Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 16:24, реферат

Описание

Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат.
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;

Работа состоит из  1 файл

касипкерлик кукыкWord.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

    Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ –  түрік университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
 
 
 

     Тақырыбы:  Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат.  
 
 

 
 

                  Қабылдаған: К.Хасанова  

                     Орындаған: Ж.Алтынбекова 

                     Тобы: СЕА-112до 

    Түркістан

     Мәміленің ұғымы, нысандары  және түрлері, олардың  жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат. 

      Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:

      1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек  немесе ниет) білдіруі;

      2) рұқсат етілген ерік білдіру,  яғни құқыққа сәйкес әрекет;

      3) қандай да бір занды құқық  жасауға бағытталған (азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы);

      4) мәміле әрқашанда құқықтық салдарды  туғызады.

      Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай немесе нотариаддық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.

      Мәмілеге  қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің  еркін ауызша айтқан болса, онда бұл  ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чекі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.

      Конклюденттік әрекет (латынша соnkludere — жасау) — сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін біддіреді.

      Үндемей қалу зандарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып таньіла-ды (АК-тің 151-бабының 4-тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.

      Азаматтық кодестің 152-бабынасәйкес мәміленің  жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді  жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.

      Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға  мән бергенін айта кету керек. Азаматтық  кодекстің 152-бабынасәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі қүқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрдежасалған  мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.

      Мәміле  жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға  жол беріледі, мұның өзі заңға  немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.

      Зандармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары кезде-луге тиіс.

      Екі жақты мәмілелер әрқайсысына  өзін жасаған тараптар қол қойған қүжаттарды алмасу арқылы жасауы мүмкін.

      Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді және олардың  ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын  өзге де қүжаттар алмасу, егер зандармен  немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

      Егер  азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыз-дығы салдарынан өзі қол  қоя алмаса, оның отініші бойынша  мәмілеге басқа азамат қол қоя  алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше козделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

      Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған  тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын қүжат талап етуге қүқылы.

      Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай қүқығы бар (АК-тің 152-бабы).

      Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен  белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куә-ландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мүндай та-лапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабьшың 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

      Азаматтықкодекстің 155- бабынасәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бүзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардын, бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға қүқылы. Бүл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап ету-ге құқылы.

      Мәмілелердің  түрлері. Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) бір жақты және екі немесе  коп жақты (шарттар);

      2) ақылы және ақысыз;

      3) нақты және консенсуалды;

      4) казуалды және абстрактылы; 

      5) шартпен жасалған;

      6) биржалық.

      Біржақты  мәміле дегеніміз, зандарға немесе тараптардын келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағүрлым жиі кездесетін түрі — өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азамат-тық айналым кебінесе өзара мәмілелерден қүралады. Щарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (коп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

      Тарап ез міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, акдіаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені үсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

      Консенсуалды  мәмілелер (латынша сопсепзш — келісім) — келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша геs — зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

      Мәмілелерді азамат құқыктану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай қүқықтық негіз бен қүқықтық мақсатты (саusа) еншілейді. Бірақ та бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (аbstrahere — қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру).

      Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір  нәрсеге тәуелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіпқойса, мәміле кейінге қал-дырылатын шартпен жасалды деп есептеледі (АК-тің 150-бабы, 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 150-бабының 2-тармағына сәйкес, егер тараптар қүқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.

      Егер  шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.

      Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаз-дар мен басқа мүлікке қатысты қүқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы зандар-да және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.

      Биржалық  мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа  төрелігіндеқаралады, оныңшешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.  

      Мәміленің жарамдылық шарттары

      Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына  сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды  болуы шарттарына жататындар: мазмұны  заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген қүқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық қүқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып, табылады (АК-тің 18-бабы).

      Мәміле  ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы  және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.

      Мәміленің жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі  керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.

      Мәміле  оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі не-месе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК-тің 154-бабы) ментіркеуді (АК-тің 155-бабы) айтуға болады.  

      Жарамсыз  мәмілелер

      Жарамсыз  мәміленің угымы. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: "мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талап-тар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".

      Жарамсыз  мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқық теория-сында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

      а) субъект қүрамының ақауы болатын  мәміле;

      ә) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;

      б) нысанның ақауы бар мәміле;

      в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық  кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы  норма бар (АК-тің 158-бабы).

      Субъектілік құрамының ақауы  бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды тұлғалардың арнайы қүқық қабілеттілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.

      Қатысушылардың  жасы мен психикалық жағдайынан туындаған  әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына  басты негіз болып есептеледі.

      Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:

      а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген  мәмілелерді қоспағанда, он терт жасқа  толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);

      ә) он терт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойьшша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);

б)     есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп табылған азамат жасасқан мәміле (АК-тің 26-бабы), егер мәмілені жасау кезінің өзінде-ақ бұл азаматтьщ психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 5-тармағы);

в)     сот әрекет қабілеттілігін шектеген адам жасасқан мәмілені сот оның қамқоршысының талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 6-тармағы);

Информация о работе Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат