Казақстан ұлттық банктің пайыздық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2013 в 13:08, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық банктің пайыздық саясаты.doc

— 267.50 Кб (Скачать документ)

 
  КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар  бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа  да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады. 
 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. 
 Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.  
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.  
 Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды. 
 Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды. 
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу бағыттарына сипат берілді. Сонымен қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 – 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді. 
 Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізіг проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді. 
    Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.  
 Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет –журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ  БАНКІНІҢ 
     ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

1.1 Қазақстандағы пайыздық  саясаттың мәні

 

Ақша мемлекет пайда  болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.

Қазақстан Республикасының  ақша бірлігі (ұлттық, валютасы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.

Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының акша айналымынан қолма-қол тиынды алудын шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толык шығып қалғанша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  айналымдағы ақша белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетаньщ көрсетілетін құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. [4, 78] Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.

Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардьщ белпленген күнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында толемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасында шығарылған банкнот-тар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Үлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде  жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес.

Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады.

Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді.

ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру молшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Қазақстандағы инфляциямен  күресудің тағы да бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз  мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде  қызмет етеді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми  пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне  байланысты  темендеп  отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының түрлері

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;    ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;   в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;     ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер  нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің  өзгерісі;  в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы  экономикалық саясаттың, сонымен қатар  қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
  • ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
  • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
  • анктерге және үкіметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

 

1.2 Ақша – несие  саясатының түрлері

 

Қазақстан Ұлттық банкі  мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

Информация о работе Казақстан ұлттық банктің пайыздық саясаты