МАРЖИНАЛДЫҚ ТАЛДАУ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:41, реферат

Описание

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн мен пайда арасындағы себеп-салдарлық байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

Работа состоит из  1 файл

Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі.doc

— 209.50 Кб (Скачать документ)
  1. Болжаммен (жоспармен) салыстыру
  2. Өткен жылмен салыстыру
  3. Сала бойынша орташа мәліметтермен салытыру
  4. Ең жақсы отандық және шетел тәжірибелерін салыстыру

Бұл тәсілдердің  көмегімен экономикалық дамудың  жетерлік деңгейіжене өсу қарқыны  анықталады. Жоспармен, өткен жылмен салыстыру нәтижесінде айқындалатын ауытқудың шамасы + немесе – ие болады.

Тізбектелген  қойылымдар әдісі. Экомикалық талдаудың  барлық есептеулерінде бұл әдіс кеңінен  қолданылады. Оның мағынасы мынада: жоспарланған көрсеткіштер біртіндеп есепті жылдың көрсеткіштерімен ауысады. Ең алдыменен сандық көрсеткіштер, содан кейін сапалық көрсеткіштер ауыстырылады. Егер де екі фактордың әсерін анықтайтын болсақ үш есептеу, ал үш фактордың әсері анықталса, төрт есептеу жүргізіледі, яғни, есептеулер саны факторлар санынан біреуге артық болады.

Әрбір факторлардың әсерін анықтау үшін екінші есептеуден бірінші есептеу нәтижесін, үшінші есептеуден екінші есептеуді алып тастау жолымен анықталынады.

Бұл әдіс көрсеткіштер арасында функционалдық байланыс болған кезде факторлардың әсерін зерттеу анықтау үшін қолданылады. Бұл әдісті факторлардың саны екіден артық болған кезде қолдану тиімді.

Абсолютті айырмалар  тәсілі. Экономикалық талдауда факторлар саны екіден аспаған кезде абсолютті айырмалар тәсілі қолданылады. Бұл әдіс тізбектелген қойылымдар тәсілінің өзгертілген түрі болып табылады.

Абсолютті айырманың  оң жағына орналасқан факторлар базистік уақытта, ал сол жағына орналасқан факторлар  ағымдық уақытта келеді.

Динамика қатарлары. Экономикалық талдауда динамика қатарлары кеңінен қолданылады. Динамика қатарының әрбір жеке мәні деңгей деп аталады. Динамикалық  қатар кез келген компанияның  түсіндірме хатында кестелерді құру үшін қолданылады. Динамикалық қатардың көмегімен инвесторларға, болашақ  акционерлерге компанияның нарықта  табысқа ие, бизнесі тұрақты және бұл компанияға ақша қаражаттарын салуға болатындығын көрсетеді.

Қатысты айырмалар  әдісі. Қатысты айырмалар әдісі тек мультипликативті модельдердегі нәтижелік көрсеткіштің өсіміне әсер ететін факторлар әсерінің мөлшерін өлшеуде қолданылады. Бұл әдісте экономикалық факторлардың өсімі коэффициент немесе процент түрінде қолданылады. Осы әдістің Y=abc мультипликаторлық моделіне әсерін қарастырайық.

 

3 Факторлық  талдаудың әдістемесі 

Шаруашылық қызметімен байланысты үдерістердің барлығы бір-бірімен өзара байланыстылықта, өзара тәуелділікте болып, бірінің әсерінен екіншісі дамып, өзгеріп отырады.

Әсер етуші көрсеткіш-факторлы көрсеткіш, ал факторлы көрсеткіштің әсерінен өзгеріске ұшырайтын көрсеткішті  нәтижелі көрсеткіш деп атаймыз.

Факторлардың нітижелі көрсеткіш  көлеміне әсер етуін кешенді және жүйелі түрде зерттеу әдісін факторлық  талдау деп атаймыз.

 

 

Факторлық талдау түрлері:

  1. Детерминантты нәтижелі көрсеткіш факторлы көрсеткіштер қосындысының алгебралық сомасы, көбейтіндісі немесе бөліндісі түрінде көрініс табады, сондықтан оны кейде функционалды талдау деп те атайды.
  2. Стохастикалық факторлы талдау нәтижелі көрсеткішке әсер етуші бірнеше фактордың біреуі ғана өзгеріп қалғандары өзгермеуі ықтимал.
  3. Тікелей дедуктивті жалпылама көрсеткіштен жеке көрсеткішке қарай талдау.
  4. Тікелей емес индуктивті жеке факторлардан жалпылама факторларға қарай талдау.
  5. Бір сатылы бірінші дәрежелі факторлардан тұрады. а*в=у
  6. Көп сатылы а және в факторлары тағы да жіктеліп кішігірім құрамдас факторларға бөлінеді.
  7. Статистикалық  белгілі бір уақыт мерзімінде фактордың нәтижелі көрсеткішке әсері.
  8. Динамикалық белгілі бір мерзім ішіндегі себепті салдарлы талдау.
  9. Ретроспективті өткен жылғы факторлар сипаттамасы.
  10. Перспективті алдағы жылдардағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер өзгеруін таладу.

 

Факторлық талдаудың негізгі міндеті болып келесілер танылады:

  1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.
  2. Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.
  3. Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.
  4. Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.
  5. Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.
  6. Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану).

 

4 Детерминациялық  талдаудағы факторлар әдістерін  өлшеу тәсілдері

Модель-нәтижелі көрсеткіштің факторлық көрсеткіштерге тең болуы. Нәтижелі көрсеткішке бірнеше факторлар әсер етеді. Сол факторлардың қосындысы, көбейтіндісі немесе бөліндісі нәтижелі көрсеткішке тең болуы керек.

Детерминантты факторлық талдауды модельдеу түрлері:

Аддитивті модель-нәтижелі көрсеткіш факторлардың қосындысына тең болғанда қолданылатын модель.

у=а+в+с

Мультипликативті модель-нәтижелі көрсеткіш факторлардың көбейтіндісіне тең.

у=х1*х2*х3…*хn

Еселік-көрсеткіш  факторлардың бөліндісіне тең, яғни бір фактордың екінші факторға қатынасы.

у=х1/х2

Құрамдастырылған  немесе аралас модель-нәтижелі көрсеткіш  жоғарыдағы үш модельдің құрамдастырылған түрлері:

у=(а+в)/с, у=(а*в)/с, у=(а+в)*с.

 

5 Талдаудың  экономика-математикалық тәсілдері

Экономика-математикалық  әдістер  экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын  математикалық әдістерге жатады. Олар экономикалық талдауды жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады.  Олардың талдамалық жұмыстарда қолану кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен оның бөлімшелерінің талдауының тиімділігін арттырады.

Матрицалық  әдіс:

  1. Бастапқы мәліметтер матрицасы. Бұл матрицада көрсеткіштер арасындағы ең үлкен мән таңдалынады.
  2. Координаттар матрицасы. Бұл матрицада әрбір көрсеткіш ең үлкен мәндегі көрсеткішке бөлінеді.
  3. Квадраттар матрицасы. Координаттар матрицасындағы әрбір көрсеткіш квадратталып, кейін ол мәндер қосылып оларға орын беріледі.
  4. Өлшенген шамалар әдісі. Квадраттар матрицасындағы көрсеткіштерге балл беріліп ол көрсеткіштер сол баллға көбейтіледі. Сосын ол көрсеткіштердің жалпы сомасы анықталып, оларға да орын беріледі.

Корреляциялық (стохастикалық) байланыс – бұл жаппай бақылауда ғана байқалатын көрсеткіштердің арасындағы толық емес мүмкінді байланыс. Қос және көптік корреляцияны бөліп айтамыз.

Қос корреляция – бұл екі көрсеткіштің арасындағы байланыс: біріншісі- факторлық, екіншісі- нәтижелік.

Көптік корреляция – бірнеше факторлардың нәтижелік  көрсеткішпен өзара қатынасынан  пайда болады.

Корреляциялық зерттеуді қолданудың қажетті шарттары, жағдайлары:

  1. Зерттелуші факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің шамасы жөнінде жеткілікті үлкен бақылаулар саны болуы;
  2. Зерттелуші факторлардың сандық өлшемі және ақпарат көздерінде сипаты болуы тиіс.

Корреляциялық талдауды пайдалану келесі міндеттерді  шешуге жол береді:

  1. бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен нәтижелік көрсеткіштің өзгерісін анықтау;
  2. нәтижелік көрсеткіштің әрбір фактордан тәуелділік деңгейін айқындау.
  3. Қарапайым теңдіктің бірі - екі көрсеткіш арасындағы тузусызықтық тәуелділікті сипаттайды:

Ух = а + в*х

Мұндағы х- факторлық  көрсеткіш; У- нәтижелік көрсеткіш;

а және в- табу керек  регрессиялық теңдікьің параматрлері.

Көп факторлы корреляциялық  талдау бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезеңде зерттелуші көрсеткішке факторлардың ықпалы анықталады және корреляциялық талдау үшін анағұрлым маңыздылары іріктеліп алынады.  

Екінші кезеңде корреляциялық талдау қажет бастапқы ақпараттар жиналады және бағаланады.

Үшінші кезеңде нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланыс сипаты зерттеліп, үлгіленеді және зерттелуші байланыстың мәнін анағұрлым толығырақ мазмұндайтын математикалық теңдеу таңдалып негізделеді.

Төртінші кезеңде  кореляциялық талдаудың негізгі көрсеткіштерінің байланысының есебі жүргізіледі.

Бесінші кезеңде корреляциялық талдаудың нәтижелеріне және практикалық қолданылуына баға беріледі.

 

  1. Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі, өзіндік құн  мен пайда арасындағы себеп-салдарлық  байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

Маржиналды  талдау негізінде ең алғаш басқару  шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің  графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды.

Маржиналды  талдау кәсіпкерге,кәсіпорын басшылығына  кәсіпорынның ағымдағы жағдайына сенімді баға береді, және ол келесідей сұрақтарға жауап береді:

1.      Ақша қаражаттарының қайнар көзі мен жалпы сомасы

2.      Кәсіпорын нақты қандай мақсатта, қанша мөлшерде шығындалады?

Яғни,бұл талдау негізінде ақша қаражаттары мен  капиталдың тиімді қолдану жолдары анықталады.Маржиналды талдау негізінде басқару шешімдерін нақтылайтын үш маңызды экономикалық көрсеткіштің арақатынасын айқындайды.Олар:шығын көлемі,өндіріс көлемі,пайда көлемі.

Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау келесілерді анықтайды:

·      Сатылымдардың шығынсыздық көлемі,рентабельділігі

·      Тұрақты шығындардың критикалық көлемі

·      Тұрақты және ауыспалы шығындардың бағамы

·      Өнім ассортименті

·      Жаңа өнімдердің нарықтық бағасы

·      Өнім өндіру технологиясы мен қосымша тапсырыстарға баға береді

Басқару шешімін  қабылдаудағы маржиналды анализ 6 кезеңнен тұрады:

·      Ақпаратты өңдеу,жинау,талдауға дайындау

·      Өнімді өңдеуге кеткен тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасын анықтау

·      Талданатын көрсеткіштер ауқымы

·      Талданылып жатқан қөрсеткіштердің салыстырмалы және факторлы талдауы

·      Барлық көрсеткіштердің өсуі мен кемуіне болжам жасау

·      Табыс пен шығынды бөлу

Маржиналды  талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары:    

 Шығындарды 2 бөлу:

1)Тұрақты шығындар - өнімді өндіру көлемі релеванттылық  шегінде өзгермейтін шығындар.

2) Ауыспалы шығындар - кәсіпорынның өндіріс күші мен  өнімге сұранысына,диапазонына байланысты  өнімді өндіру көлеміне пропорционалды  өзгеретін шығын.

Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары:

1.      Бағыттаушы функция-шешім ұзақ мерзімді стратегияның арқасында қабылданып,кешенді тапсырмалармен нақтыланады.Яғни,бұл:жоспар,қадағалау ұйымы,мотивация

2.      Үйлестірушілік функция - өнімге байланысты шешімдердің мерзімі мен сапасына жауап береді.

3.      Мотивті функция – ұйымдастырушылық шараларға жауапты функция.Оған:бұйрықтар,қаулылар,экономикалық стимулдар(сыйақы,жалақы үстемелер,әлеуметтік бағалау)жатады.

Маржиналды  табыс - өнімді өндіруден түскен табыс(ҚҚС пен акцизді қоспағанда).Маржиналды табыстың деңгейі жоғары болған сайын,тұрақты шығындар жылдам өтеледі.

Қәсіпорынның  маржиналды табысы  өткізуден түскен табыс пен ауыспалы шығындардың арақатынасы арқылы анықталады:

Информация о работе МАРЖИНАЛДЫҚ ТАЛДАУ