Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 20:43, реферат
Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі.
Машина жасау өнеркәсібі
Өнеркәсіптің
жетекші саласы ретінде машина жасау
дамыған елдерде айрықша орынға
ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің
36—40%-ы, индустрияда жұмыс
Қазақстанның машина
жасау өнеркәсібі: кеше, бүгін, ертең
19.10.11.
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлағалы отырған Қазақстан басшылығы әрқашан халықтың әл-ауқатын барынша арттырып, экономиканың барлық салаларын өскелең қоғам қажеттілігі мен зымыран заман талабына сай жан-жақты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осыған орай елімізді үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы қабылданып, 2020 жылға дейінгі бесжылдықтар жоспары да бекітілді.
Елбасы еңбек өнімділігін
еселеп арттырып, отандық кәсіпорындар
өндіретін тауарлармен ішкі сұранысты
барынша толық қамтамасыз етуді міндеттеп
отыр. Оның орындалуы, жалпы, елімізді
индустрияландыру мәселесінің өзі ең
алдымен машина жасау өнеркәсібінің дамуына
тікелей қатысты десек, саланың кешегі
жағдайы мен бүгінгі тынысы қандай? Болашақта
қалай болады? Бір сәт бұрынғыны еске алып,
бүгінгіні шолып, болашаққа көз тігіп
көрелік.
Деректерге сүйенсек, еліміз аумағындағы ең алғашқы машина жасау кәсіпорны 1909 жылы Алматы қаласында (бұрынғы Верный) құрылған екен. Ол тұқым себу машинасын (сеялка) шығаратын болған. Ал өндіріс саласы ретінде Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестер Одағының батыс және орта өңірлерінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың негізінде қалыптасты. Сөйтіп, Алматыда металлургиялық құрал-жабдықтар, Шымкентте автоматты сығымдау аппаратураларын, Ақтөбеде автокөлік қозғағыштарын, Ақмолада ауылшаруашылық техникасын шығаратын кәсіпорындар құрылып, ондаған машина жасау зауыттары салынды. Осылай аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болып, машина жасау салаларының кешені қалыптаса бастады.
Еліміз тәуелсіздігін
алар тұста Қазақстандағы машина
жасау кешенінің құрамында 2500-ден
аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт
болды. Бірақ біз бұл саланың жалпы даму
деңгейі бойынша басқа одақтас республикалардан
айтарлықтай артта едік. Жалпы, өнім өндіруде
Қазақстан КСРО-да үшінші орында болғанымен,
машина жасауда он екінші орында тұрғаны
мұның айқын дәлелі. Кешеннің құрылымы
да біздің еліміз үшін қолайлы болмады:
зауыттардың үштен бірі тек ескірген техникаларды
жөндеумен айналысса, тағы сондай бөлігі
металл конструкцияларын өндірді. Ал қалған
үштен бірінің жартысын Қорғаныс-өндірістік
кешен құрады. 1990 жылдары сала өндіретін
өнімге деген сұраныстың төмендеуінен,
машина жасау кешені терең дағдарысқа
ұшырады. Жалпы, Кеңестер Одағы ыдырағанға
дейін еліміз аумағындағы қорғаныс-өнеркәсіп
кешені құрамында 50 жоғары технологиялық
зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника,
қару-жарақ және оқ-дәрі шығарды. Алматы,
Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан
жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар,
әскери-теңіз флоты үшін торпедо, атқыш
қару-жарақ, зымыран техникаларының микросызбаларын
шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан
мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған
өнімдер шығарады.
Әрине, қай бір өндірістің де дамуы мен отандық экономика үшін тиімділігінде олардың орналасу жағдайы үлкен маңызға ие. Себебі мамандану мен өндірістік шоғырланудың нәтижесінде көліктік фактордың рөлі артады. Айталық, темір жолдың болуы - Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар, Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыттарды орналастыруға мүмкіндік берді. Негізінде шығынды азайту үшін тұтыну факторын есепке алып, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланылатын жерлерде орналастыру тиімді. Сондықтан да Қазақстанда мұнай машиналарын шығару Атырау, шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын өндіру Қарағанды, металлургиялық құрал-жабдықтар мен машиналар шығару Өскемен, ал ауылшаруашылық машиналары мен трактор жасау зауыттары егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған өңірлерде, Астана, Павлодар, Қызылорда қалаларында орналастырылған. Бұл кәсіпорындарды құру кезінде еңбек ресурстарымен қамту да ескеріледі. Мысалы, негізінен, ер адамдар еңбек ететін металлургтер қаласы Өскеменде әйелдерді жұмыспен қамту мақсатында конденсатор зауыты құрылған. Еңбекпен бірге күрделі технологияларды қажет ететін кәсіпорындар ғылыми-зерттеу орталықтары бар ірі қалалар төңірегінде шоғырланады. Сол себепті де теледидарлар, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығару ісі Алматы қаласындағы «Алатау Сити» ақпараттық технологиялар паркінде ұйымдастырылған. Жалпы, Қазақстандағы машина жасау өндірісіне кіретін кәсіпорындардың жартысы дерлік Алматы, Ақмола, Павлодар өңірінің үлесіне тура келеді.
Өскемен қаласында жобалық қуаты жылына 15 мың автокөлік құрастыратын «Азиа-Авто» зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорын ресейлік «АвтоВаз», чехиялық «Шкода», америкалық-оңтүстіккореялық «Дженерал Моторс» кәсіпорындарының қолдауымен «Лада», «Шевроле» және «Шкода» көліктерін шығарады. Қазірше ол еліміздегі автокөлік құрастыратын ең ірі өндіріс орны. ҮИИД бағдарламасының арқасында зауыт биылғы жылдың бірінші жартысында 2609 автокөлік шығарды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2,6 есе артық. Елімізде шығарылатын автокөліктердің дерлік 90 пайызы осы кәсіпорынның үлесінде. Жалпы, өндіріс көлемі де дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Бұл жерде 2010 жылдан бері қарай автокөліктердің 12 түрлі жаңа модельдері шығарыла бастады. Егер Өскеменді республиканың «автокөлік астанасы» десек, енді осындай тағы бір өсу нүктесі пайда болды: Қостанайда «Агромашхолдинг Қазақстан» АҚ Allur Auto қазақстандық автомобиль компаниялары тобы және оңтүстіккореялық SsangYong Motors Corporatіon автоөндірушісімен бірлесіп, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының аясында Ssang Yong жол талғамайтын көліктерін шығаратын құны 16 миллион АҚШ доллары тұратын жобаны жүзеге асыра бастады. Оған сәйкес алғашқы жылы осы маркадағы 1000 автокөлік шығарылса, тағы төрт жылдан кейін бұл көрсеткіш 7500 данаға жеткізілмек. 2010 жылы ел көлемінде 3176 жеңіл көлік шығарылып, 2009 жылға салыстырғанда, өсім 4,33 пайызды құрады. Ал 2011 жылдың алғашқы жартысында 3012 жеңіл көлік шығарылып, ол 2010 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда, үш есеге артты. Сонымен бірге тек жалпы өндіріс көлемі ғана емес, жеңіл көлік шығаруда ішкі нарықтағы қазақстандық үлестің де өткен жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда, биыл 20,8 пайызға артып отырғаны қуантады. Бұл - отандық автокөлік өндірісі сала ретінде қалыптасқанын және индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында оның жедел дами бастағанын көрсететін тарихи көрсеткіш!
Жалпы, Қазақстанда барлығы 30-дай әртүрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобилінің негізінде микроавтобустар, шағын жүк көліктерін, рефррижераторлар шығарады. Алматы қаласында троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «КамАЗ» автокөліктері құрастырылады. Орал қаласында ресейлік «Россельмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайны шығарыла бастады.
Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда КСРО-ның басқа республикаларында жоқ бірнеше ерекше зауыттар болғанын да айта кеткен жөн. Қой қырқатын машинкалар шығарған «Ақтөбесельмаш», жерасты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар шығарған «Алматы электроника», жер қабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары мен дестелегіш және қар тоқтатқыш механизмдер шығарған «Целиноградсельмаш» зауыттарын солардың қатарына жатқызуға болады. Десек те ұзақ жылдар бойы Қазақстанның машина жасау, соның ішінде ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орынды Алматы ауыр машина жасау зауыты иелеп келді. Ол бүгінде жұмыс істеп тұр. Зауыт металлургия, химия өнеркәсібі мен атом реакторларына арналған күрделі прокаттық құрал-жабдықтар мен басқа да алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдарын шығарады. Олар отандық кәсіпорындар мен ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарына жеткізілуде.
Отандық машина жасау өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі - Астана қаласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясымен бірлесіп құрылған ірі локомотив құрастыру зауыты. Қазірдің өзінде бұл зауыт бір локомотивті құрастырып шығарса, тағы бірнешеуі аяқталу алдында тұр. Жалпы, бұл зауыт отандық және шетелдік нарық үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 локомотив шығаруы тиіс. Бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде дерлік машина жасауға қатысты өндіріс орындары бар. Айталық, Алматы мен Арал қаласында вагон шығару зауыттары жұмыс істесе, Оралда - кеме, комбайн, Қостанайда - ауыр жүк көліктерінің қозғалтқышы, Өскеменде - «Беларусь» тракторлары мен автобус, жеңіл көліктер құрастырылады. Талдықорғандағы «Қайнар» зауытының аккумуляторлары болса шетелдік нарыққа шығатын сапалы тауарларымыздың бірі.
Қазақстанда қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте маңызды дер едік.
«ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдікерім Оспановтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығы қажетті техникамен 40-60 пайыз төңірегінде ғана қамтамасыз етілген. Олардың да 80-85 пайызының әбден тозығы жеткен. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін қалай еселеп арттырамыз?! Мәселен, әрбір 1000 гектар егістік алқапқа шаққанда ауыл шаруашылығының тракторлармен қамтамасыз етілуі Германияда - 124, Голландияда - 91, Ұлыбританияда - 86, Францияда - 85, Бельгияда - 82, Италияда - 70, Данияда - 58, АҚШ-та -35, Өзбекстанда - 26, Беларусьте - 19 бірліктен тура келсе, осынша алқапқа Швецияда - 32, Германия мен Голландияда - 22, Данияда - 21, Бельгияда - 20, АҚШ, Францияда - 19, Беларусьте - 11, Өзбекстанда - 7 комбайннан тура келеді екен.
- Техниканың жетіспеушілігінен
егін шаруашылығындағы
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру басталғалы машина жасау саласында еңбек өнімділігі 52 пайыз артты. Мұндай деректерді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-тың сараптау тобы хабарлады. Автотранспорттық және темір жолға қажетті бөлшектерді құрастыру кәсіпорындары ең үлкен өсу мөлшерін көрсетті. 2011 жылдың жартысында, машина жасау өнеркәсібінде өндіру және инвестиция көлемі 25 пайызға көбейіп, 209 миллиардтан астам теңгені құрады. Алайда қарқынды өсу динамикасына қарамастан, машина жасау саласының рөлі Қазақстанның экономикасында шамалы. Жалпы, өнеркәсіп өндірісінде машина жасау саласының үлесі 2,8 пайызды ғана құрайды. Қазақстанның Даму банкі сарапшыларының пікірі бойынша, шетелдік жетекші машина жасау өнеркәсіпшілеріне компоненттер мен тораптарды шығару отандық компаниялар үшін болашағы мол экспорттық бағыттардың бірі бола алады. «Халықаралық өндірістік тізбекке іліккен отандық компаниялар ұтыста қалады. Мұндай ұтыстың артықшылығы келісімшарттарда ғана емес, сонымен қатар өндіріс көшбасшыларының технологиялық білім алуында. Ал бұл қазақстандық компаниялардың бәсекелестік қабілетін арттырады» дейді «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Индустриялық саясат департаментінің директоры Сәбит Суханов. Бүгінде «Alstom», «Georgsmarіenhutte», «General Electrіc», «John Deere» сияқты шетел машина жасау компаниялары Қазақстанға ерекше қызығушылық білдіріп отыр. Бұған еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалы, ҮИИДБ шеңберіндегі ынталандыру жұмыстары, мол шикізат базасы және ыңғайлы болып саналатын Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы өз ықпалын тигізеді.