Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 00:04, реферат

Описание

Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы және Алаш қозғалысы туралы Алайда өмір шындығы өз дегенін істеді. Ауыл күрт өзгерді. 1917 жылғы көктемнің аяғы мен жазында жаппай туған жерлеріне оралған 150 мың тыл жұмысына қатысушылар өз білген-түйгендері бойынша саяси ортаға белгілі бір әсер-ықпалдарын титізді. Олар қазақ ауылындағы саяси өмірдің оянуына көп ықпал етті. Тыл жұмысшыларының белгілі бір бөлігі елдің орталығында және майдан шебінде шыңдалды, саяси күрестің әйгілі мектебінен өтіп, табанды әрі батыл қимылдар жасады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның қоғамдық.docx

— 43.92 Кб (Скачать документ)

1917 жылы тамыздың басына қарай  елде аса шиеленіскен саяси  жағдай қалыптасты: егер осыған  дейін Уақытша үкіметтін айналасына  топтасқан күштер мен кеңестердің  төңірегіне топтасқан күштер  нақты билік үшін күрессе, енді  әскери диктатура орнатуға мүмкіндік  туды. Уақытша үкімет билігі, әскери  диктатура немесе Кеңестер билігі  — 12-15 тамызда Мәскеуде өткен  мемлекеттік жиналыстағы жарыс  сөздің мазмұны, міне, осы сипатта  болды. Осы сахнаның арғы жағында  генерал Л. Корниловтың қастандығы  ұйымдастырылып жатты.

Ірі капиталистер мен шенеуніктерден тұратын мемлекеттік кеңеске  қатысушылар оңшылдардың жетекшісіне  айналған генерал Л. Корниловты қолдады. Генерал Л. Корнилов осыдан кейін  билік басына қарай ашықтан-ашық ұмтылды, өзіне сенімді әскерді  Петроградқа жорыққа аттандырды. Оның әріптестерінің айтуынша, генерал Корнилов Кеңестердін әсер меньшевиктік басшылығына іріткі сала отырып, Керенскийдін билігін шектеуге, елдегі ыдыраушылықты болдырмауға күш салды. [30].

Бұқара халық елде мықты биліктің болуын талап еткен генералдың әрекетін кезекті қанды қырғын ретінде  багалады. Корниловшыл әскери күштердің  революция орталығына қарай қозғалғаны белгілі болған кезде, еңбекші халық  ақпан жеңістерін қорғап қалуға аттанды. Корниловқа жалпы ресейлік көшбасшы болуға ұмтылған А. Керенскийдің өзі  де қарсы шықты. [31]. Нәтижесінде бүлікті жүзеге асыртпаған 25-29 тамыз оқиғасы елдегі жағдайды түбірінен өзгертті, саяси сахнаға Кеңестер қайта шықты, олар революцияны жақтаушылардың топтасу орталықтарына айналды. Кеңестер реңолюцияға қарсы күштерді талқандау үшін әскери құрылымдар жасақтады. Осы әскери құрылымдар негізінде әскери-революциялық комитеттер - ӘРК құрылды.

Корниловшыларға қарсы Ақтөбе, Перовск, Павлодар, Түркістан, Семей, Черняев (Шымкент), Әулиеата кеңестері көтерілді. Бүлікті  Гурьев, Орал, Өскемен, Қостанай әскери Кеңестері де өз білгендерінше айыптады.

1917 жылы 30 тамызда Петропавл жұмысшы  және солдат депутаттары Кеңесінің  жалпы жиналысында «генерал Корниловтың  сатқындығы туралы» мәселені  талқылап, мынадай шешім қабылдады:  «Корнилов және оның айналасындағылар  сияқты Отан және революция  сатқындарына қарсы күресте еш  аянбастан шешуші шаралар қолдану  керек, ол үшін Кеңес бұқара  халықты отан қорғаушылар мен  еңбекшілердің айналасына тығыз  топтасуды ұсынады». [32].Петропавл кеңесі құрамында 12 адамы (үш большевик, төрт солшыл әсер, екі әсер және үш меньшевик-интернационалист) бар ӘРК құрды.

Тура сол күні (30 тамызда) Актөбелік  жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ  депутаттарының Кеңесі корниловшылармен күресу үшін революциялық қарулы жасақ  ұйымдастыруға, сондай-ақ Кеңес мүшелерін  қаруландыруға, оған керекті қаруларды  қазақтардан, әскери тұтқындардан алуға, теміржол деп осында найзалар жасатуға шешім қабылдады. [33].

Қазақстанның басқа да Кеңестері  Корниловтың жорығын қатаң айыптады. 1917 жылы 31 тамыз күні Павлодарда Корнилов бүлігі бойынша Кеңес пен қаланың  қоғамдық ұйымдарының біріккен мәжілісі өтіп, онда бірауыздан мынадай қаулы  қабылданды: «...жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі мен Павлодардың  қоғамдық ұйымдарының біріккен мәжілісі генерал Корнилов [34]. Отаны мен революция ісін сатқан опасыз деп айыптайды». Қаулы бұдан соң барлық революциялық және демократияшыл күштерді «мұндай қауіпті сәтте жұмысшы және солдат депутаттарының айналасына топтасуға» шақырды. [35].

Бұқара халықтың едәуір бөлігі солшылдар жағына шықты, олардың арасында большевиктердің ықпалы өсті, генерал Корниловтың бүлігі талқандалғаннан кейін, 1917 жылы тамыздың аяғы мен қыркүйектің басында Қазақстанда жергілікті Кеңестер біртіндеп большевиктік сипат ала бастады. Мәселен, Кеңестердің Атбасар, Өскемен, Петропавл уездік съездері өз шешімдерінде Уақытша үкіметке сенімсіздік білдірді, аннексиясыз және контрибуциясыз келісімге келуді, бүкіл жерді дереу төлемсіз тәркілеп, оны шаруалардың пайдалануына беруді талап етті». [36].

«Корнилов бүлігі халықтың ашу-ызасын туғызды, - деп жазды сол күндері  Семейдің «Халық еркі» газеті, - бұл  не жағдай екенін түсіндіруді сұраған  хаттар үздіксіз келіп жатыр, халық  санасына қозғау салған көптеген басқа  мәселелер де жауап күтеді». [37].

Елдегі саяси партиялар мен  қоғамдық қозғалыстардың ішіндегі басымдық танытқаны большевиктер болды, олар Уақытша үкіметтің барлық күнәсін  айыптады және жұмысшылар мен шаруаларды оған қарсы күресуге, қарулы көтеріліс жасау жолымен пролетариатдиктатурасын орнатуға шақырды. Большевиктердің қарулы көтеріліске бағыт алу жоспары 1917 жылы 26 шілде мен 3 тамыз аралығында Петроградта өткен VI съезде анықталды.

Корниловшыларды талқандау оңшыл  күштердің ықпалын түбірінен  азайтып, әлсіретіп, солшылдарды, ең алдымен  большевиктерді едәуір күшейтті. Буржуазия  мен Керенский диктатурасының саяси  билік өрісі едәуір тарылды. Олардың  билік ету мүмкіндіктері мүлде  жойыла қоймағанмен, бірақ соншалық сенімді емес еді. Баспасөзде большевиктердің  ықпалды рөлі, олардың қатарына басқа  солшыл партиялардың өтіп жатқаны туралы ашық айтылды. Орынбор әсерлер комитетінің  газетіне оның көсемдерінің бірі А. Ермолаев «С-р большевизммен жақындасуға  құқылы ма?» атты мақала жариялады. Автор осылай деп сұрақ қойып, оған өзі былай деп жауап береді. «Большевизмнің қаулап өсуі біздің социалистік  партияны күннен-күнге күйретіп барады. Соңғы кезде Ленин көтерген ұран мен оның тактикасына толығымен  бас иген меньшевиктерді айтпағанның  өзінде, орыс революциясының тізгінін ұстаған социалист-революционерлердің өзі де большевиктерге жағына сөйлейтін  болды. [38]. Осының бәрі елдің және Қазақстанның саяси өмірінде жаңа әрі үлкен саяси бетбұрыстың пісіп-жетіліп келе жатқанын көрсетті.

Пайдаланылған әдебиет


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге  дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. 


Информация о работе Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары