Өнімнің өзіндік құнын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 12:38, курсовая работа

Описание

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I БӨЛІМ

1. ӨНДІРІСТЕ ӨНІМГЕ БЕРІЛЕТІН ІШКІ ЕСЕПТІК БАҒА ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ БАҒАНЫ БОЛЖАУ....................................................................4

1.1 Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері .....................4

1.2 Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі) ......................................................8

1.3 Нарықтың тепе-теңдігі............................................................................14

1.4 Бағалардың мемлекеттік реттеуі............................................................18

1.5 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні............................21

ІІ БӨЛІМ

2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ..................................................26

2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы...........................................................................................26

2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау.............................................................31

2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі.......................36

ІІІ БӨЛІМ

3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ..........................38

3.1 Еңбек өнімділігін арттыру....................................................................38

3.2 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту................40

Қорытынды..........................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиттер................................................................................46

Работа состоит из  1 файл

1.docx

— 80.04 Кб (Скачать документ)

2)  жұмыста   кездесетін  тиімсіз  үзілістерді   азайту.  Жұмыс  уақытын   ұтымды,  үнемді  пайдалануға   техника   мен  технологияларды   жетілдіріп,  өндірісті,  еңбекті   ұйымдастыруды  жақсарту,  ал  екінші  әдіске - өндірістің  жоспардан   тыс  тоқтап  қалуын  қысқарту,  сөйтіп  үзілістерді   азайту

жолдарымен  қол  жеткізеді.

Еңбек  өнімділігінің  көрсеткіші  қызметкерлердің  материалдық  жағдайын  жақсартумен  тікелей  байланысты.  Еңбек  өнімділігі  арттқан  сайын  еңбекақы – оған  төленетін  ақы да  өсіп  отыруы  тиіс.  Жалақының  еңбек  өнімділігінің  өсу  қарқынан  кейін  қалуы  немесе  артып  кетуі  дұрыс  емес.  Бұл  қатынас  бұзылса,  ол  еңбек  өнімділігін  арттыруға  деген  материалдық  мүдделілікке  кері  әсер  етеді.

Осылайша,  өндірістің  шығындар  құрылымындағы  көп  бөлігін  еңбекақыға  шығындар  алады  (   Қазақстан  өнеркәсібінде  13 -14 % ,  дамыған  елдерде – 20 -25 % ). Сондықтанда  шығарылатын  өнімге  еңбек  сыйымдылығын  азайту,  еңбек  өнімділігін  өсіру  мәселелерінде  өндірістің  әкімшілдік  қызметтігі  персоналдың  санын  азайту  орынды  болады.

Еңбек  өнімділігін  арттыру  оны  ұйымдастыруға  да  көп  көңіл  бөлу  қажет:  жұмыс  орындарын  дайындау,  оның  толықтай  жұмыс  жасауы,  еңбектің  арттыруға  басқада  әдістерді  қолдану.

Еңбек өнімділігін  арттыру  мақсатында  Кәсіпорындарда  жұмыс  күшінің  бәсеке  қабілеттілігін,  сапасын  жоғарылату  қажеттілігі  мына  факторлармен  анықталады: 

      • Өндірістік  ресурс  ретінде  персонал  құнының  өсуі;
      • Еңбекті  тиімді  қолдануды  және  ұйымдастыруды  жаңа  әдістерді  талап  ететін  бәсекелестер  тарапынын  қысым;
      • Өндірісті  басқаруда  және  ұйымдастыруда  жаңа  әдістерді  талап  ететін  технологиялық  өзгерістер;
      • Өз  жұмысшыларының  потенциалының  өсіміне  кәсіпорын  басшыларының  әлеуметтік  жауапкершілігі;
      • Автоматтандырылған  жүйелердің  енгізілуі  және  оларды  басқаратын  жұмысшылардың  квалификациялық  деңгейінің  сәйкестілікті  талап  ету;
      • Жұмысшылардың  интелектуалдық  дайындығын  арттырудың  қажеттілігі.
    1. Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындарды  азайту.

Өндіріс  процесінде  қолданылатын  шығындардың  мөлшерін  азайту  үшін  үнемі    экономикалық  талдау  жасау  қажеттілігі  туындайды. 

Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік  құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса  төмендейді.

Өнімнің  өзіндік  құнын  азатуды  қамтамасыз  ететін  жалпы  факторларға  мыналар  жатады:

      • Шикізат,  материал,  электроэнергия  және  жанармайды  экономдау;
      • өндірістің  негізгі  құралдарын  қолдануды  жақсарту;
      • ресурсүнемдеуші  жаңа  технологияларды  қолдану;
      • өнімді  өткізу  бойынша  шығындарды  азайту;
      • кәсіпорынның  тауар  саясатын  қайта  қарастыру;
      • жұмысын  тоқтату  және  ақаулардан  жоғалтуларды  азайту;
      • сатып  алынатын  материалдардың  оптимальды  көлемін  және  өндіріс  процесінде  өндірілетін  өнім  көлемінің  дұрыстығын  қадағалау  және  бақылау;
      • жалпы   заводтық  (жалпы  шаруашылық)   және  цехтық  шығындарды  азайту;

Шаруашылықты  жүргізудің   жаңа   жүйесі  үнем   тәртібін   қатаң  сақтап  өзіндік  құнды   төмендетуді   көздейді.  Өнімнің,  жұмыстың  өзіндік  құны  материал  мен   еңбек   ресурстарының    үнемделу, өндірістің    техникамен   жарақтану   дәрежесін,  сонымен   бірге   шаруашылық   есеп негіздерінің   сақталуын   көрсетеді.   Кәсіпорындардың    өзіндік құнына   өндірістен тыс   сатуға   жұмсалған   шығынды   қосып   өнімнің   толық    өзіндік   құнын   есептеп   шығарады. Толық   өзіндік   құн - өнімді    өндіруге   және    сатуға   кеткен   шығындар   жиынтығы, құнның   негізгі   бөлігі.

Өнекәсіптегі  өнімнің  өзіндік  құнын  талдау   тауарлы  өнімнің   1  теңгеге   шығынын   қысқартудан  басталады,   өйткені  ол  өзіндік  құнның  негізгі   көрсеткіші   болып   табылады.  Ол  өзіндік  құн  динамикасын   және  шығын  деңгейін  сипаттайды.  АҚ «Рахат»  тауарлы  өнімінің 1 теңгеге  шаққандағы  шығындар  динамикасы   1-таблицада  көрсетілген.

                    АҚ «Рахаттың» 1999 жылдың ақпан-желтоқсан   айларындағы 

тауарлы  өнімінің  1  теңгеге  шаққандағы  шығындарын  талдау.

 

қ/с

 

          Шығындар  бабы

1  теңгеге  шаққандағы  шығындар

Желтоқсан

Ақпан-желтоқсан

1995

1996

Ауытқу

1995

1996

Ауытқу

1     

Шикізат және негізгі материал

48,48

48,06

-0,42

61,5

49,07

-12,43

2

Көмекші материалдар

4,37

  3,94

   -0,43

4,14

5,33

   1,19

3

Отын

7,62

  2,74

   -4,88

5,78

4,71

-1,07

4

Электр энергиясы

0,45

  0,61

    0,16

1,2

0,95

-0,25

5

Айлық еңбек ақы негізгі

2,1

  3,83

    1,73

6,01

6,0

-0,01

6

Айлық еңбек ақы қосымша

1,87

4,3

2,43

0,06

1,35

1,29

7

ЕА-ға  есептеулер

1,97

1,41

-0,56

2,2

2,22

0,02

8

Құрал-жабдықты пайдалану

-23,44

4,82

28,26

26,21

9,22

-16,99

9

Цехтық  шығындар

4,58

7,2

2,62

16,48

14,08

-2,4

10

Жалпы  заводық  шығындар

8,03

4,71

-3,32

23,81

14,23

-9,58

11

ФЗС

56,01

81,62

25,61

147,38

107,18

-40,2

12

Өндірістік емес шығындар

1,16

3,06

1,9

4,31

5,31

1

13

Толық  өзіндік құн

57,17

84,68

27,51

151,69

112,49

-39,2

14

1 теңгеге  шаққ. ТӨ-ге шығын

57,17

84,68

27,51

151,69

112,49

-39,2

15

Үстеме(накладной)шығ. м, тг

-9,68

19,79

29,47

70,81

42,85

-27,96




 

Осы мәліметтерді  қарастыра  отырып, мынадай  қорытындыға  қоытынды  жасауға  болады, 1995 жылмен  салыстырғанда  фабрика  1996  жылы жақсы  жұмыс  жасаған.  Таблицада  көрсетілгендей  фабрикада  тауарлы  өнімнің  теңгеге  шаққанда  шығындары  төмендеген.  Ең  төменгі  нәтиже  «шикізат  және  материалдар» бөлігінде  12,43 теңгеге,  «құралдарды  пайдалану»  бөлімінде  16,99 теңгеге және  жалпы  өндірістік  шығындар  9,58  теңгеге  жеткен. 

Бұл  кәсіпорынның  жұмысын  жалпы  оптималдаумен   байланысты  және  де    шикізатты   тиімдірек  пайдалнумен,  ескі  құрал-жабдықты  жаңасымен  алмастырумен  байланысты  болды.  «Көмекші  материалдар»  бөлімінде  өсім  байқалады,  ол  1996  жылдан  бастап   өнімнің  басқаша  және   әшекейлі  ұсақ  орамамен қапталуына  байланысты  болды.

Өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады. Өзіндік   құн  тікелей   кәсіпорындарда   қалыптасады. Халық   щаруашылығы    бойынша   орта   есеппен   өнімнің    өзіндік   құны    шамамен    алғанда    оның   құнының    ¾   бөлігіндей болады.  Өзіндік   құнды   төмендетудің    негізгі  жолдары :  өнім   көлемін   көбейтіп, сапасын    арттыру,  ғылым   мен   техника   жаңалықтарын   және   қалдықсыз   технологияларды   өндіріске   енгізу, еңбек   өнімділігін   арттыру,  өндіріс   қорларын   ұтымды   пайдалану,  өндіріс  циклын   қысқарту,  ұйымдастыру  мен   басқаруды   жақсартып   оған   кететін   шығындарды   азайту, өндіріс   қалдықтарын   толық    пайдалану,  өндірістің   тоқтауын   және   шығын   мен  ақауды    азайту,  дер   кезінде   жүргізілетін   бақылау, есеп   пен   экономикалық   талдау, айналым   қаржыларының   айналуын   тездету, тағы басқалар.

Келешекте   өзіндік   құнның    кейбір   шығын    түрлерінің   ғылыми-

техникалық   прогресс,  механикаландыру,  автоматтандыру,  электрлендіру, 

химияландыруға  байланысты   үлес   салмағы   едәуір   өзгеретін   болады.

Өзіндік   құн   категориясын   қолдану,  оны   бақылау,   талдау   өндірістің   ішкі   мүмкіндіктерін   ашуға,  оны    жұмылдыруға    көмектеседі.   Ондай   резервтер   барлық   кәсіпорындарда   да   болады.  Өндіріс   көлемі    жыл   сайын   өсіп   отырады,  соған   сәйкес   шығын  да   көбейеді.  Бағаның   да  негізі - өзіндік   құн.  Осыған   байланысты    өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен,  кәсіпорынның  өндірістік өнім шешімдері,  жұмыстары нарық жағдайлары  мен өндірістік шығындар  арқылы анықталады.  Кәсіпорын табысы  өндірісіне  шығындар  тәуелді болады.  Нарықтағы өнім  бағасы  сұраным мен ұсыным  өзара байланысының  нәтижесі  болып табылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар- ол  тұтынылатын еңбектік немесе  материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа факторларға байланысты  өсуі  немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған  барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді. 

Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады. Кәсіпорын өнімді  толық  өзіндік  құнмен  сатады,  өткізеді.  Неғұрлым  өзіндік  құн  төмен  болса,   соғұрлым   өндіріс   тиімділігі   жоғары   болады.

Кәсіпорынның  өндіріетін  әрбір  өнімнің  толық  өзіндік  құнын  біле  отырып, сатып  алушыға  осы  өнімнің  өткізілу  бағасын  немесе  құнын  анықтауға  болады. Өзіндік   құнды    азайтудың    ерекше    мәні   бар,  ол   пайданы   молайтудың   басты   көзі.

  Сонымен,  кәсіпорын  қызметінің  негізгі   көрсеткіштерінің  бірі  болып  өнімнің  өзіндік  құн   болып  саналады, ол өндірістегі   өнім өткізілуінің  ақшалай   нысандағы  шығындар  жиынтығын   құрайды және  барлық  өндіріс   тиімділігін  анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиттер

    1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика  предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
    2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. .  Экономика  предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
    3. Жалпы  экономикалық  теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы  ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
    4. Калдыбаев О., Темирбаев А.  Экономика  предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
    5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие  успеха/ В помощъ  предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
    6. Сабырбаев Б. Экономикалық  орысша-қазақша  түсіндірме  сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
    7. Экономика  предприятия: Учеб. Для  вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
    8. Экономика  предприятия: Учебник/ Под  ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
    9. Экономика  предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
    10. Экономика  предприятия: Учебник/ Под  ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
    11. Экономика  предприятия: Учеб. Для  вузов  / Под  ред. Проф  В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000
    12. Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика – М.: Издательство «Дело и сервис», 2002. – 304с.
    13. Ивашковский С.Н. Микроэкономика: Учеб.- 3-е изд., испр – М.: Дело, 2002 – 416с.
    14. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика – М.: «Экономика», «Дело», 1992 – 510с.
    15. Гальперин В.М. Микроэкономика: учебник – СПб.: Экономическая школа, В 2-х т., 1998
    16. Тарасевич Л.С. Микроэкономика: учебник – М: Юрайт-Издат, 2003 – 375с.
    17. Кац М. Микроэкономика – Минск: ООО Новое знание, 2004, 828с.
    18. Пятьдесят лекций по микроэкономике: учебник – СПб.: Экономическая школа, 2000
    19. Мэнкью Н.Г. Принципы микроэкономики: учебник – СПб.: Питер, 2003 – 560с.
    20. Емцов Р.Г. Микроэкономика: учебник – М.: Дело и Сервис, 1999 – 320с.
    21. Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика: учеб. пос. – Алматы: Казстатинформ, 2001 – 240с.
    22. Нуреев Р.М. Курс микроэкономики: Учебник для ВУЗов – М.: НОРМА, 2005 – 576с.
    23. Макконнелл К., Брю С. Экономикс: Принципы, проблемы, политика. – Т.2 – М.: Республика, 1992 – 400с.
    24. Мамыров Н.К. Микроэкономика: учеб.пос. – Алматы: Экономика, 1997 – 276с.
    25. Овчиников Г.П. Микроэкономика: конспект лекций – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000 – 77с.
    26. Чеканский А.Н. Микроэкономика. Промежуточный уровень – М.: ИНФРА-М, 2005 – 382с.
    27. Базылев Н.И. Микроэкономика – М.: ИНФРА-М, 2004 – 206с.
    28. Микро- макроэкономика: Практикум/Под ред. Огибина Ю.А. – СПб: «Литера плюс», «СПб оркестр», 1994 – 432с.
    29. Селищев А.С. Практикум по микроэкономике: Ситуации. Задачи. Тесты. – СПб.: Питер, 2005 – 432с.
    30. Сборник задач по микроэкономике к «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреев – М.: НОРМА, 2004 – 432с.
    31. Микроэкономика: практический подход. Учебник для ВУЗов/Под ред. А.Г. Грязновой, А.Ю. Юданова – М.: КНОРУС, 2004 – 672с.
    32. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. – М.: Финансы и статистика, 1992
    33. Томсон А. Экономика фирмы: учеб.пос. – М.: БИНОМ, 1998 – 544с.
    34. Самуэльсон П. Экономика: вводный курс. – М.: Прогресс, 1964 – 844с.
    35. Маршалл А. Принципы экономической науки. В 3-х ч. – М.: Прогресс, 1993
    36. Коуз Р. Фирма, рынок и право. – М.: Дело, 1993 – 192с.

 

 

 

 

      


Информация о работе Өнімнің өзіндік құнын талдау