Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:01, курсовая работа

Описание

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
1.1 Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы...................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау.......................................................................................................19
2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ...... ...22
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары...............................28
3.2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі.....................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................39

Работа состоит из  1 файл

КЭ Курсовая работа.doc

— 299.50 Кб (Скачать документ)

Қорлардың рентабелділігінің  деңгейіне қорқайтарымның өзгеру факторларының  әсері факторларының әсері  белгілі бір факторлардың есебінен қорқайтарымның абсолютті өсімін өнімнің рентабелділігінің  жоспарлы деңгейіне көбейту арқылы анықталынады. [15,310б.]

 

2.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу

«К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-і станок сатып алды. Оның бастапқы құны 200 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Осы әдіс бойынша амортизациялық аударымды есептейік:

 

 

20000000 – 200000

-------------------------    = 360000

               5

 

360000 / 12 = 30000

 

Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 1 800 000 теңге (2 000 000 – 200 000), яғни бастапқы құны мен жою құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5 = 20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады:

1 800 000 х 20% = 360 000

Станокқа амортизациялық аударым сомасының бес жыл  бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады

Кесте 4 - Станоктың қалдық құнын анықтау

Мерзімі

Бастапқы

құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған  кездегі

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында 

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында 

5-ші ж/аяғында 

 

 

2 000 000

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

 

----------

360 000

 

360 000

 

360 000

 

360 000

 

360 000

 

 

----------

360 000

 

720 000

 

1 080 000

 

1 440 000

 

1 800 000

 

 

2 000 000

1 640 000

 

1 280 000

 

920 000

 

560 000

 

200 000

Деректер көзі:«К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-нің қаржылық есепке қосымшасы




 

Өндірістік  әдіс.

Бұл әдіс объектінің пайдаланылатын уақытына емес, оны  пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 15 (он бес) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бәр дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Бастапқы құн  – қалдық құны                           әр жылдағы

Жалпы өндірілуге тиісті өнім саны   х   өндірілген өнім саны  =


    2000000  - 200000

=--------------------------  х әр жылдағы өндірілген өнім  саны   =

        15000000

=0,12теңге х  әр жылдағы өндірілген өнім  саны

Станоктың бір  дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0,12 теңгені құрайды, яғни он екі (12) тиын.

Егер станок      

бірінші жылы  4 миллион

екінші жылы   4  миллион

 үшінші жылы  3 миллион

 төртінші  жылы 2 миллион

 бесінші  жылы   2 миллион өнім өндірсе,  онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері

бірінші жылы  480 000тг = 4 миллион х 0,12 = 480 000

екінші жылы   480 000тг = 4 миллион х 0,12 = 480 000

үшінші жылы  360 000тг = 3 миллион х 0,12 = 360 000

төртінші жылы  240 000тг = 2 миллион х 0,12 = 240 000

бесінші жылы   240 000тг = 2 миллион   х 0,12 = 240 000

Кесте 5 - Станокқа өндірістік әдісі бойынша амортизациялық аударым кестесі

Мерзімі

Бастапқы құны

Өндірілген  өнім көлемі

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Айға есептелген амортизация сомасы

Сатып алынған  кездегі

1-ші ж/аяғында 

2-ші ж/аяғында 

3-ші ж/аяғында 

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

-------------

 

4 000 000

 

4 000 000

 

3 000 000

 

2 000 000

 

2 000 000

 

--------------

 

480 000

 

480 000

 

360 000

 

240 000

 

240 000

 

------------

 

480 000

 

960 000

 

1 320 000

 

1 560 000

 

1 800 000

 

2 000 000

 

1 520 000

 

1 040 000

 

680 000

 

440 000

 

200 000

 

---------

 

40 000

 

40 000

 

30 000

 

20 000

 

20 000

Деректер көзі: :«К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-нің қаржылық есепке қосымшасы


 

 

Кумулятивті әдіс.

Кумулятивті әдіс- латынтілінен аударғанда өсу, жиналу деген  мағынаны білдіреді.

Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша  негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың  алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

             Қалған жылдар саны

АА   = -------------------------------          х   (бастапқы құн – қалдық құн)

            Пайдаланатын жыл 

         сандарының қосындысы

 

Станоктың пайдалану  мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни

                                бірінші жылы        5/15

                                екінші жылы         4/15

                                үшінші жылы        3/15

                                төртінші жылы      2/15

                                бесінші жылы        1/15 –ге тең болады.

Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда онығ амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

    1. жыл АА = 5/15 х (2 000 000 – 200 000) = 600 000
    2. жыл АА = 4/15 х (2 000 000 – 200 000) = 480 000
    3. жыл АА = 3/15 х (2 000 000 – 200 000) = 360 000
    4. жыл АА = 2/15 х (2 000 000 – 200 000) = 240 000
    5. жыл АА = 1/15 х (2 000 000 – 200 000) = 120 000

Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

          N  х (N + 1)

   S=  ------------------------

                  2    

мұндағы,

S – сандардың  қосындысы;

N – негізгі  құралдардың пайдалану мерзімі  (жыл).

Біздің кәсіпорынымыз  бойынша 

        5 х (5+1)         5 х  6              30

S=  -------------  = --------   =  ------------- = 15

                 2               2                    2

егер негізгі  құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.

        10 х (10+1)         10 х 11              110

S=  ----------------  =  --------   =  ------------- = 55

                 2                      2                    2

Кемімелі –  қалдық әдісі. Бұл әдіс бойынша негізгі  құралдарға амортизациялық аударым  есептеу алдымен құнды біркелкі есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны онығ жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

Осыған дейінгі  әдістерде мысалға алынған станоктың  амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл, сондықтан құнды біркелкі есептеп шығару әдісі бойынша жылдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал кемімелі-қалдық әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 4% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы негізгі құралдардың әр есепті жылдың соңында қалған қалдық құнна көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп,  өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.

Кесте 7 - Кемімелі-қалдық әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Айға есептелген амортизация сомасы

Сатып алынған  кездегі

1-ші ж/аяғында 

 

 

2 000 000

 

2 000 000

 

 

----------------

 

40%х2 000 000 = 800 000

 

 

------------

 

800 000

 

 

2 000 000

 

1 200 000

 

 

-----------

 

66 667

2-ші ж/аяғында 

 

3-ші ж/аяғында 

 

4-ші ж/аяғында

 

5-ші ж/аяғында

2 000 000

 

 

2 000 000

 

 

2 000 000

 

 

2 000 000

40%х(2 000 000-800 000) = 480 000

40%х(2 000 000-1 280 000) =

288 000

40%х(2 000 000-1 568 000) = 172 800

159 200-100 000 = 59 200

1 280 000

 

 

1 568 000

 

 

1 740 000

 

 

1 800 000

720 000

 

 

432 000

 

 

260 000

 

 

200 000

40 000

 

 

24 000

 

 

14 400

 

 

4 933

Деректер көзі: :«К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-нің қаржылық есепке қосымшасы


Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған  амортизациялық аударым сомасының  мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың  қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың құралдардың қалдық құнының мөлшері 2 000 000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 59 200 теңгемен ғана шектелген.

Амортизациялық  аударым негізгі құралдарды қайта  құру мен техникалық қайта жарақтау кезігде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған  негізгі құралға есептелмейді.

Халықаралық практикада баяу амортизациясы деп аталатын әдіс бар, мысалға, күрделі пайыздық әдіс, бірақ оны тек қана арнайы жағдайда ғана пайдаланады. Бұл әдістің  мәні мына жағдайдан тұрады: онда негізгі  құралды пайдалануды бірінші жылында тозу сомасы аз мөлшерде есептен шығарылып, ал келесі жылдары ол біртіндеп арта бастайды. Амортизациялық әдіс өзгертудің нәтижесі ағымдағы және болашақтағы есеп беру кезеңдерінде көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КӘСІПОРЫННЫҢ  НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ

 

3.1 Негізгі  құралдарды  тиімді пайдалану   шаралары

Өнеркәсіптің  дамуының маңызды мақсаттарының  бірі  ең алдымен оның тиімділігін  көтеру  және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану  есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар  тиімдірірек пайдалану керек.

Өнеркәсіп  өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту  келесілер есебінен жеткізіледі:

1. негізгі қорларды  іске қосу;

2. пайдаланылып  жатқан негізгі өндірістік қорларды  пайдалануды жақсарту.

Өнеркәсіптің, олардың салаларының және кәсіпорындардың  негізгі қорлардың өсуі  жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту  арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте  өнім өндірісінің  өсімін  жыл сайын жаңадан іске қосылатын  қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады.

Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану  деңгейін анықтау  үшін  өндірілген өнімнің натуралды  және құндылық (ақшалай) бірліктерде    және уақыт бірліктерінде қолданылады.  Өндірістік күш-құатты  пайдалануын есептеу үшін   өнім өндірісінің  көлемінің  тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады.  Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері  ең алдымен  салыстырмалы бір типтік  өнім  өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады.  Өндірістік  күш-құаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында  қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың  натуралдық  көрсеткіштері    дегенмен  кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі  өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану