Электр энергетикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 23:27, реферат

Описание

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi.

Содержание

Кіріспе

1.1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі
1.2. Қазақстан Республикасының электр энергетикалық секторлары
1.3.Алғашқы электр станциялары
1.4.Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
1.5.Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері
1.6.Электр энергиясын тұтыну

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Отын энергетика.docx

— 33.57 Кб (Скачать документ)

 

                      1.3.Алғашқы электр станциялары

 

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң  даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда  тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың  қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына  қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары  қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң  барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық  электр станциялары болған.  Қарағанды  алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш  көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен  Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар  дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т  көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр  кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.  1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.

 

 

              1.4.Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы

Электр энергиясы нарығы екі-деңгейден тұрады: электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы, жылу энергиясы нарағы бір деңгейден-бөлшек нарықтан тұрады. Жүйелік оператор, өңірлік электр тораптары компаниялары мен электр тораптарын иеленуші өзге-де ұйымдар нарықтың барлық қатысушыларының  ТМРА белгілеген тәртіпте электр энергиясы  желілеріне қол жетімділігі тең  талаптар негізінде болуын қамтамасыз етеді. Нарықта электр немесе жылу энергиясын  өндіру, жеткізу және тұтыну кезінде туындаған қарым-қатынастар электр энергетикасында тиісті шарттармен реттеледі. Қазақстан Республикасы электр энергиясы көтерме сауда нарығының қызметтік құрылымы мыналарды қамтиды:

§ электр энергиясының орталықтандырылмаған сауда (электр энергиясын сатып алу-сатудың екі жақты шарттары) нарығы;

§ электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы, мұнда электр энергиясын сатып алу-сатудың қысқа мерзімді (спот-сауда-саттығы), орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) негіздегі мәмілелері жасалады;

§ нақты уақыт режиміндегі теңгермелі нарық, нарықтың бұл түрі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергиясы жүйесінде операциялық тәулікте болатын электр энергиясын өндіру-тұтынудыңқты және шарттық шамалары арасындағы сағаттық теңсіздіктерді физикалық және қаржылық жағынан  реттеу мақсатында жұмыс істейді;

§ жүйелік және қосалқы қызметтер нарығы, мұнда мемлекеттік стандарттармен белгіленген ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігі мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшін ҚР БЭЖ Жүйелік операторы жүйелі қызметті және Қазақстан Республикасы электр энергиясы нарығының субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

§ кемінде 1 МВт қуатпен қосылған электр энергиясының барлық тұтынушылары мен бәсекелестік жағдайында оларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын электрмен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек нарығына қатысушылар болып табылады.

 

 

      1.5.Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері

Жалпы электр станциялары  қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк  дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының  даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:

• Бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

• Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.

• Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.

  Сөйтiп, Қазақстан  өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын  толық қамтамасыз ететiн әрi оны  өзге елдерге шығаратын ахуалға  жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда,  Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте,  Павлодарда iрi аймақтық су электр  станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс  өзенінде Өскемен және Бұқтарма  су электр станциялары (СЭС), Iледе  Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса  iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң  арзан көмiрiн пайдаланды.

    1990 ж. КСРО экономикасының  құлдырауы қарсаңында республика  электр станцияларының қуаты  18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның  жалпы электр энергиясын тұтынуы  104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында  өндiрiлдi.

    1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай  мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр  мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан  тысқары шығарылды.

    1990 ж. басқа  елдерге 10 млн. т кокстелетiн  және 46,6 млн. т энергет. көмiр  (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ  конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың  отын балансындағы газдың үлесi 15% болды.

     1990 ж. республиканың  ұлттық табысындағы үлестi энергия  сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас  республикалармен салыстырғанда  28%-ға көп.

Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай  бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды.

    2000 жылдың қорытындысы  бойынша электр қуатын тұтыну  көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың  тапшылығы және артық электр  қуаты бар аймақтардан оны  жеткiзе алатын электр желiсiнiң  жоқтығы себептi оңтүстік және  батыс аймақтар үшiн электр  қуатын сырттан алды.

     ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат  өндiрушi және электр тораптары  активтерiне мемлекеттік монополияны  реформалау, сөйтiп электр қуатының  бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi  туралы шешiм қабылдады. Осы  мақсатта электр энергетикасын  құрылымдық жағынан қайта құрудың  үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр  энергетикасының бәсекелi бөлiгiн  (электр қуатын өндiру және  оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания («КЕGOC» ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.

       Қазақстан энергетикасын дамытудың 1997—2000 жылдарға арналған бағдарламасы.Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi:

v ақырғы тұтынушыға жеткiзiлетiн электр қуатының бағасы бойынша бәсеке;

v бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы;

v электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру;

v рынок субъектiлерiнiң аймақаралық («КЕGOC» ААҚ), аймақтық және жергiлiктi (БЭК-тер) деңгейдегi тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу.

   Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар  рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару  жүйесi қайта құрылды, ол электр  қуатын бәсекелi (электр қуатын  өндiру мен тұтыну) және монополиялы  (электр қуатын тарату және  бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында  жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының  жиiлiгi жақсартылды. Электр энергетикасы  секторын реформалау бағдарламасын  дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде  2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге  қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк  (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi  құрылып, жұмыс iстей бастады.  Қазақстанның электр энергетикасы  секторының бастапқы экспорттық  әлеуетi 2001 жылдың басында 500 —  1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз  АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге  (Омбы қаласының маңына) 300 мВт  электр қуатын экспортқа шығара  бастады. 2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын  дамыту бағдарламасы шеңберiнде  Қазақстанның электр энергетикасы  жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз  етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары  әзiрлендi. Нарықтық экономика жағдайында  электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия «КЕGOC» ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.

        Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.

 

 

                             1.6.Электр энергиясын тұтыну

 

Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе  бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс  және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ  болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан  әкелiнетiн газ бен мазутке  негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік  Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары  бойынша Орта Азия республикаларынан  әкелiнетiн электр қуаты есебiнен  өтеледi. 2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен  қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.  Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi.

      Қазақстан  өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға  экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды.  Қазiргi кезде гидравликалық энергияның  экономикалық әлеуетiн пайдаға  асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.

     Жел қуатын  пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы  ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы  жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан,  Алматы облыстарының аумағында  негiзiнен жылытуға және ыстық  сумен қамтамасыз етуге жарамды  геотермиялы су қорлары анықталды.  Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге  мүмкiндiк бередi. Республикада күн  энергиясы мен биомассаның да  белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның  мұндай әдеттен тыс көздерiнiң  техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа  бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн  кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия  өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ.

      Қазақстанда  электр өндіруді ұйымдастыру  қажет. Қазақстанда электр энергиясын  атом энергиясын дамытумен қатар  көмір сияқты дәстүрлі отындарды  пайдалану арқылы дамыту орынды, ал келешекте күн және жел  энергияларын пайдаланудың болашағы  зор.

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды

       Қорыта келгенде республика экономиканың отын-энергет. қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеум. аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технол. мен шаралар ескерiлдi. Қазақстанда қазiр энергет. өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Респ. электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жол Қазақстан Республикасының электр энергиясы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. мен басқару мiндетi жүктелген. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Қазіргі кезде Қазақстан өзін-өзі электр энергетикасымен толық қамтамасыз ете алмайды. Республикада электр энергетикасының тыс жерлерден алынатын көлемі  оны тыс жерлерге жіберілгенінен 17 млрд квт/с астам, бұл болса ауыл шаруашылығында тұтынатын барлыұ электр энергиясының көлемңнен көп. Электр энергиясының ысырап болу көлемі оның транспортта тұтынуынан асып тұр.  Еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды  құралы саналатын Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы. Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  болып табылады.

Информация о работе Электр энергетикасы