Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 10:18, реферат
Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық- түлік өнімдерін қамтамсыз етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтармен тығыз байланысты.
I.Кіріспе......................................................................................................3-4
II.Негізгі бөлім.......................................................................................5-18
1. Маңғыстау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау
2. Маңғыстау облысындағы «Берекет», «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің жетілдіру жолдарының тиімділігі
2.1. «Берекет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2.2. «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2.3. «Қызан» өндірістік кооперативі
III.Қорытынды………………………………………………………...........19-21
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………...........22
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
«Экономика және құқық» институты
«Менеджмент» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні: Экономиканы мемлекеттік реттеу
Тақырыбы: Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу
Ақтау 2011
Жоспар
I.Кіріспе.....................
II.Негізгі бөлім..............
1. Маңғыстау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау
2. Маңғыстау облысындағы «Берекет», «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің жетілдіру жолдарының тиімділігі
2.1. «Берекет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2.2. «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2.3. «Қызан» өндірістік кооперативі
III.Қорытынды……………………………………………
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………...........22
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық- түлік өнімдерін қамтамсыз етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтармен тығыз байланысты.
Жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан аграрлық саласында басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру бойынша әдістемелік тәсілдерін, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін талдау және жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатты орындау үшін мына төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- аграрлық саланың экономикасын
басқаруды қалыптастырудың
- агроөнеркәсіптік өндірісті басқару стратегиясын негіздеу;
- аграрлық өнімдер өндірісінің
бәсекелестік қабілетін
- нарықтық қатынастар
жағдайында шаруашылық жүргізу
механизмінің экономикалық
- Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне талдау жүргізу;
- бәсекелестікке қабілеті
бар азық-түлік тауарларын
Жұмыстың басты зерттеу объектісі болып ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және агроөнеркәсіп өндірісі экономикасын басқарудың барлық жүйесі табылады.
Бұл жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде Маңғыстау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайы талданады және Маңғыстау облысындағы «Берекет», «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің жетілдіру жолдарының тиімділігі көрсетіледі.
1.Маңғыстау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау.
Агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары агроөнеркәсіп кешенін дамыту ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынын арттыру, мемлекет пен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасындағы қызметтерді бірлесе орындау, көршілес облыстар мен шетелдер арасында әріптестік қарым-қатынастар орнату негізінде, облыс халқын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталады.
Халықты өз өндірісіміздің негізігі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, азық-түлік тауарлары нарығын реттеу және жоғары сапалы азық-түлік өнімдеріне сұранысты көбейте отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыстың АӨК-нің дамуын жаңа деңгейге көтеріп, аймақтың базарлары мен сауда нүктелерін ет, сүт, көкөніспен молықтыру үшін сауда-саттық операциясын дамыту қажет.
Облысымыздың ауыл шаруашылығының негізі мал шаруашылығы құрайды, оның ішінде қой, түйе және жылқы шаруашылықтары. Оған дәлел, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,24 млрд. теңге болса, соның 91 пайызынан астамын мал шаруашылығы өндірді.
Тереңдегі тұздылығы төмен жер асты суларын пайдаланып, кәсіпкерлердің күшімен бау-бақша дақылдарын егуге игерілген суармалы жер көлемі 1200-ақ гектарды құрайды.
Балық шаруашылығы жаңа ғана аяғынан тұрып келеді.
Облыстың мал шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыт мал басын, оның өнімділігін, өнім сапасын арттыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, малдың аудандастырылған тұқымдарын жетілдіруге негізделген.
Жергілікті бюджеттен
асыл тұқымды мал шаруашылығы
шығындарын ішінара өтеуге субсидия
төлеу селекциялық мал тұқымын
асылдандыру қызметтерін
2008 жылдан басталған дайындалған
мал азығына субсидия төлеу,
мал азығын дайындау
Облыс халқының (506 мың) қой, сиыр, жылқы етіне сұранысы 12,4 мың тонна болса, біз барлығы 5,2 мың тонна ет өндіріп (ет шығымдылығын 52%-бен алғанда), қамту деңгейіміз 41,6 пайызды құрап отыр, қалған 58,4 пайызы тасымалданады. Ет өндірісін дамыту мақсатында, жергілікті түлік түрлерінің ет өнімділігін арттыруға бағытталған селекциялық қызметтерден басқа, өнімділігі жергілікті қазақы қоймен де, қаракөл қойымен де салыстырғанда өте жоғары етті-майлы еділбай қойын өсіру керек екені анықталды.
Диаграмма 3. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген субсидия, млн. теңге
Екінші жағынан, облысымыздағы
азық-түлік бағасына «КазАгроМаркетинг»
АҚ тарапынан жүргізілген
Сапалы да мол өнім өндірудің
екінші бір үлкен ішкі резерві
арзан мал азығын пайдалана отырып,
еттік малдың қоңдылығын көтеру. Қазір
ет өндірушілер қалыптасқан
Бұл кезде көзделетін мақсат - ол ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қолындағы күйі төмен еттік контингентті бір орталыққа – арнайы мал бордақылау алаңдарына екі жақты тиімді шартпен қабылдап алып, қоңдылығын, ет сапасын көтеріп, өнім өндіріледі. Бұл жолмен өндірілетін ет көлемін 15-20 пайызға дейін өсіру мүмкіндігі бар.
Облысымызда құс шаруашылығының жоқтығы қажетті құс еті мен жұмыртқаны 100 пайызға жуық өзге аймақтар мен жақын шет елдерден тасымалдап жеткізіледі. Облыс халқының құс етіне жылдық сұранысы 2,5 мың тонна. Осы мәселені шешу мақсатында, Иран Ислам Республикасының құс фабрикаларын салу және құс шаруашылығымен айналысатын «Хазар-Электрик» компаниясы басшысымен кездесіп, екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының «Маңғыстауагросервис» және «Берекет» мемлекеттік кәсіпорындарымен бірлесіп, біріккен қазақстан-иран кәсіпорнын құрып, құс фабрикасын салуға келісімге келдік.
Облысымызға сүттің қажеттілігі 42,8 мың тонна, өндіретін табиғи сиыр және түйе сүтіміз 7,1 мың тонна, табиғи сүтпен қамту деңгейіміз 16,6 пайыз. 5 кәсіпорын ұнтақ сүттен сүт және сүт өнімдерін дайындайды. Олар 2009 жылы 6,6 мың тонна сұйық сүт дайындап, өткен 2008 жылмен салыстырғанда 1,1 мың тонна артық дайындады. Сонда, облысымызда барлығы 13,7 мың тонна сүт өндіріліп, сұраныс 32 пайызға қанағаттандырылды.
Біздегі негізгі табиғи сүт өндіру көзі – түйе. Зоотехникалық нормативтер бойынша, қолда бар түйеден жылына 6,0 мың тоннаға дейін сүт өндіруге болады. Барлық табиғи тауарлық сүт өндіру мүмкіндігіміз, сиыр сүтін қоса есептегенде, 10 мың тоннаның жобасында. Сонда, халықты табиғи сүтпен қамту мүмкіндігі 25 пайыздан аспайды. Одан әрі мал басын көбейтпей, селекциялық жолмен малдың сүт өнімділігін 10-12 пайызға көтеру мүмкіндігі ескелілсе қамту деңгейін 30 пайызға дейін жеткізуге болады. Сүттің қазіргі аз өндірілуінің басты себебі, ауылдағы тауар өндірушілердің тұтыну нарығынан шалғайда орналасып, өнімді өткізе алмауынан оны өндірмеуі. Сондықтан, біз қазір селолық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтарын құру мәселесіне баса назар аударып, соларға сенім артылып отыр. Ауылдық жерден сауылатын түйе сүтін қабылдау мақсатында «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС Қарақия ауданының Сенек, Құланды селоларынан түйе сүтін қабылдау пункті ашылды. Осындай қабылдау пункті үстіміздегі жылы Маңғыстау ауданының Шетпе селосынан ашылады. 2010 жылы сүт дайындау ауқымын ұлғайту мақсатында, Маңғыстау ауданының Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық, Шебір, Жармыш елді мекендерінен сүт қабылдау пункттерін ашу арқылы Шетпедегі сүт дайындау орталығы сүт өңдейтін цех болып қайта жарақтандырылады. Сонда түйе сүтін өндіруді 3,0-3,5 мың тоннаға арттырып, сиыр сүтін 1,0 – 1,5 мың тоннаға, сүт ұнтағынан дайындалатын сүтті 3,5 мың тоннаға артыру арқылы 2012 жылдары қажеттіліктің 50 пайызын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.
Жоғарыда айтып өткеніміздей,
сүт өнімін өндіруді арттырудың екінші
бір көзі – сүт шикізаттарынан
сүт өнімдерін дайындау. Бұл бағытта
да «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС-гі
бастамасын айтуға болады. Зауыт 2009
жылдың қыркүйек айында Беларусь Республикасының
Гродно облысының «Гродномясомолпром»
мемлекеттік бірлестігімен
Бұл жоба аралық инвестициялық
ұсыныс ретінде Қазақстан
Аймақтың азық-түлік
Облыс бойынша жерді нәрлендіріп,
көкөніс пен бақша дақылдарының
шығымдылығы мен сапасын
Облысымызда 62 га жерге жеміс- жидек ағаштары егілген, бірақ қазіргі жайы мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілуі қажетті мөлшеріге сай келмейді.
Облысымыздың балық және балық өнімдеріне деген қажеттілігі 4,0 мың тонна. 2009 жылы облысқа 903 тонна балық аулауға квота бөлінді, оның 490 тоннасы кефаль, 78 тоннасы майшабақ, қалғаны ұсақ балықтар. Өткен 2009 жылы 15 табиғат пайдаланушы теңіз жағалауынан 564 тонна балық аулап, квотаның тек 63 пайызын игерді, ол қажеттіліктің 14 пайызы. 2006 жылы балық кәсіпшілігін қайтадан қалпына келтіру, дамыту мақсатында құрылған «Маңғыстау балық өнеркәсіп компаниясы» ЖШС-не облыс әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Компанияға сұраған жер телімдері бөлінді, «Маңғыстауагросервис» МКК-ы арқылы тоңазыту-мұздату кешені, екі балық аулайтын кеме, түрлі қайықтар мен мұздатқыш камералар, ау-құралдары және тағы басқа да жабдықтар лизингке берілді. Аташ кентінен тоңазытқыш-мұздату кешенін құрып, балықты алғашқы өңдеуге мүмкіндік жасалды.
Информация о работе Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу