Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 22:03, реферат
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
2.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
2.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
1.КІРІСПЕ
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1].
Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді ұйғарды.
Өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға бағытталған шешімдер қаншалықты тиімді болса, кәсіпорынның жағдайының соншалықты тұрақты болуы да сөзсіз.
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторының бірі – негізгі қорларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.
Әр кәсіпорын үшін негізгі қорлардың тым ескіруіне жол бермеу, кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын нұсқаларының тиімдісін таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып есептеледі.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты. Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше
рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай
отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады. Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады. Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу көлеміне байланысты.
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады.
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама әсер етеді.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің (қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды.
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына топтардан тұрады:
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді.
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
Амортизация - негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі қорлар өндірістік процесте:
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар былайша жіктеледі:
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі – бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі формулалады қолданады:
Негізгі капитал рентабелділігі:
Мұнда:
П – таза пайда;
К н – негізгі капитал.
Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор қайтарымы) жатады.
Өзіндік капитал рентабелділігі:
Мұнда:
К ө – өзіндік капитал.
Жалпы рентабелділік пайданың негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:
Жалпы рентабелділік:
Мұнда:
П б − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын байлансындағы пайданың жалпы сомасы;
НӨҚ және АӨҚ − негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық құны
Кәсіпорынның негізгі қорларының
тиімділігін көтеру барысында қорлардың
Қор қайтарымы:
Мұнда:
Q – өндірілген өнім көлемі (ақшалай түрінде);
Ф орт. – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтағанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, онда бұл өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге).
Қор сыйымдылығы:
Ф орт.
Ф с = ––––
Q
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде пайдаланатынын, жалпы және жеке көрсеткіштер арқылы есептеп шығаруға, өзгерістердің пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне, басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге, кәсіпорынның және құрал-жабдықтардың өндірістік қуаттылығының пайдалану дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін шығаруға экономикалық талдаулардың тиімділігі зор.