МАРЖИНАЛДЫҚ ТАЛДАУ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:41, реферат

Описание

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн мен пайда арасындағы себеп-салдарлық байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

Работа состоит из  1 файл

Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі.doc

— 209.50 Кб (Скачать документ)
  1. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн  мен пайда арасындағы себеп-салдарлық  байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

Маржиналды  талдау негізінде ең алғаш басқару  шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің  графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды.

Маржиналды  талдау кәсіпкерге,кәсіпорын басшылығына  кәсіпорынның ағымдағы жағдайына сенімді баға береді, және ол келесідей сұрақтарға жауап береді:

1.      Ақша қаражаттарының қайнар көзі мен жалпы сомасы

2.      Кәсіпорын нақты қандай мақсатта, қанша мөлшерде шығындалады?

Яғни,бұл талдау негізінде ақша қаражаттары мен  капиталдың тиімді қолдану жолдары анықталады.Маржиналды талдау негізінде басқару шешімдерін нақтылайтын үш маңызды экономикалық көрсеткіштің арақатынасын айқындайды.Олар:шығын көлемі,өндіріс көлемі,пайда көлемі.

Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау келесілерді анықтайды:

·      Сатылымдардың шығынсыздық көлемі,рентабельділігі

·      Тұрақты шығындардың критикалық көлемі

·      Тұрақты және ауыспалы шығындардың бағамы

·      Өнім ассортименті

·      Жаңа өнімдердің нарықтық бағасы

·      Өнім өндіру технологиясы мен қосымша тапсырыстарға баға береді

Басқару шешімін  қабылдаудағы маржиналды анализ 6 кезеңнен тұрады:

·      Ақпаратты өңдеу,жинау,талдауға дайындау

·      Өнімді өңдеуге кеткен тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасын анықтау

·      Талданатын көрсеткіштер ауқымы

·      Талданылып жатқан қөрсеткіштердің салыстырмалы және факторлы талдауы

·      Барлық көрсеткіштердің өсуі мен кемуіне болжам жасау

·      Табыс пен шығынды бөлу

Маржиналды  талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары:    

 Шығындарды 2 бөлу:

1)Тұрақты шығындар - өнімді өндіру көлемі релеванттылық  шегінде өзгермейтін шығындар.

2) Ауыспалы шығындар - кәсіпорынның өндіріс күші мен  өнімге сұранысына,диапазонына байланысты  өнімді өндіру көлеміне пропорционалды  өзгеретін шығын.

Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары:

1.      Бағыттаушы функция-шешім ұзақ мерзімді стратегияның арқасында қабылданып,кешенді тапсырмалармен нақтыланады.Яғни,бұл:жоспар,қадағалау ұйымы,мотивация

2.      Үйлестірушілік функция - өнімге байланысты шешімдердің мерзімі мен сапасына жауап береді.

3.      Мотивті функция – ұйымдастырушылық шараларға жауапты функция.Оған:бұйрықтар,қаулылар,экономикалық стимулдар(сыйақы,жалақы үстемелер,әлеуметтік бағалау)жатады.

Маржиналды  табыс - өнімді өндіруден түскен табыс(ҚҚС пен акцизді қоспағанда).Маржиналды табыстың деңгейі жоғары болған сайын,тұрақты шығындар жылдам өтеледі.

Қәсіпорынның  маржиналды табысы  өткізуден түскен табыс пен ауыспалы шығындардың арақатынасы арқылы анықталады:

МТ=ӨӨТ –  АШ

Маржиналды табыс немесе маржа тұрақты шығындарды өтеп,пайда алуды көздейді.Басқаша айтқанда,тұрақты шығындар сомасымен бірге өнімді сатудан түскен табыс – кәсіпорынның маржиналды табысы болып табылады. 

 

МТ=ӨСТТ – ТШ 

Маржиналды  талдаудың мақсаты - өнімді сату көлемін анықтау,соның ішінде өнімді сатудан түскен пайда, оның нақты өзіндік құнына тең болуы тиіс.Сондықтан да маржиналды талдау тек қана басқару шешімдерін емес,кәсіпорынның баға саясатынданда да қолданылады.

Қорыта келе, маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдісі экономикалық көрсеткіштер арақатынасын және оларға әсер ететін факторларды нақты зерттеуге мүмкіндік береді.Нақты көрсеткіштер негізінде ұйым басшылары болашақта нәтижелі болатын шешім қабылдайды.

1 Экономикалық талдаудың  негіздері. Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп  жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

 

     Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның  өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Экономиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.

Экономикалық  талдаудың пәні–экономикалық ақпарат  жүйесінде көрніс табатын, субъективті  және объективті факторлардың әсерінен пайда болатын, ұйымның шаруашылық процестері, олардың қызыметінің әлеуметті-экономикалық тиімділігі мен соңғы қаржылық нәтижелері болып табылады.

Себепті салдарлы байланыстарды жіктеу, бір жүйеге келтіру, үлгілеу және есептеу оның басты әдістемелік мәселесі және пәні.

Экономикалық  талдау пәнінің талдау объектісінен айырмашылығы онда ғылым үшін шаруашылықтың басты белгісімен маңызды қасиеті болып шаруашылық қызметінің ішіндегі құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі.

Экономикалық  талдаудың объектілері деп шаруашылық қызметінің нәтижелерін айтамыз: кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнімді өндіру мен өткізу, өзіндік құны, еңбек, қаржы ресурстары, т.б

Экономикалық  талдау міндеттері

  1. Ұзақ мерзімді және ағымдық жоспарларды ғылыми негізде және оның орындалуын бағалау
  2. Шаруашылық қызметінің түпкі нәтижесіне әсер етуші ішкі және сыртқы, объективті және субъектиті факторларды анықтау
  3. Өндірісті жақсартуға, өзіндік өқнды азайтуға оң әсерін тигізуші, бірақ осы уақытқа дейін қолданылмай келген резервтер көзін ашып, оны іске қосу
  4. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі бойынша жоспардың орындалуына, экономиканың даму дірижесіне, кәсіпкерлік даму деңгейіне әділ баға беру
  5. Материалдық, еңбек, қаржы ресурстарының экономикалық тиімді пайдалануын анықтау.

 

 

Экономикалық  талдау қағидаттары 

Нақтылылық-талдау қолдағы нақты мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, сондықтан нәтижесі сандық көріністе болады.

  1. Толық қамтылуы-объектілерді толық қамту.
  2. Жүйелілік экономикалық-құбылыстарды жеке дара емес, оларды өзара байланыстылықта талдау.
  3. Ұдайылық-талдауды анда санда емес, белгілі бір уақыт мерзімі аралығында тұрақты жүргізіп отыру.
  4. Ғылымилық-талдау жүргізуде ғылыми тұрғыдан негізделген әдістерді қолдану.
  5. Жарамдылық-талдау нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жасалған қорытындылар басқару шешімдерін қолдануға жарамды болуы.
  6. Тиімділік-талдауды жүргізумен байланысты шығындардың талдау нәтижесінде алынған табыстан аз болуы.

Экономикалық  талдауды ұйымдастыру. Экономикалық талдаудың тиімді жүргізілуі ол жұмыстың қалай ұйымдастырылғанына байланысты. Бұл жұмысты ұйымдастыратын экономикалық қызмет бөлімі. Сонымен қатар талдауға өндірістік бөлім, жабдықтау, өткізу, маркетинг, техникалық бақылау, т.б. бөлімдер қатысады.

 

Экономикалық  талдау жүргізу кезеңдері:

  1. ЭТ объектілері мен субъектілері анықталып, міндеттемелерді бөлісу
  2. Талдау жұмыстарын жоспарлау
  3. ЭТ әдістемелік құралдармен және ақпараттармен қамт/з ету
  4. Талдау қорытындыларын шығарып, құжаттарды ресімдеу
  5. Талдау қорытындысы бой. жасалған ұсыныстар мен өндіріске енгізуге берілген ішкі резервтердің іс жүзінде орындалуына бақылау орнату

Экономикалық  талдауды ақпараппен қамтамасыз ету.

Ақпарат көздері:

  1. Нормативті жоспарлы
  2. Есептеуші сипаттағы ақпарат көздері
  3. Есептеу мәліметтерінен тыс ақпарат көздері деп үш түрге бөлінеді.

Нормативті  жоспарлы ақпарат көздеріне :

  1. Жоспардың барлық түрі
  2. Нормативті материалдар

Есептеуші сипаттағы  ақпарат көздеріне:

  1. Бухгалтерлік есеп және есептілік
  2. Статистикалық есептіліктер
  3. Жедел есеп және есептіліктер

Есептеу мәліметтерінен тыс ақпарат көздері

  1. Президент, укімет заңдары, қаулылары
  2. Шаруашылық құқықтық құжаттар
  3. Ғылыми техникалық құжаттар
  4. Кәсіпорынның негізгі контрагенттері туралы ақпараттар
  5. Нарық коньюктурасы.

 

2 Экономикалық  талдаудың әдістері мен тәсілдері. 

Әдіс-грек тілінен аударған кезде бір нәрсеге жету жолы, қазіргі түсінігі мақсатқа жету тәсілдері.

Әдіс-әр ғылымның өз пәнін зерттеу барысында қолданатын пайымдау немесе іс қимыл операцияларының жиынтығы, яғни белгіленген реттілікпен жүргізілетін процедура немесе технологиялық үдеріс.

ЭТ әдісі  экономикалық субъектілерді тану, зерттеу  тәсілдері ретінде реттілікпен  орындалатын бірнеше жұмыс түрлерінен, іс қимылдарынан және уақыт кезеңінен тұрады.

ЭТ әдістерінің  екі жағын қарастырамыз

  1. ЭТ технологиялық кезеңдері
  2. ЭТ тәсілдері.

Бірінші жағы: ЭТ технологиялық кезеңдері 

  1. ЭТ мақсаты, міндеттері анықталып істелінетін жұмыстар жоспары жасалады.
  2. Шаруашалық жұмыстарын сипаттаушы аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштердің жүйесі құрылады.
  3. ЭТ қажет ақпараттар жинақталады, тексеріледі, қолдануға дайындалады.
  4. Дәстүрлі логикалық талдау жүргізіледі.
  5. Факторлық талдау жүргізіледі.
  6. Факторлық талдау нәтижесінде анықталған ішкі резервтерді іске қосу және жіберілетін кемшіліктерді жою іс шаралары қарастырылады.
  7. Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстарына баға беріліп, кәсіпорынның қызметін жақсартудың жолдары қарастырылады.

Екінші  жағы: тәсілдері 

Дәстүрлі логикалық   талдау әдісі, оны жүргізу тәсілдері:

  1. Баланстық тәсіл
  2. Эвристикалық тәсіл
  3. Салыстыру тәсілі
  4. Индекстік және корреляция тәсілдеріне басқа статистикалық тәсілдердің барлығы.

Факторлық талдау тәсілдері 

  1. Жеке факторлар әсерін тізбектегі орналасуына қарай талдау
  2. Абсолютті айырма
  3. Салыстырмалы айырма
  4. Индекстік тәсіл
  5. Интегралдау
  6. Логарифмдеу
  7. Пропорционалдық тәсіл

Стохастикалық факторлық талдау

  1. Дисперсиялық
  2. Коррелляциялық, т.б.

Дәстүрлі әдістердің ішінде ең кең тараған әдісі салыстыру  әдісі. Салыстырудың бірнеше жолдары бар:

Информация о работе МАРЖИНАЛДЫҚ ТАЛДАУ