Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 17:25, реферат
Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат(категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
1.Қаржылардың түсінігі мен мәні.
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
3.Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
4. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
5.Қортынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер.
Мемлекеттің қаржылық қызметі
Жоспары:
1.Қаржылардың түсінігі мен мәні.
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
3.Қаржылық құқықтық
құрлымы.
4. Қаржылық құқықтық
5.Қортынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер.
Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем
туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың
ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі,
қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін
сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық са
Мемлекеттің қаржылық қызметінің және қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің түрлі аспектілерін зерделеу бойынша бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан іргелі зерттеулер мемлекеттің қаржы қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды рөлге ие екендігіне көз жеткізіп отыр.
Халықаралық тәжірибе мемлекеттік қаржылық бақылаудың басты мақсаты – бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету екендігін көрсетеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігінің өлшемі бақылаушы органның қол жеткізген нәтижесінің қойылған мақсатқа ара қатынасы болып табылады.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қаржылық бақылаудың мақсаттары мыналардан тұрады:
Осы мақсаттар бойынша өлшемдерді анықтаудың әдіснамалық проблемасы – мақсатқа жету деңгейіне мемлекеттік қаржылық бақылаудың қосқан "үлесін" анықтау болып табылады.
Қаржылық бақылаудың тар мағынадағы мақсаты – бюджет қаражаттарын және мемлекеттік активтерді пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың саны мен көлемін азайту.
Түпкілікті нәтиже, яғни, мемлекеттік қаржылық бақылаудың объективтік салдарларының жиынтығы – оның тиімділігін анықтаудың басты өлшемі.Бұндай нәтижелер жөнінде деректер алу – бақылаушы органның қызметінің нақты мазмұнын, бақылаушы органның іс-әрекеттеріне бақылау субъектісінің реакциясын және басқару қызметінде бақылаудың ықпалынан болатын өзгерістерді білуді талап етеді. Тексеріліп жатқан субъектінің қызметінің мазмұнына ықпалын тигізетін практикалық нәтижелерді анықтамай тұрып, бақылаудың қорытындылары туралы пікір айту мүмкін емес. Басқару қызметі үшін бақылау нәтижелерін есепке алу өте қажет, себебі бақылаудың тиімділігі ретінде кез келген оң нәтижелерге қол жеткізу емес, тек бақылаудың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер ғана есептеледі. Егер бақылаушы орган қаржы-шаруашылық қызметте кез келген кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды тауып, оған дербес түрде кімнің айыпты екенін айқындаса, ол айыптыға тек шара ғана қолданып қоймай, ең алдымен, жұмысты жақсартудың жолдары мен әдістерін, анықталған кемшіліктер мен бұрмалаушылықтарды кім және қалай жоюы қажеттігін көрсетуге, оларға белгілі бір мерзім тағайындап, кейіннен оның орындалуын тексеруге міндетті.
Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жұмыстарының тиімділік өлшемінің басты қағидаты – нәтижелілік қағидаты болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың практикалық нәтижелерін бағалауға тұрақты да тиянақты өлшеуіштерді - көрсеткіштерді - әзірлеу және пайдалану көмегін тигізеді. Егер бақылаудың мақсатқа жету өлшемдері жалпы сипатқа ие болса, көрсеткіштерге бақылау жұмыстарының ішкі мазмұнын ашу, алынған оң нәтижелерді жинақтап, бақылаудың сапасын бағалауға мүмкіндік беретін құрамдас бөліктерді көрсету тән.
Бақылау органдары қызметінің
нәтижелерін дұрыс бағалау
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділік өлшемінің көрсеткіштерін ажыратып алудың күрделілігіне қарамастан, басқару қызметінің жалпы тиімділігінен оларды анықтау төмендегі әдістемелік көзқарастарды пайдаланған кезде мүмкін болады.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі ұғымы нәтижелілік ұғымымен тығыз байланысты, себебі нәтижелілік – оның басты көрсеткіші болып табылады.
Қаржылық бақылаудың нәтижелілік
көрсеткішінен қаржылық бақылаудың пәрменділік қағидат
Пәрменділік қағидаты мыналардан тұрады:
Үнемділік қағидаты – бұл мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізуден алынған ықпалдардың жиынтығы. Оны төмендегідей жіктеуге болады:
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың әлеуметтік ықпалы қаржылық заң бұзушылықтарына жол берген тұлғалардың жұмыстан босатылуы және жауапкершілікке тартылуы сияқты қолданылған шаралардан көрінеді.
Сөйтіп, өкіметтің пәрменділігін байқаған қоғамда атқарушы өкіметке деген аса үлкен сенім пайда болады, ал бұл мемлекеттегі әлеуметтік тұрақтылықтың негіздерінің бірі болып саналады.
Аралық ықпал мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүргізген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша, атқарушы өкіметтің құрылымын жақсарту үшін шаралар ұсынудан және іске асырудан тұрады. Нәтижесінде мемлекетте басқарушылық артып, артық буындар қысқарады немесе экономикаға қажетті жаңа буындар пайда болып, басқарудың оралымдылығы артады.
Мемлекеттік қаржы бақылау органы қызметінің қаржылық ықпалы – бұл республикалық бюджеттің қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау, яғни, бюджет қаражатын негізсіз, тиімсіз және мақсатсыз жұмсаудың алдын алу және оған жол бермеу, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де бұзушылықтарына жол бермеу.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың
тиімділігін іс-қимыл ретінде айқындайтын
аталмыш көрсеткіштермен қатар, мемлекеттік
қаржы бақылау органының қызметін бағалайтын қарқындылық қағидат
Қызметтің қарқындылық қағидаттары:
Қазіргі таңда мемлекеттік
қаржылық бақылау мәселелерін зерттеуші
ғалымдардың еңбектерінде креативтік қағида
Креативтік қағидаттың құрамына мыналар кіреді:
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін бағалаудың ұсынылған өлшемдері мен қағидаттарын қолдану бақылаудың нәтижелілігіне жауапкершілікті айтарлықтай арттыруға және Қазақстанның мемлекеттік қаржы бақылау органдарының қызметінің тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың саласына қарай экономикалық немесе, әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады.
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі; мемлекетке өзінің қызметтерін орындауды қамтамасыз ету, сайып келгенде экономиканы тұрақтандыру мен қоғам прогресі үшін жағдайлар жасау мақсатымен қаржы ресурстарын жұмылдыруға, экономикалық жүйе шеңберінде оларды қайта бөліп, пайдалануға тиімділіктің белгілі бір дәрежесіне жетуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне тән нәрсе. Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару – бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсаты мен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жету.