Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 19:01, курс лекций

Описание

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Экономика"

Содержание

1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.

2.Экономикалық түсініктердің негіздері .

3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .

4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа состоит из  1 файл

лекциялы-+кешен (5).doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

      Өлшеу әдісі бойынша еңбекақыны екі  түрге бөледі: мерзімді және кесімді. Мерзімді еңбекақы жұмысты аяқтаған уақытына байланысты анықталады. Кесімді  еңбекақы жұмыскердің өндірген өнімдерінің  көлеміне байланысты белгіленеді. Еңбекақының  әр нысаны еңбекақының жүйесі деп аталатын әр түрлі сипатта болады. Оның қысқаша сипаттамасы келесідегідей:

    а)  қарапайым  мерзімді – бұл еңбекке сағаттық мөлшерлеме есебінен                    

               және нақты істелген уақыт  есебінен шығаратын еңбек төлемі;

          ә)  мерзімді-сыйлықақылық – сағаттық  төлемге қосымша белгілі бір  

               сандық және сапалық көрсеткіштер  жетістігіне сыйлықақы төлеу  

         қарастырылады;

    б) тікелей  кесімді – бұл өңдеу мөлшерін орындау дәрежесіне тәуелсіз

         нақты шығарылған өнімнің өзгермейтін жекелей бағасы бойынша

         төлеу;

    в)  кесімді-сыйлықақылық – бұл белгінің бір еңбек көрсеткіштерінің

         жетістіктері үшін өзгермейтін  бағалар бойынша үйлесетін 

         сыйлықақы төлемі (мысалы, өнім сапасы  және т.б.)

    г)  кесімді-үдемелі  – негізгі және өзгермейтін жекелей  бағасы бойынша,

         жұмыс жасау мөлшерінің шегіне, ал, мөлшерден тыс шығарым – 

         көтермелі баға бойынша ақы  төленеді;

    ғ)  көтеріңкі  еңбекақы – белгілі бір көлем, мерзім және орындалған

         жұмыс сапасы табыстың жалпы сомасын белгілейтін келісімшарт

         негізіндегі төлем (мысалы, кандай  да бір шаруашылық объектісін,

         тұрғын үй және т.б. құрылысы  үшін).  

9.3. КАПИТАЛ ИЕСІНІҢ  ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ  РЕТІНДЕГІ ПАЙЫЗ 

      Пайыз – бұл капиталды пайдаланғаны үшін, іс жүзіндегі капиталистің ақша иесіне төлейтін төлем. Іс жүзіндегі капиталистің қалған бөліктегі пайдасы кәсіпкерлік табысты құрайды.

      Несиелі капиталдың қолдану нәтижесі пайыздың мөлшерлемесі немесе мөлшерімен анықталады (несиелі капиталистің пайызда көрсетілген, табыс сомасының несиелі капитал сомасына қатынасы).

      Қазіргі заманғы экономикалық теория осы  ресурстарды сатып алуға болатын  ақша  тапқанша күтудің орнын, бұл  ресурстарды қазір алу үшін адамдар  төлейтін баға ретінде пайызды түсіндіреді. Уақыт факторының есебі мынаны түсінуге мүмкіндік береді: мерзімді салым ақшаның уақыты ұзақ болған сайын, бұл жинаққа пайыз түріндегі табыс жоғары болады.

      Сұраныс пен ақша (М) ұсынысы негізінде  пайыз көлемін анықтауға болады. Ақша (МД) сұранысының өсуі мен ақша ұсынысы (MS) азайғанда, пайыз деңгейі өседі. Бұл графикада төменде көрсетілген (13.5.-сурет).

                              

                                                 МД                 MS

                Пайыз деңгейі, 
 
 
 

                                                         Ақша сұранысы мен ұсынысы

9.5.-сурет.  Ақша сұранысы мен ұсынысының  қисықтары

      Пайыздық  мөлшерлеменің нақты көлеміне несие  берілетін мерзім мен оның көлемі, несиенің берілуі кезеңіндегі тәуекел  деңгейі әсер етеді.

      Пайыз санатын талдау кезінде атаулы және нақты пайыздық мөлшерін бөлу маңызды. Атаулы мөлшер – бұл инфляция қарқынының есебінсіз пайыздың ағымдағы рыноктық мөлшері. Нақты мөлшер – күтілетін  инфляция қарқынының есебіндегі атаулы мөлшер. 

9.4.     ЖЕР РЕНТАСЫ – ЖЕР ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ

      Жер – көлемі қатаң шектелген өндіріс  факторы болып табылады және соған  байланысты жерге ұсыныс тіптен икемді емес. Экономикалық рента көлемі немесе қоры қатаң шектелген жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға төлемді көрсетеді. Сондықтан жер рентасының көлемі бірінші кезекте, жерге сұраныспен анықталады. Сонымен бірге рента мынаған байланысты әр түрлі:

      а)  табиғи жағдайы (климаты, жер қыртысының түрлері және т.б.)

      ә)  жер қыртысының құнарлығы;

      б)  жердің орналасуы (өнімдерді өткізу мен ресурстарды рыногынан

                қащықтығы және жақындығы) жақсы  сипаттамалы жердің үлкен 

                рента әкелетіні – табиғи нәрсе.

      Экономикалық  ғылымда рентаның келесі түрлерге бөлінеді: дифференциальды, абсолюттік және монополиялық.

      Қоғамның  жердің шектелуіне байланысты құнарлығы  нашар алқаптарды да айналымға қосуға мәжбүр. Дифференциальды ренталардың  пайда болу көзі сапасы бойынша жақсы  және оташа жер алқаптарында жұмыс  істейтін ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің өндіретін еңбегі болып табылады. Сонымен бірге, табиғи құнарлы жер қыртысымен байланысты дифференциацияланған I-рента мен жер қыртысының жасанды құнарлылығымен (құнарлығын көрсету мақсатында жердің өңдеуден өткізілуі) байланысты II-рентаны бөледі.

      К. Маркс өнеркәсіппен салыстыру бойынша, ауыл шаруашылығындағы капиталдың төмен органикалық құрылымына байланысты абсолюттік рента деп бөледі. Қазіргі заманғы батыстық және Ресейлік экономикалық ғылым абсолюттік рентаны бұл жағынан қарастырмайды.

      Монополиялық  рентаның пайда болу себебі деп, ауыл шаруашылығының кейбір сирек өнімдеріне немесе аталған табиғи-климаттық  аймақта өсірілген, сондай-ақ, сирек  пайдалы қазбаларға қойылатын монополиялық бағаны есептейді.

      Барлық  әлемде рента – бұл есеп айырысу көлемі, ол шаруашылықтың рыноктық тетіктермен белгіленбейді. «Жиынтықты» дифференцияльды рентаны анықтау әдісі келесі жағдайда қалыптасады:

ДР = ЧД – ЧДн,

мұнда, Д.Р. – дифференцияльды рента;

             ЧД – бағаланған жер алқабының  таза табысы;

             ЧДн – «қалыпты» жер алқабының таза табысы (шығынның «тұйықталған» деңгейіндегі нөлдік экономикалық пайда).

      Рентаның  мөлшерін анықтау үшін Ресейде 1 гектар жердің есебіндегі өнімділігінің бағалық  көрсеткіштері, (сомдағы жалпы өнім мен центнердегі азықтық бірлік), бағалау шығындары, жалпы өнімнің өндіру құнының көрсеткіштері пайдаланылады.

      Қазақстан ғалымдары жер рентасының мөлшерін жердің нормативтік бағасын белгілеу кезінде анықтауды ұсынады:

1 га  жерден есептік ренталық табыс  жерге салынған және өндіруді кеңейту үшін жалға алушымен меншіктенген капиталдың таза табысы мен орта пайдасының арасындағы әртүрлілік ретінде анықталады.

R = Чд – (Ин × Пс)

Чд = ВПн – Ин

ВПн = Ун × Цр,

мұнда, R – ренталық табыстың есеп айырысуы;

             Чд – таза табыс;

             Ин - өндірістің нормативтік шығындары;

             Пс – капиталға салынған (бірлік  үлесінде) пайданың орташа нормативтік  мөлшері;

             ВПн – жалпы өнімнің нормативтік  құны;

             Цр – ауыл шаруашылығы өнімдерін  өткізудегі нормативтік баға;

             Ун – нормативті шығымдылық.

      Жердің  сұранысы мен ұсынысының қисығы келесі жағдайда көрінеді (9.6.-сурет):

                                                               S

  

                   Рента (жалдау R

                   төлемі 
 
 
 

                                                                          Е Д

                      Жер көлемі Q 
 
 
 

13.6.-сурет. Сұраныс  қисығы мен жер ұсынысы 

      Мұнда S – оның шектелу күшіне байланысты жер ұсынысының қисығы;

                        Д – жер сұранысының қисығы, нүкте;

                        Е – жер алқаптарының сұранысы  мен ұсынысын теңестіретін жер  рентасының деңгейі. 
 

9.5. КӘСІПКЕРДІҢ ФАКТОРЛЫҚ  ТАБЫСЫ РЕТІНДЕГІ  ПАЙДАСЫ

      Пайда – бұл капиталға түсетін табыс. Пайда кәсіпкердің қызметінің басты нәтижесі және мақсаты болып табылады. Пайда көлемі кәсіпорынның жалпы табысы (өнімді өткізуден түсетін түсім) мен өндірістің жалпы шығыны арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

      Экономикалық  теорияның әртүрлі мектебі «пайда»  түсінігін әр түрлі түсіндіреді. Маркистік теорияда пайда қосымша құнның өңі айналдырылған нысаны болып табылады. И.Шумпетер пайданы антрепренердің табысы ретінде, яғни, жаңа енгізуді жүзеге асырушы адам ретінде бағалайды. Ал, бірқатар экономистер пайданы «монополиялық табыс» ретінде сипаттайды.

      Капиталдың  табыстылығын бағалау тұрғысынан келгенде, тәжірибе жүзінде пайда мөлшерін есептеудің бірнеше әдісін бөледі:

  • сату көлеміндегі пайда қатынастары;
  • акционерлік капиталға пайда қатынастары;
  • кәсіпорынның активтеріне пайда қатынастары;
  • сезілмелі ұдайы өндірілетін капиталға пайданың қатынасы.

    Пайдаға ықпал жасайтын факторларды жіктелімдеу:

  1. Пайдалану факторы:

    а)  қор жинау (өндірістік және ғылыми даму);

    ә)  әлеуметтік қажеттілік;

    б)  залалдар мен басқадай шығындарды жабу;

    в)  күрделі қаржылық салым;

    г)  тұтыну (дивидендтерді, пайызды төлеу, материалдық көмек және т.б.);

    2.  Бөлу факторлары:

    а)  бюджет пен бюджеттен тыс қорларға бағытталады;

    ә)  несиелерді жабу мен салық төлемдері  үшін банкке бағытталады;

    б)  кәсіпорында қалады;

    в)  бөлудің басқа да факторлары.

    3.  Өзара ықпал ететін факторлар:

    а)  айналымдағы қорлардың айналымдылығы;

    ә)  бағалар, тарифтер, жинаулар;

    б)  несиелер  бойынша пайыз мөлшерлері;

    в)  салықтар және салық мөлшерлері;

    г)  өзіндік құн;

    ғ)  еңбек өнімділігі;

    ж)  қор қайтарымдылығы;

    з)  қордың қорлануы.

    4.  Құрайтын факторлар:

    а) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді 

        өткізуден түсетін түсім;

    ә)  материалдық қорларды, материалдық  емес активтерді және басқа да 

         активтерді өткізуден түсетін түсімдер;

    б)  негізгі қорларды өткізуден түсетін  түсімдер;

    в)  басқа кәсіпорындардағы үлестік  қатысудан түсетін түсімдер;

    г)  акциялар, облигациялар және басқа  бағалы қағаздардан түсетін 

         табыс; 

    ғ)  алынған айыппұлдар, өсімақылар, төленгеннің  үстіне тұрақсыздық

         төлемінен тыс асыру. 

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Бөлуді қандай үдеріс көрсетеді?
  2. Қызметтік бөлу қалай аталады?
  3. Бөлу қандай қызметтерді атқарады?
  4. Өндіріс факторына баға қалай белгіленеді?
  5. Өндіріс факторының шектеулі өнімі дегеніміз не?
  6. Табыстарды жіктелімдеу қандай критериймен жүргізіледі?
  7. Еңбекақы дегеніміз не?
  8. Еңбекақы көлеміне қандай факторлар ықпал етеді?
  9. Нақты еңбекақы деңгейі сұраныстың арасындағы тәуелділік қандай?
  10. Нақты еңбекақы деңгейі мен еңбек ұсынысның арасындағы тәуелділік қандай?
  11. «Табыстың әсері» дегеніміз не?
  12. Ауыстыру әсері нені көрсетеді?
  13. Еңбек рыногындағы қандай жағдайда тепе-теңдік пайда болады?
  14. Атаулы құндағы еңбекақы дегеніміз не?
  15. Нақты еңбекақы дегеніміз не?
  16. Кесімді және мерзімді еңбекақыларды қандай критерийлер бойынша бөледі?

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"