Лекции по "Кәсіпкерлік құқық"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 16:26, курс лекций

Описание

Дәріс 1. Институционалдық талдауға кіріспе
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және «Жаңа» институционализмнің сипаттамалары.

Работа состоит из  1 файл

лекции ИЭ.doc

— 225.50 Кб (Скачать документ)

Институттар деп адамдар арасындағы формальды және формальды  емес өзара қатынастар тәртібі, ал – ұйымдар  адамдардың кез келген формальды және формальды  емес бірлестігі: коммерциялық фирмалар, саяси партиялар, діни топтар, спорт командалары т.б. Ұйымдар институттардың шеңберінде пайда болады. Мыс: біздің елде 1990 ж. жеке меншікке және жеке кәсіпкерлік қызметке заңдар қабылданғаннан  бастап жеке компаниялар пайда бола бастады. Осыған дейін заңды түрде жеке компаниялар болған жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар базасынадағы жеке кәсіпкерлікпен айналысқан адамдар совет заңдарын бұзумен болды. Сонымен қатар 1990ж. саяси мақсаттарға арналған ұйымдардың пайда болуына әкелген саяси партияларға жол берілді. СССР кезінде мемлекеттік кәсіпорындар советтік шаруашылық заңдылық негізінде, сонымен қатар шаруашылық қызметтердің формальды емес принциптері есебімен қызмет атқару негізінде құрылды.

  Дихотомия: институттар және ұйымдар

      Экономикалық  зерттеуде институт және ұйым синонимдер ретінде пайдаланылады. Бұл дихотомия делінген (біртұтасты екі бөлікке бөлу).

      Уильямсонның  ойынша, институттар  контрактық қатынастарды басқарудың механизмі  ретінде қарастырылады.

Экономикалық  феномен ретінде  ұйым түсінігі алғаш  рет Альфред Маршаллдың өзінің теоретикалық концепциясын құруда пайдаланылды.

2.  Ұйымдар қандай мақсаттармен құрылды?  Нақты құрылған ұйымдар өзінің алдына әртүрлі міндеттер қояды. Коммерциялық компаниялар үшін бұл өнім шығару және оны сатудан табыс алу. Саяси партиялар үшін – таңдауда сайлаушылардан дауыстар алу және т.б. Қоғамдық түрде кез келген ұйымның мақсаты - ережелер шеңберінде (институттар) пайдалылықты максимизациялау.

Ұйым  мүшелерінің мүдделері  сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы: фирма иесінің  қызметі пайданы көбейту мақсатымен көрінеді, ал қатардағы қызметкер аз мөлшерде еңбек етіп көп мөлшерде еңбекақы алуы мүмкін. Адамдар институттар қызметі ашып берген мүмкіндікті пайдаланып пайдалылықты максимизациялауда ұйымдар құрады. Осыған байланысты институттар – бұл сыртқы шектеулер және әлеуметтік сипаттағы кез келген адамзат іс - әрекетінің алғышарттары.  Егер Д.Норттың мысалын алатын болсақ, мыс: институтты футбол ойынының ережесімен салыстырайық , ал –ұйым футбол комадасы, бұдан біздің көретініміз, ойыншылар футбол тәртібінің негізінде ғана командаға біріге алады. Бұдан түсінетініміз ұйымдар және институттар орнықты бірлікті құрайды.

Институттар шеңберінде өз мақсаттарын  көздей отырып ұйымдар  институтты қолдайды және оның орнықтылығын қалыптастырады. Осыған байланысты институционалды теория екі көрсеткішті белгілейді.

1-ден  институт уақыт  бойынша өмір сүрген  сайын, соғұрлым  институт ұйыммен  күштірек қалыптасады.  Бұны институционалистер  L e a r n i n g   by   d o i n g  немесе іс-әрекет процесіндегі оқу деп атайды. Яғни адамдар анықталған институционалды шеңберде әрекеттенген сайын, соғұрлым осы әрекетке қажетті білім және тәжірибе қалыптастырады. Институтқа бейімделе келе адамдар оны сақтауға тырысады. Сонымен қатар адамдар мүмкіндікті пайдаланады және институттардың әлеуметтік тиімділігі де жоғарлайды.  Қазіргі экономикалық теориядағы әлеуметтік-экономикалық процесте білімнің ролі ерекше. Бұл жерде білім қысқаша екі формада көрінеді: ашық (явное)-передаваемое) және ашық емес. Ашық деп білім және өзіндік оқу формальды каналдар арқылы бір адамнан екінші адамға өтетін теоретикалық және практикалық іс әрекетте пайдаланатын ақпараттар жиынтығын айтамыз. Ашық емес-бұл басқа адамдардың жанама түрдегі қарым-қатынас жолымен немесе жеке тәжірибе негізінде қалыптасатын ақпараттар жиынтығы.

2-ден  Институт уақыт  бойынша өмір сүрген  сайын басқа институттар  туындайды. Осыған  байланысты сол  институттардың айналасында  әлеуметтік тиімділігі  артады және оны  қолдайды, нормалар, тәртіптер және  дәстүрлер қалыптасады.               

Шаруашылық спецификалықтың және ерекшеліктің қажеттілігі (фирмалар немесе экономикалық ұйымдар) Рональдо Коузбен дәлелденді.

Кез келген экономикалық ұйымның келесідей  белгілері бар:

1. Жеке емес, жалпы  мақсат

2. Ресурстарды алу  және оларды қорғаудың  анықталған тәсілі

3. Ресми  бекітілген  тәртіп нормалары  және формалар  жүйесінің сақталуын  бақылау

4. Орнықты жасалған  статустар құрылымы (иерархия, үнемі формальды  жетекшілік)

5. Өз мүшелері арасындағы  спецификалық  еңбек  бөлінісі

6. Ұйым ісіне қатысқаны  немесе (қатыспағаны) үшін сыйлық және жазалау саны         

      Ұйым - бұл спецификалық мақсаттарға жетуге арналып құрылған, жеке емес байланыстар негізінде қызмет атқаратын адамдардың үлкен ассоциациясы.    

Дәріс 3.  Экономиканың қызмет атқару ережелері.

1. Экономикалық ережелер. Бағытталуы және бөлу қырлары.

2. Ережелерді жіктеу. Формальды және  формальды емес  ережелер.  Ережелердің  орындалуын

    қамтамасыз ету.

1. Ереже – бір жеке тұлғаның (немесе адамдар тобы) басқа адамдармен немесе топпен өзара қатынастардың анықталған түрлеріне тыйым салатын немесе шешуші, жалпы қабылданған және қорғалған жазбалар.   

1) Конституциялық ереже

Олар  мемлекеттің иерархиялық  құрылымын орнатады, бұл бірінші кезекте  конституциялық ережелерге қатысты.

Сонымен қатар ереже, дауыс беру нәтижесіне әсер ететін шешім қабылдау тәртібін анықтайды.

Бұндай  ережелер талқылауға және рұқсат етуге  сұрақтарды бақылауды  жүзеге асыруды ашық түрде тіркейді.

2) Экономикалық ереже

      Экономикалық ереже, жеке тұлғалар немесе топтар бірлеседі немесе бәсекелестік қатынасқа түсуде шаруашылық қызмет мүмкін формасын анықтайды.

Ереженің  аналогиялық түрі, нақты нарықтағы  айырбас рамкісіне  сәйкес анықтайтын өнімге және ресурсқа шекті  бағаны орнатады; импортқа шектеулікті жүргізу (квоталау, кедендік бажды жоғарлату, экологиялық талаптар және т.б.); патент қызметінің мерзімі болуы мүмкін.

Экономикалық ережелер болып меншік және жауапкершілік табылады.

3) Контрактілер

Контрактілер  екі (немесе одан көп) экономикалық агенттер арасындағы келісімге  сәйкес құқық және міндеттемелердің айырбасталуы ерекшелігі негізінде құрылған ережелерді қаастырады. 

Сонымен қатар экономикалық әдебиетте институттардың екі типін бөледі:

      1) Сыртқы – шаруашылық жүйені сипаттайтын негізгі ережелерді орнатады. Мысалы:  меншік институты.

      2) Ішкі  - субъектілер арасындағы мәмілелерге мүмкіндік жасайды, түсініксіздік және тәуекелділік дәрежесін төмендетеді және трансакциялық шығындарды төмендетеді (кәсіпорын, келісім-шарт түрлері, төлем және несие қаражаттары, жинақ қаражаттары ). 

2. Институционалдық құрылым – бұл шаруашылық координациялар жүйесінде қалыптасатын, шаруашылық субъектілерге шектеулілікті анықтайтын, экономикалық тәртіп матрицаларын құрайтын, институттардың анықталған реттелген жинағы .

     Институттар біртекті емес. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады – формальды және формальды емес.

Формальды емес институттар  әлеуметтік механизмдер  құралымен таралған, ақпараттардан туындайды  және көптеген жағдайда мәдениет деп аталатын мұраның бөлімі болып  табылады. 

Формальды емес ереже адамдар арасындағы қатынастар формальды (жазылған) заңдармен реттелмеген, адамзат тарихы кезеңінде шешуші мәнге ие болды. 

Формальды емес институттар (шектеулер) адамзат іс әрекеттерінің орнықты қайталау формасының координация құралы ретінде:

1) формальды ережелер жалғасуы, дамуы және модификациясы;

2) тәртіптің әлеуметтік санкцияланған нормалары;

3) тәртіптің стандарттарын орындауға ішкі, міндетті;

    болып табылады.

Формальды шектеулер, ереже  және институттар, формальды  емес ережелер және механизмдер базасында қалыптасқан. 

Формальды институттар құрылымында  бөлінеді:

1) саяси институттар;

2) экономикалық  институттар;

3) контракт жүйелері (құқықтық нормалармен және заңдармен реттелетін, контрактілерді бекіту тәртібі және тәсілдері).

Ғылыми  әдебиеттерде формальды экономикалық институттар меншік құқығы аясында қарастырылады,

олар  меншік құқығын орнатады, яғни құқықтың шоғырлануы меншіктен табысты  пайдалану және алу  бойынша болады.  

Шарт  жасасу институттары үш факторға тәуелді сатып алушы және жабдықтаушы арасындағы келісімдердің шарттарын анықтайды: баға, активтердің ерекшеліктері және кепілдік (гарантия).

Шарт  жасасу институттары меншік құқықтарының қатарында кез  келген экономикалық реттің (экономикалық жүйенің) институционалдық құрылымының базалық  институты болып табылады.  

Еркін нарықтық экономиканы  тиімді қалыптастыруда  келісім-шарттар  бекітудің  шешуші мәні бар. 

Формальды институттар қызметі  жүзеге асу үшін арнайы құрылған ұйымдар  қажет.  

Дәріс 4. Трансакциялық  теориялар

1. Трансакция түсінігі  және түрлері

2. Трансакциялық шығындар  түсінігі 

3. Трансакциялық шығындар және меншік құқығы спецификациясы

4. Трансакциялық шығындар сыртқы әсерлері. Коуз теоремасы.

5. Трансакциялық шығындар және контрактік қатынастар 

1.  Трансакция түсінігі алғаш рет ғылымға Дж.Коммонспен енгізілді.

Трансакция – бұл товарлармен айырбас емес, ол қоғаммен құрылған меншік және еркіндік құқықтарын иелену.

Коммонс трансакцияның негізгі  үш түрін анықтады:

      1) Мәміле трансакциясы – жақтардың әрбіреуінің экономикалық мүдделеріне негізделген келісімнің жүзеге асырылуына қажетті меншік және еркіндікті иелену.

      Мәміле  трансакциясында  контрагенттер арасындағы симметриялық (паралельно) қатынастардың шарттары сақталады. Коммонстың ойы бойынша, мәміле трансакциясының  ерекшелік белгілеріне өндіріс емес, товардың қолдан қолға өтуі.  

      2) Басқару трансакциясы – басқару бағыну қатынасы болып табылатын,  адамдар арасындағы өзара қатынастарда шешім қабылдау құқығы жақтардың біреуінде ғана болады. 

      3) Ұтымдылық трансакциясы – жақтардың құқықтық жағдайының ассиметриялылығы сақталады, бірақ құқық ерекшелігі қызметін орындайтын, басқарушы жақтардың орнын ұжымдық орган алады.  

      Ұтымдылық трансакциясына: байлықтың  бөлінуінде субъектілер  арасындағы туындаған  даулар бойынша арбитраждық  соттың шешімі, өкілдік билік органдарының бекітілімі және үкіметтің федералды бюджеті, директорлар кеңесімен компанияның бюджетін құруды жатқызуға болады.  

      Ұтымдылық трансакциясында  басқару болмайды. Осы трансакция арқылы сол немесе басқа  экономикалық агенттің байлыққа ие болуы жүзеге асырылады.

Информация о работе Лекции по "Кәсіпкерлік құқық"