Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:14, реферат
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Кемелімізге келіп, етек-жеңімізді жинаған мына нұрлы таңда білегі күшті, жүрегі отты жастардың сенделіп, көше таптап бос жүргені естінің жанына тыныштық бермесі анық. Қолында табақтай бір емес, тіпті бірнеше дипломын көтеріп, күн көріс үшін көрінгенге жалданып, жаутаңдап жүргендер де жетерлік. Білім аға, көкесі мен қалтасы қалыңдардың қалтарысында қалып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды.
Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып отыр.
Кемелімізге келіп, етек-жеңімізді жинаған мына нұрлы таңда білегі күшті, жүрегі отты жастардың сенделіп, көше таптап бос жүргені естінің жанына тыныштық бермесі анық. Қолында табақтай бір емес, тіпті бірнеше дипломын көтеріп, күн көріс үшін көрінгенге жалданып, жаутаңдап жүргендер де жетерлік. Білім аға, көкесі мен қалтасы қалыңдардың қалтарысында қалып жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды.
Бүгінгі таңда көп жастың жұмыссыз
жүруінің себебін іздесең таппайсың.
Бұл тек қазақ елінде ғана етек
алған мәселе емес, жаһанды да жаулаған
өзекті проблемалардың біріне айналғалы
қашан? «Техника мамандары жетіспейді»
деп жар салып, шетелден маман
алдырып, оған жалақысын бізден бірнеше
есе артық төлеп жатқан жайды
көріп ішің удай ашиды. Техника саласы
бойынша мамандар бізде де жеткілікті.
Сонда өз өрендерімізге деген
сенімнің жоқ болғаны ма, әлде, шынымен
де бізде даярланған мамандар еңбекке
жарамсыз ба? Енді ғана оқу бітіріп,
дипломын қолына алып, қуанышы қойнына
сыймай: «Маман болдым, жарадым, енді еңбек
етем», - деп есік қаққандарға «Іс-тәжірибеңіз
жоқ, өкінішке орай сізді жұмысқа
ала алмаймыз»,- деген сөзді естігенде,
бар қуаныш пен ұмтылысы сейіліп,
төбесінен жай түскендей
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген ұлағатты сөзді зердесіне тоқыған жас, екі қолға бір күректі даладан болса да тапқанына арланбай, дипломды сандыққа басып: «Саған да рахмет! Қазақ еншісіне маман болу емес, мал бағу біткен екен» деп, ашына дәстүрлі кәсіпке бет бұрғандардың да қарасы күн санап артуда.
Мемлекеттік социализм кезіндегі үгіттік әдебиетте, нарық және капитализм жұмыссыздықты тудырады деп, ал социолизм жұмыспен қамтиды және тіпті жұмысшы күшінің дефицитін тудырады деп айтылған.
Экономикалық теорияда еңбек нарығындағы экономикалық тұрақсыздықтың ақиқат бейнесін айтып бере алатын 2 көрсеткішті қорлданады. Бұл жұмыссыздық деңгейі және оның орташа ұзақтығы.
Анықтама
бойынша жұмыссыздық – халықтың
активті бөлігінің жасауға
Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан,адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Жұмыссыздықтың келесі түрлері бар:
•Фрикционды
•Структуралық
•Циклдық
•Сезондық
•Аймақтық
Фрикционды жұмыссыздық.
Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа
ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада
тұрақты түрде болады. Бұл жұмыссыздықты
ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс
берудің структурасы жақсарту арқылы
жетуге болады.
Структуралық жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен еңдіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.
Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады.Өйткені еңбек ресурстары өте көп.1
Жұмысқа тартылғандар (Е) мен жұмыссыздар (U) қосындысы елдің жұмыс күшін көрсетеді (L) :
L=E+U
Жұмыссыздық деңгейі (u) жұмыссыздыр мөлшерінің (U) жұмысшы күшін (L) көрсетуші адамдар қатынасымен есептеледі, ол пайыздық түрде сипатталады:
u=(U/L)*100% 2
Көптеген экономикалық мектепте жұмыссыздықтың себептерінің талдауын береді.Соның маңыздыларын атап өтейік:
Жұмыссыздықтың алғашқы ұғымдарының бірі ағылшын экономисі Т.Мальтустың «Халық санының заңы туралы тәжірибе» еңбегінде берілген. Мальтус жұмыссыздықты демографиялық себептер тудырады деп атап өткен. Соның нәтижесінде халық санының өсу темпі өндірістің өсу темпінен асып кетеді.
Маркстік әдебиетте Т.Мальтустың еңбегін «Тұрпайы» және жалған ретінде көрсетудің тұрақты дәстүрі қалыптасқан.
Жұмыссыздық - нарықтық экономиканың әрдайымғы серігі, ол қоғам үшін нақты шығындармен байланысты. Сондықтан да қоғам бұл үшін шығындарды азайтуы қажет. Ең алдымен, амалсыз жұмыссыздық кезеңінде, тұрғындардың жұмыссыз тобы қалайда өмір сүретіндей жағдай жасау керек.3
Жалпы халықтың тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының басты факторларының немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні еңбек рыногында жұмыссыздық ең ірі өткір мәселе.
1999 жылы
экономикалық белсенді
2005 жылдың
1 қаңтарында ресми тіркелген
жұмыссыздық деңгейі
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.4
Соңғы онжылдықтар беделінде Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2 еседен астамға төмендеді. Егер 2000 жылы республикадағы жұмыссыздық деңгейі 12,8 % құраса, 2011 жылы ол 5,4 %-ға, яғни 2,4 есеге азайды.5
2011 жылдың соңында Қазақстан
Республикасы Еңбек және
ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2011 жылы ҚР-да жұмыссыз тұрғындардың жалпы саны тұтастай 473,0 мың адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,6 мың адамға (4,7%-ға) аз.
Жұмыссыздар деңгейі – 5,4% ( 2010жылы – 5,8%). Жұмыссыз ер адамдардың үлесі 43,3%, әйелдердің үлесі– 56,7%. Өткен жылы жұмыссыз жастардың (15-24 жастағы) жалпы саны 12,2%-ды, немесе 57,9 мың адамды құраған болатын. 6
ҚР Статистика агенттігі хабарлағандай, 2012 жылдың сәуір айындағы анықтамалық тексерістер нәтижесі бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 475 мыңға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 5,3 %-ы құраған.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту орталықтарына сәуір айының соңына дейін 68,1 мың адам тіркеуге тұрған. Жалпы экономикалық үрдістерге қабілетті халықтың 0,8 %-ын жұмыссыздар құрап отыр, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға жоғары болып есептеледі.
Ведомстваның бағалауынша, осы жылдың сәуір айындағы зерттеулер кезінде өздерінің жұмыс істейтіндіктерін жасырып, жалған түрде тіркелетін жұмыссыздар қатары да анықталды және олардың көлемі 0,4 %-ы құрапты.
Жалпы 8,5 млн адам жұмыссыз. Бұл өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда 290,1 мың адамға артық.
Енді табыс табу жағына келер болсақ, үстіміздегі жылы Қазақстандағы жұмыскерлердің орташа айлығы 100 584 теңгені көрсеткен. Ал қай мамандықпен қомақты ақша табуға болады дегенге тоқталсақ, ең жоғары айлық-жалақы тау-кен өндірісі саласында болып шықты. Ондағылардың айлық табысы 209 000 мың теңге екен. Сонымен қатар, жоғары жалақы төленетін салаларға ғылым мен техника мамандықтары да жатқызылған.
Ал керісінше ауылшаруашылығы, орман, балық шаруашылығы мамандары мардымсыз айлыққа жұмыс істеп келеді. Айлықтары 42 500 теңге көлемінен әрі аспайтын көрінеді.
Агенттіктің айтуына сүйенсек, Маңғыстау облысы ең жоғары жалақы алатын аймақ болып саналады. Мұндағы айлық көрсеткіш 196,1 мың теңгеге жеткен яғни республикамыздағы орташа көрсеткіштен 1,9 есе жоғары дегенге саяды. Ал Солтүстік Қазақстанда жалақы көрсеткіші 66 000 мың теңгеге жетіп жығылады. Бұл елдегі орташа деңгейлік көрсеткіштен 34,4%-ға төмен.7
Қазақстанда
2012 жылғы тамызда жұмыссыздық
деңгейі 5,2%-ды құрады, деп санайды
республиканың статистика жөніндегі
агенттігі.
«2012 жылғы тамызда жұмыссыздар саны, бағалау
бойынша, 467,8 мың
адамды,
жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады. Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен
қамту органдарында 2012 жылғы тамыз
айының соңына 61,5 мың адам («Жұмыспен
қамту бағдарламасы-2020»
Республика экономикасында 2012 жылғы тамызда (бағалау бойынша) 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 142,0 мың адамға немесе 1,7%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,1%) құрады.8
2012 жылғы 1 тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздар (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеп және оған кірісуге дайын 15 және одан жоғары жастағы тұлғалар) саны 2012 жылғы 1 тоқсанда 18,4 мың адамды құрап, өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2,8 мың адамға кеміді. Жұмыссыздық деңгейі 5,4% болып қалыптасты (2011 жылғы 1 тоқсанда 5,6%).
Үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 35,5%-ды, әйелдердің үлесі – 64,5%-ды құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 11,9 мың адамды құрады, ол жұмыссыз еркектерден 5,3 мың адамға (81,8%) артық.
2012 жылғы 1-ші тоқсанда жалпы
жұмыссыздар санындағы
Кез келген мемлекеттің экономикалық даму дәрежесін және әлеуметтік әлеуетін айқындайтын басты көрсеткіш сол ел халқының тұрақты да сапалы жұмыспен қамтылу деңгейі болатындығы белгілі. Мұхиттың арғы жағынан басталған 2007-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы төрт құрлықты түгел қамтып, әлемдік экономиканың дамуын тоқыратты. АҚШ-тың ипотекалық қаржы дағдарысы ақыры жаһандық экономикалық дағдарысқа жалғасып, әсіресе Еуроодақтың дамыған елдерінің жағдайын күрт әлсіретті. Соңғы екі жыл көлемінде кәрі құрлықтың бірқатар дамыған экономикалары рецессияға ұшырады. Грекия, Португалия, Испания, Исландия, тіпті Еуроодақтағы үшінші ауқымды экономика болып саналатын Италия дағдарыстан есеңгіреп, халықтың әлеуметтік жетістіктерін шөміштен қыса бастады. Әсіресе, бұл елдерде жұмыссыздық күрт көбейіп, халықты көшеге шығуға мәжбүр етті. Еуроодақтың кейбір елдерінде жұмыссыздық саны 25 пайыздан асса, бұл елдердегі жастар арасындағы жұмыссыздық 50 пайыз деңгейге дейін жеткен. Күнделікті күнкөріс көзінен айырылып, жұмыссыз қалған еуропалық жастардың болашағы бұлыңғырланып, әртүрлі әлеуметтік сілкіністер орын алуда.
Қазақстандағы жағдай мүлде басқа. Жаһанды жайлаған дағдарыстың алғашқы кезеңінде-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке шұғыл тапсырмалар беріп, еліміздің қаржы-экономикалық дағдарысқа қарсы қолданатын шараларының іс-қимыл бағдарламасын белгіледі. Елбасы әлемдік дағдарыстың алғашқы салқыны Қазақстанға жете бастаған сонау 2008-2009 жылдары дағдарысқа қарсы іс-қимыл шараларының ең басты да жауапты бағыты қазақстандықтардың арасында жұмыссыздыққа жол бермеу екендігін атап көрсетіп, барлық өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға барынша басымдық беруді күн тәртібінің ең басты міндетіне қойды.
Сөйтіп, 2009-2010 жылдары Қазақстан Үкіметі жұмыспен қамтудың «Жол картасын» белгілеп, жүзеге асыра бастады. Бұл шараның басты мақсаты дағдарыс жағдайында тұрғындарды қысқа мерзімді жұмыспен қамту шараларын жасау болып табылады. Бұл шараны іс жүзіне асыру үшін 2009-2010 жылдары мемлекет тарапынан 342 миллиард теңге қаржы бөлінді. Осының арқасында 2 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын, автокөлік жолдарын, әлеуметтік нысандарды жөндеу және ауылдық елді мекендерді абаттандыру шараларын жүргізу мақсатында 8871 жоба белгіленіп, 392 мың жұмыс орны ашылды.
Жұмыспен қамтудың «Жол картасы» аясында 150 мың адам кәсіби қайта даярлықтан өтті және кәсіби біліктілігін арттырды. Ал 200 мың адам, оның ішінде, жастар мемлекет тарапынан субсидия бөлу нәтижесінде ашылған әлеуметтік жұмыс орны және жастар тәжірибесі негізіндегі уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. «Жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылған шаралар еліміздің тұрғындары арасында жұмыссыздықты тұрақтандыруға және жалпы еңбек рыногындағы ахуалды оңтайландыруға жағдай жасады.
Осының нәтижесінде Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2009 жылы еліміздегі жұмыссыздар саны 558 мың адам немесе экономикалық белсенді тұрғындар санының 6,6 пайызын құрады. 2010 жылдың ІІІ тоқсанында еліміздегі жұмыссыздар саны 481,7 мың адамға немесе 5,6 пайызға қысқарды. «Жол картасы» аясында жүзеге асырылған шаралар арқасында жұмыссыздар саны 76,1 мың адамға қысқарды. Сөйтіп, дағдарысқа қарсы іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған жұмыстар еліміздің экономикасын қалпына келтіру және одан әрі дамыту, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелерін жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Елбасы тапсырмасын алысымен Үкімет дереу іске кірісті. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырылды. 2011 жылы аталған бағдарламаға қатысуға 84 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Осылардың ішінде 58,6 мың адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалған. 37,5 мың адам жаңа жұмыстарға орналастырылған. Әлеуметтік келісім-шартқа қол қойған адамдардың 60 пайыздан астамы жұмыссыз, 36 пайызы өз бетінше жұмыспен айналысушы, 5 пайызы аз қамтамасыз етілгендер. Бағдарламаға қатысушылардың ішінде 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі шамамен 60 пайызды, әйелдердің үлесі 48 пайызды құраған.