Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 16:24, реферат

Описание

Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат.
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен занды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;

Работа состоит из  1 файл

касипкерлик кукыкWord.doc

— 106.50 Кб (Скачать документ)

г)     әрекет қабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде өз әрекетінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 154-бабының 7-тармағы).

      Жоғарыда  аталған мәмілелер бойынша әрекет қабілеттілігі бар тарап жарамсыз мәміленің Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-6-тармақтарында көзделген салдармен  қоса, екінші тараптың залалын оның пайдасына өндіріп беруі мүмкін. Мүндай міндет әрекет қабілеттілігі бар жаққа, егер ол екінші жақтың әрекет қабілеттілігі жоқ екендігін білсе, не білуге тиісті болса ғана жүктеледі.

      Азаматтық кодекстің 159-бабында занды түлғалардың  жарамсыз мәмілесін сотпен жарамсыз дептануға мынадай негіздер қарастырылған:

      а) заңды тұлғаның заң актілерінде  немесе қүрылтай қүжаттарында нақты  шектелген қызмет мақсаттары-на қайшы  келетін етіп не оның органының жарғылық құзыретін бүза отырып жасаған мәміле жасауы;

      ә) қажетті лицензия алмай не лицензияның  қолданылу күшінің біткеннен кейін жа-салған мәміле;

      б) теріс пиғылдағы бәсеке мақсатын коздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бүзған мәміле.

      Ерікті  ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді:

      1) мәміле жасауға іштей келіспей  жасалған мәміле;

      2) ішкі еріктің дұрыс қалыптаспауы салдарынан жасалған мәміле.

      Бірінші топқа бір тараптың екіншісін  алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен, бір  тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдык ниетте келісуі нәтижесінде жасаған  мәмілелер жатады (АК-тің 159-бабының 9,10- тармақтары).

      Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының себебі мәмілені жасауда сол тұлғаның еркі болмайды, әрі ерік білдіруді мәмілеге қатысушының еркі емес, әлде біреудің ықпалымен болған ерік болып табылады.

      Зорлап  мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп оның өзіне, не жақындарына күш қолдану (ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатыстырмау, бостандығын шектеу және т.б.) немесе жан-дүниесін жаралап мәміле жасауға көндіру болып табылады. Зорлық заңсыз әрекет болғанымен, кейбір жағдайда оны жасаушыны қылмыстық жазаға тарту міндет емес.

      Қорқыту - тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда онын, өзіне немесе жақын адамдарына дене жарақатын салумен немесе моральдық зиян келтіретіндігін ескертіп, қоқан-лоққы жасау. Қорқыту зорлықтан мынадай белгілер бойынша ерекшеленеді:

      а) қорқыту - зиян келтірмекші болғанымен әлі жүзеге аса қой-маған әрекет;

      ә) қорқыту құқыққа сай келетін  уәдемен (мысалы, мүлікке тьійым салуды қолданамын, жасаған қылмысын хабарлаймын  деген тәрізді) көрінуі мүмкін, сондай-ақ қүқыққа сай емес әрекетпен (мүлікті жою, адамның өмірі мен денсау-лығына зиян келтіру) жасалады.

      Қорқытудың  салдарынан мәмілені жарамсыз деп тану үшін қорқыту құр сөзбен емес, шын  мәнінде болуы керек. Аталған  жағдайлардың бәрі сот істі қарағанда  есепке алынады.

      Бір тараптың екіншісімен зұлымдық ниетте келісімге келуі ерік білдіруде айтқанға көне салмаушылықтан туындайды. "Зұлымдық ниеттегі" мәмілеге мынадай мысал келтіруге болады, саяжайды сатушы сатып алушының өкіліне саяжайдың болашақ иесіне саяжайға байланысты кемшілікті айтып коймауын өтініп, келісімге келеді.

      Алдау арқылы және жаңылысу немесе кіріптарлықпен жа-салатын мәмілелермен келісушілергетән нәрсе (АК-тің 159-бабының 8,9-тармақтары), жеме-жемгекелгенде жағдайдын шы-лауында  кетіп, өзіндік бағытынан айрылып  қалуы дер едік. Алдау дегеніміз мәмілеге қатысушыны көрер көзге адастырып, қатысушы жақтың бірі екінші жаққа мәміленің тиімділігін асыра мақтап немесе тиімсіз жағын бүгіп қалып (мәселен, сатылғалы тұрған заттың кемшілігін жасыру немесе сатылмақ үйдің көшесінде трамвай жолы салынғалы жатыр деп) мәміле жағдайлары жөнінде жалған айтса, міне, бүл алдау болады.

      Аддаудың  жаңылысудан айырмасына келетін  болсақ, алдауда мәміле туралы теріс  ұғым саналы түрде болады.

      Азаматтық кодекстің 159-бабының 8-тармағына сәйкес елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәміленің табиғатына, ұқсастығына немесе оның өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтар-лықтай төмендететін мәнінің сапасына қатысты жаңылысудың елеулі мәні болады. Дәлелдердегі жаңылысу кейінге қалдыру немесе күшін жою шарты ретінде, мәміленің мазмүнына осындай дәлелді енгізген кезде ғана мәміле жарамсыздығының негізі бола алады (АК-тің 150-бабы). Егер жаңылысу мәмілеге қаты-сушының өрескел бейқамдығының салдарынан болса не оны кәсіпкерлік тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмілеге қатысушы екінші жақтың мүдделерін ескере отырып, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

      Жарамсыз  мәміленің тағы бір түрі кіріптарлық мәміле (АК-тің 159-бабының 9- тармағы). Кіріптарлық мәміленің үш белгісі болады: а) мүлде тиімсіз ауыр мән-жайларда жасалуы; ә) өзі үшін тиімсіз ауыр мөн-жайлардың орын алуы салдары¬нан жасалуы; б) мәжбүрлік, яғни түлғаның еркінен тыс жаса¬луы. Мүндайда сот жәбірленушінің талабы бойынша ондай мәмілені жарамсыз деп тануы мүмкін.

      Жарамсыз  мәміленің келесі түрі нысанының  ақауы бар мәмілелер. Азаматтық  кодекстің 153-бабына орай мәміленің  жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмүнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау қүқығынан айырады. Алайда, тараптар мәміленің жасалғанын, мазмүнын немесе орындалғанын жазбаша немесе езге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқьілы.

      Азаматтықкодекстің 153-бабының 2-тармағьшда заң құжат-тарында  немесе тараптардың келісімінде  тікелей көрсетілген реттерде мәміленің  жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтыратыны көрсетілген. Егер мәміленің жай жазба түрі сақталмаса сыртқы экономикалық мәміле (АК-тің 153-бабының 3-тармағы), айып телеу келісімі (294-бап), кепілдік немесе кепіл болушылық шарты (331-баптың 2-тармағы), кепіл туралы шарт (307-баптың 2 және 3-тармақтары) жарамсыз болъшқалатыны Азаматтық кодексте анық айтылған.

      Азаматтық кодекстің 154-бабына сәйкес мәміле нотариатпен  куәландыру тәртібін сақтамай жасалса, онда жарамсыз деп есептеледі. Дейтұрғанмен мұндай мәмілелердің бәрін бірдей заң жарамсыз дей бермейді. Айталық, нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілені тараптар немесе тараптардың бірі іс жүзінде орындаған болса, ол өзінің мазмұны жағынан зандарға қайшы келмесе және үшінші жақтардың құқықтарын бұзба-са, сот мүдделі тараптың арызы бойынша мәмілені жарамды деп тануға құқылы. Бұл ретте мәмілені кейіннен нотариаттың куәландыруы талап етілмейді.

      Енді  мазмұнында ақауы бар мәмілеге келейік, мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне не адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 158-бабы). Демек зандарға оның немесе басқа да құқықтық құжаттарға сәйкес келмеуі белгіленген талаптарды бұзу деп есептеледі. Бұл орайда азаматтық құқық пен міндет заңға сәйкес жасалған мәміледен ғана туындап қоймайды, сонымен бірге занда қаралмаған, бірақ оған қайшы келмейтін мәмілелерде туындайтындығын есепке алу қажет. Ал мазмұны заңға қайшы мәміленің екі түрі болады: а) құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке корінеу қайшы келетін мәміле (АК-тің 158-бабы), ә) сондай-ақ жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелер (АК-тің 160-бабы). Мұндай мәмілелерге мемлекеттің белгілі бір қызмет түріне монополиялыққұқықты бұзатын, азаматтар-дың құқық қабілеттілігін шектейтін немесе мүліктің жекелеген түріне меншік қүқығын шектейтін мәмілелер жатады.

      Азаматтық кодекстің 160-бабында жалған немесе қулықпен жасалған мәмілелердің қандай болатыны келтірілген. Сондықтан да зандық салдар туғызу ниетін көздемей, тек кез алдау үшін ғана жасалған жалған мәміле жарамсыз болады. Азаматтық кодекстің аталған бабының 2-тармағына сәйкес егер мәміле екінші бір мәмілені (қулықпен) бүркемелеу мақсатымен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелердіқодданады. Мысалы, автомашинаны сату-сатып алу мәмілесін әлгі көлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе "сенімхат беру" жолымен рәсімдеу мейлінше кеңінен тараған.

      Мәмілелердің  жарамсыздығының салдары Азаматтық  кодекстің 157-бабында қарастырылған. Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда оның құнын ақшалай өтеуге міндетті. Мүндай жақтардың қайтаруы бастапқы ережеде екі жақты реституция деп аталады.

      Егер  мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге жатады. Мұндай мәмілёні бір тарап орындаған ретте, екінші тарап-тан алғандардың бәрі және одан мәміле бойынша бірінші тарапқа тиесілінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер тараптардың ешқайсысы да орындауға кіріспеген болса, мәміледе орындалуы көзделгеннің бәрі тәркіленуі тиіс.

      Қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы  ниет тарап-тардың бірінде ғана болған жағдайда оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуы тиіс, а л соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс.

      Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы  баптың 4 және 5 тармақтарындағы козделген салдарды, жарамсыз мәміле бойынша алынған, не альшуға тиісті мүлікті тәркілеуге қатысты бөлігінде ішінара не толық қолданбауға құқылы. Бұл болікте осы баптың 3-тармағында көзделген салдар басталады.

      Сотқа әрекетті жасаған кінәлі жақтардан  залалды өндіріп алу құқығы берілген, нәтижесінде мәміленің жарамсыздығы залал керген келесі жақтың пайдасына шешіледі.

      Азаматтық кодекстің 161-бабында мәміленің бір  болігінің жарамсыздығы белгіленеді. Сонымен қатар мәміленің бір  бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

      Мәмілені  жарамсыз деп тану кезіндегі талап  қою мерзімі іс жүзінде маңызға  ие. Азаматтық кодекстің 162-бабы 159-баптьң 9 және 10-тармақтарында көзделген  негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша заң-ды талап мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бас-тал не талап қоюшы мөмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады. Бүдан басқа жағдайда мәміленің жарамсыздығына жалпы үш жылдық занды талап мерзімі қолданылады.  

      өкілдік

      өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (екілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. өкіддік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді, және тоқтатады.

      өкілеттік өкілдің (бөлшек саудажүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабы).

      өкіддік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше  рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс  істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра  алатын мамандарды тартуға қолайлы  келеді.

      Іс-әрекеттердің бәрін екіларқылы істеугебола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Зандылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі занда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиетқалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға әсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді (АК-тің 163- бабының 5-тармағы).

      өкілдік институтының мазмұны субъектілер  құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол оз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің  сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан - өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. өкілдік беруші екілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе екіл өзінің қызметтерін заңнүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана екілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін қүқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құшқтың кез келген субъектілері, қүқық қабілет-тілігібар немесе жоқадамда, занды түлға да өкілдік беруші бола алады.

      Ал  азаматтық қүқық субъектілерінің бәрі бірдей окіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі баркезкелген тұлға, яғни азаматтар мензанды түлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толық-тай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған қүқық қабілеттілікке қайшыкелмеуі тиіс.

      Үшінші  жақ — азамат немесе занды тұлға. өкілдің оны-менәрекетке түсуінәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық  құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

      өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік  беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұвдайөкілеттікболмағанжәне екілдік  қатынасын асыра пайдаланғанда  екішпі жақтың өкіддік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі екілдік беруші осы мәмілені кейіннен ма-құлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық қүкықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен мақүлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

Информация о работе Мәміленің ұғымы, нысандары және түрлері, олардың жарамдылығының жағдайлары. өкілдік және сенімхат