Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 20:09, курсовая работа
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айырылысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады.
Капитал туралы түсінік ...........................................................................................1
Жарғылық капитал есебі .........................................................................................3
Жарғылық капиталдағы салым ақша есебі.....................................................9
Резервтік капитал есебі..........................................................................................12
4.1.Заңдармен белгіленген резервтікң капитал есебі.........................13
4.2.Басқада резервтік капитал есебі...........................................................14
Бөлінбеген пайда есебі...........................................................................................16
Капитал қозғалысы бойынша болатын оперециялар есебі....................19
6.1.Толенбеген капитал есебі.......................................................................20
6.2.Қайтарылып алынған капитал есебі...................................................21
6.3.Қосымша төленген капитал есебі.......................................................23
6.4.Қосымша төленбеген капитал есебі...................................................24
6.5.Негізгі құралдарды қайта бағалау оперециясы ...........................25
Қайтарылып алынған капитал есебі.................................................................26
Қосымша........................................................................................................................28
Қорытынды...................................................................................................................29
Шаруашылық жүргізуші субьектінің жарғылық капиталы есептік кезеңнің соңына дейін қалыптасып болуы керек.
Басқа субьектілердің жарғылық капиталына өз қаражаттарын салушы жақ бұл субьектіге инвестициялар жүргізеді. Олар былай болуы мүмкін:
Жарғылық капитал мемлекеттік органдарға субьектінің қайта тіркелуіне әкеп соқтыратын жоғары немесе төменгі жаққа мына баптар бойынша өзгертілуі мүмкін: Азаматтық Коддекстің (27.12.94 ж.) 42 – бап, 6 – тармақ ; 74 – бап, 3 – тармақ; 78 – бап, 2 – тармақ; 90 – баптар жене «Акционерлік қоғамдар туралы» (№415 11 ҚРЗ 30.05.2003 ж.) Заңның 11 – бабы, 3 – тармағы.
Резервтік капитал есебі
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі (оперетивтік) Қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Ризервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Ризервтік капитал жарғылық капиталмен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Ризервтік капиталдың есебі 5410 – ші «Ризервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 – ші «Заңдармен белгіленген ризервтік капитал» .
Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айдылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжанбаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамының жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі «Резервтік капитал» бөлімінің:
«Заңмен белгіленген резервтік капитал»
«Басқадай резервтік капитал»
- деп аталатын шотттарда есептеледі.
Резервтік капитал ұйымының таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте:
Д – т: «Ағымдағы жылдың бөлінбеген табысы» шоты,
К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотттар түрінде жазу жазылуы тиіс.
Ал кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте:
Д – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиісті,
К – т: «Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған зияны)»;
«Өткен жылдардағы бөліндеген табыс (жабылмаған зиян)»;
«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» немесе тағы да басқа шоттардың тиістілері түрінде екі жақты жазу жазылады.
Акционерлік қоғамдар немесе басқа да ұйымдар өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағытттарға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналмайды. Ол аталған қорлардың есебі «Басқадай резервтік капитал» деп аталатын шотта жүргізіледі.
Заңдармен белгіленген резервтік капитал есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай – ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарғылық капиталдың 15% - нан кем болмауы керек.
Резервтік капиталдардың қалыптастырған (құрған) кезде 5510 шоты дебиттеледі де, 5410 шоты кередиттеледі.
Резервтік капитла
3030, 3397 – артықшылығы бар
акциялар бойынша төлем
жасауға қажет қаржысы
болмаған жағдайда серіктестіктердің
резервтік капиталының
Басқа да резервтік капитал есебі, 5410 – ші «Басқа ба резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5410 – шоттың дебеті мен кредиті
бойынша шоттар кореспонденциясы
5410 – шоттың корреспанденциясына
ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның
өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
№ | Операциялардың мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы | 5510 | 5410 |
2 | Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы | 5510 | |
3 | Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты ртықшылығы бар акциялар бойынша девидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы | 5410 | 3030,3397, |
4 | Кәсіпорын есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы | 5410 | 5510,5520, |
5 | Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы | 5410 | 5510 |
6 | Өткен (алдынғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы | 5410 | 5520 |
7 | Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субьектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома | 5410 | 5020,5010,5030, |
Резервтік капитал
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.
Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Резервтік капиталды
Резервтік капиталдың қолда бар ақшасы мен қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін 5410 «Резервтік капитал» бөлімше шоты пайдаланылады.
Резервтік капиталдың құрылуы:
5510
«Бөлінбеген табыс (
5410 «Құрылтайшылық құжаттармен белгіленген резервтік капитал» шот кредиті
5460 «Басқадай резервтік капитал» шот кредит
Резервтік капиталдың құрылуы:
а) Құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал (қатысушылар) есебінен төленген есептелген дивиденттер (үлесақы) сомасына:
5410 «Резервтік капитал » шот дебеті
3030 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырылысу», 3030 «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырылысу»; 3030 «Қатысушылар табысы бойынша есеп айырылысу» шоттар кредиті.
ә) резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына:
5410 «Резервтік капитал» шот дебиті
5510 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) есептік жылдың», 5520 «Бөлінбеген табыс (Жабылмаған зиян) өткен жылдың» шоттар кредиті.
Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбекен пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:
Мысылы:
- есеп беретін жылғы шаруашылық субьектісінің шеккен қорытынды зиянның сомасына:
Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,
К – т: «Жинақтық кіріс(зиян)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- ұйым өзінің кіріс есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:
Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,
К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе «Басқадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі, түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлекен сомасына:
Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,
К – т: «Артықшылығы бар акциялар бойнша есеп айырысу»,
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванс» және тағы да басқа щоттарының тиісті түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлерге (серіктестерге, қатысушыларға) девиденттерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:
Д – т: «Есепті жылдың бөліндеген кірісі (жабылмаған зиян)» шоты,
К – т: «Өткен жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандайда бір кәсіпорынның құрылғаннан бастап жұмаслмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысынада белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.