Меншіктің акционерлік формасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 10:30, курсовая работа

Описание

Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.

Зерттеліп отырған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.

Курстық жұмыстың мақсаты меншік ұғымы төңірегінде акционерлік қоғамдарда орын алатын меншіктің формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқара анықтап, өзіндік ой пікір қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе 3

1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5

1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5

1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7

1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19

2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22

2.1 Акциялар 22

2.2 Облигациялар 24

2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25

3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Работа состоит из  1 файл

Менш акцион формасы кур работа.docx

— 61.73 Кб (Скачать документ)

                             Қоғамның жоғарғы  органы;          Кесте  1 

Нысан Дауыс беру Ерекшеліктері
Толық серіктестік Әр қатысушы бір дауысқа ие; егер құрылтай құжаттарында басқаша көрсетілмесе Шешімдер жалпы  келісім арқылы қабылданады
Сенім серіктестігі Толық серіктестер  дауыс береді, салымшылар қатыспайды. Салымшылар  толық серіктестер шешімін талқыламайды.
Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік Әр қатысушы үлесіне қарай дауысқа ие болады, егер заңда басқаша көрсетілмесе, заң дауыс беру тәртібін қарастырады, бірақ,ол құрылтай құжаттары арқылы өзгертіледі. Заң өкілеттілік  шеңберін айқындайды, бірақ ол құрылтай құжаттары бойынша өзгертілуі мүмкін.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік Әр қатысушы үлесіне қарай дауысқа ие болады, егер заңда басқаша көрсетілмесе, заң дауыс беру тәртібін қарастырады, бірақ,ол құрылтай құжаттары арқылы өзгертіледі. Заң өкілеттілік  шеңберін айқындайды, бірақ ол құрылтай құжаттары бойынша өзгертілуі мүмкін.
Акционерлік қоғам Бір акция - бір  дауыс; заң дауыс беру тәртібін императивті  түрде анықтайды; ерекше акциялар дауыс  бермейді, егер құрылтай құжаттарында басқаша көрсетілмесе. Заң өкілеттілік  шеңберін айқындайды, бірақ ол құрылтай құжаттары бойынша өзгертілуі мүмкін.
 

     Атқарушы  және басқа да органдар             Кесте  2 

Толық серіктестік Қалыптасу түрлері, тәртібі, өкілеттілігі құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
      Сенім серіктестігі Қалыптасу түрлері, тәртібі, өкілеттілігі құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік Атқарушы орган (коллегиалды, жалғыз басқару) ағымды басқаруды  жүргізеді және жалпы кеңеске  есеп береді. Атқарушы органға бақылау  жасайтын, құрамына атқарушы орган  мүшесі кірмейтін ревизиялық комиссия құрылуы мүмкін.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік Атқарушы орган  коллегиалды, жалғыз басқару ағымды басқаруды жүргізеді және жалпы  кеңеске есеп береді. Атқарушы органға  бақылау жасайтын, құрамына атқарушы орган мүшесі кірмейтін ревизиялық комиссия құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам Акционерлік қоғамның атқарушы органының құқықтық негізі, ЖШС-не ұқсас; заңмен белгіленген кейбір сұрақтар болмаса, ашық акционерлік  қоғамда бақылау кеңесінің мүшелері 500-н кем болмауы тиіс. Оның функциялары: атқарушы органдарды бақылау, маңызды  келісім шарттарды жасауға рұқсат беру, мүше ретінде арнайы мамандар шақырылуы мүмкін. Ревизиялы комиссияның  мүшесі болып, тек акционерлер бола алады.

2-тарау.  Бағалы  қағаздардың  негізгі және туынды  түрлері

2.1 Акциялар

 

      Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп  тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

      Акция белгілі бір жағдайда акционерлік  қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғауға жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция - компанияның акционерлер  алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның  өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта  сатып алатын құқықтан айырылады  деген де ереже бар. Дәл осы  жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның  төлем қабілетін нашарлататын болса  да қаралған. Заң жүзінде акцияны  бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір  акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

      Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір  жағынан, бір акционерден басқа  біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге  бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп  те - екіге бөлінеді. Корпорация тек  өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

      а) Атаулы акция - иесі міндетті түрде  корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында  қанша және қай уақытта алғандығы  туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.

      ә) Ұсынушыға арналған акция - иесінің  аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген  акция. Кітапта ұсынушыға арнап  шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

      Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен  қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік  береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға  арналған акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол  ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан  олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру  жолдары да әр түрлі:

      Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс  үлесін береді. Әйтседе жай акция  дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.

      Артықшылықты  акциялар (немесе преференционалды) меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылықтар дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.

      Жай акция бойынша төленетін дивидендтер  сияқты артықшылықты акция бойынша  да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте - атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше  сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әр түрлі көлемдегі артықшылығы  бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.

      Егер  компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда — директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.

      Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%-нен аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың  үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.

      Қорыта  айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша корпорацияның  шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына  қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.

2.2 Облигациялар

      Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын  қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген жазбаша  қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның  активіне қарсы қойылады. Облигация  арқылы тартылған капитал акционерлік  капитал деп есептелмейді. Облигация  шығару қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға  жұмсаған жылдық шығынға тең болады.

      Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы  кепілдігі саналады. Ол кепілдік - эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін  орындай алмаған кезінде - корпорация мүлігінің бір бөлігін иеменденуге  облигация ұстаушының құқы. Облигация  да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар.

      Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін  сыйақы түріндегі пайда купонға  алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы (мүдде) мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін "купондарды қырқу" деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.

      Қамтамасыз  етілмегеи облигациялар - жалпы кепілдігі  бар, басқаша айтқанда, эмитенттің жақсы  атағымен шығарылған қарыз міндеттемелері. Оларды болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады. Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде өтейді.

      Облигацияның  рейтингі - олардың инвестициялық  сапасын арнаулы фирмалардың  бағалауы. Әлбетте, облигациялардың  барлық шығарылған сериясы бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде  сұранысқа ие болатындары ғана бағаланады.

      Акция сияқты облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның номиналына байланысты процентпен көрсетілген  нарықтық бағасы облигацияның курсы  деп аталады. Егер нарықтық бағасы номиналынан  жоғары болса, онда облигация сыйлықпен  сатылды деп аталады. Егер номиналынан  бағасы төмен болса, онда облигацияның жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын  төмендетіп сатып алады. Облигацияның нарықтық бағасы қандай болса да, сыйақы (мүдде) оның номиналына байланысты есептеледі.

      Екінші  жағынан, облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен, ол өте арзан. Ұзақ мерзім бойы төленген дивидендтер  сомасы жыл сайын төленген сыйақы (мүдде) сомасынан әлде қайда көп  болады деп ұйғарылады. Инвесторлар  көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация - тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздардың екі түрін қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлемнен жоғары болады деген болжамға байланысты.

2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар

 

      Вексель - қарызды өтеудегі заңды түрде  бекітілген төлем міндеттемесі. Ол - бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге  алғанда тауар сатушыға, яғни вексель  иемденушіге береді. Вексельдің мәні - несиеге алған белгілі бір  соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель  иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.

      Вексель шығарып және оны пайдалануды  дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні - тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге, саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін  арттыру мақсатында осы төлем  міндеттемесін белсенді пайдалану  арқылы - ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші  төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель  сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.

      Вексель - тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы  жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында  вексель елеулі орын алады. Қазіргі  кезде электронды несие жүйесінің  кез келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.

      Депозиттік  сертификат - ол эмитенттің мерзімді салымын  алғандығын куәландыратын банктік  бағалы қағаз. Онын иесі - оны ұсынушы  адам. Депозиттік сертификат екінші нарыққа  белсенді түсетін және қолдан-қолға  тез өтетін бағалы қағаз.

      Чек - заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институтындағы (чек  беруші) ағымдағы есепшот иесінің  чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін  талап еткен жарлығы. Чек төлем  айналымын тездету мақсатында шығарылады. Ағымдағы шот иесі шоттағы сома көлемінде  көптеген чектер толтыруына құқы бар.

      Чектер  бірнеше түрге бөлінеді:

      •  Атаулы чектер. Оны чек беруші белгілі  бір адамның аты-жөнін көрсетіп толтырады. Ондай чектерді екінші кісіге "индоссаментпен" беруге болады.

      •  Ордерлі чектер. Олар жеке немесе заңды  тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті  басқа кісіге "индоссаментпен" беруге болады.

Информация о работе Меншіктің акционерлік формасы