Курс лекций по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 19:01, курс лекций

Описание

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Экономика"

Содержание

1.Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.

2.Экономикалық түсініктердің негіздері .

3. Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .

4. Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа состоит из  1 файл

лекциялы-+кешен (5).doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)
 

Экономикалық  кезеңді туындайтын ішкі себептер:

  1. негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі;
  2. жұмыспен қамтамасыз етілу мен өндіріс көлеміне ықпал ететін өсуі мен қысқаруы, жеке тұтыну;
  3. инвестициялау, яғни, өндірісті кеңейту үшін, оны модернизациялау үшін, жаңа жұмыс орнын құру үшін;
  4. сұраныс пен тұтыну, өндіріске тікелей және жанама ықпал ететін мемлекеттің экономикалық саясаты;
 

12.2. Экономикалық кезең және оның әртұрлілігі 

    Оның  әлеуетті көлемі төңірегіндегі өндірістің нақты көлемінің тербелістері экономикалық тербелістер немесе экономикалық кезеңдер деп аталады. Кезеңдер сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтін әр түрлі нысанында пайда болатын рыноктық жағдаяттың кезеңдік құлдырауы мен котерілуін сипаттайды.

     Кезеңнің  негізгі сипаттамасын оның себептерімен, фазасымен, өту уақытымен, қайталаным  көрсеткіштерімен, параметр серпінімен, экономикалық белсенділік көрсеткіштерінің  кеңдігімен байланыстырады. Кезең  ерекшеліктерінің ортасындағы ең бастысы ұлттық өнімнің (табыс) тербелістері түсінігіне жатады.

    Түрлі  тұрпаттағы тербелістер қанша  болса, кезеңдер сонша болады. Күрделі қаржы салымдарының, жаңғыртпалардың,  өнеркәсіптің және т.б. қарқын (толқын) кезеңдері болады.  Сонымен  бірге, экономиканың ең маңызды агрегаттарын қозғалысын көрсететін кезеңдер болады. Осы кезендер нысандары ішінде мыналарды бөліп алады.

  1. ғасырлық – олар бір немесе бірнеше жүз жылдық үрдістерін жазады;
  2. ұзын толқынды – бірнеше ондаған жылдарды қамтиды ( 50 жыл шамасы – жаңа технологияның пайда болуына байланысты, Кондратьев толқындары)
  3. Қалыпты немесе орташа – 8 – 10 жылдық. Оған ақша айналымы аясында, анығы кредиттерде және негізгі капиталды жаңарту болып табылатын материалдық негіздердегі себеп болып табылатын Жугляр кезеңі жатады;
  4. алтынның әлемдік қорының тербелістеріне байланысты;                        Китчин кезеңі немесе шағын кезеңі – 2 – 3 жылдық;
  5. маусымды – жарты жылдық;
  6. қысқа мерзімді салалық жағдаятты тербелістер (қордың, тұрғын үйлердің, пайыздың, сатудың және т.б.) бір екі күннен бір айға және жылға дейін.
 

12.3. Орта мерзімді  кезеңдердің фазасы

      Орта мерзімді кезеңдерді сол  сияқты өнеркәсіпті кезеңдер  деп атайды. Өнеркәсіптік кезеңнің  материалдық негіздері негізгі  капиталдың жаңаруы болып табылады. Басты себеп – тауарларды қайта өндіру. Мұндай кезендердің ұзақтығы негізгі капиталдың ескертуімен байланысты.

      Өнеркәсіптік кезеңнің фазалары:

    1. Дағдарыс: таурларды қайта өндіру, өндіріс көлемінің тез қысқаруы, өндіруші күштердің жекелей бұзылуы, кәсіпорынның жаппай банкрот болуы, негізгі капиталдың құнсыздануы, жұмыссыздықтың орасан зор өсуі, еңбекақының құлдырауы, кредиттің тез азаюы, жинақтарды жаппай қайта алу, банктердің күйреуі, пайыздың ең жоғары деңгейі;
    2. Депрессия немесе тоқырау: ондіріс құлдырауының тоқтауы, яғни, тоқырау жағдайы, тауар қоры өспейді, баға құлдырауының тоқтауы, жаппай жұмыссыздық, төмен еңбекақы, несие пайызының төмен деңгейі
    3. Жандану: дағдарыс алдындағы өндіріс деңгейіне бірте – бірте қол жеткізу, негізгі капиталды жаппай жаңаландыру, бағаның аз көтнрілуі, жұмыссыздықтың кейбір мөлшерінің кеңеюі.
    4. Көтерілу: дағдарыс алдындағы өндіріс деңгейіне қарағанда оның көтерілуі, бағаның елеулі өсуі, жұмыссыздық мөлшерінің қысқаруы, кредит мөлшерінің кеңеюі.
 

12.4. Аграрлық дағдарыстар. Құрылымдық    дағдарыстар. Елдерінде ауыл шаруашылығын мемплекттің әлсіз қолдануы 

       Ауыл шаруашылығын дамытудың  ауыл шаруашылығы өндірісінің  табиғи немесе техникалық ерекшеліктерімен  ғана емес, олардың аз монополиялануымен,  өндірістің шоғырлануының өте  төмен деңгейімен қорытындалынатын қоғамдық жағдайымен де шартталған. Аграрлық дағдарыстың басты ерекшеліктері:

  1. аграрлық дағдарыстар рентамен байланысты және өнеркәсіптен ауыл шаруашылығының дәстүрлі қалуымен байланысты (бұл қалу экономикалық даму деңгейінің жоғары деңгейіне жеткен барлық елдер үшін сипатты емес);
  2. аграрлық дағдарыстарережедегідей, , қайта өндірудің жалпы дағдарысының уақытымен сәйкес келмейтін, айтарлықтай ұзаққа созылады және экономикалық кезеңнің жалпы басқа да фазасында жалғасады;
  3. аграрлық дағдарыстардың өзінің кезеңдігі болмайды, яғни, аграрлық дағдарыстыбасқадан бөліп тұратын мерзімдер азды – көпті анықталған болып табылмайды, олар ауыл шаруашылығында өзінің кезеңдігін

    құрмайды, яғни, оның аграрлық кезеңді, қандай да бір  фазаны аса бір ерекше қайталамайды. 

 Бұл келесі  себептермен байланысты:

  • табиғаттық климаттық жағдай, мысалы, көп жылдық қуаңшылық;
  • мыңдаған гектаржерді ұзақ мерзімге істен шығаратын, соғыстар, өрттер;
  • ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауарларға «баға қайшылығы»;
  • өнеркәсіптен айырмашылығы ауыл шаруашылығындағы енбек өнімділігінің төмен деңгейі;
  • бұрынғы одақ елдерінде ауыл шаруашылығын мемлекеттің әлсіз қолдауы.

    Құрылымдық  дағдарыстар белгілі бір аялар  мен салалардың арасындағы үйлесімсіздіктен туындайды, олар ережеге сай, созылмалы сипатта боладыжәне кезеңді кризистердің басталуымен барлық уақытта сәйкес келмейді. Құрылымды дағдарыстарға мұнайдың, азақ – түліктің, энергиялық шикізаттық. Валюталық және экологиялық дағдарыстар жатады. 

      1. МЕМЛЕКЕТТІК КЕЗЕҢГЕ ҚАРСЫ РЕТТЕУ
 

     Дағдарысқа қарсы және кезеңдерге қарсы мемлекет саясаты экономикалық кезеңдер мен жағдаяттарды тұрақтандыру сұраныс пен ұсыныстың жиынтықтарын реттеу жолымен жұмсатуға бағытталған.

     Кезеңдерді  реттеудің барлық тұжырымдамасы  екі бағытқа тіреледі: неокейнсиандыққа және неоконсервативтікке (классикалық мектеп негізінде) (16.1-кесте). 

Белгілері Неокейнсиандық Неоконсервативтік
Бағдар Сұранысқа Ұсынысқа
Мақсаттар Тұтастай шаруашылықты фирма қызметтерін реттеу (макроэкономика) Жеке фирмалардың (микроэкономика) қызметіне ынталандыру
Реттеудің басымдылығы Салықтық-бюджеттік  саясат

Кредиттік-ақшалық  саясат

Кредиттік-бюджеттік  саясат

Салықтық-бюджеттік  саясат

Мемлекеттің рөлін бағалау Мадақтау Шектеу

 
 

     Тұтастай  алғанда осындай айырмашылықтың болуына қарамастан, кезеңдік ауытқуларды реттеуге бағытталған, мемлекеттің жүргізетін бағытын жалпы түсінушілік бар.

     Құлдырау  фазасында мемлекеттің барлық шаралары іскерлік белсенділікті ынталандыруға  бағытталуы тиісті. Салықтық-бюджеттік  саясат төңірегінде – мөлшерлеменің  төмендеуі, жаңа инвестицияға салықтық жеңілдік беру, тездетілген өтелім саясатын жүргізу қажет. Кредиттік-қаржылық саясат кредиттік экспансия (өтемдік) жүргізуді қарастырады. Оның мақсаты – елде қосымша кредиттер арқылы экономика өмірін жандандыру. «Арзан ақша» саясаты жүргізіледі. Берілетін несиелерге пайыздық мөлшерлемелер төмендейді, капиталдық салымдардың көбеюіне әкелетін, банктердің кредиттік ресурстары көбейеді, іскерлік белсенділік күшейеді, жұмыссыздық төмендейді.

     Мемлекет  экономикалық жағдаятының көтерілуі кезеңінде экономиканың «қызып» кетуін болдырмау үшін және шаруашылық өмірінде осығын байланысты болатын ауыр жағдайларды болдырмау үшін, салықтық-бюджеттік және кредиттік-қаржылық  саясатының осыған қарама-қарсы шараларын қосатын, тізгіндеу саясатын жүргізеді. Салықтық-бюджеттік саясат салық мөлшерлемесін көтерумен, мемлекеттік шығындардың қысқаруымен, өтелім саясатын өткізу төңірегіндегі шектеу саясатымен сипатталады. Кредиттік-қаржылық саясатында кредиттік шектеу элементтері басым бола бастайды, яғни, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуін, банктің кредиттік ресурстарының қысқаруын білдіретін, «қымбат қаржы» саясаты жүргізіледі. 

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Нарық экономикасындағы кезеңдер қозғалысы нені білдіреді?
  2. Экстеральдық теориясының кезеңдік ауытқулары қандай факторлармен түсіндіріледі?
  3. Интеральдық теорияның экономикалық кезеңдері қалай қарастырылады?
  4. Экономикалық кезеңнің сыртқы себептерін атаңыздар.
  5. Экономикалық кезеңнің ішкі себептерін атаңыздар.
  6. Экономикалық кезеңдер дегеніміз не?
  7. Экономикалық әдебиетте кезеңдердің қандай түрлері бөлініп көрсетіледі?
  8. Кондратьевтің «ұзын толқынының» себептері неде?
  9. Китчиннің шағын кезеңі немен байланысты?
  10. Жугляр кезеңі қандай мезгілді қамтиды?
  11. Өнеркәсіптік кезеңнің материалдық негіздері не болып табылады?
  12. Өнеркәсіп кезеңі қандай фазадан өтеді?
  13. Экономикада дағдарыс фазасы кезінде қандай оқиғалар болды?
 
 
 
 
 

13-тақырып.  Жұмыссыздық және  инфляция – экономикалық  тұрақсыздықтың көрінісі  ретінде. 

Лекция  мақсаты: Жұмыссыздық және инфляция – экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретіндегі мәнін ашу. 

Лекция  сұрақтары:

1.  Жұмыспен  қамтамасыз етілу және жұмыссыздық.  Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың  негізгі нысандары.

2. Жұмыссыздықтың  ЖҰӨ көлеміне ықпалы. Оукен заңы.

3. Қазақстан  Республикасындағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары

4. . Инфляция, оның себептері және қазіргі  замандағы әртүрлілігі. 
 

13.1.  Жұмыспен қамтамасыз  етілу және жұмыссыздық.  Қазіргі экономикадағы  жұмыссыздықтың негізгі  нысандары

      Тұрғындар дегенде қоғамның басты құрамы – адамдар өмірінің жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үдерісте табиғи тарихи қалыптасуы түсініледі.

      Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті  бөлігі ерекшеленеді – еңбек қызметіне  психологиялық және физиологиялық  ерешеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күшітері) – қоғамдық өндіріске кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстарының құрамында табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар – экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.

      Экономикалық  белсенді тұрғындар халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және оларды еңбекке  қосымша салалар бойынша бөлумен  сипатталады.

      Жұмыссыздық – қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетіе жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.

      Жұмыссыздықтың  түрлері:

  1. Жұмыссыздықтың кезеңдігі, жұмысқа үміткерлердің саны бар жұмыс орнынан көп болған жағдайда және өндірістің тоқырау жағдайында орын алады.
  2. Уақытша жұмыссыздық аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты орын ауыстыруы (жаңа тұраққа көшуі, жаңа мамандық алуы, оқуы, балаға қарауына баланысты және т.б.).
  3. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгерістеріне әкелетін өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орны бұрынғы қалыптасқан жұмыс күшіне сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.

Информация о работе Курс лекций по "Экономике"