Қор нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 19:04, дипломная работа

Описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қор нарығындағы маркетинг қазіргі экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік-экономикалық процесті ұлғаймалы дамытуға, сонымен қатар капиталды инвестициялау мен халықты қаржымен қамтамасыз етуде маңызды рөль атқарады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының президенті Нұрұлтан Назарбаев, Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты жолдауында, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын, эканомикамыздын бәсекеге қабілеттілігін тұрақты жоғарлатуда қор нарығын пайдалануға көңіл аударды, бұл қоғамның қаражаттарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициалаудың маңыздылығын ескертті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2

1. Қор нарығындағы маркетингтің теориялық негіздері..............................6
1.1 Қор нарығының мәні мен рөлі...............................................................6
1.2 Қор нарығы маркетингінің мазмұны...................................................12
2. ҚР қор нарығындағы маркетингтің дамуын талдау...............................24
2.1 Қор нарығының дамуын талдау...........................................................24
2.2 Қазақстан қор нарығын маркетингілік талдауы.................................34
2.3 Қор нарығында инвестицияның маркетингтік әдістерін талдау......43
3. Қор нарығын маркетингілік жетілдіру......................................................57
3.1 Менеджмент портфелі...........................................................................57
3.2 Қор нарығын талдауға әдістемелік көзқарас: фундементалды және техникалық әдістер................................................................................................74
Қорытынды..........................................................................................................93
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................96

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 50.91 Кб (Скачать документ)

Кіріспе......................................................................................................................2

 

1. Қор нарығындағы маркетингтің  теориялық негіздері..............................6

1.1 Қор нарығының мәні мен  рөлі...............................................................6

1.2 Қор нарығы маркетингінің  мазмұны...................................................12

2. ҚР қор нарығындағы маркетингтің  дамуын талдау...............................24

2.1 Қор нарығының дамуын талдау...........................................................24

         2.2 Қазақстан  қор нарығын маркетингілік талдауы.................................34

2.3 Қор нарығында инвестицияның  маркетингтік әдістерін талдау......43

3. Қор нарығын маркетингілік  жетілдіру......................................................57

         3.1 Менеджмент  портфелі...........................................................................57

3.2 Қор нарығын талдауға әдістемелік  көзқарас: фундементалды және     техникалық әдістер................................................................................................74

Қорытынды..........................................................................................................93

Әдебиеттер тізімі..................................................................................................96

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

     Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қор нарығындағы маркетинг  қазіргі экономиканың дамуында  маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік-экономикалық  процесті ұлғаймалы дамытуға, сонымен  қатар капиталды инвестициялау  мен халықты қаржымен қамтамасыз  етуде маңызды рөль атқарады. Осыған байланысты Қазақстан  Республикасының президенті Нұрұлтан  Назарбаев, Қазақстан халқына  «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде»  атты жолдауында, мемлекеттің сыртқы  және ішкі саясатының негізгі  бағыттарын, эканомикамыздын бәсекеге  қабілеттілігін тұрақты жоғарлатуда  қор нарығын пайдалануға көңіл  аударды, бұл қоғамның қаражаттарын  бағалы қағаздарға белсенді инвестициалаудың  маңыздылығын ескертті.

 

   Инвестициямен экономиканың  нақты секторын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттік ықпал мөлшерін  жетілдіріп, қор нарығының тиімді  функционалды механизмін дамытуда  мүмкіндік туғызуда «2003-2015 жылдардағы  Қазақстан Республикасының республикада  индустриялы-инновациалық даму стратегиясын»  қабылдау қор  нарығының стратегиялық  дамуына, республикада өтілетін  маңызды міндеттеррді жүзеге  асыруда аумақты орын алады.  Қазіргі міндеттердің  орындалуы  негізінен ішкі институционалды  инвесторлардың даму есебі арқылы  және қор нарығындағы техникалық  инфрақұрылымның тиімді жұмыс  істеуінің артуы, екі деңгейлі  жүйені жетілдіру арқылы іске  асырылуы көзделуде.

 

    Кәсіпорындардағы инвестиция  ресурстарын қамтамасыз ету мәселелері, мемлекеттік саясаттың отандық  өндірісті қолдауы арқылы, құқық  пен салық реформасына сәйкес  шешіледі. Қазақстан азаматтарының  бос қаржы мөлшері бір жағынан,  экономикалық өндіріс секторының  қаржыға деген сұранысы – екінші  жағынан, ұсақ инвесторларды,  инвестициялық институттарғы ұжымдық  инвестициялауға тартудың ұтымды  әдістерін талап етеді. ( дамыған  елдердегі 50-75 % депозит – бұл  инвестордың бұқаралық  салымы). Мұндай жағдай   инвестордың  тиімді қорғаныс жүйесінің құрылуын, салымның сақталуына кепіл ретінде  және ұжымдық инвестор қызметінде  дағдарысты болдырмауын көздейді. Қазақстан қор  нарығының дамуына  халық қаржысын сақтау жағдайы  мен қамтамасыз ететін жоғары  кәсіпті делдалдың-маркетологтың  жоқтығы кері әсер етуде.  

 

        Қазақстандық  қор  нарығындағы маркетингті  жетілдіру барысы еліміздің ұзақ  мерзімді инвестициялық стратегиялық  дамуына байланысты. Қазіргі таңда  Қазақстанда жүргізіліп жатқан  трансформациялық процестерге болашақты  бағамдайтын ғана емес, сонымен  қатар өткен кезеңдерді бағалайтын  стратегиялық көзқарас қажет,  олай болмаса ішкі жағдай амалдарын,  қор  нарығының маркетинг арқылы  тиімді дамуын анықтайтын объективті  және субъективті факторларды  айқындау қйын. Аталған факторлар  шетелдік және отандық экономикалық  әдебиеттерде тұрақты талқыланатын  сұрақтарды шешуді алдын ала  анықтайтыны екеріледі. 

 

    «Қор нарығындағы маркетингтін»  түсінігінің өзіне әр түрлі  көзқарастар бар, оның теориялық  және практикалық аспектілері  осы күнге дейін көп айтыс  тудырып жөнді жіктелмеген. Зерттеулерде  тұжырымдамалық – методологиялық  тұрғыдан қарама-қарсы көзқарастар  орныққан. Потенциалдық   инвесторлардың  өз қаржыларын  бағалы қағаздарға  салуының мотивация мәселелері  әлі шешілмеген. Сондықтан Қазақстанның  қор  нарығының дамуы мен  қалыптасуында жиналған қор нарығындағы  маркетинг туралы практикалық  тәжірибенің жүйелік талдануы, оның  нақты сапасы мен мөлшер сипаттамасы  ерекше өзекті болып табылады. Қор  нарығындағы маркетингтін  ұжымдық  инвестициялық әрекеттерін  іске асыру жолдарын үйрену  өте маңызды. Қазіргі жағдайда  бұл бағыт экономикадағы халықты  қаржымен қамтамасыз ету потенциалды  негізі болып табылады. Қор нарығындағы  маркетинг арқылы нақты экономика  секторын инвестициялау, Қазақстанның  әлеуметтік және экономикалық  мәселелерін  шешудің орны  мен рөлі туралы сұрақтар өзінің  шешуін талап етеді. Айтыс тудыратын  сұрақтардың бірі басқа қор   нарығының ұнамды моделі мен  оның инфрақұрылымдық сипаты  осымен қатар қор  нарығының  механизміне  мемлекеттік қол  сұғу шегі анықталмаған. Қор нарығындағы  маркетингтің нарықтың басқа  бағыттарымен салыстырғанда бәсекеге  қабілеттілікті арттыру мүмкіндігі  әлі зерттелмеген.

 

   Қазіргі кезеңде Қазақстан  қор  нарығындағы маркетингтін  даму өзгешелігін, оны эканомиканы   тұрақты дамытуды арттырудағы   мәселелерін, дәстүрлі тұрғы негізінде  тиімді шешу мүмкін емес. Сондықтан  жаңа теориялық және әдістемелік  шешім қажет, жиналған тәжірибені  ғана емес сонымен қатар қазіргі  жағдайда қор  нарығының қалыптасуы  мен даму ерекшелігін зерттеу  қажет.

 

1        Қор нарығындағы  маркетингтің теориялық негіздері

 

1.1 Қор нарығының мәні мен  рөлі

 

 

 

Қор нарығының мәнін ашу үшін нарық жүйесінің мазмұнын анықтау  керек. Нарық жүйесі - бұл әртүрлі  бағыттағы көптеген нарықтардың  біртұтастығы. Мұндай тұтастық бірқатар факторлар әсерімен қалыптасқан.

 

Біріншіден, индустриалдық және постиндустриалдық  өндірістің әсерінен келесі бағыттардағы нарықтық кеністік біршама кеңейді:

 

1. Үлкен көлемдегі табиғи өндіріс  тауарлық шаруашылыққа айналды;

 

2. Еңбек етушілердің негізгі  бөлігінің жұмыс күші сату  – сатып алу объектісіне айналды;

 

3. Төленетін рухани игіліктер  мен қызметтер саласы тез дамыды;

 

4. Ғылыми зерттеулердің ақырғы  нәтижелері (ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық  зерттемелер) тауарлық өнімге  айналды.

 

Екіншіден көптеген зерттеушілердің  пайымдауы бойынша тұтас нарықтар жүйесінің бір саласы, қаржы нарығы болып табылатын. Қаржы нарығы –  бұл экономикалық қатынас қатысушылары арасындағы ақша құралдарының бөлінуін қарастыратын нарық. Бейнелеп айтқанда, оны экономиканың жүрегімен теңестіруге  болады, өйткені оның көмегімен бос  қаржы ресурстары жиналады және оларды әлдеқайда тиімді жұмсай алатын тұлғаларға жіберіледі. Әдетте, дәл осы қаржы  нарығында экономиканың нақты секторын дамытуға арналған қаражаттар іздестіріледі. Қаржы нарығының салаларының  бірі ретінде бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы бой көрсетеді. Қор нарығы, бұл терминнің экономика  ғылымының қалыптасуынан бұрын  енгеніне қарамастан, осы кездің өзіне  дейін оны анықтауда көптеген көзқарастар кездеседі. Мысалы, “қор нарығы” түсінігімен қатар, “бағалы  қағаздар нарығы”, “корпорацияның құнды  қағаздар нарығы” және негізінен  теңдестірілетін, немесе, әр авторларда әр түрлі түсінілетін басқа да терминдер қатары да қолданылады.

 

Барлық аталған терминдердің шетелдік шығу тегіне қарамастан (қор нарығына қатысты негізгі терминдер –  ағылшын – американдық), тіпті  “түпнегіздерде” де осы немесе басқа түсініктерді қолдануға байланысты толықтай белгісіздік байқалады. Жекелей  алғанда, көлемді және беделді У.Ф. Шарптың, Г.Дж. Александер мен Дж. Бейлидің «Инвестициялар» оқулықтарында  қаржы нарығы түсінігі мен бағалы қағаздар нарығы түсінігін теңдестіреді. [1; 975 бет]. Мұнан да көлемді «Заманауи  қаржылардың анықтамалығы» атты американдық басылымында бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы мен  биржа нарығы түсініктері теңестіреді [2; 1-32 бет]. Мұнан өзге де, не арнайы (американдық) «Қор нарығы» басылымында [3; 3-7 бет] нақты қор нарығының анықтамасы жоқ. ТМД елдерінің авторлары  арасында да берілген терминдердің бір  мағыналық түсінігі жоқ. Мысалы атақты ресейлік автор Б.И. Алехин бағалы қағаздар нарығына ақшалық нарықты жатқызады [4; 6 бет], Б.Б. Рубцов қор нарығын акциялар нарығы, борышқорлық бағалы қағазадар  және өндірістік қағаздар нарығы [5; 17 бет] деп бөледі, ал украиналық автор  В.И. Ляшенко «қор нарығы және бағалы қағаздар нарығы түсініктері сәйкес келеді» деп есептейді [6; 11 бет]. Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде, толықтай алғанда, бұл терминдердің нақты  қалыптасқан анықтамалары жоқтығының өзінде де, мысалы, тіпті заңнамалық актілердің түсініктік аппаратында (ҚР бағалы қағаздар нарығы туралы заңы [7, 1бет], ҚР – да бағалы қағаздар нарығын  дамыту бағдарламасы [8, 1 бет] және т.б.) қор нарығы және бағалы қағаздар нарығының  нпқты анықтамасы жоқ, содықтан қор  нарығы және бағалы қағаздар нарығы түсінігін  теңестіру жағдайы орын алды. Жекелей  алғанда Дж. Доунс және Дж. Гудман қор нарығын акциялар нарығы ретінде  түсіндіреді, дегенмен құрал-саймандар  тізімінен, осы авторлармен қор  нарығы анықтамасына негізінен қор  нарығы деп барлық құрал – саймандар  нарығын – «жеке меншік титулы»: «операциялар жүрізілетін бағалы қағаздар, қарапайым акцияларды, артықшылық акцияларды, облигацияларды, айырбастылымды бағалы қағаздар, опциондар, құқықтар мен сендірмелерді» [9; 492 бет] түсінеді. Заманауи қор нарығы құрылымы сан алуан және әртүрлі  жоспарлы болып келеді.

 

Ұйымдастырылуы дәрежесі бойынша  қор нарығы ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған деп бөлінеді. Көп жағдайда бұл критерийлер  бойынша қор нарығы биржалық және биржадан тыс (кейде «көшелік» деп  аталатын) деп бөлінеді, дегенмен В.Ю. Дадоновтың пікірі бойынша қор нарығының  жинақы болып дәл ұйымдастырылған  және ұйымдастырылмаған деп бөлінуідұрыс, өйткені соңғы жылдары бмржалдан  тыс баға белгілеу жүйелері (АҚШ  – тағы NASDAQ, Англиядағы SEAQ, Ресейдегі PTC және т.б.) сауданың техникалық қамсыздандырылуы, есептеулердің оперативтілігі, сенімділік дәрежесі, нарық қатысушылары шеңбері  сынды маңызды аспектілер бойынша, биржалар айырмашылығы шамалы, осының слдарына нарықты, бастапқы, қор биржалары (ертерек қаржы қызметтерінің  ұйымдастырылған секторына жатқан) және өзінің ретсіздігімен және көше саудасының кездейсоқтығымен ерекшеленген биржадан тыс нарық өздерінің  өзектілігін жоғалтты. Қазақстанда  нарықтың берілген секторларына қатысты, қазіргі таңда, өздерінің есептерінде  отандық қор нарығын биржалық, алып – сату, қайта сату, кәсіби биржадан тыс және кездейсоқ сынды секторларға [10; 25 бет] бөлетін БҚҰК – нің тек  шартты классификациясы ғана бар.

 

Көптеген мамандарың пікірінше, қор  нарығы – бұл несиелік қатынастармен  бағалы қағазадар көмегімен бірігіп  иелік етуді байланыстыратын  нарық. Бағалы қағаздарға сатып алу  жолымен қандайда бір өндіріске  өзінің қаражаттарын салған тұлға, қағаздарды сату арқылы (толықтай немесе жартылай) қайтарып ала алады. Бұл уақытта, оның іс - әрекеті өндіріс үдерісінің өзін қозғамайды және бұзбайды, өйткені  ақшалар қызметін жалғастыра беретін  кәсіпорыннан алынбайды. Бағалы қағаздарды еркін сату – сатып алу мүмкіндігі салымшыға осы немесе басқа жобаға өзінің қаражаттарын салатын уақытты  икемді анықтай алады.

 

Бағалы қағаздар нарығында (БҚН) мәміле нысандары болып құнды қағаздар табылады. Бағалы қағаздарды иеленуші мен эмитент арасындағы иелену қатынастарын куәландыратын ақшалық құжат  ретінде анықтауға болады. Бағалы қағаздар жеке тәртіпте вексель ретінде  немесе топтамалармен акциялар ретінде  де шығарылады. Соңғы жағдайда Қазақстандық заңнама эмиссиялық бағалы қағаздарға көңіл бөлуде. Эмиссиялық бағалы қағаз  – бұл келесі белгілермен сипатталатын қағаз:

 

-         меншіктік  және меншіктік емес құқықтардың  біртұтастығын бекітеді;

 

-         шығарылымдарын  орналастырады;

 

-         бағалы  қағаздарды сатып алу уақытына  байланыссыз бір басылым ішінде  құқықтардың жүзеге асырылуының  теңдей көлемі мен мерзіміне  ие.

 

Бағалы қағаздар қолма – қол  және қолма – қол емес формаларда шығарылуы мүмкін. Қолма – қол  формасы нормативтік құжатардағы  техникалық талаптарға сай блоктарда  орындалуын талап етеді. Егерғ қолма  – қол емес формада басылып  шығарылған қағазда ол физикалық  тұрғы ретінде жоқ, ал оның өмір сүруі, яғни оның иесінің тіркеу құжатында  тіркеледі. Мұндай қағаздардың шығарылуы  жаһандық(глобальный) сертификат деп  аталатын құжатта рәсімделеді. Сертификатта қағаздардың шығарылуының өлшемі көрсетіледі. Эмитентпен келісе отырып жаһандық сертификат депозитарийдің сақтауына беріледі. Қазақстандық заңнамасы бойынша  депозитарий бағалы қағаздар сертификаттарын  сақтау қызметін көрсететін заңды тұлғалар болып табылады. Егер инвестор қолма  – қол емес шығарылған бірнеше  акцияларға иелік ететін болса, онда оның осындай акцияның осыншама санына иелік етеді деп көрсетілген  барлық қағаздар санына бір сертификат бере алады.

 

Қолма – қол емес қағаздардың  иесі тізілімнен ол берілген қағаздардың  иесі болып табылады деген үзінді көшірме ала алады. Тізілімнен алынған  үзінді көшірме бағалы қағаз болып  есептелмейді. Бағалы қағаздар нарығының  тарихи пайда болуы және дамуы  өндірістік және сауда қызметінің кеңеюімен  байланысты қаржы ресурстарын тарту  қажеттілігінің өсуімен байланысты - өндіріс масштабының өсуі шамасы бойыша олардың бір немесе бірнеше  кәсіпкер ресурстарын дамыту үшін енді жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан  жеке тұлғалардың кең аясындағы  ресурстарын тарту қажеттілігі  пайда болды.

 

Қаржы ресурстарын тарту құралы ретінде бағалы қағаздардың бой  көрсетуі салымшыға белгілі бір  дәрежеде оның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға жауап беретін бағалы қағаздардың  мұндай санын сатып алу амалымен шаруашылық қызметпен байланысты тәуекел  мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Егер қандай да бір тұлға айтарлықтай  тәуекелге бара алатын болса, онда ол бағалы қағаздардың үлкен пакетін  сатып алады, қарсы жағдайда –  бір немесе бірнеше қағаздармен  шектеледі.

 

Бағалы қағаздарды шығару қаржылық жаңа зерттемелермен айналысатын венчурлік (тәуекелшіл) кәсіпорындарды қаржыландыруда, үлкен рөл атқарады. Мұндай мақсаттар  үшін банктен кредит алу әрқашан  мүмкін болмайды, өйткені банктер  көп жағдайда консервативті кәсіпорын  болып табылады және өздерінің несиелерінің қамсыздандыруын қажет етеді. Тәуекелшіл жобаларға акциялар шығару жаңа зерттемелерді  қаржыландыруға мүмкіндік береді. Салымшылар үлкен тәуекелге барады, дегенмен сәттілік жағдайында, оларды үлкен  пайда күтіп тұрады.

 

Қор нарығы – бағалы қағаздар нарығы құрамында ақша нарығын және капитал  нарығын бөліп айтады. Ақша нарығы – бұл қысқамерзімді бағалы ақшалар  айналымға түсетін нарық. Уақытша  кретерий әдетте бір жыл болып  табылады. Егер қағаз нарықта бір  жылдан артық емес айналатын болса, онда ақша нарығы құралы ретінде қарастырылады, дегенмен олар бір жылдан да артық  айналуы мүмкін. Ақша нарығы қысқа  мерзімді қаржыландырудағы шаруашылық субъектілерінің қажеттіліктерін  қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Капитал  нарығы – бұл жабылуы үшін бір  жылдан артық қалған мерзімсіз құнды  қағаздар айналымға түсетін нарық.

Информация о работе Қор нарығы