Меншікті капитал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 20:09, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айырылысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады.

Содержание

Капитал туралы түсінік ...........................................................................................1
Жарғылық капитал есебі .........................................................................................3
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.....................................................9
Резервтік капитал есебі..........................................................................................12
4.1.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі.........................13
4.2.Басқада резервтік капитал есебі...........................................................14
Бөлінбеген пайда есебі...........................................................................................16
Капитал қозғалысы бойынша болатын оперециялар есебі....................19
6.1.Толенбеген капитал есебі.......................................................................20
6.2.Қайтарылып алынған капитал есебі...................................................21
6.3.Қосымша төленген капитал есебі.......................................................23
6.4.Қосымша төленбеген капитал есебі...................................................24
6.5.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ...........................25
Қайтарылып алынған капитал есебі.................................................................26
Қосымша........................................................................................................................28
Қорытынды...................................................................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Меншікті капитал МАРЖАН.doc

— 233.00 Кб (Скачать документ)

    Жоспар: 

  1. Капитал  туралы  түсінік ...........................................................................................1
  2. Жарғылық  капитал  есебі .........................................................................................3
  3. Жарғылық  капиталдағы салым ақша  есебі.....................................................9
  4. Резервтік  капитал  есебі..........................................................................................12
  5.            4.1.Заңдармен  белгіленген   резервтікң  капитал есебі.........................13
  6.            4.2.Басқада  резервтік  капитал   есебі...........................................................14
  7. Бөлінбеген  пайда  есебі...........................................................................................16
  8. Капитал  қозғалысы  бойынша  болатын  оперециялар  есебі....................19
  9.            6.1.Толенбеген  капитал  есебі.......................................................................20
  10.            6.2.Қайтарылып  алынған  капитал   есебі...................................................21
  11.            6.3.Қосымша  төленген  капитал   есебі.......................................................23
  12.            6.4.Қосымша  төленбеген  капитал   есебі...................................................24
  13.            6.5.Негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  оперециясы ...........................25
  14. Қайтарылып  алынған  капитал  есебі.................................................................26
  15. Қосымша........................................................................................................................28
  16. Қорытынды...................................................................................................................29
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Капитал  туралы  түсінік 

           Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес кәсіпорындар  өзінің  құрылуы  барысында,  яғни  шаруашылық  қызметпен  айырылысу  үшін  белгілі  бір  мөлшерде  мүліктерге  ие  болуы  тиіс.  Осы   жоғарда  аталған  мүліктердің  ақшалай  өлшемге  айналдырылғандағы  жиынтығы  ұйымның  меншікті  капиталы  болып  саналады.Кәсіпорын  алғашқы  құрылған  кезде  оның  капиталы  болып  саналады.  Кәсіпорын  алғашқы  құрылған  кезде  оның  капиталы   Қазақстан  Республикасы  заңында  қаралған  мөлшерден  кем  болмауы  тиіс  және  де   ол  сол  ұйымның  құрылтайшыларының,  акционерлерінің  ақшалай,  заттай  және  басқадай  түрде  қоғамға  қосқан  үлестерінен  құралады.  Бұл  сома  яғни  кәсіпорынның  капиталы  осы  ұйымның  қызметі  барысында  тапқан  таза   табысы  және  басқа  да  көздерден,   тегін  түскен  мүліктер   мен  ақшалай  қаржылар  есебінен  өсіп   отырады.

         Жалпы  кәсіпорынның  есебін  жүргізу  барысында  жұмыс   істеп   тұрған,  қызмет атқарушы  яғни  қолданыстағы  капиталы   және  оның  құрамы  мен   құрылымы  бухгалтерлік  баланстың  активінде  көрсетілсе,  ол  капиталдың  қаржыландыру  көздері   баланстың  пассивінде   көрсетіледі.

         Кәсіпорын  мүліктің  құрамы

        Ұйымның  барлық  мүлкі  ( қызмет  атқарушы  капиталы)   айналыстан  тыс  және  айналыстағы   активтер  болып  екіге  бөлінеді.  Мүліктерді  қызмет  атқару  мерзіміне  қарай  «негізгі (айналымнан  тыс)  активтер»  және   «айналымдағы  активтер»  деп екіге бөлінеді.

         Негізгі  (айналымнан  тыс)  активтер  негізгі  құралдардан,   материалдық  емес   активтерден,   қаржылық  (ұзақ  мерзімді)   инвестициялардан,  аяқталмаған  құрылыстан  құралады.  Жалпы  айналымнан  тыс  активтер  шаруашылық  субьектінің   материалдық  - техникалық  базасын  жасауға  және  дамытуға  арналады.

         Ал  айналымдағы  активтер  кәсіпорынның   қызмет  атқаруы   барысында  пайда  табуға  негізделеді.  Соған  сәйкес  олардың   қатарына   ақша  қаражаттары,   қысқа  мерзімдік   қаржылық   салымдар,   тауарлық  – материалдық   қорлар,  дебиторлық   борыштар  және  басқа  да   активтер  жатады.

        Кәсіпорын   мүліктерінің  (капиталының)  құралу  көздері

        Кәсіпорын  мүлкі  оның   негізгі  құралдары   мен   айналымдағы   қаржыларының   құнынан   құралады.  Ұйымның   меншікті  капиталының   көздері  болып   мыналар  саналады:

          -    жарғылық  капитал;

          -  резервтік  капитал;

          -   бөлінбеген  пайда.

            Кәсіпорындар  өздерінің  қызмет  атқаруы  барысында   меншікті   қаржыларынан  басқа  қарыз  қаражаттарында  пайдаланады.  Ал  олардың  қатарына  қысқа  және  ұзақ   мерзімді  несиелер,  қарыздар,   алынған  аванстар  және  басқа  да  кредиторлық   борыштар  жатады.

         Жарғылық  қор  меншік  иесінің  (кәсіпорынның)  жарғысында  қаралған  қызметтерін  қамтамасыз  ету  үшін  инвестициялық  қаржылардың  сомасы  болып   табылады.

         Меншік  иесінің   тиісті  құқығымен   жауапкершілігіне  қарай  ұйымның   жарғылық  қоры  мынадай  түрлерге  бөлінеді:

        Кәсіпорындардың  (толық  серіктестік,  сенім  серіктестігі, жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік,  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік,  жабық  және   ашық  акционерлік   қоғам)  жарғылық  капиталы.

Өндірістік  кооператив  мүшелерінің  мүлік  жарналары  (үлестері).

Жарғылық  қор  мөлшері  ұйымның  жарғысында  және  басқа  да  құрылтайшылық   құжаттарында   белгіленген,  үкіметтің   атқарушы  органдарында   тіркелуі  керек.  Оның  мөлшері  құрылтайшылық  құжаттарға  тиісті   өзгерістер  енгізілгеннен  кейін  ғана  өзгеруі   мүмкін.

        Қосымша  төленген  капитал – қоғамның    өзінің   акцияларын   олардың  атаулы   (наминалдық)   құнынан  артық  бағаға   сатқан  жағдайда   пайда  болған  құн  айырмашылығынан  туындайды.

         Қосымша  төленбеген  капитал – кәсіпорынның  өзінің  меншігіндегі  негізгі  құралдары   мен  инвестицияларын  қайта  бағалаған  уақыттағы  олардың  құнының  өскен  сомасынан   және  тағы  да  басқа  жағдайлардан  туындайды.

         Резервтік  (сақтық,  сақтаулы) капитал – келешекте   (алдағы  уақыттарда)   болуы  мүмкін  зияндармен   шығындардың   орнын    толтыруға  арналып   кәсіпорынның   өзінің  таза  пайдасынан  (табысынан)  бөлінген    меншіктік  капиталының   бір  бөлігі.  Резервтік  капиталдың   мөлшері  мен   құрылу  тәртібі   Қазақстан  Республикасының    заңдары  мен   ұйымның  (қоғамның)  жарғысында  қаралады  (көрсетіледі).

        Бөлінбеген  пайда  (табыс) – кәсіпорынның  жалпы   кірісінен  (пайдасынан)  барлық  жұмсалған   шығындарды  бюджетке  төленген  салық   сомаларын,  кірістен   (пайдадан)    басқадай   бағыттарға  пайдаланған  сомаларын   шегеріп   тастағандағы  қалған  бөлігі  болып  табылады.

Жарғылық  капиталдың  есебі.

            Кәсіпорынның   жарғылық  капиталының  мөлшері,  сол   ұйымның   шығарған  акцияларының   түрлері,  (жәй  және  артықшылығы бар)   акциялардың   сандары,  сондай – ақ   бір акцияның  атауы   (номиналдық)   құнына   сәйкес  акционерлік   қоғамның,  серіктестіктердің,  өндірістік   кооперативтердің   жалпы   жиналысында   бекітіледі.  Жалпы  кез – келген  ұйымның   жарғысы  тиісті   мемлекеттік  органдарда  (әділет  министірлігі)тіркеуден  өткізілуі  тиіс.  Қандайда  болмасын   қоғамның  акциясын  сатып  алатын  мүшесі   ол  акцияларды   қоғамға  немесе  үшінші  тұлғаға   сатуға  ұсыныс  жасауына  құқы  бар.

Кәсіпорындарда   жарғылық  капиталдың   есебі  «Жарғылық  қор»  бөлімінің: 

  • «Жай  акциялар»,
  • «Артықшылығы  баракциялар»,
  • «Салымдар  мен  жарналар».
 

- деп   аталатын  бөлімше  шоттарында  есептеледі.

Акционерлердің   акцияға  жазылған  сомасына  жарғылық   қорды   құрғанда,  сондай – ақ     қосымша   эмиссия  жасау  арқылы  жарғылық   қордың   өскен  сомасына:

Д –  т: «Төленбеген  капитал» шоты,

К –  т: «Жай  акциялар»  немесе  «Артықшылығы  бар  акциялар»  шоты  түрінде  бухгалтерлік  жазу  жазылады.

Егер  үлес  қосушылар  мен  акционерлерқоғамқа  өз  үлесін  ақшалай  түрде   салған  жағдайда:

Д –  т: «Ақшалар»  шоты,

К –  т: «Төленбеген  капитал»  шоты  түріндегі   екі   жақты   жазу  жазылады.

Бұл  жағдайда  еліміздегі  бас  шоттар  кестесіне  сәйкес:

  • «Ел  ішінднгі  валюталық  шоттардағы  ақшалар»,
  • «Шетелдердегі  валюталық  шоттардағы  ақшалар»,
  • «Есеп  айырылысу  шотындағы  ақшалар»,
  • «Кассадағы  ұлттық  валюта   түріндегі  ақшалар».
  • «Кассадағы  шетелдік  валюта   түріндегі  ақшалар».

- деп   аталатын  шоттарының  тиістілері   дебиттелінеді.

Ал  егер  үлес  қосушылар  мен   акционерлер  қоғамға  өз  үлесін   «Материалдық  емес  актив»,  «Негізгі  құрал»,  «Материалдық  құндылықтар»  тағыда  басқа  түрде   салатын  болса:

Д –  т: «Материалдық  емес  актив»,

           «Негізгі  құрал», 

           «Материалдық  құндылықтар»   және  тағыда  басқа   шоттардың                  тиістілері,

К –  т: «Төленбеген  капитал» деп   аталатын   шот түрінде бухгалтерлік    жазу  жазылады.

Сондай  – ақ  серіктестіктердің  (акционерлік  қоғамнан  басқадай )  қоғамдық  жарғылық   қорға  қосқан  үлестері  мен  жарналарының  сомасына:

Д –  т: «Материалдық  емес  активтер»;

           «Негізгі  құралдар»;

           «Материалдық  құндылықтар»;

           «Ақшалар»  және  тағы  да  басқа шоттардың тиістісі.

К –  т: «Салымдар  мен  жарналар»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылуға  тиіс.

«Қайтарылынып  алынған  капитал»  деп аталатын  шот акционерлік қоғамның  акционерлерден  сатып алған акцияларының  есебін  жүргізу үшін  арналған.  Бұл жағдайда  кәсіпорын   акционерлерден  өз  акцияларын  сатып алған уақытында  бухгалтерлік   есепте

Д –  т: «Қайтарылып  алынған  капитал» шоты,

К –  т: «Ақшалар» шоты  түрінде екі жақты жазу  жазылады.

        Егер  акционерлік  қоғам   өз  акцияларын   айналымнан  алып  тастаған  уақытта,  айналымнан  алынған  акцияның  құнына:

 Д – т: «Қарапайым акциялар» немесе

                   «Артықшылығы  бар  акциялар»  шоттарының  тиістісі,

 К – т: «Қайтарылып алынған капитал»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылады.

              Осы  айтылғандармен  қатар  кәсіпорындарда  «Қосымша  төленген  капитал»  деп аталатын   шотта қоғамның  өз   акцияларын  атаулы  (наминалдық)  бағасынан жоғары  бағамен сату  барысында пайда болған   сомалары,  ал  «Қосымша  төленген  капитал»  деп аталатын  шотта ақшаның құнсыздануына және  тағы  да  басқа жағдайларға байланысты  ұйымның «негізгі  құралдарын» ,  инвестицияларын  сондай – ақ  басқа  да   активтерін  қайта  бағалау   нәтижесінде   пайда  болған  капиталдың  өсу сомалары   есептелінеді.  Жоғарыда  айтылып өткендей  қоғам өз  акцияларын  наминалдық  бағасынан жоғары  бағамен сатқан  уақытында ақшалардың   келіп  түсуіне  қарай:

 Д  – т: «Ақшалар»

   К – т: «Қосымша  төленген  капитал»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылады.

          Кәсіпорынның  акционерлерден  акцияларды  олардың  атаулы (номиналдық)  бағасынан  төмен  бағамен   сатып   алуынан  пайда   болған  айырма  сомаға:

Д –  т: «Қайтарылынып алынған капитал»  шоты, 

К –  т:  «Қосымша  төленген  капитал»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылады.

     Кәсіпорынның  негізгі  құралдарды,  инвестицияларды   және   басқа   да  активтерді   қайта  бағалағаннан  алынатын   сомаларына:

Информация о работе Меншікті капитал