Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері. Банк кірістері мен шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 08:25, курсовая работа

Описание

Тақырыптың міндеті осы қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар баптарының жіктелуін, топталуын байқап, есебін бухгалтерлік өткізбеде көрсетіп, банктің қаржылық нәтижесін талдап, баға беру.

Зерттеу объектісі банк қызметіндегі кірістер мен шығындардың орындалуын зерттеу, олардың түрлерін топтап жіктеу және бухгалтерлік есепте бейнелеу.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ...3- 4
I Бөлім. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері
1.1. Кірістер мен шығындардың белгіленуі . . . . . . .. . . . . . . . . . . ..... . . 5-8
1.2. Банк кірістерінің құру көздері мен жіктелуі. . .. . . . . . . . . . . . . . .... 8-13
1.3. Банк шығындарының жіктелуі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . .......14-17

II Бөлім. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі
2.1. Банктің кіріс операциясының есебі . . . . . . …. . . .. . . . . ... . . . . . . . ...18-21
2.2.Банктің шығын операциясының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . 22-26
2.3.Қаржылық нәтиже, таза кіріс есебі мен талдауы. . . . . . . . . . . . .. . . 26-33

III Бөлім. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар . . .. . . . . . . . ..34-37

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..38
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . .. . . . ..39
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

қаржылық нәтижелер.doc

— 298.50 Кб (Скачать документ)

Банктің кепіл беру қызметі- клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сый-ақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару

2. оларды нарыққа сату

3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқада эмитенттердің бағалы қағаздары мен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады:

1. өзінің және басқада эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айымадан

2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларды шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия

Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынандай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:

      комиссиондық сый-ақылар:

- шот ашқаны үшін

- шотты жүргізгені үшін

      белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде)

      айналымнан алынатын комиссия (айналымнан пайыз түрінде алу)

- шот бойынша операциялар туралы көшірме берген  үшін

- шотты жабу үшін

- қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операциларды жүргізгені үшін

      банктің корреспондеттік қатынасы бойынша басқа банктердегі корреспондеттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы

           дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және тағы басқа алынатын табыстар.  Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа; лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.

Бактің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

1.пайыздық табыстар;

2.банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;

3.басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып-пұлдар, пениялар және т.с.с.).

пайыздық табыс комиссиялар мен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комииссияға иеленеді.

Несиелік пайыз – пайыздық табысьтың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Несиелік пайзды мынадай белгілерге байланысты іктеуге болады:

      несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтынку несиелерінің пайызы және т.с.с.;

      несиелік мекеменің түріне байланысты: орталық Банктің есепке алу пайызы, банктік, ламбарттық;

      несиелердің мерзіміне қарай: қысқа менрзімді несиелер бойынша пайыз, ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз;

      несиелер түріне байланысты: овердрафт, бойынша айналым құралдарына берілген несиелер, вексельдерді есепке алу, мақсатты несиелер бойынша пайызы;

      операциялар түрлеріне қарай: несиелер бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз бағалы қағаздар мен облигациялар бойынша пайыз;

      есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т.б.

комиссия – банктік операция үшін сый-ақы, латын тілінен аударғанда «comissio»  сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге бөлінеді:

      тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;

      тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Банктің кірісі ұлттық валютада есептелінеді және мыналардан тұрады:

      банктің сый-ақы алуына байланысты:

-ұлттық банктегі және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша;

-ұлттық банкте орналастырылған депозиттер бойынша;

-ұлттық банкте қайта қаржыландыруға жарамды жоғары өтімді бағалы қағаздар мен қазыналық міндеттемелер бойынша;

- сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша;

- басқа да бағалы бағалы қағаздар бойынша;

- басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша;

- басқа банктерге берілген несиелер бойынша;

- клиенттерге берілген несиелер бойынша;

- инвеститцияға салымдар және субординарлық қарыздар бойынша;

- филиалдармен есеп айыру бойынша;

- лизингтік, факторингтік опреациялар бойынша.

      банктік қызмет үшін комиссиондық кірістеріне байланысты:

- аудару операциясы бойынша;

- бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша;

- шетел валюталарын сату, сатып алу бойынша;

- сақтандыру операциясы бойынша;

- трасстық операциялар бойынша;

- кепіл беру бойынша,

- клиенттердің салымдары мен шоттарын жүргізу бойынша;

- басқа да комисиондық кірістер.

      бағалы қағаздар мен акциялар бойынша дивиденттер;

      есеп кассалық қызметі үшін клиенттерден төленген төлем, клиенттерден телеграфтық, телефондық шығындар төленуі;

      шетел валютасын сату, сатып алу немесе қайта бағалау бойынша кіріс;

      қайта бағаланған сатуға жарамды бағалы қағаздарджы сату, сатып алу кіріс;

      инкассация үшін төлем;

      кәсіпорындарға, мекемелер мен банктерге көрсеткен басқа  да қызметі үшін төлем;

      банктің негізгі құралдарын және басқа да активтерін сату бойынша кіріс;

      банк шығыны есебінен өшіріліп, орнына салынған сома;

      осы жылда анықталған өткен кезең кірісі (өткен жылдағы қателіктерді табу): бұл кіріс түрі банктің клиентке артық төлеп жіберуінен талап етілген сый-ақылар мен комиссиялардан, қарыздардың ерте бастан үмітсіз деп жазылуынан және қарыздардың түсуінен құралады;

      банк қызметкерінен кінәсінен болған шығындар үшін төленген айып сомасы;

      алынған айып пұлдар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар және басқа да санкцияларды қолданудан түскен сомалар. Сонымен қатар есеп операцияларын жүргізудегі ережелерді бұзғаны үшін клиенттен алынған айып пұлдары да жатады;

      банк меншігіндегі мүлікті жалға беруіне байланысты түскен сома. Сонымен қатар, жасалынған келісім-шарттарға сәкес факторингтік және форфейтингтік операциялардың жүзеге асырылуынан болатын түсімдер.

      күтпеген кірістер (банктің күтпеген жағдайдан келетін кіріс түрі);

      банктің басқа да кірістері (бұған банктің басқа да әртүрлі кірістері жатқызылады).

 

1.3. банк шығындарының жіктелуі

 

Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді. Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары болады. банк осы опреацияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан оның әкімшілік және басқа да шығындары болады.

Екінші денгейлі банктердің шығындарын формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады.

Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

- пайыздық шығындар; 

- пайызсыз шығындар;

- басқа да шығындар.

Пайыздық шығындар - клиентердің талап ету және мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, Ұлттық Банктен және басқа да банктерден алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады.

Пайызсыз шығындарға - жалпы банктің операциондық шығындары мен  басқару аппаратын ұстау шығындары жатады.

Басқа да шығындар -  банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығындарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып-сатарлық опреацияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды.

Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығындарды мынадай түрлерге бөледі:

      банктің операциондық шығындары дегеніміз – есеп беру кезінде экономикалық пайданың ағымды түрдегі, активтерді қолдану түрінде немесе меншікті капиталдың азаюына әкелетін берешектің пайда болуы. Бұл банктің төлейтін салықтарының бір бөлігі (мүлік, жол, көлік, жер, ҚҚС, яғни бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың және материалдық емес активтердің тозуы, жалгерлік шығындары, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығындар және капиталдық емес сипаттағы басқа да шығындар;

      басқару аппаратын ұстау шығындары: жалақы, сый-ақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды және жеңіл машиналарды ұстау, күзет, баланс, аренда, жарнама, көліктік үшін шығындар,іс-сапар және кеңес заттары үшін шығындар, яғни олар пайызсыз шығындарды білдіреді;

      банктің төлейтін айып пұлдар, пениялар және т.б. шығындары.

Банк шығыны ұлттық валютада негізгі әдіспен есептелінеді және мыналардан құрылады:

      алынған несиелер, депозиттер, лизингтік операциялар мен бағалы қағаздар операциялары бойынша төленген сый-ақылар мен комиссиондық төлемдер:

- клиенттердің  есеп айырысу, ағымды және т.б. шоттары бойынша;

- кәсіпорындардың, мекемелердің, кооперативтердің және жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары бойынша;

- мекемелердің, бірлескен кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың шетел валютасындағы ағымды шоттары мен салымдары бойынша;

- басқа банктерден уақытша алынған несиелік ресурстар бойынша;

- овернайт несиесі бойынша;

      шетел валютасын сату, сатып алу және қайта бағалауы бойынша шығын;

      бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша, қайта бағалау бойынша, сонымен қатар бағалы қағаздарды шығару, орналастыруға байланысты шығындар;

      айналымға шығарылған депозиттік сертификаттар бойынша;

      банктің есеп кассалық және басқа да қызметі үшін төлем;

      пошталық, телеграфтық, электрондық операциялар шығыны;

      банк активтерін сатуға байланысты шығын;

      банктердің есеп кассалық қызметі үшін комиссия;

      банк активтерін сатудан болған зияндар;

      осы жылда анықталған өткен кезең шығыны (өткен жылдың қателіктерін табудан).

      Банк қызметін қамтамасыз етудегі әртүрлі шығындар:

- банк қызметкерлеріне еңбек-ақы төлеу бойынша шығындар;

- заңға сәйкес кезекті және қосымша төленетін төлем бойынша шығын;

- заңға сәйкес қызметкерлерді оқу демалыстарын ұсынудағы төлем;

- кадрларды дайындауға кеткен шығын;

- іс-сапар шығындары;

- қызметкерлердің банктен тыс еңбегі үшін төленетін төлем;

- негізгі құралдар мен МЕА-дің амортизациялық  аударулары;

- ғимараттар, құралдар, банктік инвентарларды жөндеу бойынша шығын;

жылу, жарық, күзет үшін төлем;

      бланктерді, магнитті, ленталарды, басқа да материалдарды дайындау бойынша шығын;

      банктік құжаттарды, бағалы заттарды, ақшалай құралдарды сақтау және аудару бойынша шығындар;

      қызметкерлерді жұмысқа алу үшін ұйымдастырылған банктің шығындары;

      жарнамалық шығындар;

      аудиторлық, ақпараттық қызмет және кеңес алу үшін төлем;

      қонақтар қабылдау, мәдени шараларға бару және аудармашылар қызметінен болған шығындар;

      қызметтегі көліктерді ұстау шығыны;

      акция, облигация және басқа да қағаздарды шығару мен таратудағы шығындар (бағалы қағаздарға бланктер алу, типографиялық шығындар, бағалы қағаздарын таратқаны үшін басқа банктерге  комиссиондық сый-ақы төлеу).

      заңға сәйкес салықтар мен міндетті аударулар бойынша шығындар;

      несиелерді, мүліктерді және басқадай тәуекелдерді сақтандыру бойынша шығындар;

      брокерлік, дилерлік және де тауарлық қызметпен маркетингтік қызмет бойынша шығындар;

      төленген айыппұлдар, өсім ақылар, тұрақсыздықтар және басқа да экономикалық санкцияларды төлеуі;

Информация о работе Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері. Банк кірістері мен шығындарының есебі