Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:14, реферат
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Кемелімізге келіп, етек-жеңімізді жинаған мына нұрлы таңда білегі күшті, жүрегі отты жастардың сенделіп, көше таптап бос жүргені естінің жанына тыныштық бермесі анық. Қолында табақтай бір емес, тіпті бірнеше дипломын көтеріп, күн көріс үшін көрінгенге жалданып, жаутаңдап жүргендер де жетерлік. Білім аға, көкесі мен қалтасы қалыңдардың қалтарысында қалып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды.