Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 12:31, реферат
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді.
Экономиканың пайда болуы жайлы теориялар
Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй
шаруашылығын басқаратын тұлға» деген
сөзінен шыққан
Экономика-материалдық
Эконмикаға Мэнкью былай деп түсініктеме
беріпті: «Экономика — қоғамның өз ресурстарын
басқаруы туралы ғылым». Жалпы тілмен
айтқанда экономика адамдар қалай шешім
қабылдайды, қанша жұмыс жасауы керек,
не сатып алғаны дұрыс, қаншалықты пайда
таба алады және т.б. көптеген сұрақтарға
жауап іздейді.
Экономикалық ілім
— ертедегі ең ескі және бай тарихы бар
ғылымдардың бірі. Экономикалық ойдың
алғашқы көзін біздің дәуірімізге дейін
ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары
Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) пен Аристотельдің
(б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінен табуға болады. Ксенофонт (б.з.д. 445-335 жж.) «Экономия»
деп аталатын (гректің «ойкос» - шаруашылық
және «номос» заң деген сөздерінен шыққан)
құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару
құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй
шаруашылығын басқару өнері (заңдары)
деп те аударуға болады. Ол экономия –
бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын
байытуға болатын ғылым деп жазды.
Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда
болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруашылықты
жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда
болды. «Ойкономия» түсінігі саяси экономияға
айналды. «Саяси экономия» түсінігінің
өзі алғаш рет француз экономисті Антуан
Монкретьеннің (1575-162 жж.) «Коғамдық шаруашылықтың
заңдары» («саяси экономияның трактаты»)
деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя»-грек
тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық
ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.
Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді. Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде ХVІІ-ші ғасырда пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зерттеудің бастауы болып табылады.
«Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда)бірінші экономикалық ілім болып табылады. Осы ілімнің негізгі мазмұны мынада: меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл-ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Олардың ойынша, қоғамның әл-ауқаттылығына сырткы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелінуінен артып тұруы мен елдегі ақша капиталы (алтын, күміс) қорлануының арқасында қол жеткізіледі.
Меркантилизм екі кезеңнен
өтті:
Ерте кезеңде (ғғ. Басы ) ол байлықтың жалғыз
формасы ретіндегі алтын мен күміс идеализациясы
тән монетаризм формасында ілгері басты
және алға шықты. Монетаристер «ақша балансы»
теориясын алға қойды. Осыған сәйкес олар
ақшаны елден шығаруға тыйым салуды ұсынды.
Кейінгі мерконтилистерақша айырбасы
емес тауар айырбас сферасының зерттеулеріне
көңіл бөлді. «Сауда балансы» теориясы
жетілдірілді. Ерте кездегі меркантилистерге
қарағанда кейінгі меркантилистер ақшаны
елден шығаруға тыйым салмады, өнеркәсіп
тауарларының экспортың ұлғайтуды, шетел
тауарларына жоғары баж салығын салуды
ұлттық экономиканы қорғауды яғни протекционизм
саясатын жүзеге асыруды ұсынды (латын
сөзінде “protecsio” жақтау , қорғау ). Меркантилистік
саясат елге барынша көп мөлшерде алтын
мен күмісті жинауды көздейді. Меркантилизмнің
нағыз өкілдері — Вилья Стаффорд (1554-1612
ж.ж.) және Томас Мэн (1571-1641 ж.ж) болып табылады.
Физиократизм теориясы. «Физио»
- табиғат, «кратос» - үстемдік.Қоғам байлығы
сауда да емес, ол өндірісте пайда болатындығы
туралы идея алғашқы рет физиократтар
мектебінің еңбектерінде пайда болды.
Осы мектептің басты тұлғасы — Франсуа
Кенэ (1694-1774 ж.ж.) еді. Ол ұлттық байлықтың
қайнар көзі – ауыл шаруашылығының енбегі
деп есептеді. Кейінірек бұл Уильям Петти
(1623-1687 ж.ж.), Адам Смит (1723-1790 ж.ж.) және Давид
Рикардо (1772-1823 ж.ж.) еңбектерінде де қарастырылды.
Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек
ауыл шаруашылығының еңбегі ғана аркылы
емес, барлық өндіріс саласындағы еңбекте
(ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс
өндірісі) болатындығын айғақ етті. А.Смит
«Халықтардың байлығының себебі және
табиғаты туралы зерттеу» атты кітабын
шығарды. А.Смиттің негізгі идеялары:
• Мемлекеттің экономикаға минимальді
аралауы;
• Бәсекенің әсеріндегі ұсыныс пен сұраныстан
тәуелді үйлестірілетін еркін бағалардың
негізінде нарықтың өзін - өзі реттеуі.
Ол бұл экономикалық реттеушілерді (баға,
сұраныс, ұсыныс және ең маңыздысы – бәсеке)
«көрінбейтін қол» деп аталады. Осы
идеялар классикалық (үлгілі) деген атаққа
ие болды, сондықтан да бұл ілімнің өкілдері
классикалық экономикалық мектептің негізін
қалаушылар деп аталды.
Саяси экономиканың классикалық мектебінің
тұжырымдамаларын одан әрі тереңдете
зерттеу негізінде марксизм ілімі қалыптасты.
Марксизімнің негізін салушы К.Маркс (1818
– 1883 жж.). К.Маркстің ең басты еңбегі «Капиталды»Ф.Энгельс
«жұмысшы табының библиясы»деп атады.
Маркс өзінің зерттеулерінің пәні-өндірістің
капиталистік әдісі мен оған сәйкес келетін
өндіріс пен айырбастың қатынасы, ал түпті
мақсаты-капитализмнің экономикалық заңдарын
ашу деп есептеді.
Маркстік теория бойынша қоғам дамуының
негізі - материалды өндіріс. Өндірістің
дамуымен жаңа қоғамдық қатынастар құрылады.
Өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның
материалдық базисі сана формаларын, заңды
және саяси қондырманы анықтайды. Зерттеудің
негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық
заңдылықтары. К.Маркстың ашқан жаңалығы:
ақша мен капиталдың ерекшелiктерi, ақшаның
капиталға айналуы. Ол капиталды белгiлi
заттар емес, тек қана ақша емес, ол адамдардың
арасында болатын қоғамдық қатынас деп
көрсеттi. Оның ойынша, адамзат қоғамының
басты қиыншылықтары осы капиталды жеке
адамдар иемденiп, өз мүдделерiне бағыштаудан
болып отыр. Осыдан барып таптық күрес
шығады деп көрсеттi.
К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы
барлық экономикалық құбылыстар да талданды.
Маркстiң экономикалық iлiмiндегi тағы бiр
назар аударатын жай – капиталдың ұдайы
өндiрлу процесi. Қазiргi кезде бұны экономикалық
өсу теориясы деп карауга болды.
К.Маркстың басты енбегі «Капитал» (1867-ші
жылы 1-ші, 1885-шіж. 2-ші, 1894 ж. 3-ші томдары
жарыққа шықты), осы енбек оны әлемдегі
ұлы экономистер қатарына қосты. Бұл ілімінде
жеке олкылықтар да кездеседі..
ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер (1840-1921 ж.ж.), Фридрих фон Визер (1851-1926 ж.ж.), Эйген фон Бем- Баверк (1851-1914 ж.ж.), сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Стели Джевонс (1835-1882 ж.ж.) және басқалары қалады. Маржинализмнің (француз тілінде marginal – шекті, шектеулі) марксизмнен айырмашылығы – қанауға негізделген өндіріс әдісі ретінде копитализм мәнін зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Ол ХХ ғ. 70 – жылдары пайда болды.. Маржиналистер саяси экономиканың міндетін радциоиналды шаруашылық пен шекпеулі ресурстарды бөлудің ең тиімді тәсілдерін іздеуден көрді. Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылык, шекті өнімділік, шекті шығындар. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен модельдерді кең қолданды. Математикалық мектептің бірден-бір белгілі теоретигі швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910 ж.ж.) болып табылады. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік моделін жасады, онын негізіне – сұраным мен ұсынымды талдау жатады.
Экономикалық ғылым үш ғасыр бойы (XVII-XIX ғ.ғ.) саяси экономия ретінде дамыды. Экономикалық ілімнін анықтамасында таптық көзқарастың басымдылығын дәлелдей отырып, К.Маркс оны кеңінен қолдануды ұсынды.
Ағылшын ғалым-экономисі Альфред Маршалл (1842-1924ж.ж.) өзінің «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.) Деген еңбегінде «саяси экономия» термині «экономикалық теория» ұғымымен пара-парлығын айтты. Содан бері 100 жылдан астам уақыт өтті және экономикалық ғылым жаңа зерттеулермен толықтырылды. Осы зерттеулер дамыған елдерге кең тараған және «Экономикс» (авторлары П.Самуэльсон, Кэмпбелл, Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю және басқалары) типтес оқулықтарда баяндалды. Альфред Маршаллдың шекті пайдалылық теориясы орташа мөлшерден шекті шағын шамаға өту мүмкіндігін жасады және олардың сұраным мен ұсыным, сондай-ақ шығындар көлеміндегі өзгерістерге алып келді. Бұл талдау техникасы процесі үшін өте үлкен мәнге ие болды. Экономикалық теорияда математикалық тәсілді қолдануға жол ашты.
Қазіргі экономикалық ілімдер тарихының
негізін қалаушы ағылшын
Қазіргі кезде экономикалық ілімдер тарихы мынадай төрт ірі ағымдармен сипатталады:
– бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады. Неоклассиктер — А.Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер нарықтық экономика субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет аткарған болар еді;
–Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс (1883-1946 ж.ж.) болып табылады;
– үшінші ағым «институционализм» теориясымен айқындалады. Оның негізін қалаушы американ ғалым-экономисі Торстейн Веблен (1857-1929 ж.ж.) болып табылады. Оның 1899 жылы «Парықсыз топтың теориясы» атты еңбегі жарық көрді. Осы ағым үшін капиталистік қоғамның дамуы мен түрінің өзгеруіне арналған зерттеулер сипаты тән. Т.Вебленнің ізбасарларына «индустриалды қоғам» теориясын жасаған американ ғалым-экономисі Дж.Гэлбрейтті (1908 ж.) және «конвергенция» (латынның жақындасу, ұксайтын деген сөзі) теориясын жасаған голланд ғалым-экономисі Ян Тинбергенді жатқызамыз. Американ ғалым-экономисі Пол Самуэльсонның (1915ж.) айтуынша, бұл теорияларда «аралас экономиканың» түп тұлғасы қарастырылған.
– төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен айқындалады. Осы теорияның негізін калаушылар неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард (1897-1977 ж.ж.) және германияның ғалым-экономисі Вальтер Ойкен (1891-1950 ж.ж.) болып табылады.
ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарындағы экономикалық дағдарыс пен кәсіпкерлік белсенділіктің бәсеңсуі А.Смиттің мемлекеттік реттеудің тиімсіздігі идеясына алып келді. Осы жағдайлардың толқынымен экономикалық ілімде жаңа бағыттар пайда бола бастады. Осы бағыттағы экономистер ұсынымды ынталандыру идеясын тілге тиек етті. Олардың ойынша, нарық механизмі, бәсеке негізінде өсуді баланстандыру қамтамасыз етіледі немесе сұраным мен ұсыным арасында тепе-теңдік қалыптасады. Мемлекеттің ролі еркін бәсекеге дұрыс жағдай жасаумен шектелуі қажет. Бұл «неоклассикалық» немесе «неолибералдық» бағыттың көздегені жекешелендіруге пайдаға салық өсімін төмендету арқылы және бәсеке жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейтіп, ұсынымды ынтатандыру. Мемлекет жұмыспен қамтамасыз ету идеясынан бас тартып, әлеуметтік бағдарламаны барынша қысқартады. Әлеуметтік амортизаторлар сақталып, тегін қызмет көрсету сияқгы әлеуметтік кепілдік жойылып, кәсіпорын акцияларына иелік жасау арқылы жұмысшыларды кәсіпкерлікке тарту, басқаруға қатыстыру және сол сияқты бойын көтере бастайды. Олардың қолдауынша, жеке кәсіпкерлік өндіріс пен қоғамдық әл-аукаттың қарқынды өсуіне алып келеді, ұсынымды ынталандыру теориясы рейганомика мен тетчеризмнін негізін қалады.
«Неолиберализмнің» белгілі
Осы тенденцияның айқын көрінісі американ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915 ж.) «неоклассикалық синтез» теориясы болып табылады. Неоклассикалық синтез теориясының түсіндіруінше «еркін бәсекеге адамдар жұмыспен толық қамтылмайды және ресурстар түгелдей игерілмейді». Мемлекеттің экономикаға араласуы дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмай, «толық жұмыстылықты» қамтамасыз етуі қажет. Алайда, белгілі шеңберде бәсекелестіктің болуын қалайды. Кәсіпкерліктің жеке және мемлекеттік түрлерінің араласуымен – нәтижесінде аралас экономика пайда болады. «Таза жұмыстылық» жағдайында «шекті пайдалылық» және «шекті өнімділік» теориясында баяндалған классикалық принциптер өзінің «заңды күшіне» ие болып, ол Пол Самуэльсонда негізгі құн мен табысты үйлестірудің теориясы ретіңде қарастырылған. Нарықтық коньюктура тұрғысынан қарастыра отырып, Пол Самуэльсон екі бағыттағы экономист өкілдерінің ұсынысын қолданған. Оның неоклассикалық синтез теориясы ерекше жаңалыққа жатпайды және ол екі бағыттың негізгі принциптерін экептикалық қосудан туындап, экономиканы мемлекетік реттеу теориясының басымды ролі атқаратындығын көрсетеді. Пол Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне» американ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908 ж.) негізгі тұжырымдамаларын қосқан. Дж.Гэлбрейт ғылыми-техникалық революцияға және экономиканы реттеудің түрлері – үкіметтің өзара ұзақ мерзімді келісімімен, ірі корпорация мен кәсіподақтың мәмілелеріне ерекше мән берген. Бұл ұсыныстардың басты мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейтіп, әлеуметтік ұтымды тәсілін кеңірек қолданып. әлеуметтік қақтығыстарды бәсендету еді.
Информация о работе Экономиканың пайда болуы жайлы теориялар