Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:31, курсовая работа
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрылудың басталуымен айтыла басталды. Бұл кезде былайша айтқанда «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды. Көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды.
Қазақстанда кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заң» алғаш рет ресмилендірілді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары «Жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар» экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда негізгі меншік мемлекеттікі болғанымен жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы
тәуелсіздік алғаннан кейін
Соңғы жылдары Қазақстан
министрлігінің
құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және
оның жұмысын ұйымдастырылу
Экономиканың тұрақты болуы
табылады.
Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін
бірнеше белгілі шарттар
1. Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
2. Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің болмағаны;
3. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты, яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес, бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі. Жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Курстық жұмысымның тақырыбы
«Кәсіпкерлік қызметті
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы мен оны басқару негізіне тоқталдым.
Үшінші бөлімде Қазақстан
Курстық жұмыстың
1 КӘСІПКЕРЛІК
ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
НЕГІЗІ
1.1 Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы мемлекеттің орны
Қазақстан толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Швецияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтілік қажеттілік» - дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты ретеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялар қорытынды берген атақты ағылшын ғалымы Дж М.Кейнс (1883-1946жж). Оның теориялық қорытындылары 1929-1939 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М.Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фиксалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді. Өндіріс инвестицияны көп талап етеді. Ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қорытындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фиксалдық саясат арқылы оның 40-50% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыда айтылған ойлардан шығатын қорытынды: мемлекет экономиканы реттеуде батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің, Жапония, Кореяның жетістіктерінен көрініс табады. Бұл елдердің тәжірибесінен алатын сабақ: экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштерін дамытып, өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік-экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара таптарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік-экономикалық мәні бар актуалды мәселелерді шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін көрсетеді.
Мемлекетке мынадай негізгі функциялар жүктеледі:
1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құнын анықтайтын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін өнімнің сапасын қамтамасыз ететін заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтар негіздер көмегімен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтмасыз етуі керек. Егер мемлекет бқл функцияны орындай алмаса, елде қылмыстық іс-әрекеттер орын алады.
3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту. Ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету керек және мемлекет қолда барлық рычагтар мен әдістемелерді фиксалдық, қаржы – кредит, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат арқылы әске асыруы керек.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік қызметке жағдай туғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді, ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, валютаны алып-сатушылық басталады және елден валютаның шығуы импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі.
4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету. Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбекақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік, тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету,т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5. Бәсекелестік қорғау. Нарықтық экономика
жағдайында бәсекелестік – негізгі реттеу
инструменті. Бәсекелестік - барлық
экономика сферасында прогрестің негізі,
ол тауар өндірушілерді ғылыми жетістіктерді
өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға,
өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады
/2/.
1.2 Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті реттеу жолдары
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бқөліге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістерден көрініс алады.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік қызметке қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекеттің қолдауы.
Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мелекет оны бағалайтын критерийлерін білуі керек. Мысалы, инфляция, жұмыссыздық салдарынан өндірістің төмендеуі.
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық – бұл табиғи жұмыссыздық. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздықтан асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда қин процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік мәселе, себебі таур мен қызметте баға ешқашан тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін қауіпті.
Инфляцияға қарсы мемлекетшаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек. Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс және ұсыныс инфляциясы.
Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы. Бұл мәселенің ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлдеқайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік боын кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы, егер қазіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады. Мемлекеттің экономикалық рөлін инфрақұрылымды құрғанда ғылымның дамуын, салық салу процесін қамтамасыз етуді, әлеуметтік қамтамасыз етуді өзінің «Саяси экономика негіздері» еңбегінде ағылшын экономисті Дж.Миль келтіреді /6/.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономика стадиясында мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы, мемлекеттік және аралас кәсіпкерлік түрлеріне бөлініп, жеке капиталдың жетілмеуіне байланысты кәсіпкерлік біз ойлағаннан да тез дамып таралуда.