Отандық экономикада инфляция жағдайы және ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:00, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

Содержание

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------3

І бөлім. Инфляция - әлеуметтік–экономикалық құбылыс
1.1. Инфляция түсінігі, пайда болу себептері-----------------------------------5
1.2. Инфляция түрлері мен факторлары------------------------------------------9

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
2.1. Жалпы инфляцияға сипаттама-----------------------------------------------11
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны---------12
2.3. Инфляциямен күресу мәселелері және оған қарсы жүргізілетін
шараларға баға беру--------------------------------------------------------------16
ІІІ бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері.
3.1Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының
жағдайы------------------------------------------------------------------------------24

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------29

Пайдаланылған әдебиеттер ---------------------------------------------------31

Работа состоит из  1 файл

Инфляция пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары - www.topreferat.kz.doc

— 151.50 Кб (Скачать документ)

        Сонымен, тосылған инфляцияны  тосын инфляциядан айыра білген  жөн. Тосылған инфляцияны алдын  ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.              Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан  Республикасындағы инфляциялық  жағдай

2.1. Жалпы инфляцияға  сипаттама

   Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

        Қоғамдық өндіріс  құрылымы  қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды.  Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде  де  сәйкессіздіктер пайда болады.

        Қеңес экономикасының  70 – ші  жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз  ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында  тарихи  түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

            Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының  өзінде  бағалардың инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып  келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде   әрбір 10 -15 жылда бір  рет  жүргізіліп келген бағаларды  реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

        Қазақстанда  қалыптасқан өндірісаралық, оның  ішінде шикізат өндірісі мен  түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас  Республикаларға қарағанда, бірнеше  есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгенннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды [8].

       

 

2.2. Қазақстан  Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны

         Қазақстан Республикасындағы инфляцияның  дамуы – мемлекеттік бюджет  тапшылығына байланысты. Бюджет  тапшылығы   инфляцияның   қайталама   факторы  болып табылады, өйткені  ол  шығындардың  инфляциясынан   жәнге  осығарн  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталып отыр: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %,1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2003 жылы  республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ - ге  0,11 %) құрады.

Қазақстандағы  инфляцияның  дамуына  инфляциялық  нәтижені  тудырған  жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28 %  қосылған  құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық  және импорттық кеден баждарын  енгізу, өнімнің   өзіндік құнына  қосылатын қаражатт ар аударымдарын  экономиканы   жаңарту қорына, халықты жұмыспен  қамтуға жәрдемдесудің  мемлекеттік қорына  аудару,  әлеуметтік  сақтандыруға  аударылатын  аударымдарды  бірден көбейту  сияқты  қаржыны   және  әлеуметтік шараларды  жүргізу  мүмкіндігін  туғызды.

Қазақстанда  инфляцияның  дамуының  қосымша факторы  пайдаланылатын кредиттер бойынша  пайыздарды жатқызудың  тәртібі  болып табылады;  кредит үшін төлем ақының  өсуі жағдайында   бұл өнімнің  өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.

        Батыс елдерінің экономистері  жасаған теорияларда альтернативті  (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себебтері (механиз-моделі) қарастырылады.        «Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларды байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.

Жоғарыда келтірілген  себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.       

                      Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген:  

Айтылған себептерге байланысты өндіріс  шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жилжыды (AS2 - AS1), баға даңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.  Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.    Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.  

        ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық  қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагляция» деп аталады [2].  

        Мемлекет сұранымды  шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы  іс – шаралар  жүргізуі  қажет.  Жаңа классикалық экономистердің айтуынша  өндірістің  өсуін ынталандыру  және жұмыссыздықты қысқарту  саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай келеді, инфляция жағдайларын  (бюджет тапшылығы,  монополия, қағаз ақша, т.б.) толық  жою мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою  мүмкін  еместігі өзінен - өзі  және алдын ала  белгілі. Сондықтан  да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

        Батыс  елдерінде  жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және  қысқа  мерзімдік іс – шаралар   саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің   ұзақ  мерзімдік саясаты:

         Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген  үкімет инфляцияға  қарсы саясатты үздіксіз  де тұрақты  түрде  жүргізіп, тұрғындардың сенімін  орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің  белсенді іс  шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай  саясаты  тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

        Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

        Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға  мүмкіндік береді.

        Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған  қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын  инфляциялық  ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан  оны арнайы түрде  жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. 

2.3.  Инфляциямен  күресу мәселелері және оған қарсы жүргізілетін    шараларға баға беру

Осы күндері Қазақстанда  қапыптасып отырған инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағынын тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінін кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезендерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптаскан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

1) өнеркәсіп өндірісі  мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;

2) ауыр өнеркәсіп пен  жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;

3) шикізат өндірісі  мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің  арасындағы диспропорция;

4) әскери   өндіріс   пен  азаматтық  өндіріс   арасындағы сәйкессіздік;

5) материалдык өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар  Кеңес экономикасының өзінде бағалардың  инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде  қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда рет  жүргізіліп келген бағаларды реформалау іс – шаралары осы инфляцияның нәтижесін зандастыру ғана болған.

 Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда бірнеше есе жоғары.  Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991 -1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді.

Бұл кездері Қазақстанда  гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің  ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен  кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде І00 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60 %-ке қысқарды [5].

Информация о работе Отандық экономикада инфляция жағдайы және ерекшеліктері