Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 17:25, реферат
Қаржы (фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат(категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
1.Қаржылардың түсінігі мен мәні.
2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
3.Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және
құрлымы.
4. Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері.
5.Қортынды.
6. Пайдаланған әдебиеттер.
Мемлекеттің қаржы саясатын экономикалық заңдардың талаптарына қарай Үкімет анықтайды.
Қаржы саясаттың ңмазмұны сан қырлы. Ол мынандай маңызды буындарды қамтиды:
1) қаржы дамытудың ғылыми негізделген концепцияларын жасау. Ол экономикалық заңдарды іс — қиымылын, экономиканың жай күйін зерделеу, қоғамның әлеуметтік экономикалық қатынастарының дамуы перспективаларына халықтың қажеттеріне жан — жақты талдау жасау негізінде қалыптасады;
2) перспективаға және қазіргі кезеңге арналған қаржыны пайдаланудың басты бағыттарын анықтау; сонымен бірге экономикалық саясатта қаралып, қойылған мақсаттарға жету жолдарына сүйенеді, халықаралық факторлар қаржы ресурстарының өсу мүмкіндіктері ескеріледі;
3) қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған нақтылы іс — қимылдарды жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынның бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық зааңдардың іс-қимылын есепке ала отырып, қоғамды дамутыдың міндеттеріне байланысты қаржыны ұымдастыру мен пайдалану мемлекеттік қаржы саясатының мамзұны болып табылады.
Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай — күйін қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Қазіргі қаржы саясатының көмегімен шешілетін міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерешеліктері негізінде халық шаруашылығында қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасайтын
Жағдайларды қамтамасыз ету;
-экомикалық дамудың
-қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің салалары арасында, халық шаруашылығының кешендері арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау.
Елдегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметін нарыққа көшудің өтпелі кезеңінде қажетті қаржы ресурстарын жинауға, оларға бюджетке толық және дер кезінде жұмылдырып отыруға, әлеуметтік – экономикалық дамудың бағдарламаларына қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсаты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан республикасының әлеметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларының қайта құрудың стратегиясы қаржымен қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды.
Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады және қондырғыға жатады. Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке принциптердің толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы принциптерге мыналар жатады:
-объективтті экономикалық заңдардың іс — қимылын есепке алу;
-нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
-өткен жылдардың өзіндік тәжрибесін және дүниежүзілік тәжрибені есепке алу.
Қаржы стратегиясы экономкалық әлеуметтік стратегия мен анықталған перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны
Экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығы мен үнемі анықталып отырады.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды деп кезінде өзгеріп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамдық дамытудың нақты кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Қаржы стратегияның біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасының орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталынады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Бір жағынан, қаржы саясатын экономикалық қатынастарды тұрғызады; саясат экономикаға байланысты. Басқа жағынан, экономикалық базис негізінде пайда болып әрі дами отырып, қаржы саясаты белгілі бір дербестікке ие болды; оның өзгеше заңдары мен даму логикасы бар Осыған байланысты ол экономикаға, қаржы жағдайына кері ықпал етеді. Бұл түрліше болады: бір жағдайда саяси шаралар жүргізу жолымен экономиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалады, басқа жағдайда ол кедергі болады.
Саяси шешімдер экономикалық логиканың заңдары бойынша, белгіленген қаржы шараларын жүргізудің салаларын жүргізудің салаларын анық етіп есептеу мен алдын ала көре білу негізінде қабылдануы тиіс, бұл қаржы саясатындағы жиі ойда болмаған өзгерістерден құтылуға мүмкіндік береді және кәсіорындардың қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осыған байланысты экономика мен әлеуметтік саладағы болып жатқан процестер туралы қаржы саясатының шараларын өткізудің нәтижелері туралы айқын ақпараттың жеткілікті ауқымының зор маңызын атап өту өте қажет. Қаржы және саяси экономикалық ғылымдардың қорытындыларымен қатар ақпарат тиімді қаржы саясатын жасаудың қажетті базасы болуы тиіс. Онда қаржы саясатының дұрыстығын тексерудің берік негізіне қызмет ететін кері байланыс принципін, қоғам өмірінің экономикалық және әлеуметтік салаларының дамуына оның әсер ету позитивтігі принципін сақтау өте қажет.
Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың әдістерін белгілей отырып, тиісті актілерде баянды етеді, заңдар шығарады. Мәселен Парламент салықтар туралы заңдар шығарады, жыл сайын республикалық бюджет туралы заң қабылдайды және т.б. Қаржы министрлігі мен оның аумақтық қаржы органдары, қолданып жүрген заңдар мен үкіметтің қаулылары негізінде, Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық органдары өзінің қызмет бабының шегінде төлемдерді есептеу мен алу жөнінде нұсқамалар, жеке және заңды тұлғаларға қаржы берудің ережелері туралы нормативті актілер және т.б. жасайды.
Қорытынды:
Қаржылық бақылаудың тармағынадағы мақсаты – бюджет қаражаттарын және мемлекеттік активтерді пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың саны мен көлемін азайту. Мемлекеттің қаржылық қызметінің және қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің түрлі аспектілерін зерделеу бойынша бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан іргелі зерттеулер мемлекеттің қаржы қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану процесінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың маңызды рөлге ие екендігіне көз жеткізіп отыр. Халықаралық тәжірибе мемлекеттік қаржылық бақылаудың басты мақсаты – бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету екендігін көрсетеді.
Пайдаланған әдебиет
Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым ми- нистрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.