Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 20:43, реферат
Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36—40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау — 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі.
Жуырда ғана өткен Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осы бесжылдықтағы негізгі мақсат - ішкі нарықтың сұранысын барынша қамтамасыз ету және жоғары қосылған құнға ие машина жасау өнімдерін өндіруді ынталандыру екенін мәлімдеді. Қазірше бұл өнімдерге деген сұраныс тек импорттың есебінен қанағаттандырылып отыр. Оның айтуынша, машина жасау саласындағы ішкі өндіріс келешекте республика мұқтаждағын өтеуге қабілетті. Қазір осы бағытта жалпы құны 160 миллиард теңгеге тең 19 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 2014 жылға қарай жиынтық қосылған құнның өсімі 74 пайызды құрайды, еңбек өнімділігі 2 есе артып, өндіріс көлемі 2-ден 4 миллиард АҚШ долларына жететін болады.
Жалпы, Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасынан өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгертуі қажет.