Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2012 в 10:18, реферат

Описание

Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық- түлік өнімдерін қамтамсыз етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтармен тығыз байланысты.

Содержание

I.Кіріспе......................................................................................................3-4
II.Негізгі бөлім.......................................................................................5-18
1. Маңғыстау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау
2. Маңғыстау облысындағы «Берекет», «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының және «Қызан» кооперативінің жетілдіру жолдарының тиімділігі
2.1. «Берекет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2.2. «Маңғыстауагросервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
2.3. «Қызан» өндірістік кооперативі
III.Қорытынды………………………………………………………...........19-21
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………...........22

Работа состоит из  1 файл

МАнг ауыл шаруа22.docx

— 49.92 Кб (Скачать документ)

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа  да шаруашылық жүргізу субъектерін  қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық  құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.

Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару  атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп  қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген  теріс әсерлерін осы күнге  дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы  өнімдеріне қазіргі қалыптасқан  бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды  және кеңейтілген ұдайы өндіріс  үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Баға және несие-қаржы  механизмін сәйкестендірмеу аграрлық саладағы капитал айналымын тежеп  тастады және бүкіл агроөнеркәсіптік кешенінің қаржылық жағдайын нашарлатып жіберді, тауар өндірушілердің біршама бөлігін рыноктан ығыстырды, өнімдерді бөлу атқарымын делдалдарға өткізді және, ең бастысы өндіріс тиімділігін төмендетіп жіберді.

Осының нәтижесінде өндіріс  көлемі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің  түрлері, тамақтық азық-түліктер, ең алдымен  мал шаруашылығы өнімдері өте  қысқарып кетті.

Халықтың төлем қабілеті бар сұранысының төмендеуі азық-түлікті  тұтыну құрылымын өзгертті және, соған  тиісінше, өндіріс көлемі мен құрылымын (ауыл шаруашылығы өнімдер көлемін  ұлғайтудың орнына қысқарту пайдалы  болып қалды) да өзгертті. Соның салдарынан қайта өңдеу өнеркәсібінде жаңа проблемалар пайда болды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізаттары жетіспейтін  болды, қазіргі заманға сай технологиялық  жабдықтармен қамтамасыз ету нашарлады. Соның арқасында әлемдік стандарттарға  сәйкес, бәсекеге қабілетті, арзан және сапалы өнім өндіру төмендеді. Осыған байланысты ет және етті-майлы консервілермен қамтамасыз ету 34%-ға дейін, шұжық заттарымен – 50,2%-ға, ірімшіктермен – 85%-ға дейін, отандық жеміс-көкөніс консервілерімен  – 81,2%-ға дейін төмендеді.

Қазақстанның әлемдік  экономика жүйесіне ғаламдануы мен  интеграциялану қарқыны экономиканың тұрақты негіздерін қалыптастыруды талап етеді. Ол үшін басым бағыттарды таңдау барысында қолданылатын тұрақты  даму индикаторларын, және қоғамдық дамуды қамтамасыз ететін стратегия (немесе тұжырымдама) дайындап, оны өмірге енгізу керек.

Қазақстанда тұрақты даму стандарттарына бірнеше алғышарттар  бар; ғылыми-техникалық, білім, интеллектуалды, көп компонентті табиғи және экономикалық әлеуеттер. Оларды тиімді пайдалану  әлемдік процестерде бірігуге және тұрақты даму жолына шығуға мүмкіндік  береді.

Бәсекелестік қабілетіне қарай орналастыруға (ранжирования) байланысты (жалпы ішкі өнім өндіру) Қазақстан әлемдегі жақсы дамыған  елдер қатарына кіреді. Бәсекеге қабілеттілік экономикалық өсу қарқынын, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін қолдауы тиіс.

Бәсекеге қабілетті өндіріс  үшін негізгі талаптар мына төмендегідей: прогрессивті технологияларды пайдалану, басқарудың қазіргі заманға сай  әдістері, өндірістің икемділігін, ондағы процестердің тепе-теңдігі мен үздіксіздігін  қамтамасыз ету.

Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту АӨК-дегі экономикалық механизмдердің теориялық-әдістемелік  көзқарастарын талап етеді және соның негізінде бәсекеге қабілетті  саланың да дамуын, аграрлық саланың  экономикасын мемлекеттік басқаруды  қарастырады. Әрине, мұның бәрі қаржылық қамтамасыз ету, салық салу және басқа  да мемлекеттік экономикалық басқару  әдістерін ескере отырып жүргізіледі, олар кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Бибатырова І.А., Кекілов Б.Ж. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Оқу құралы. Таралымы 500 дана. Көлемі 6,2 б.т.
  2. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: оқу құралы – Алматы: Экономика, 2002 – 218 бет.
  3. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы
  4. Медеубеков Қ.Ұ. «Қазақстан агроөнеркәсібі:экономиканы ұйымдастыру және басқару». Қайнар, Алматы,1990 жыл
  5. www.google.kz
  6. www.nur.kz
  7. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жаңа кезең экономикалық теориясы (оқулық). Алматы: «Дәнекер», 2004 – 151 б.
  8. Л.С.Сейтпеков. Қазақстан агроөндірістік кешенін ғылыми-техникалық қамтамасыздандырудың басты бағыттары. Жаршы,2003 жыл
  9. Жұмаев Ж.Ж. Экономиканың мемлекеттік реттелінуі. Оқу құралы. – Орал: 2001 ж – 100бет.

   

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік реттеу