Несиенің мәні және қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 17:13, курсовая работа

Описание

Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолғаөтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Содержание

1 Несие мәні және қажеттігі
2 Несиенің қызметтері
3 Несие нысандары, олардың жіктелуі
4 Ссудалық пайыз
5 Тұтыну несиесі
6 Ипотекалық несие
7 Ипотекалық несиелеудің шетелдік үлгілері
8 Пайдаланылған әдебиет

Работа состоит из  1 файл

Несиенің мәні және қызметтері.doc

— 134.50 Кб (Скачать документ)

 

Мұндай шектеулілік  алдындағы қарастырылған үлгілермен салыстырғанда басты кемшілік болып  табылады. Өйткені, бұл үлгі нақты  қарыз алушының жылжымайтын мүлікті  сатып алудағы мүмкіндігін кешеуілдетеді.

 

Бірақта, бұл балансталған автономиялық үлгінің өзіндік артықшылығы  да бар, яғни бұл үлгі өзінін. автономиялылық күшіне байланыстыжалпы қаржы-несие  нарығының жағдайына тәуелсіз. Балансталған автономиялы үлгінің іске асырылуы барысында ипотекалық банк үшін қай жерден және қандай бағада несиелік ресурс табу сұрағы мазаламайды, банкке тек өзінің көрсететін қызметі үшін акыл-ойға сыйымды маржаны белгілеуі ғана қажет.

 

Құрылыс қаражаттары  салымы бойынша табыс мөлшері  және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз мелшері еркін жағдайда белгіленеді. Банк мақсаты жинақтарға табыс төлемей-ақ сол төленетін табыс мөлшерінде несиенің бағасын қысқарта белгілеуіне болады. Мысалға айталық жинақтарға төленетін табыс 10%, ал несиеге қойылатын пайыз мөлшері 13% десек, онда банк жинаққа төленетін табысты несие бағасынан шегеру арқылы маржаны 3% деп хабарлауы мүмкін.

 

Демек, бұл үлгі қарызға  алатын ақшалардың нарықтык бағасына да, сол сияқты бұл бағанын, жалпы  деңгейіне тәуелсіз болып табылады. Балансталған автономиялық үлгінің бұл сапасы экономикасы тұрақсыз елдерде ипотекалық несиелеудін, дамуы үшін аса маңызды.

 

Бірақ та, бұл жерде  барлык өзара есеп айырысулар еркін  аумастырылатын валютада жүргізілгенді  қалайды. Сондай-ақаталған үлгінің  тағы да бір артықшылығы, мұнда несие беруші несиенің кайтарылуында ең төменгі тәуекелге барады.

 

Қазіргі кезде Германияда бұл үлгі іс жүзінде кецінен қолданылуда. Мұнда қорлану (құрылыс қаражаттары) тетіктерімен нақты азаматтарды  несиелеу тетігіндегі сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға мақсатты қаражат жинақтау және пайдаланумен байланысты болатын азаматтардың бастамасына қаржылық колдау көрсетуге байланысты мемлекеттік тетіктердегі сәйкестіктерді ескеретін, барлық елді қамтыған «құрылыс жинақтарының жүйесі» құрылған.

 

Германияның кұрылыс қаражаттарын жинақтау үлгісі

 

Бірінші кезенде мақсатты салымдар есебінен жинақталған қаржылық ресурстарды  банк бұл осы жүйемен ертерек  қатынас орнатып, несие алу кезеңіне өткендерге, яғни ссуда сұрап отырған  клиенттер үшін пайдаланады. Басқаша  айтқанда, Германияның құрылыс қаражаттарын жинақтау үлгісі жылжымайтын мүліктердің салынған мүлік туралы актілермен қамтамасыз етіліп шығарылатын бағалы қағаздардың екінші нарығымен байланыспайды және оған тәуелді емес.

 

Германияның құрылыс қаражаттары  жүйесінің ең басты бір артықшылығы — оның шегінде пайдаланылатын мақсаты құрылыс қаражаттарына, берілетін несиеге байланысты есептелетін пайыз мөлшері автономиялық болғандықтан да, несие-қаржы нарығының жалпы жағдайынан тәуелсіз болып табылады. Бұл сызбаның басты сипаты оның шектеулігін көрсетеді, яғни несиенің берілу көзі ретінде құрылыс қаражаттарын жинақтау келісімшартына қатынасушы-салым иелерімен жинақталатын қаражаттардың қолданылуынан байқауға болады. Бұл жүйені пайдаланатын банктер мақсатты салымдар бойынша нарықтан төменгі жағдайда, пайыз төлеумен қатар, нарықтан төменгі жағдайда несиелер беру мүмкіндігі бар.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  АҚШ, Германия және Малайзия мелекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, жасалынған тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесі қызмет етуде.[1]

[өңдеу]

Пайдаланылған әдебиет

↑ Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулык. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7


Информация о работе Несиенің мәні және қызметтері