Электр энергетикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 23:27, реферат

Описание

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi.

Содержание

Кіріспе

1.1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі
1.2. Қазақстан Республикасының электр энергетикалық секторлары
1.3.Алғашқы электр станциялары
1.4.Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
1.5.Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері
1.6.Электр энергиясын тұтыну

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Отын энергетика.docx

— 33.57 Кб (Скачать документ)

                    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

 

 

 

 

 

                               РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:     Электр энергетикасы

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Орындағандар:      Сагімбаева А.

                                                                                               Сейтжан М.

                                                                                                  Советхан Ж.

                                                                                                  Тургунов Ж.

                                                                                                  Чашабаева Қ.

                                                                                                  Ыбраева К.

                                                                        Тексерген:       Садуллаева А.П.

 

Мазмұны                                                                                 

 

Кіріспе

 

1.1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі

1.2. Қазақстан Республикасының электр энергетикалық   секторлары

1.3.Алғашқы электр станциялары

1.4.Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы

1.5.Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері

1.6.Электр энергиясын тұтыну

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

         Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экон. және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр т. ж. бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өз-нiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр ст-н салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр ст-ның құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту з-ты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын з-ты iске қосылды.

       1925 —  26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта  87,8%-ы электр қуатын қолдана  отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай  оқпандарын бұрғылау және мұнайды  барлау үшiн КСРО-да тұңғыш  рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергет. қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде  көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары  бойынша Қазақстан Кеңес Одағында  екiншi орынға шықты. Жалпы электр  ст-лары қуатының артуына, электр  қуатының өндiрiлуiне, экономиканы  электрлендiру деңгейiне жасалған  талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының  даму жолын негiзгi үш кезеңге  бөлуге болады: бiрiншi кезең 1918 —  45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде  сол уақыттың өлшемi бойынша  iрi электр ст-лары салынып,  алғашқы энергет. тораптар пайда  болды. Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр ст-ларында электр  қуатын бiр орталықтан өндiру  күрт артты, алғашқы энергет.  жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде  (1959 — 90 ж.) республиканың энергет.  базасы жедел қарқынмен дамып,  аймақтық энергет. жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр ст-лары (АСЭС) салынды. Ертiс өз-нде Өскемен және Бұқтарма су электр ст-лары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

            Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр ст-ларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымд. 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қ. э. ж. 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергет. қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңт. және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.

                   

 

 

 

 

 

 

              1.1.Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі

Қазақстанда қазiр энергет. өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергет. шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергет. көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

• Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді де тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

• еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы

• энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы қатысушыларының құқықтарын қорғау;

Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы. Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  болып табылады.Төмендегідей негізгі мәселелерді шешу министрлік құзыретіне жатады:

o электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

o электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

o электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

o электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

o өз құзыретінің шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;

o техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық регламенттерді, жабдықтарды пайдалану сипаттамасын, энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен  жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне  электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

o жобалау, салу, техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамаларын, табиғи монополиялардың субъектісі болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

o инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы  бекіту;

o энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер мен инвестициялық шарттар жасасу;

o энергия өндіруші  ұйымдармен келісімдерде, инвестициялық бағдарламаларда, инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалу  мониторингі;

o энергия өндіруші  ұйымдардың тобын құру;

o кепіл беруші жеткізуші мен оның жауапкершілік аймағын анықтау тәртібін бекіту;

o энергетикалық сараптама жүргізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін анықтау;

o электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құру тәртібін белгілеу;

   Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мыналарды қадағалау мен  бақылауды жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының электр энергиясы саласында орындалуы;

2) электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электрлік және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және техникалық жай-күйі;

 

      1.2. Қазақстан Республикасының электр энергетикалық   секторлары

Қазақстан Республикасының  электр энергетикасы мынадай секторлардан тұрады:

Ø электр энергиясын өндіру;

Ø электр энергиясын жеткізу;

Ø электр энергиясымен жабдықтау;

Ø электр энергиясын тұтыну;

Ø электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

 

 Электр энергиясын өндіру секторы.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 63 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан  электр станцияларының жалпы белгіленген  қуаты 18 992,7 МВт-ты, мүмкіндігі — 14 558,0  МВт-ты құрайды.

Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станциялары және өңірлік мақсаттағы электр станциялары  деп бөлінеді.  

Ұлттық маңызы бар электр станцияларын  электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының  электр энергиясы нарығында тұтынушыларға  сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциясы жатады:

• «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС;

• «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ;

• «Еуразия Энергетика Корпорациясы» АҚ (Аксу МАЭС);

• «Қазақмыс корпорациясы» МАЭС» ЖШС;

• «Жамбыл МАЭС» АҚ;

сондай-ақ қосымша және  ҚР БЭЖ  жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр станциялары:

o «Қазцинк» АҚ Бұқтырма МЭК;

o «AES Өскемен ГЭС» ЖШС;

o «AES Шульба ГЭС» ЖШС.

Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына электр және жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО  жатады, олар  ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайды:

• ЖЭО-3  «Қарағанды-Жылу ЖШС;

• ЖЭО ПВС, ЖЭО-2  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;

• Рудненский ЖЭО («ССГПО» АҚ);

• Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;

• Павлодар ЖЭО-1  «Қазақстан алюминийі» АҚ;

• Шымкент ЖЭО-1,2 («Оңтүстікполиметал» АҚ) және тағы басқа. 

Өңірлік мақсаттағы электр станциялар — бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар  мен энергия жеткізуші  ұйымдардың торабы бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын және жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын  ЖЭО.

 

Электр энергиясын жеткізу секторы

    Қазақстан Республикасының электр жеткізу желілері кернеуі 0,4-1150 кВ электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің  жиынтығынан тұрады.  

Қазақстанда жүйелерді топтастырушы торап қызметін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады, республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей  Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия  жүйелерінің арасында электр байланысын, сондай-ақ көтерме тұтынушыларға  электр станцияларымен электр энергиясын беру мен жеткізуді қамтамасыз етеді.  Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларынан электр қуатын беретін электр жеткізу желілері «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ теңгеріміне кіреді.

Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлердің өз ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының жеке тұтынушыларға жеткізілуін  қамтамасыз етеді. Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлік электр торабы компанияларының (ӨЭК) теңгерімінде және пайдаланысында болады.

    Электр жеткізуші  ұйымдар (ЭЖҰ) электр энергиясының  келісім-шарт негізінде меншіктегі  немесе уақытша пайдаланыстағы (жалға  алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару  және өзге-де пайдалану түрлері)  электр тораптары арқылы көтерме  және бөлшек сауда нарығының  тұтынушыларына немесе энергия  жабдықтаушы ұйымдарға жеткізуді  жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы

     Қазақстан  Республикасының электр энергиясы  нарығындағы электрмен жабдықтау  секторы электр өндіруші ұйымдардан  немесе орталықтандырылған сауда-саттықта  электр энергиясын сатып алып, оны кейіннен жеке тұтынушыларға  сатуды жүзеге асыратын электрмен  жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады.

Информация о работе Электр энергетикасы