Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 15:31, курсовая работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрылудың басталуымен айтыла басталды. Бұл кезде былайша айтқанда «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды. Көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды.

Работа состоит из  1 файл

Аида.docx

— 79.15 Кб (Скачать документ)

        Кәсіпкерлікті дамыту кез келген деңгейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту мынадай сұрақтарға жауап іздеуі керек:     «Геосаясаттық өзгерістер әскерлік белсенділікке қандай әсер тигізеді?». Кез келген экономиканың бүгіні мен болашағында « стратегиялық көзқарассыз » ешқандай даму болмайды.

         Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Сондықтан да 1990 жылдың мамыр айында Вашингтонда өткен стратегиялық басқарудың халықаралық конференциясының лейтмотиві – « кәсіпкерлер және жаңа шаруашылық ойлауды іздестіруде » деп аталды. Онда кәсіпкерлердің ұшқыр мәсілелері, экономикаға, ұйымдастыруға, технологияға, өнімге деген жаңа қадам іздестіру туралы толғаныстар қарастырылды /3/.

          Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуелдіктің болуы қажет.

          Еркін кәсіпкерлік меншіктің әртүрлі формада, түрде, типте болуын қалайды. Кәсіпкерліктің қызметтің орын алар жері ең алдымен – кәсіпорын. Заңмен бекітілген кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің немесе кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формасы деп аталады. Нарықтық қатынастарға өтуде халықты кеңінен кәсіпкерлікке тарту қажет. Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі үшін нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық тәуелсіздігі болуы қажет.

         Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы жағынан әртүрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік жағынан алғанда олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Олар: шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ мемлекеттік секторында – мемлекеттік немесе ұлттық және муниципалдық кәсіпорындар.

         Республикада кәсіпкерлікті дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық, қаулылыр қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты бағыттары мен мақсаттары айқындалған. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау мен қолдау дегеніміз – аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады. Республикада  «Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен бәсекені дамыту» Қоры құрылып, Президент жарлығымен 1994 жылдың сәуір айында «Кәсіпкерлік қызметті қолдау мен бәсекені дамыту жайындағы» комиссия өз қызметін бастады. Жалпы бағыттық іс-әрекеттерді жүйелі орындау мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік қызметті қорғау және қолдаудың 1994-1996 жж. арналған бағдарламасы жасалынды. Аталған бағдарламаның басты мақсаты – экономикада жеке меншіктік секторын қалыптастыру және дамыту, кәсіпкерліктің инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады. Ел Президентінің «Азаматтар жөніндегі құқығын қорғау туралы» жарлығының қабылдануы мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне зор маңыз бергенін дәлелдейді. Әр жылдың сәуір айында Алматыда өтетін республика кәсіпкерлерінің жыл сайынғы форуымында да осы мәселеге көп көңіл бөлінеді. Мұнда кәсіпкерліктің дамуына баға беру мәселесі қаралып, оның нәтижесінде кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілер мен оларды жою бағыттары қарастырылады.

         Әрине кәсіпкерлік қызметтің құқықтық-ұйымдық негізін құруда әлі де болса шешімін күткен мәселелер айтарлықтай. Оның үстіне лицензия беруші, тексеруші органдардың көптігі, кеден және салық заңдарының жетілмегені, кемшіліктер, несие алудың қиындығы, кәсіпкердің мүддесін қорғайтын органның болмауы, бюрократия кәсіпкерлік қызметті дамытуға елеулі кедергі жасайды. Сондықтан да экономикада кәсіпкерлік субъектілерінің сандық үлесі артса да, одан түсетін салықтық кіріс мөлшері аз. Бюджетке салықтың аз түсуіне салық жүйесінің жетілмегені де әсер етеді. Себебі салықтың жоғары болуынан кәсіпкерлер табысын жасырады /12/.

         Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы қажет:

        - мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметті барынша қолдау;

        - мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

         - жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

         - кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

         - кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

         - тексеруші органдар санын қысқарту;

         - заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, т.б.

        Жоғарыда аталған факторлар кәсіпкерлік субъектілерін «көлеңкелі экономикаға», салық төлеуден жалтармауға итермелейді. Қазіргі кезде бизнестегі кризистік процестер оның жүйесіз және хаостық түрде құрылғандығымен айқындалады. Бұл жағдайдың басты себебі – несие алудың жоқтығы ғана емес, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының жоқтығы. Бұл шараның көмегімен шағын және орта кәсіпкерлік нарықта өз арнасын, жаңа нарықтарды, жаңа тауар түрлерін алады, сонымен қатар экономикада бәсекені жақсартады.

        Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет – шаруашылық қызметінің бір түрі. Оның рөлін Адам Смит былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін  үшін ұтымдылық жағдайды көздейді, дей тұрғанмен ол қоғам мүддесіне де қызмет етді ». Қазіргі экономика кәсіпкерлік қызметті шаруашылықты ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор. 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 

         3.1  Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу шаралары 

        Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпкерлікті дамытуда оның тиімділігі мен жан-жақтылығы мемлекет тарапынан есепке алынуы қажет (стратегиясы, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік,инвестициялық ерекшеліктері).

         1980 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпкерлік жекешеге қарағанда тиімді болып санала бастады. Бірақ бұлардың мақсаттары бір-біріне қарама-қайшылықта болды.

         Мемлекеттік кәсіпкерліктің жұмысының тиімділігі нарықтық емес экономика бағытында төмендеп кетті.

        Өндірістік тиімділікті өлшеу екі құрамда дамуда:

        1.Техникалық тиімділік (ресурстың физикалық көлемінің минимизациясы, өндіріс көлемінің жекелеген шығыны);

       2. Бағалық тиімділік (шығынның минимизациясы шыққан ресурстардың салыстырмалы бағасы).

       Кәсіпкерлік қызмет бағытын реттеуде мемлекеттік саясаттың маңызды құралы салық салу болып табылады. Салық – бюджеттің негізгі көзі болып саналады. Мемлекетке нарықтық экономикада әртүрлі салық түрі салынады. Салық түрінде бюджетке маңызды сома түседі. Салықты әділетті тарту негізгі проблемалардың бірі. Егер де салық төмендесе, азаматтардың бос қаржылары көбейеді, олар өндірістің дамуына бағытталады. Сонымен қатар бюджетті еш төмендетуге болмайды. Салықты төмендеті формасы мен деңгейі кәсіпорын жағдайында өз әсерін тигізеді. Әр мемлекет әртүрлі жағдайда өз қаржылық жағдайын құрады.

       Кейбір мемлекеттерде салықты 50% салуға болатын болса, ол қаржылық тиімділікті бақылау мемлекеттік құрылымның қолында болады. Кейбір мемлекеттер басқа ұстанымды ұстанады, салықты 25-30% салады. Біріншінің ішіне негізінен бай мемлекеттер жатқызылады.

       Қазақстан Республикасында салықтық жүйе әртүрлі салынған. Кейбір тұтас топтар мен экономикалық секторлар салықты мүлде төлемейді немесе кіріс кірмейтіндей төменгі деңгейде төлейді. Салықтың 3 негізгі жүйесі бар:

        1. Пропорционалды салық (салық сомасы жұмысшы кірісіне пропорционалды);

        2.  Регрессивті салық (пайыздық қатыстағы салық төленеді);

        3. Прогрессивті салық (пайыздық қатынасқа кіріс көбейген сайын салық та көбейеді).

        Прогрессивті салық әділетті болып саналады, бірақ та салықтың пайыздық қатынасы маңызды болады. Табыстан түскен салық осы принцип бойынша жасалынған. Сатудан түскен салықтар және акцизді салықтар факті ретінде регрессивті.

        Тік және жанама салықтар бар: тік салық – мүлік пен өндірістен алынады. Тік салық мынадай жағдайда қолданылады: орташа салық ерекшелігі бойынша жанама салықтан, жеке төлемнен, сақтаудан алынады.

        Қазақстан Республикасындағы жанама салықтың ерекшелігі инфляциялық және регрессивті сипатта жүреді. Тауардың және қызметтің бағасына қосымшалық қосылып баға көтеріліп кетеді. Қосымша бағаның салығы, табыстан түскен салық пен қорлардың салымы, әлеуметтік қәуіпсіздендіру әр елде бюджетке түсетін маңызды қайнар көзі болып табылады. Әр мемлекетте бағаны әртүрлі қолданады. Әлемдік практикада ҚҚС екі негізгі әдіспен есептелінеді:

        1. Тік немесе бухгалтерлік әдіс;

        2. Жанама немесе сынақты әдіс.

        Қазақстан Республикасында бұл әдістердің екінші әдісі қолданылады. Мемлекет міндетті салықты мынадай әдістермен жинайды: бюджетті қамтамасыз етіп және салық төлеушілердің қажеттілігін өтейді. Өте жоғары салық қойылымынан көптеген салықшылар құтылып кетеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында осындай жағдайлар байқалады. Республика салықтық жүйенің оптимизациясын қажет етеді. Заңды форма – кәсіпкерлік қызметтің регламентін реттейді. Мысалы, антимонополиялық заңдар қызмет атқарады.

        Салықтың несиелік формасы – ұлттық өндіріс көлеміне әсер етеді. Салықтың көлемін жеңілдетулерді өзгертіп, үкімет кәсіпкерлік қызметті дамытуда. Мемлекет несиелік шарттарды өзгертуде өндіріс көлемін не төмендетеді, не жоғарылатады.

        Субвенсионды формасы – мемлекеттік субсидия мен салықтық жеңілдетулерді кәсіпорынның жеке салаларнда көрсетеді.

       Жеке кәсіпкерлік пен мемлекеттік кәсіпкерлікті салыстырғанда мемлекеттік кәсіпкерлік тиімді болып саналады.

       Ереже бойынша мемлекеттік кәсіпорын нарықтық бәсекеге дайын емес. Өзіне ғана емес, үкімет жағынан ерекше қатынастарға есептелген. Олар: дотация, салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік тапсырыстың кепілдігі.

      Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет функциясын талдауда мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің құқықтық – ұйымдық нысанын қарастырады /15/.

       Мемлекеттік муниципалды кәсіпорын қызметін екі бағытта қарастырамыз:

       1. Қазыналық – унитарлық кәсіпорын оперативті басқару құқығы бойынша негізделген;

       2. Коммерциялық – унитарлы кәсіпорынның шаруашылық құқығы негізделген.

       Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің мәселелері:

        а) тиімділіктің төмен болу мәселелері 1980 жылдың басында мемлекеттік кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлікке қарағанда тиімді болып табылған. Мұндай құбылыс табыстың төмен болуымен және мемлекеттік кәсіпорын секторларының қалдығының жоғары болуымен түсіндіріледі. Алайда, бұдан қорытынды жасауда мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет барлық қатынастарда жеке кәсіпкерлікке қарағанда тиімді деу артық болар еді.

        б) мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік қызметтерді салыстырғанда олардың жетістіктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар қаржылық және техника-экономикалық нәтижелерін қадағалау керек. Көп жағдайда екеуінің мақсаттары қызығушылық тудырып отырады.

        

3.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған бағдарламалар 

         Қазақстан Республикасының аса көңіл аударып жатқан аясы мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті дамыту және қолдау мен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін мүмкіндігінше шешу болып табылады. Ол үшін мемлекеттің көмегі қажет: біріншіден, құқықтық реттеудің ұтымды түрлері мен шегін белгілеу; екіншіден, кәсіпкерлік қызметтің қарқынын төмендетпеуге назар аудару; үшіншіден, салық салу жүйесін шешужолдарын дамыту; төртіншіден, бақылау органдарының кәсіпкерлік қызмет объектілерін тексеру жөніндегі қызметтерін бәсеңдету.

          Сондықтан бұл мәселе тіпті Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында да көрініс тапқан: мұнда экономикалық өсу стратегиясының принципі ретінде мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті дамытудың мақсаты – оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Негізгі басымдықтар:

       - мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдау жөніндегі өзара іс-қимылы;

       -  несиелендірудің тиімді және қол жеткізілетін жүйелерін қалыптастыру;

       -  мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу