қарастырады.

 Экономикасы  дамыған елдерде 20 ғасырдың екінші  жартысында жүргізілген экономикалық  саясат мемлекет ролінің күшеюін  объективті де және субъективті  де факторлармен шарттаған. Бір  жағынан, экономикаға мемлекеттік  әсердің күшеюі мемлекеттің бұрын  оның көңіл аудару сферасынан тыс қалған жаңа мәселелерді шешуді өзіне алуымен түсіндіріледі. Экспортты мемлекеттік қолдаудың институттарын құру және дамыту, жоғарғы білімді еңбек ресурстарын қалыптастыру, экономикалық субъектілер үшін ақпараттың қол жеткізу мүмкіндігі мен анықтығын қамтамасыз ету - мемлекет қызметінің осы аспектілері экономикалық субъектілер үшін күнен күнге маңызды болуда. Келесі жағынан, көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың ұлғаюы бюрократия үшін «тегін» бюджеттік қаражаттарды алу мүмкіндігімен байланысты, ал ол ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесінің өсуіне және экономикалық өсуге маңызды кедергі келтіретін салық ауыртпашылығының ұлғаюына әкеледі.

 Экономикаға  мемлекеттің шектен тыс араласуы  көптеген жағдайларда өзін өзі  реттеудің нарықтық механизмінің әлсіреуімен және шектен тыс бюрократиямен байланысты негативті әсерлерге әкелді, бірақ та экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі күман келтірмейді. Мемлекетті нығайту және мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін көтеру мәселелері Қазақстан үшін де өте өзекті мәселелердің бірі, ол нарықтық институттарды қалыптастыру қажеттілігімен, әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен, жеке кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерін жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамсыз етумен байланысты.

 Қазақстан  экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне  қарамастан әлемдік экономикаға  интеграцияланады, одан мемлекет  тек қана табыс қана алып  қоймайды, сонымен қатар осымен  байланысты қиыншылықтарды да сезінеді. Бұл мемлекеттің экономикалық жүйесінің өзгеруіне одан әрі қатысу қажеттілігін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы глобальды экономика талаптарына сай тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін туындатады.

 Мемлекетті  нығайтудың тапсырмаларын шешудің  қажеттілігі Қазақстанда болып  жатқан жағдайлар арқылы анықталады:

 •  қазақстан экономикасының әлемдік  экономикалық жүйеге интеграциялануының  жеткіліксіздігі;

 •  жеке кәсіпкерліктің әлсіздігі, сонымен қатар меншік иелерінің құқығын қорғаудың сенімді механизмдерінің болмауы;

 •  экономиканың шектен тыс бюрократтылығы;

 •  нарықтық трансакцияға қатысушылар  арасындағы қатынастардың криминалдылығы.

 Қазақстанда  мемлекетті нығайту тапсырмасы әр түрлі шаралар кешенін қарастырады. Сонымен қатар дамыған нарықтық экономиканы құруға керекті институционалды қайта құрылымдар реформалардың шешуші элементі болып саналады. Қазақстанда нарықтық құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші ретінде қоғамдық игіліктерді өндіру мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық экономикадағы мемлекеттің базалық қызметтерін қаржылық реттеудің институттарының сәйкес келмеуі есептелінеді. Сондықтан бюджет саясатын жүргізуде, оның тиімділігінің мониторингі мен болуы мүмкін негативті салдарларды дер кезінде жою шараларын қарастырады. 

Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалдық саясатын жүзеге асыру шарттары Экономиканы  реттеудің қаржылық механизмдері және мемлекеттің фискалдық саясатын жүзеге асыру шарттары.  

 Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

 Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.

 Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

 Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

 Қаржы механизмінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

 Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады. Бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

 Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.

 Қаржы механизмдерін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

 Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінн демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.  

 Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі.  

 Фискалдық саясат мақсаты.  

 Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.  

 Міндеттері

1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.

2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру.

3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.  

 Шешу жолдары

 Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді:

 орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;

 бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;

 Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру;

 мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру.

 Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді:

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу