Контрольная работа по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 05:20, контрольная работа

Описание

Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарынын құрамы мен құрылымы
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары.

Работа состоит из  1 файл

Karzhyy.docx

— 36.74 Кб (Скачать документ)

Жергілікгі бюджеттердетиісті  қаржы жылынаарнапған оларды әзірлеу  кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін резерв қарастырылады. Облыстық деңгейдің атқарушы орғандарының резерві мыналарды кіріктіреді: төтеншерезерв; шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, ағымдағы қаржы жылында оның болжамы жағдайында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтер.

Аудан деңгейінің атқарушы орғандарының резерві тетенше резервті, шұғыл шығындар резервін, соттардың  шешімдері бойымша міндеттемелерді  орындауга арналған резервті кірікгіреді.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеггің  шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер көрсету; қорғаныс, коғамдық тәртіп және кауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметтіреттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетінтрансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сэулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.

Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды коса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік  мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару  орғандарының заңдарында көзделген  өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын жергілікті атқарушы орғандарды ұстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті және заттай нормалар негізінде жоспарланады.

Республикалық маңызы бар  қала, астана бюджеттерінің құрамында  каладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджетінің құрамында каладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді: каладағы ауданның, аудандық маңызы бар  қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының  жұмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін материалдықтехникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру; мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар. 
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан - көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр (15.1 кестені қараңыз). Қорғаныска жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уакиғалар кезінде) пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.

Трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық тазасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстард^болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады. Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергуикті бюджеттер шығыстарының үлесінде әлеуметтік-тұрмыстық инфра- құрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады, мысалы: тұрғын Үй коммуналдық шаруашылығы - 100%, білім беру - 81,5%, денсаулық сактау - 87,8%, мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік - 60,4%. Әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалынған шығыстар 8,9%-ды алады, бұл олардың басқарудың жоғарғы басым әкімшілік етуімен түсіндіріледі.

Басқа топтар бойынша шығыстардың  көлемдері айтарлықтай әжептэуір: басқару (жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтер) - 26,8%, коғамдық тәртіп және қауіпсіздік - 18,6%. Жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінде жалпы экономикалық қаржыландырудың үлес салмағы азғантай - 16,1% (мемлекеттік бюджетте - 18,4%), бірак  екі жағдайда қызметтің «Көлік және коммуникация» түрі басым болып отыр-тиісінше 10,6% және 9,3%. Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынандай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы,табиғи ресурстар,әлеуметтік және тұрмыстықинфрақұрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, 2010- 522 бет ISBN 978-601-225-169-2
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%B1%D1%8E%D0%B4%D0%B6%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D2%A3_%D0%BA%D1%96%D1%80%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D1%88%D1%8B%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BD_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BC%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D1%8B
  3. http://sachok.kz/referat/show/132

Информация о работе Контрольная работа по "Экономике"