Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 16:07, реферат

Описание

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Кеден одағына біріккендігі белгілі. Бұл одақ бірден, яғни күтпеген жерден басталып кеткен жоқ. Соңғы үш-төрт жылдың аясында жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесінде пайда болды. Қазіргі күні ол ТМД аясында қалыптасқан экономикалық бірлестіктер мен интеграциялық үрдістердің ең дамыған түрі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Кеден одағының құрылу тарихы
Кеден одағының комиссиясы туралы
Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Кеден Одағы реф.docx

— 229.10 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Кеден одағының құрылу тарихы
  2. Кеден одағының комиссиясы туралы
  3. Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары

Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан,  Ресей, Беларусь елдерінің Кеден  одағына біріккендігі белгілі.  Бұл одақ бірден, яғни күтпеген  жерден басталып кеткен жоқ.  Соңғы үш-төрт жылдың аясында  жүргізілген дайындық жұмыстарының  нәтижесінде пайда болды. Қазіргі  күні ол ТМД аясында қалыптасқан  экономикалық бірлестіктер мен  интеграциялық үрдістердің ең  дамыған түрі болып табылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кеден Одағының құрылу тарихы 

     Жалпы, Кедендік одақ дегеннің өзі – бұл  одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда  және үшінші елдер үшін кедендік баждардың  келісілген мөлшері.

     Егер  Кеден одағына бірігу оқиғасының өзіндік тарихына назар аударатын болсақ, Қазақстан Беларусь және Ресеймен, сондай-ақ ТМД-ның басқа да елдерімен еркін сауда аймағын құрып, оған қатысушылар бір-бірімен сауда жасағанда өзіндік жеңілдіктерді пайдаланып келген болатын. Бірақ тәуелсіздік жылдарында экономикалық жағдайлары жақсарып, алыс-беріс ауқымын одан әрі тереңдете түсуді көздеген Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерін қарым-қатынастың бұл түрі оншама қанағаттандыра қойған жоқ. Сондықтан осы үш елдің мемлекет басшылары 2006 жылдың 16 тамызында Қазақстан, Беларусь, Ресей арасында еркін сауданың неғұрлым жоғары сатысы болып табылатын Кеден одағын құру жөнінде шешім қабылдады.  Содан бастап осы одаққа бірігу жөнінде дайындық жұмыстары басталды. 2007 жылдың 6 қазанында Кеден одағын қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. 2009 жылдың 9 маусымында бірыңғай кедендік аумақ құрудың кезеңдері мен мерзімі мақұлданды. Осы шешім бойынша Кеден одағының әрекет етуі 2010 жылдың 1 қаңтарынан басталып, одақтың толыққанды жұмысын жолға түсіретін барлық қажетті үдерістер 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс деп белгіленді.

Беларусь  Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2007 жылы қазан  айында Душанбе қаласында Кеден  одағы комиссиясы туралы шартта қол  қойылды.  
Осы жоғары ұлттық орган құрамына үш тараптардың өкілдері кіреді, оның шешімі үш мемлекеттердің аумағында орындалу үшін міндетті. 
Комиссия отырысы әр сайын өткізіледі. Беларусь, Ресей және Қазақстан Кеден одағы комиссиясы Кеден одағының институционалды жүйесін, жаңа экономикалық кеңістік, тауарлардың еркін айналымын қалыптастыру, ұлттық өндірістегі тауарлармен өзара саудадағы кедендік процедураларын жою үшін құрылды.  
Бұдан басқа Кеден одағы әрекеті шеңберінде арнайы қорғау, демпингті және компенсациялық қарсы шараларды есептемегенде, кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Кеден одағы шеңберінде үшінші елмен тауар саудасын реттеудің бірыңғай кеден тарифі және басқа да бірыңғай шаралар қолданылады.

      2009 жылдың 27 қарашасы күні мемлекет  басшыларының Минск қаласындағы кездесуінде Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол қойылды. Бұл кодекс 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін болды.

Сөйтіп, жоғарыда айтып кеткеніміздей, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы одақты қалыптастырудың нақты қадамы ретінде үш мемлекеттің кедендерінен өтетін тауарлардың бірыңғай тарифы жұмыс істеуге кірісті. Яғни Кеден одағы өзінің нақты мәнінде өмірге келді.

Бұл одақтың  өмірге келуі аталған үш мемлекеттің  сауда-экономикалық саясатына елеулі өзгерістер енгізуді қажет етеді. Соның  ең бастысы осы үш елдің ортасында  тауарлар экспорты мен импортының баж  салығынсыз жүргізілетіндігі.  Яғни осы үш ел шығаратын және бір-біріне саудалайтын тауарлар мемлекеттік шекаралардан өткен тұста олардан бұдан былай кедендік алым алынбайтын болды. Сонымен қатар осы үш ел Кеден одағына біріккен соң өздерінен тыс үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүргізуге тиіс. Бұл саясат төмендегідей бағыттардан тұрады:

  • бірыңғай кеден тарифтерін қарастыратын бірыңғай кедендік тарифтік саясат;
  • тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе отырып қабылдап, өмірге енгізу;
  • елдердің ішіндегі кеден заңдылықтарының біріздендірілуі.

   Қазіргі күні Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстарын аяқтауға бағытталған 38 халықаралық келісім қабылданды. Мұның сыртында Кеден одағының аясында, ЕурАзЭҚ шеңберінде қабылданған 13 халықаралық келісім әрекет етуге кірісті. Кеден одағының жұмысын ретке келтіріп отыратын негізгі органдар құрылды.

Кеден одағының ең жоғарғы органы Мемлекет басшылары немесе Үкімет басшыларының кеңесі болып табылады. Онда қабылданған шешімдерді жүзеге асыру одақтың негізгі жұмысшы органы – Кеден одағы комиссиясына тапсырылады. Мемлекет басшыларының 2007 жылдың 6 қазанында қол қойған келісіміне сәйкес Кеден одағы комиссиясының шешімдері осы үш елдің мемлекеттік аумақтарында бірдей қолданылады. Сонымен қатар комиссия тиімді жұмыс істеу үшін оған кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында бірқатар өкілеттіктерді беру жоспарланып отыр және жүзеге асу үстінде.

     Әрбір мемлекет Кеден одағы комиссиясына өзінің бір өкілін ұсынады. Ол өкілдердің әрқайсысы бір-бір дауысқа ие. Қазіргі күні осындай тәртіппен Кеден одағында үш өкіл жұмыс істеуге кірісті. Олар: Қазақстан жағынан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев, Ресей жағынан – Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, Беларусь жағынан – Беларусь Республикасы Үкіметі Төрағасының орынбасары Андрей Кобяков.

Кеден одағын құру барысында аталған үш мемлекеттердің басшыларының алдын ала жасалынған келісіміне сәйкес онда Қазақстанға өтпелі кезең қарастырылған. Осы өтпелі кезең бойынша Қазақстан еліміз үшін неғұрлым қажетті деп табылатын 400-ге тарта импорттық тауарлар түрі бойынша неғұрлым төмен кедендік баж салығын белгілеу құқығын өзінде қалдырып отыр. Мұның өзі дәрі-дермек секілді бірінші кезектегі қажетті болып табылатын тауарлардың Кеден одағына кірмейтін шет мемлекеттерден елімізге бұрынғысынша арзан бағамен келуіне мүмкіндік береді.

Кеден одағының комиссиясы туралы

Беларусь  Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден  одағының бiрыңғай тұрақты жұмыс iстейтiн  реттеушi органы ретiнде Кеден одағының комиссиясын құрады. Комиссияның  негiзгi мiндетi кеден одағының жұмыс iстеуi және дамуы жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.

Комиссия  өзiнiң қызметiн:

  • Тараптардың мемлекеттiк органдары өкiлеттiктерiнiң бiр бөлiгiн Комиссияға ерiктi түрде кезең-кезеңiмен беруi;
  • Тараптардың өзара пайдасы мен ұлттық мүдделерiн есепке алуды қамтамасыз ету;
  • қабылданатын шешiмдердiң экономикалық негiздiлiгi;
  • ашықтық, жариялылық және әдiлдiк принциптерi негiзiнде жүзеге асырады.

Комиссия  мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • кеден одағының жоғарғы органы қабылдаған шешiмдердi орындайды;
  • кеден одағын қалыптастыру жөнiндегi халықаралық шарттардың орындалу мониторингiн жүзеге асырады;
  • кеден одағының қалыптастыру және оның жұмыс iстеу мәселелерi бойынша Тараптар үкiметтерiнiң қатысуымен кеден одағының жоғарғы органы үшiн ұсынымдар әзiрлейдi;
  • өзiнiң өкiлеттiктерi шегiнде кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
  • Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгiнгенге дейiн дауларды кеден одағының шеңберiнде реттеуде Тараптарға жәрдем көрсетедi;
  • өзiнiң өкiлеттiктерi шегiнде Тараптардың мемлекеттiк билiк органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
  • кеден одағын қалыптастыру жөнiндегi халықаралық шарттардың депозитарийi функциясын атқарады.

Комиссияның өз қызметiнiң нақты салаларындағы функцияларын жүзеге асыру тәртiбi мен талаптары Тараптар арасындағы жекелеген халықаралық шарттармен белгiленедi. Комиссияға әрбiр Тараптан қажеттi өкiлеттiктер берiлген үкiмет басшысының орынбасары немесе үкiмет мүшесi болып табылатын бiр өкiлден кiредi. Тараптардың өкiлдерi Комиссияда тұрақты негiзде жұмыс iстейдi.

Комиссияда Тараптар арасындағы дауыстар мынадай ретпен бөлiнедi:

  1. Беларусь Республикасы - 21,5;
  2. Қазақстан Республикасы - 21,5;
  3. Ресей Федерациясы - 57.

Орыс тiлi Комиссияның жұмыс тiлi болып табылады. Комиссияның орналасқан жерi Мәскеу қаласы болып табылады.  

     Кеден Одағының Қазақстан  үшін оң және кері тұстары

     Бүгінгі күні сарапшылар сауда-экономикалық байланыс, кедергісіз тауар айналымын арттыру, негізгі өнімдер арасындағы бәсекелестік пен кедендік тарифтер мәселесін  қоса алғанда, жаңадан қалыптасқан  кедендік одақтың экономикамызға тигізер  әсері жөнінде әрқилы пікір айтуда. Кеден Одағының оң тұстарына тоқталатын болсам, ең алдымен аталған үш мемлекеттің арасында:

    • кедендік бақылау;
    • санитарлық-эпидемиологиялық;
    • фитосанитарлық;
    • ветеринарлық;
    • көліктік бақылау жүзеге асырылмайды.

Яғни, алдағы уақытта Кедендік одақтың ішкі шекараларынан  бақылаудың барлық осы түрлері алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалады. Мұның тауарларды еркін жылжыту  тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні  түсінікті. Сондай-ақ, әкімшілік кедергілер азайған соң, Одаққа мүше мемлекеттер  арасындағы сауда да жылдам жүрмек. Кедендік одақ аясында Біртұтас экономикалық кеңістік құру еліміз үшін шикізаттық емес экономиканы дамытуға мүмкіндік  береді деп күтілуде. Ол үшін ең алдымен, сату нарығы маңызды. Өйткені, біздің экономикамыздың  шикізаттық бағыты оның әлсіз жағы. Дегенмен, қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде Қазақстанның негізгі  экспорттық ұстанымын мұнай және өзге де қазба байлықтар қалыптастырып  отырғаны анық. Әйтсе де, шикізатқа  кіндігінен байланып қалған экономикамыз республика халқының өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей ықпал ете  алмайтынына көзіміз жетіп отыр. Сол себепті, отандық тауар өндірушілер  өнімін үлкен нарыққа шығарғанда ғана бәсекелестік қабілетке ие болмақ. Бір есептен осы олқылықтардың  орнын толтыру үшін де еліміз Кедендік одаққа кіргелі отыр. Ең бастысы, аталған  Одақ көлемінде – 170 миллион адамы  бар, жалпы ішкі өнімінің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық ашылады. Мұның өзі тұтыну нарығының айтарлықтай  әлеуетке ие екенін көрсетіп тұр.

Алайда, біздің ел үшін Одақтың көлеңкелі тұстары да жеткілікті. Мәселен, Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы былтыр 20 млрд. долларға дейін өсіпті. Десе де, Ресей Қазақстанға 8 млрд. долларға жуық тауарды артық әкелетін көрінеді. Бұл бір жағынан, Ресейдің өндірістік әлеуетінің мүмкіндігін әйгілесе, екінші жағынан экономикалық байланыстарымызда әлі де сыңаржақтылықтың барлығын көрсетеді. Мәселен, жұртшылық автокөлік бағасына қатысты көбірек алаңдаушылық танытуда. Өйткені, ресми зерттеулер қазіргі күннің өзінде Қазақстандағы көлік бағасының орынсыз қымбат екендігін анықтап отыр. 
Егер көлікке қатысты статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 2007 жылы елімізге 300 мыңнан астам көлік әкелінген екен. Оның 70 пайызы мінілген, ескірген көліктер. Бұлар негізінен Жапония мен Германия елдерінен жеткізіледі. Ал бұл көліктерге салынар Қазақстан мен Ресейдің арасындағы кедендік баж салығының айырмашылығы үлкен. Яғни, Ресейде Қазақстанға қарағанда кедендік баж 70 пайызға артық. Ендеше бұндай автокөліктер Ресейге қарағанда Қазақстанда 70 пайызға дейін арзан болуы тиіс екен. Бірақ мұндай ұсталған, ескі, шетелден әкелінетін автокөліктердің бағасы Ресейде де, Қазақстанда да бірдей. Бұл тұрғыда негізгі пайданы сатып алушылар емес, шетелден автокөлік тасымалдаушылар көріп отыр. Ұсталғанды былай қоя тұрып, жаңа автокөліктер саудасын алып қарасаңыз да жағдай солай. Оның үстіне жаңа автокөліктер саудасын екі-үш компания ғана монополияға айналдырып, бүкіл автонарық осылардың уысында. Ал кедендік баж бойынша жаңа көліктерге қатысты айырмашылықты құрап отырған 20-30 пайыз табыс сол компаниялардың қалтасына құйылып, сатып алушы бұдан еш пайда көрмейді. Әйтсе де, вице-премьер Ө. Шөкеев бұл мәселе жөнінде «Кедендік одақ іске кіріскеннен бастап автонарыққа монополия құрған жаңағы компаниялар көлік бағасын орынсыз арттыруға талпынса, бұнымен тиісті органдар айналысуы тиіс. Қажет болса Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен прокуратура және құқық қорғау органдары осы мәселені мұқият зерделейді. Өйткені нарықта баға құбылмауы шарт. Тіпті баға құбылса да, ол тұтынушыға айтарлықтай сезілмеуі керек», – деп мәлімдеген болатын. Сайып келгенде әр мемлекет өзінің экономикалық мүддесін қорғап бағатыны сөзсіз. Осы орайда, Кеден одағы жұмысын бастағанда әуелгі соққы отандық өндірушілерге тиетіні сөзсіз. Өйткені, олар Ресей мен Беларусьтің өнім өндірушілерімен ашық та, қатаң бәсекеге түседі. Мамандар бастапқыда ел экономикасының дамуы біраз баяулауы мүмкін дейді. Дегенмен, ашық нарық пен бәсекелестік екінші жағынан біздің кәсіпорындарымызға жаңа серпіліс әкелмек. Оның үстіне, Кедендік одақ аясында өнеркәсіптік әлеует 600 млрд. доллар шамасында деп бағалануда. Сол үшін де бұндай кеңістікке Еуразия құрлығында ғана емес, әлем елдерінде үлкен мән беріліп отыр. Көптеген сарапшылар қазіргі күні еліміздің салық саясаты Кедендік одақ аясындағы басқа мемлекеттермен салыстырғанда ыңғайлы әрі тиімдірек екенін айтады. Себебі, Қазақстан бұған дейін де ДСҰ-ға кіру мақсатында салық саясатына қатысты біршама шараларды атқарып, бұл бағыттағы заңнамалық құжаттарын әлемдік бағдарға ыңғайлай түскен болатын. Яғни, еліміздің өзге екі мемлекетке қарағанда салық саясаты озық. Әрине, әлемнің дамыған елдерімен салыстыратын болсақ, салық мәселесіне қатысты сауатты арттыру әлі өзекті күйінде екені рас. Сонымен бірге, Кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістік көптеген мәселелерді басқаша шешуді қажет етеді.
 

Информация о работе Кеден Одағының Қазақстан үшін оң және кері тұстары