Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 00:04, реферат
Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы туралы Алайда өмір шындығы өз дегенін істеді. Ауыл күрт өзгерді. 1917 жылғы көктемнің аяғы мен жазында жаппай туған жерлеріне оралған 150 мың тыл жұмысына қатысушылар өз білген-түйгендері бойынша саяси ортаға белгілі бір әсер-ықпалдарын титізді. Олар қазақ ауылындағы саяси өмірдің оянуына көп ықпал етті. Тыл жұмысшыларының белгілі бір бөлігі елдің орталығында және майдан шебінде шыңдалды, саяси күрестің әйгілі мектебінен өтіп, табанды әрі батыл қимылдар жасады.
Осындай қиын-қыстау сәтте қазақ
ұлттық-демократиялық
Осындай себептерден келіп, ұлттық-демократиялық интеллиге
1917 жылы Ақпан революциясының
жеңісінен кейінгі елдегі
Бұл жерде олар ресейлік буржуазиялық басты партия — кадеттерге идеялық жағынан жақын екендіктерін жасырған жоқ, билікке келуінің алғашқы айларында Уақытша үкімет сөз жүзінде қолдау көрсетіп тұрған еді.
Алайда бұдан арғы оқиғалар көрсеткеніндей, Уақытша үкімет Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жүргізуді жалғастыра берді. Империалист мазмұнға жақын тұрған ол ұлттық мәселені шынайы демократиялық жолмен шеше алмайтын және аграрлық мәселені шешуге тіпті талпынбағанын да жоғарыда атап өттік. Басқа да езілген халықтар тәрізді қазақтардың болашақ саяси даму жолын өзі айқындауы немесе автономия мәселесін тіпті сөз еткісі де келмеді. Бұл Ә. Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығатыны туралы «Қазақ» газетінде ашықтан-ашық мәлімдеуіне себеп болды. [16].
Осындай жағдайда қазақ либерал-демократиялық интеллигенция өкілдері жағдайдың және саяси күштердің жедел өзгеруін есепке ала отырып, жалпы қазақ съезін өткізуді тездету туралы шешім қабылдады.
[өңдеу]Бірінші Бүкіл қазақ съезінің шешімдері
Қазақстанның барлық облысынан дерлік өкілдер қатысқан 1 Бүкіл қазақ съезі 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Күнтәртібінде 14 мәселе қаралды: мемлекеттік басқару жүйесі, автономия, жер мәселесі, милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, дін мәселелері, әйелдер құқы, Құрылтай жиналысын шақыру және оның қазақ облыстарындағы сайлауына дайындық, бүкілресейлік мұсылмандар съезі, саяси партия құру, Жетісу облысындағы оқиға, қазақтардын Киевте өтетін Бүкілресейлік Федеративтік кеңеске және халыққа білім беру мәселесі бойынша Петроградта ұйымдастырылатын комиссияның жұмысына қатысуы. Делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысы сайлауына дайындық, ұлттық саяси партия құру мәселелеріне аударды. М. Құл-Мұхаммедтің пікірі бойынша съезде екі ұстаным басымдылыққа ие болды. Біріншісі А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «тәуелсіз автономия құру» идеясы. Екіншісі Ә. Бөкейханов пен Ж. Ақбаевтың «аймақтық-ұлттық автономия құру туралы» ұсынысы. [17].
Съездің басталуынан бір ай бұрын-ақ
«Қазақ» газетінде осы аталған
мәселелер, алғашқы кезекте автономия
мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар
айтылған мақалалар топтамасы
А. Байтұрсынов пен М. Дулатов
«тәуелсіз автономиялық мемлекет құру»
қажеттігін айтты. Ә. Бөкейханов «Ресей
Федеративтік демократиялық парламенттік рес
Съезд жұмысында жер мәселесі басты назарда болды. Бұл мәселе бойынша мына тұрғыдағы қаулы қабылданды: қазақ қоғамынан жерді тартып алу тоқтатылады; тәркіленген барлық жер, сондай-ақ қоныс аударушыларға бөліп берілмеген жерлер қазақ халқының игілігіне қайтарылады: қазақ даласына қоныстандыру үрдісіне тыйым салынады және т.б. [19].
Съезд Құрылтай жиналысының болашақ
депутаттарына аграрлық мәселе бойынша
елдегі әр түрлі саяси партиялармен
бірлесе отырып қандай да бір келісімге
келу мүмкіндігін қарастыруды
Съезд Құрылтай жиналысына дайындық
туралы мәселені талқылады, оның депутаттығын
қабылданған кандидаттардың тізімі
81 адамнан тұрды.Оған Қазақстанның
барлық өңірлерінен, сондай-ақ Бұхара,
Хиуа және Ферғанадағы қазақ
Съезд шешімдерінің қабылдануына «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ интеллигенциясы ерекше ықпал етгі. Озық ойлы, парасатты қазақ зиялыларының белсенділік танытуымен бұрынғы отаршыл биліктің кезіндегі клерикалды соттардың жойылуы, олардың орнына заңдық құрылымдардың енгізілуі тиіс болды; әйелдер ерлермен тең дәрежедегі құқыққа ие деп шешілді; қалыңмалға тыйым салынды, ислам дінінің қоғамдағы қызметі анықталды. Білім беру тегін және азаматтық билікке бағынуы тиіс болды. Бұл мәселеде бастауыш білім алу міндетті, оқыту алғашқы екі жылда ана тілінде жүргізілуге тиіс делінді. [20].
Сонымен бірге съезд дін мәселесін қарап, Ақмола, Семей, Жетісу және Каспий жағалауы (Маңғыстау уезі) облыстарының қырғыздары (қазақтары) уақытша Орынбор муфтиатына қосылады деп шешті.
1917 жылдың жаз айындағы оқиғалар
елдегі саяси жағдайды тым
құр делендіріп, қоғам өмірінде
қарама-қарсы үрдістер туғызды.
Петроградтағы 1917 жылғы жазғы оқиғалар, барлық биліктің уақытша үкіметтің қолына өткеннен кейінгі кезеңде елде үкіметке деген бұрынғы сенім жоғала бастады, тіпті оған деген өшпенділік өрши түсті. Мәселен, уездің әр түрлі ұйымдарынан 116 делегат қатысқан Ақтөбе азаматтық комитетінің жалпы жиналысы мынадай қаулы шығарды: «Ақтөбе уезінде жоғарғы бақылау билігі шаруа, қазақ, солдат және жұмысшы депутаттарының Кеңесі деп есептелінсін». [23].
Аталған жағдай қалалық думаның сайлауында да байқалды. Сайлау қорытындылары елдің орталық үкіметінің және оның жергілікті органдарының құрамында алдыңғы орында тұратын кадеттерге өте ауыр тиді, бұл әсерлерге де күткендей нәтижелер бермеді. Петропавлда кадеттер бір орынға қолдарын әрен жеткізгенде, социал-демократтар 12 орынды еркін иеленді, оның алтауы — большевиктер, қалған алтысы — меньшевик-интернационалистер еді. Семейде кадеттер 4 орынды ғана женіп алса, РСДЖП ұйымы 12 орынға ие болды. Ақтөбеде кадеттерге 2-ақ орын тиді. Мұндай көрсеткіш өлкенің басқа жерлерінде де байқалды. [24].
Тарихи құжаттарды талдау көрсетіп бергеніндей, 1917 жылы шілде айынды Уақытша үкімет пен оның одақтастарының жеңісі әлсіз және сенімсіз болды, ал жұмысшы, шаруа мен солдат депутаттары Кеңестерінің біріккен күштерінің жеңілісі уақытша шегініс саналды. Оған бірінші кезекте Қазақстанның біркатар өңірлерінде Кеңестер (негізінен пролетарлық) рөлінің өскендігі және халықтың әр түрлі топтары арасында большевиктер қызметінің жандана түскені айқын дәлел.
Еңбекшілер мүддесін қорғауда Екібастұз көмір кені мен Батыс Қазақстанның мұнай өндіретін өңірлеріндегі жұмысшы депутаттарының Кеңестері мен кәсіподақ ұйымдары үлкен белсенділік көрсетті. Мәселен, жұмысшы депутаттарының Кеңестері мен кәсіподақ ұйымдары бұрынғы қосөкіметтің тұсында жұмыстан босатылған кейбір әкімшілік өкілдерін жұмысқа қайта алу жөніндегі Орал-Каспий мұнай қоғамдастығы басшылығының талабын қабылдамай тастады. 1917 жылы 26 шілдеде Орал-Каспий мұнай қауымдастығы басшылығына кәсіподақ жолдаған хатта жұмысшы-мұнайшылар кәсіпшілік әкімшілігіне ғана емес, сондай-ақ осы қоғамдық құрылысқа да қарсы шығатындықтарын ашық айтты. [25].
Ташкент округтік сотының прокуроры
1917 жылы 7 тамызда Ташкент сот
палатасының прокурорына
С.Ж. Асфендияров «Мұсылман жұмысшы
депутаттарының Кеңесі» атты мақаласында
жазғанындай, Түркістанның жергілікті
халқының, бірінші кезекте мұсылман
жұмысшылардың саяси
Мұсылман жұмысшы
Информация о работе Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары