Меншіктің акционерлік формасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 10:30, курсовая работа

Описание

Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.

Зерттеліп отырған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.

Курстық жұмыстың мақсаты меншік ұғымы төңірегінде акционерлік қоғамдарда орын алатын меншіктің формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқара анықтап, өзіндік ой пікір қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе 3

1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5

1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5

1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7

1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19

2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22

2.1 Акциялар 22

2.2 Облигациялар 24

2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25

3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Работа состоит из  1 файл

Менш акцион формасы кур работа.docx

— 61.73 Кб (Скачать документ)

      •  Иесі ұсынушы чектер. Олар бойынша  көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен көрсетпей-ақ бір кісіден екіншіге беруге болады.

      Вексельдер  сияқты, 1931 жылы Женевада чек бойынша  Халықаралық конвенция құжатқа  қол қойды. Оның талабы бойынша чекте  алты міндетті элементтер болуы шарт. Олар:

      •  чектік белгі, яғни құжат текстісінде "чек" деген белгі болуы шарт;

      • Ордерлі чектер. Олар жеке немесе заңды  тұлғаларға толтырылады. Ордерлі чекті  басқа кісіге "индоссаментпен" беруге болады.

      • Иесі ұсынушы чектер. Олар бойынша  көрсетілген сома чек ұсынушыға төленеді. Ондай чектерді ешқандай жазумен көрсетпей-ақ бір кісіден екіншіге беруге болады.

      Вексельдер  сияқты, 1931 жылы Женевада чек бойынша  Халықаралық конвенция құжатқа  қол қойды. Оның талабы бойынша чекте  алты міндетті элементтер болуы шарт. Олар:

      •  чектік белгі, яғни құжат текстісінде "чек" деген белгі болуы шарт;

      •  чекті өтейтін төлеуші, яғни банктің  аты;

      • төлем орны, яғни банктің орналасқан жері;

      • чекте көрсетілген соманы төлеу  жөнінде жарлық;

      • чек берген уақыт және орын;

      •  чек берушінің қолы.

      Чек айналымында көптеген мемлекеттерде  кейбір ұлттық заңдылықтар қолданылады. АҚШ-та және Ұлыбританияда, мысалы, чектік белгі қойылмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3-тарау.  Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар  нарығының пайда  болуы

 

      Бағалы  қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

      Елде  дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы  қажет.

Олар:

      *  сұраныс пен ұсыныс;

      *   делдалдар мен басқа қатысушылар;

      * нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;

      *  нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

      Нарықтың  осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнiнде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері -акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды. Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.

      Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрамы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай  бағалы қағаздардың ең көлемдісі  және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз  міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз  міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:

Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитентi - Қаржы Министрлігі;

Екіншіден, Ұлттық банк — оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті (уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар. Мемлекеттік бағалы қағаздар:

    • мемлекеттік қазыналық вексельдер;

    •мемлекеттік  қазыналық облигациялар;

    •Қазақстан  Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді, ноталары;

    • жекеменшіктендіру купондары.

      Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттiк қарыз өлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.

      Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін қалуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иеленушілерге әлі дивиденд (пайда) түсіре қойған жоқ.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

      Қорыта  айтқанда, акционерлік қоғамдардың  ұйымдастырылуына орай басқа меншік формаларына қарағанда артықшылықтары көп-ақ болғанымен кемшіліктерден құралақан  емес. Оны біз осы жұмыс шеңберінде ашып көрсеттік.  өз жұмысын акция  шығарумен де, сонымен қатар облигация  шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигациядан пайда  түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге  міндетті. Ал акция бойынша белгіленген  соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанияның дивиденд төлеуге ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.

      1. Экономикалық реформаның басты мақсатының бірі – нақты анықталған мүлікті жауапкершілігі бар заңды тұлғалар құқығына кәсіпорынды бөліп беру. Акционерлік шарушылық формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары формасында және бағалы қағаздар формасында да қызмет етеді.   

      2.  Нарықтық экономикаға өту стратегиясын жариялағаннан бастап ҚР Үкіметі мемлекеттік меншікті түрлендіруді жүргізіп отыр. Меншіктің монополияланған көлемі мен ауқымын, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, ҚР Үкіметі ұзақ мерзімге арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру ұлттық бағдарламасын жасады.

      3. Нарық, оның қазіргі түсінігінде бір меншік формасына монополияның болуын жоққа шығарып, олардың көп түрлілігін, экономикалық және саяси теңдігінің болуын талап етеді. Оны құру мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.

      4. Акционерлік қоғам басқа да меншік формаларымен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие. Кәсіпорынды ашық акционерлік қоғамға түрлендіру, оған ірі қаржы ресурстарын тез арада тартуға мүмкіндік береді. Акцияны сатудан түскен түсім эмитент-компанияның шотына түсіп, бизнесті жаңғырту, диверсификациялау және т.б. үшін қызмет етеді.

      5. АҚ жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттары арасында ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылық қор АҚ-ның жарғысында бекітілген тәуелсіз кәсіпкерлік қызметті жүргізудегі акционерлік қоғамның құқығын көрсетеді. Екіншіден, ол қоғамның кейінгі қызметіне қуат беретін бастапқы (жаңа акционерлік қоғам ретінде құрылса) капитал шамасы.

      6. Акция - АҚ-ның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын, жазбаша куәлік, меншік нысаны, бағалы қағазды білдіреді.

      7. Акция бағасы әр түрлі көптеген факторлардың ықпалымен қалыптасады. Бір жағынан, ол ссудалық пайыз шамасына тәуелді, себебі АҚ-ға жұмсалған, яғни акция сатып алуға кеткен ақшалар, несиеге берілетін ақшалармен ұқсас болып келеді. Екінші жағынан дивиденд шамасына АҚ кәсіпкерлік қызметінің нәтижелігі тікелей әсер етеді.

      8. Акционерлік қоғам әр түрлі акциялар шығарады және оларды иеленушілеріне қарай артықшылықтар береді. Мәлімдеуші және атаулы акциялар болады. Акциялар жай және артықшылығы бар болып та бөлінеді.

      9. Облигацияның экономикалық жаратылысы жағынан үш ерекшелігімен сипатталады: 1) облигация шарушылықты несиелеу үшін пайдаланылатып капиталдарды шоғырландыру құралы; 2) облигация - біршама арзан және оңай сатып алынатын борыштық құрал; 3) облигация - ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.

      10. Облигацияны қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларының құқықтарына байланысты жіктейді.

      11. Өнеркәсіпті тұрақты табыс әкелетін облигациялардың салыстырмалы тартымдылығы, олардың акцияларға қарағанда номиналдық бағадан төмен сатылатындығында. Сонымен бірге, облигацияның келісім бойынша өтелуі номиналдық емес болса, онда жоғары бағаммен жүзеге асырылады. Мұндағы үстеме баға ажио деп аталады.

      12. Бағалы қағаздар нарығын құру шаруашылықты орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесі мен ресурстардың салааралық қайта бөлінуін ауыстыруға, нарықтық құрылымдардағы инвестицияға деген сұранысты қанағаттандыруға, бұл нарыққа капиталдың салааралық қайта бөлінуін реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктердің тиімділігіне барометр болуға мүмкіндік береді.

      13. Бағалы қағаздар нарығының міндеті - бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын баға бойынша ақшалай қаражаттардың инвестициялануын қамтамасыз етеді.

      14. Биржа ісіндегі листинг - бұл биржа тізіміне бағалы қағаздар эмитенттерінің бірқатарын енгізу болып табылады. Қор биржасының листингіне ену - бұл эмитент-компанияның тұрақтылығын куәландырады, себебі қор биржасы ондағы айналысқа түсетін тауарлардың сапалылығын растайды.

      15. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін, нарыққа өту барысында туындайтын макроэкономикалық және басқару шешімдерін талдау және стратегиясын қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты қажет.

      Біз бағалы қағаздар туралы айта келіп  сөзімізді қорытындылау барысында  Қазақстан Республикасында тұңғыш рет сонау жекешелендіру жылдарында халыққа берілген купондардың қайтарымы  болғанын атап өткіміз келеді.

      Сол жылдары құрылған 57 жекешелендіру  қорларының арасынан тек қана жалғыз «Бутя-капитал» қоры ғана халықтың бағалы қағаздарының дивидендін биыл берді. Бұл  да болса бағалы қағаздарға деген  халық сенімін арттыратын қадам  деп ойлаймын. Мүмкін келешекте акционерлік  қоғамдардың акциялары халық  арасында сұранысқа ие болып, олар биржадағы  котировка курстарын жіті бақылайтындар  қатарына кірер деген үміттемін. Әзірге бірақ мұндай жетілген капитализмнің  ауылы әлі де алыста сияқты. «Үмітсіз шайтан» деген... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 
 
  1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж 
  2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
  3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
  4. Журнал «Рынок ценных бумаг» Москва 2000/11
  5. Қаржы-Қаражат Алматы 2001/03
  6. Құнды қағаздар нарығы  Экономика 2000 ж.
  7. Журнал «Финансы и кредит» 2003/2
  8. Журнал «Финансы и кредит» 2002/11
  9. Карагусов Ф. Ценные бумаги и регулирование их обращения в Республике Казахстан. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1995 г.

    10. Шалгимбаева  Г.Н. Рынок ценных бумаг: Механизмы  государственного регулирования.  Алматы. Қаржы-қаражат. 1997 г. 
     
     
     
     

Информация о работе Меншіктің акционерлік формасы