Дағдарыс-экономикамызды әртараптандыру
шараларын жеделдету қажеттігін
тағы да көрсетті. «Дағдарыстан жаңару
мен дамуға» атты Жолдауында Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
атап көрсеткендей, экономиканы жаңарту
мен индустрияны көтеру – дағдарыстан
кейінгі тұрақты дамуымыздың
және Қазақстан халқының әл-ауқатын
қамтамасыз етудің жалғыз жолы.
Осы орайда, шикізаттық емес
салаларда ірі инвестициялық
жобаларға жол ашып, олардың көбейуіне
жағдай жасау – біздің негізгі
шаруамыз болмақ.
Жалпы алғанда 2009 жылдың бірінші
жартыжылдығында облыстағы барлық
макроэкономикалық көрсеткіштердің
оң динамикасы сақталды.
Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп
кәсіпорындары 600 млрд. теңгенің өнімін
шығарды. Өткен жылдың бірінші жартысымен
салыстырғанда, өндіріс көлемі жыл басында
біршама азайғанына қарамастан, ойдағы
межеден кем болмады. Жыл соңында өнеркәсіп
өнімін өткен жылғыдан кемінде 1% артық
өндіруді мақсат етіп қойдық.
Шикізат өндіру саласындағы
маңызды жаңалық – жақын арада
екі ірі - «КонокоФиллипс» және «Мубдала
Девелопмент Компани» компаниялары
мұнай мен газдың мол қоры табылған,
«Қашаған» жобасына тең қуаты
бар «блок Н» деп аталатын кен
орнында жұмысқа кіріседі.
Жобаны жүзеге асырудан өңірдің
әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға
келер ықпал зор болмақ. Үкіметтің
қолдауымен аталған жоба аясында
барлау жұмыстарын жүргізетін компаниялар
өңір алдында 50 млн. АҚШ доллары көлемінде
әлеуметтік міндеттеме алды, оның 10 млн.
доллары биыл қаржыландырылды.
2009 жылы жалпы кен игеруші компаниялардың Маңғыстау
облысының әлеуметтік және инфрақұрылмдық
дамына құятын қаражат көлемі өткен жылғы
44 млн. доллардан 67 млн. долларға ұлғайтылды.
Индустриалды-инновациялық
жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Биыл өнеркәсіптің өңдеу секторында үш
ірі өндіріс іске қосылады – «Keppel Kazakhstan»
кеме жасау зауыты, Боранқұл газ өңдеу
зауыты, Форт-Шевченко қаласындағы құрылыс
индустриясы базасын дамыту жобасы.
Тағы бес ірі жоба жүзеге
асырылуда. Ол – пластмасс зауыты негізінде
басталған битум зауытының құрылысы, жоғарыда
аталған Бейнеу селосындағы астық терминалының
құрылысы, «Досмарин» металл бөлшектерін
құру зауыты және Шетпе селосындағы цемент
зауытының құрылысы.
Аталған жобаларды жүзеге
асыру облыс экономикасына 2,8 млрд.
АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция
алып келеді, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс
орындары ашылады.
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясымен бірлесе отырып
әлеуметтік әріптестік жоспары іске асырылуда,
осыған сәйкес облыста 7 инвестициялық
жоба қолға алынды.
«Қазақстандық үлесті» арттыруға
бағытталған кең көлемді жұмыстар атқарылуда.
Бүгінгі таңда 2009 жылға жасалған 127 млрд.
теңгенің меморандумдары толықтай нақты
келісім-шарттармен қамтамасыз етілді.
Бұл біздің кәсіпорындарымыз үшін үлкен
көмек болды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Елбасының тапсырмасымен
Үкімет Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі даму стратегиясын дайындауда.
Аталған стратегияның бірінші
кезеңінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап,
жедел индустриалды-инновациялық дамудың
5 жылдық бағдарламасы жүзеге асырылмақ.
Қазақстанды индустрияландыру
жолындағы басымдықтар аясында
облыста өндіріс орындарын орналастырудың
аймақтық Картасы дайындалуда. Осы Карта
негізінде әрбір индустриалды-инновациялық
жобаны жүзеге асыру шарттарына баға беріліп,
қолдағы темір жол, автомобиль жолдары,
электр қуаты инфрақұрылымдары арқылы
оны жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау
жоспары жасалады.
Өңір экономикасына 125 млрд.
теңге тікелей инвестиция тартылды, бұл
- өткен жылмен салыстырғанда 2% артық.
Күрделі макроэкономикалық
жағдайға қарамастан, биылғы жылдың сәуір
айында облыстың өткен жылдары екі мәрте
көтерілген шетелдік және ұлттық валютадағы
рейтингінің қайта расталуы біз үшін аса
маңызды жетістік.
Аймақ экономикасын әртараптандырудың
басты тетіктерінің бірі – аумағы соңғы
екі жылда 9 есе, яғни 2000 гектарға дейін
ұлғайтылған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық
аймағы болып табылады.
Ауқатты инвесторлар арнайы
экономикалық айлақ аумағына өз жобаларын
орналастыруға мүдделі-ақ, олардың
тарапынан 45 жоба ұсынылды. Олардың бір
ғана шарты бар – инженерлік және көлік
инфрақұрылымын қамтамасыз ету.
Ұзақ (соңғы екі жылдай
уақыт талап еткен) келіссөз нәтижесінде,
бүгінгі таңда бұл мәселе толық
шешілді. Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімовтың тапсырмасымен
біз Үкімет резервінен алғашқы инфрақұрылым
нысандарының құрылысын бастауға 350
млн. теңге қаражат алдық.
Бұл – жақын арада инвестиция
көлемі 478 млн. АҚШ долларын құрайтын, өнеркәсіптік
өндіріс көлемі 72 млрд. және 1650 жаңа жұмыс
орнын ашатын 5 жобаны жүзеге асыра бастауға
жол ашты. Қуанатынымыз – сөз бен істің
арасында алшақтық жібермеуге мүмкіндік
туды.
Инженерлік инфрақұрылымдардың
тартылуы арнайы экономикалық айлақта
«Каспий» әлеуметті-кәсіпкерлік корпорациясымен
бірлесе қолға алған Шағын және орта кәсіпкерліктің
өнеркәсіп паркін құруға да мүмкіндік
береді. Мұнда шамамен шағын және орта
кәсіпкерліктің 100 мобильді өндірісі ашылып,
көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы
басталады.
Каспий энергетикалық
хабін құру жобасы жүзеге асырыла
бастады. Бүгінде республикалық бюджеттен
қаржы бөлініп, осы кешенге қажетті сыртқы
инфрақұрылым – газ құбыры, автомобиль
жолдары, электр тарату желілері, су тұщыту
қондырғысы, тазалық құрылғылары құрылысының
жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда,
біріккен кәсіпорын өз жұмысын бастады.
Қорытынды
2010 жыл – еліміз үшін елеулі
жыл, жаңа жетістіктер жылы болды.Бұл ең алдымен,
Қазақстан өз тәуелсіздігінің тарихында
тұңғыш рет, аса ірі саяси форум – Еуропадағы Қауіпсіздік
және Ынтымақтастық Ұйымына (ОБСЕ) төрағалық
етіп, Астанада оның саммитін өткізуімен
айтулы жыл болды. Форум – тәуелсіздіктің
жиырма жылдай қысқа тарихында Тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
көрегендік басшылығымен еліміздің қол
жеткізген биік табыстарын әлем елдерінің
тануы мен жоғары бағалауының шынайы дәлелі.Бүгін
әлемде құрмет-қадірге ие экономикасы
қуатты, демократия үрдістері дамыған
мемлекет ретінде ТМД елдері арасындағы
көшбасшы мемлекет болып табылады деп мақтанышпен
айта аламыз.Ел экономикасы жаңа серпінге
ие болды. Бүгінгі күні Қазақстан өз экономикасының қарқынды
өсуін паш етуде. Оның дәлелі елдің жалпы
ішкі өнімінің өткен жылдық өсімі 7%-ды
құрады. Бұл ТМД-дағы ең үздік көрсеткіштердің
бірі. Халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелер
дүниежүзілік қаржы дағдарысына қарамастан
Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес толық
орындалды. Сонымен қатар отандық экономиканың
тұрақты дамуына Қазақстан, Ресей және
Беларусь арасында құрылған Кеден Одағы
аясындағы нарықтың кеңеюі де оң ықпал
етуде.
|