Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 07:01, курсовая работа

Описание

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
1.1 Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы...................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау.......................................................................................................19
2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ...... ...22
3 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары...............................28
3.2 Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі.....................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................39

Работа состоит из  1 файл

КЭ Курсовая работа.doc

— 299.50 Кб (Скачать документ)

Негізгі қорлардың  қызмет еткен мерзімін толық жөндеуге жұмсалған шығындарға сүйене отырып анықтау әдісі де назар аударарлық, яғни еңбек құралы оны толық жөндеуден өткізу шығыны бастапқы құнынан асып түскенге (жеткенге) дейін қызмет етеді. Бұл әдіс мейлінше шындыққа жақын болғанымен, құрал-жабдықтың нақты ауыстыру мүмкіндігі мен материалдық тозуды ескермейді.

Өндіру саласындағы  негізгі қорларды қызмет ету мерзімі  мен амортизациялық мөлшерін белгілеу тұрғысынан жылжымалы (машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар т.б.) және жылжымайтын (ғимараттар, кұрылымдар, өткізу кұралдары) деп бөлуге болады.

Егер бірінші  топ үшін өнеркәсіптің басқа салаларындағыдай негізгі қордың қызмет ету мерзімі  мен амортизациялық мөлшерін белгілеу әдісі қолданылатын болса, жылжымайтын  қор бөлігі үшін ол басқаша жүргізіледі. Негізгі қорлардың бұл элементтері пайдалы қазбаның кен орнымен біртұтастықты құрайды және олардың қызмет ету мерзімдері кен орнындағы өңдеу жұмыстарының уақытына, дәлірек айтсақ, осы кен орнындағы өңдеуші тау-кен кәсіпорнының қызмет ету мерзіміне байланысты. Олар басқа нысандарға жатпайды. Тау-кен кәсіпорнының қызмет мерзімі кеніш қорының мөлшеріне және жылдық өндіру көлеміне байланысты болғандықтан, оны анықтау үшін оңтайлы қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін білу кажет. Өндіруші кәсіпорындардың негізгі қорларының жылжымайтын бөлігінің қызмет ету мерзімі де осы секілді болады (әрине, олардың кейбірі бұкіл кәсіпорынның қызмет мерзімінен аз қызмет етеді, мысалы, кейбір тау-кен қазбалары шектеулі уақыт қызмет етеді).

Бірнеше жүздеген жыл қызмет ететін нысандардың амортизациясы да (дамбалар, плотиналар, каналдар, темірбетонды және тас көпірлер және т.б.) ерекше қызығушылық тудырады. Бірақ қызмет ету мерзімі аса ұзақ болып табылатын бұл еңбек құралдары да міндетті түрде амортизациялауды қажет етеді, себебі оларды құруға аса көп қаржы жұмсалған. Бірақ, қазіргі кезде олардың қызмет мерзімі тым жоғары (кейде 500 жылға дейін), ал амортизациялау мөлшері өте төмен болып отыр. Демек, осы тәріздес нысандардың неғұрлым негізделген қызмет мерзімін анықтау қажеттілігі туындайды.

Өндірістік  негізгі қорлардың қызмет ету  мерзімі деп олардың өндірісте  өзінің бастапқы мақсатына сай қызмет еткен уақыт кезеңін айтамыз. Бұл мерзімге негізгі қорлардың  заттық және техникалық іс-әрекет сипаты сәйкес келмейді, себебі, біріншісі шектеусіздеуге болса, ал екіншісі олардың қызмет ету мерзімінің өзгеруіне байланысты. Қызмет ету мерзімі амортизациялық кезеңмен де (мөлшерлі қызмет ету мерзімі), амортизацияны санау мерзімімен де сәйкес келмеуі мүмкін.

Іс жүзінде  өнеркәсіптегі құрал-жабдықтың орташа жасы оның мөлшерлі қызмет ету мерзімінен аспайды, бұл жағдай ескі құрал-жабдық үлесінің артуына себеп болады. Мұны былай түсіндіреміз: жаңа құрал-жабдықты жасап шығару көлемі техникалық жағынан ескірген кұрал-жабдықты алмастыра алмайды, осыған байланысты өнеркәсіп өндірісінің тиісті ауқымы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз ете алмай-ісінде қалдырылады. Ақаулық ведомосы мен тапсырыс нөмірі негізінде қоймадан қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, өнім жасауға арналған жұмыскер киімін алу үшін кұжат толтырылады.

Жөндеумен байланысты барлық шығындар өндірістік шығындар пайда болған кезеңдегі шығындарға қосылады.

Амортизациялық  мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт  бірлігіне (бір жылға) - негізгі қор  құнының пайыздық бөлігі (%); шығарылатын өнім бірлігіне - теңге; жұмыс бірлігіне (тонна - км жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады.

Амортизация жүйесіндегі  маңызды экономикалық элемент - оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді.

Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі  қорлар құнының орнын толтыру  тәсілі түсініледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен  бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру кағидасы мен мөлшерлердің қолданылу уақытын да ескеру қажет.

Амортизациялық  мөлшерлерді белгілеу сипатына қарамастан әр түрлі құрылуы мүмкін: егер негізгі қорлар құны олардың қызмет ету мерзімі ішінде тең бөліктермен өтеліп отыратын болса - біркелкі мөлшермен (бір қалыпты әдіс), үдемелі түрде - өспелі және кемімелі мөлшер (жеделдетілген әдіс) арқылы кұрылуы мүмкін.

Дәстүрлі отандық  тәжірибеде амортизацияны бір қалыпты  мөлшер бойынша есептеу әдісі  неғұрлым колайлы болып келген. Бұл  әдіс негізгі қорлардың пайдаланылу  уақытына сүйенеді де, амортизациялық мөлшерін құрал-жабдықтың өнімділігімен  немесе басқа да өндіріс жұмысының сипаттамаларымен байланыстырмайды (үдемелі немесе кемімелі мөлшерде дәл осылай жүреді). Сонымен бірге, орташа мәндерге негізделген бұл әдіс өнеркәсіпте амортизацияны жоспарлауды жеңілдетуге және есепке алуға мүмкіндік береді. Негізгі корлардың тез тозуына әкелетін қалыпты жұмыстан ауытқулар (химия өнеркәсібінің коршаған ортаға зиянды әсері, құрал-жабдыкқа жоғары жүк салмақ түсуі және т.б.) түзету коэффициенттері арқылы ескеріледі.

Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін:

а) кұнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі;

ә) құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көле-міне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс);

б) жылдамдатып  есептеп шығару әдістері: қалдық құнының  кему (қалдықты азайту) әдісі;

в)сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік әдіс).

Әр түрлі  негізгі капиталға түрлі әдіс қолдануға болады. Субъектінің таңдап алған амортизациялық аударымын  анықтау әдісі есептік саясатқа сәйкес және бір есептік кезеңнен екіншісіне өтерде бірізділігін сақтауы тиіс.

Бюджеттік мекемелер  бойынша негізгі капиталдың тозуын есептеу әдісін таңдау құкығы өкілетті органдарға, яғни мекемелерге қатысты  мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік  орғандарға беріледі.

Амортизацияны бір қалыпты есептеп шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып  табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектінің  шығындарына бір қалыпты қосылып  отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталдың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Негізгі капиталды  пайдалану барысында тұрақты  бірдей табыс алынатын болып топшыланса ғана, бір қалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп  азайғанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорындар  өзінің өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін керекті еңбек  құралдарды және материалдық жағдайларды  қамтамасыз ету керек. Олар  өндірстік  күштердің маңызды элементтері  болып табылады және олардың дамуын анықтайды.

Еңбек үрдісінде  негізгі құралдар  өте жоғары орын алады, өзінің жиынтығында олар өндірістік-техникалық базасын құрастырады  және кәсіпорынның өндірістік күш-құатты анықтайды. Ұзақ уақыт бойы  пайджалану барысында негізгі құралдар  кәсіпорынға  келіп және пайдалануға жіберіледі; тозады; жөндеуге ұшырау арқылы физикалық қасиеттері   қалпына келеді; кәсіпорынның  ішінде ауысады; ескіріп қалғанына байланысты немесе әрі қарай пайдалануды тиімдету үшін кәсіпорыннан шығарылып алынады.

Үздіксіз ғылыми-техникалық прогрес негізінде еңбек құралдарын сандық көлемін көбейту және сапалық жақсарту – бұл  еңбек өнімділіктің ұдайы өсуінің шешуші алғы шарты.

Жедел техникалық прогрес жағдайында  техниканың жетілдірілуі үнемі өтуде, ескі техиканы ауыстыратын жаңа, жоғары өнімділікті механизмдердің және аппараттардың түрлері құрастырылуда.  Өндірістік үрдісте негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет көрсету) жаңа негізгі қорларды   шығаруға салынатын күрделі салымдарды техникалық прогрес жағынан да, және сонымен бірге дұрыс жоғары тиімді пайдалану жағынан да  өте жоғары маңызға иеленеді.

Негізгі және айналмалы  қорларды тиімді және үнемді пайдалану  кәсіпорынның бірінші деңгейдегі мақсат болып табылады.

Негізгі қорларды тиімді пайдаланғанын  талдағаннан  кейін  негізгі көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның жалпы тиімділігін бағалауға болады. Жалпылама  сипаттайтын маңызды көрсеткіштер бойынша – қорқайтарымы және қор сыймдылығы, - осы кәсіпорында  соңғы үш жыл бойы негізгі қорлар  соңғы жылы тиімді пайдаланылды. Сонымер қатар  еңбектің ең жоғары өнімділігі  2006жылы қалыптасты, яғни бұл жылы жұмысшының бір басына негізгі қорлардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда көп келетін. Бұл ең алдымен жалпы құрылымда жоғары үлес салмақты алатын  жаңа қорларды еңгізу есебінен болды. Сонымен бірге  кәсіпорында  негізі құралдарды тиімді пайдалану есебінен өндіріс көлемін ұлғайтуға болады, бірақ  ол үшін еңбектің  өнімділігін көбейту керек.

Негізгі қорларды  пайдалану тиімділігін көтеру  жалпы халық шаруашылығында да өте  маңызды орын алады. Осы мақсатты шешу қоғамға қажетті өнімді өндіру көлемін көбейту, қалыптасқан өндірістік мүмкіншіліктің қайтаруды ұлғайту және  халықты толығымен қанағаттандыру, мемлекетте жабдықтардың балансын жақсарту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, өнімнің өндірісінің рентабелділігін өсіру, кәсіпорынның жиналымдарын көбейту болып саналады. 

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту оның айналымын  жеделдету деп санауға болады, соңғысы өз кезегінде физикалық  және моральдық  тозу арасындағы айырманы қысқарту проблемаларын шешуге ықпалдасады, негізгі қорларды жаңарту қарқынын жетелдетеді.  Негізгі қорларды тиімді пайдалану мәселелері  қазіргі экономикалық реформалау кзеңінің тағы басқа мақсатымен тығыз байланысты - өндірілетін өнімнің сапасын көтеру,  өйткені нарықтық бәсеке жағдайында  жоғары сапалы өнім сұранысқа ие болып тезірек өткізіледі.

Жұмыс жасап  жатқан кәсіпорындардың негізгі  құралдарды  пайдалану интенсивті  жолы - жұмыс жасап жатқан зауодтар мен фабрикаларды, әсіресе негізгі  құралдардың жоғары тозуы тән  кәсіпорындар үшін жедел техникалық қайта жабдықтау маңызды болып табылады.  Бұл    маңызда өндірістің мамандандырылуын дамытуға  және  жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың сәйкесті техникалық қайта жарақтануға көңіл аудармасқа болмайды.  Кәсіпорынның мамандынуына тән емес  өнімді өндірістен алып  тастау, ірі индустриалды орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің резервтері бар  кішігірім және орташа қалаларда  арнайы өнеркәсіптік  объектілерді құрастыру –бұның барлыңғы  кәсіпорындардың  бәсекелік артықшылықтарын  қамтамасыз ететін негізгі қорларды және өндірістік күш-құаттарды пайдалануын  жақсарту мәселелерді шешу бойынша шаралардың қатарына жатқызылады.

Өнеркәсіп кәсіпорындардың  техникалық–экономикалық көрсеткіштерін талдау  механизмдердің жаңа   элементтері, оның ішінде кәсіпорынның   мүлігіне салықты көбейту (өндірістік қорлар үшін қосымша төлем ақыларды нақты еңгізу), рентабелділікті және басқа да қаржылық көрсеткіштерді анықтау үшін жаңа әдістемелерді  қолдану мүмкіндік негізгі өндірістік қорларды пайдалануына ықпалдасады.

Негізгі қорларды анағұрлым толық пайдалану  өнім өндірісінің көлемінің өзгеруі  барысында жаңа өндірістік күш-құатты іске қосу қажеттілік азаяды, ал сонымен  кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануға (тұтыну қорға пайдадан салымдардың  үлесін көбейту, жинақтау қордың көп бөлігін технологиялық үрдістерді   механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға мүмкіндікті туғызады) ықпалдасады.

Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін көтеретін  техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық факторлары бойынша кәсіпорындардың  ұдайы жұмысы табысты өндірістік-шаруашылық қызметтің, қаржылық жағдайдың тұрақтылығының, дамып жатқан нарықтық қатынастар жағдайында бәсекелік қабілеттілігінің өсірудің кепілі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің халыққа жолдауы 2010ж.
  2. Бабаев Ю.А. Теория бухгалтерского учёта: Учебник для вузов. – 2-е издание., переработанное и дополненное. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2001. – 304 б.
  3. Мельник М.В., Герасимова Е.Б. Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия.: Учебное пособие М.: Форум, - 2008. – 192 б.
  4. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: Оқу құралы.-Астана: «Фолиант» баспасы, 2005.-176б .
  5. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум.-Алматы: Экономика, 2006.- 106б .
  6. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003.- 252б. 
  7. Базарбеков Ж. Негізгі қорларды жіктеу // Бухгалтер бюллетені.-2005.- №37.- 4-6 бб.
  8. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск.- 2002.- 687б.
  9. Ковалев В.В, Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Москва.-2004.- 424б.
  10. Экономика предприятия. Учебник/Под ред.проф. Сафронова Н.А. – М: «Юристъ», 2000.- 584 б
  11. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебник.- М.: Финансы и статистика, 2000.- 251б   
  12. Киреев В.Д., Пронченко А.Г. Экономика предприятия. Ростов н/Д: «Феникс», 2003.-506б.
  13. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы: Экономика. – 2008 – 791б.
  14. Экономика предприятия. Учебник. Под ред. Горфинкеля В.Я., Швандара В.А. М: 2007, - 670б.
  15. Сергеев И.В., Веретенников И.И. Экономика организаций (предприятий). М.: ТКВелби, Прспект, 2007 – 560б.

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану