Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 16:26, курс лекций
Дәріс 1. Институционалдық талдауға кіріспе
1. Жаңа классикалық экономика теориясы: негізгі ұстанымдары және оларды институционалдық
тұрғыдан сынау
2. Институционалдық теорияның негізгі зерттеу бағдарламалары, мәселелері және бағыттары
ИЭ теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
3. Институционализмнің пайда болуы және тұжырымдамалық ерекшеліктері, әдістемелік ұстанымдары.
Дәстүрлі (ескі) және «Жаңа» институционализмнің сипаттамалары.
Институттардың қалыптасу процесіне мемлекеттің әсерін көрсету үшін, неоинституционалды теорияның көзқарасынан оның анықтамасына қарайық. Д.Норт бойынша, «мемлекет – оның тәсілдерімен салық салу құрылатын шекаралар, географиялық райондарға таралатын, салыстырмалы мүліктермен мәжбүрлеуді жүзеге асыратын ұйым».
Сондықтан мемлекет, трансакциялық шығындардың өсіміне әкелетін, монополиялық биліктің және басқа да факторлардың әсерінен бәсекелестік тәртіптің болуына мүмкіндік бермейтін, тиімді нарықтық институттарды құру ретінде, және сол сияқты керісінше, институционалды құрылымды құруы мүмкін. Барлығы сол немесе басқа шаруашылық координацияның жүйесіндегі салыстырмалы тиімділіктен және нақты тарихи жағдайлардан тәуелді. Мемлекет институттардың, шаруашылық жүйелердің, оларды басқаратын, прогрессивті қажетті атрибуты болып табылады.
Институттардың тиімсіздігі институттардың өзгеруіне қажетті, ұжымдық қызметте жоғары шығындарды туындатады. Институттардың өзгерісі бойынша осындай шығындардың түрлері, экономикалық тиімділік алуға қажетті, институттардың жеткілікті жалғасуының болуын негіздейді. Кейбір экономистер және саясаткерлердің осындай саясаттың қажеттілігі және мақсаты туралы айтулары бойынша оларды іске асырудың экономикалық механизімінің мүмкіндіктерімен келіспейді, немесе реттеуші нарықтық механизмді жүргізуде қоғам төлейтін бағаны анықтау қажет. Сонда ғана оңды эффектілер әлеуметтік шығындарды жабатындығын дәлелдеуге болады, анықталған шаралар тәжірибелік қолдануға ұсынылуы мүмкін.
Кез келген елдің экономикасының институционалдық құрылымы – бұл бәрінен бұрын, мемлекеттің өткен қызмет нәтижелері және неғұрлым тиімді институттардың эволюциялық алынуы. Батыс елдері нарықтық экономикамен экономикалық координацияға сәйкес дамыған институционалды құрылымға ие. Сондықтан осы елдер барлық ұлттық шаруашылыққа зиянсыз экономикалық саясатты жүргізу мақсатында мемлекеттік араласудың тікелей және жанама әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Дамымаған нарықтық қатынастардағы немесе өтпелі экономикадағы елдерде басқаша бақыланады. Сол сияқты елдерде нарықтық институттар қалыптасу стадиясында болады немесе мүлдем болмайды. Олардың институционалдық құрылымы институттарды қосады, ол нарықтық тәртіпке ғана сипатты емес, сондықтан экономикалық координацияның әртүрлі тәсілдері өз араларында жиі конфликтіге түседі. Осындай экономиканың тиімділігі төмен дамыған нарықпен немесе тіпті орталықтанған басқарушылық жүйемен сипатталады. Егер мемлекетпен өтпелі экономика жағдайында нарықта экономикалық қатынастар артық реттелсе, онда бұл нарықтық институттарға сәйкес қалыптасуда және темпінде теріс болып табылады. Мынандай парадокс туындайды: мемелекеттік араласу жүзеге асырылады, өйткені нарықтық механизмдер жұмыс істемейді, ал соңғылар қажетті институционалдық құрылымдардың болмауынан тиімді қалыптастыра алмайды.
Жоғарыда айтылғандардан, еңбек нарығында дамыған елдердің мемлекеттік саясатының барлық шаралары өтпелі экономика жағдайында қолданылмауы мүмкін. Өтпелі экономиканың мемлекеттік саясаты бірінші кезекте институттардың қалыптасуына және сонымен қатар тиімді институционалдық құрылымның пайда болуына бағытталуы керек.
Біздің көзқарасымызға, институционалдық зерттеу бағдарламасында мемлекеттік саясатты талдауға екі тәсілді ұсынуға болады – экзогенді және эндогенді. Экзогенді тәсілге сәйкес мемлекеттік экономикалық саясатты зерттеуде экономикалық процестермен болатын және анықталған шаралар арасында оңды (жеңіл бақыланатын) сыртқы тәуелділіктерге негізгі назар аударылады. Бұл іс әрекетке, сонымен қатар олардың өзгерісіне бағытталған, жүйені қалыптастыруда ішкі механизмдердің арнайы талдауын қарастырмайды. Эндогенді тәсілге сәйкес, керісінше, мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілу нәтижесіндегі өзгеріске және осы саясаттың қызметіне бағытталған, жүйе субъектілерінің өзара қызмет механизмдеріне ерекше назар бөлінеді.
Институттар сирек және бағалы ресурстарды заңды пайдалануға қолайлылықты реттейді, сонымен қатар осы қолайлылықтың принциптерін анықтайды.
Қазіргі уақыттағы батыс саяси экономиясында институттар нәтижелілік позициясымен бағалануы керек және осындай қызметтердің тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар қазір жүзеге асырылатын (меншік құқығы, контрактация ережесі, өнеркәсіптік ұйымдағы қарым-қатынас, шаруашылық және еңбек заңдылығы және т.б.) институционалдық құрылымдарға сәйкес институттардың инженерлік тәсілі жиі қолданылады.