Экономиканың пайда болуы жайлы теориялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 12:31, реферат

Описание

Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады. Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсерін тигізді. Ол сол кездердегі жеке иеліктерді жүргізумен шектелмей, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жұргізудің жалпы ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстарымен бірге пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атка ие болды. Антуан Мокретьен 1615-ші жылы «Саяси экономия трактаты» кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан баскарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны әлі де ғылым деп айтуға болмайтын еді.

Работа состоит из  1 файл

Экономиканың пайда болуы жайлы теориялар.docx

— 25.20 Кб (Скачать документ)

 «Экономика ғылымының ғылыми мақсатын терең түсіну үшін ең жақсысы ұлы үш экономистердің, А.Смит, К.Маркс және Дж.М.Кейнстің еңбектерін зерделеп оқу жеткілікті» – дейді американдық белгілі экономист, жаңа институционалдық бағыттың өкілі Р.Хайлбронер. Бұдан артық экономика ғылымына берілер баға жоқ секілді. Себебі Роберт Хайлбронер келтірген бұл үш атақты экономистер экономика ғылымында түбегейлі өзгеріс жасау арқылы өз есімдерін мәңгілік қалдырған ғалымдар. Олар экономикалық жүйелердің нарықтык, жоспарлы, аралас түрлерінің негізін қалаушылар.

  Экономика мен экономикалық ілімдер тарихының негізгі теориялык негізі – экономикалық теория (саяси экономика) курсы. Өткен заманғы және қазіргі әлемге танымал атақты экономист ғалымдардың, теориялық мектептер мен экономикалық бағыттардың негізгі экономикалық концепцияларының талқыламаларын салыстыра отырып алған білімнің экономикалық теория курсын терең меңгеруге жол ашатыны сөзсіз.


Информация о работе Экономиканың пайда болуы жайлы теориялар