Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 22:03, реферат
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
2.2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Талдау жасау әдетте негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін
Кәсіпорынның өндірістік қуатын өндірістік қорлар анықтайды, әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге қажет болады.
Келесі талдау жасаудың қадамы – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен, механизмдерімен, құрал-жабдықтармен, ғимараттармен қамтамасыз етілуі өнім өндірісінің нақты көрсеткішінің және жоспарлы көрсеткішінің салыстыру қажеттілігімен орындалады.
Келесі формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.
Қормен қамтылу:
Ф орт
Ф қамт = --------------
S өнд
Мұнда:
S өнд – өндірістік алаң ауданы, га
Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз етілуі еңбектің қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады. Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына қатынасы болып есептелінеді.
Еңбектің техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның өсу қадамы еңбектің өнімділігінің жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек өнімділігінің өсімі еңбектің техникалық қаруланумен салыстырғанда ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын үшін тиімді болып есептелінеді.
Қормен қарулануы:
Ф орт.
Ф қ.қ. = –––––
Ж өөп
Мұнда:
Ж өөп – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда қандай деңгейде пайдаланғаны туралы толық талдаулар жасалуы қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі пайда болады. Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.
Интенсивті коэффициент:
Ө ф
К инт. = –––
Ө м
Мұнда:
Ө ф және Ө м – құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.
Келесі формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті қолданады.
Экстенсивті коэффициент:
Т ф
К экс = ––––;
Т к
Т ф
К экст = ––––––.
Т п
Мұнда:
Т ф – құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;
Т к және Т п – құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді) жұмыс істеу уақытының қоры.
Кәсіпорынның интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен есептелген нәтижелерін келесі формуланы пайдаланып, интегралды коэффициентті шығара аламыз.
2.2.Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген объектілері:
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
И ф = –––––
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы, өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:
Қ бқ - Қ ж
М А
= −−−−−−−−− х 100 %
Қ бқ х М қ
Мұнда:
М А − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қ ж − жойылу құны,
М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:
3.ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорындар өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек құралдарды және материалдық жағдайларды қамтамасыз ету керек. Олар өндірстік күштердің маңызды элементтері болып табылады және олардың дамуын анықтайды.
Еңбек үрдісінде негізгі құралдар өте жоғары орын алады, өзінің
жиынтығында олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады және кәсіпорынның өндірістік күш-құатты анықтайды. Ұзақ уақыт бойы пайджалану барысында негізгі құралдар кәсіпорынға келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері қалпына келеді; кәсіпорынның ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады.
Негізгі және айналмалы қорларды тиімді және үнемді пайдалану кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады.
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көтеру жалпы халық
шаруашылығында да өте маңызды орын алады. Осы мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады.
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР