Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:00, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------3
І бөлім. Инфляция - әлеуметтік–экономикалық құбылыс
1.1. Инфляция түсінігі, пайда болу себептері-----------------------------------5
1.2. Инфляция түрлері мен факторлары------------------------------------------9
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
2.1. Жалпы инфляцияға сипаттама-----------------------------------------------11
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқыны---------12
2.3. Инфляциямен күресу мәселелері және оған қарсы жүргізілетін
шараларға баға беру--------------------------------------------------------------16
ІІІ бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері.
3.1Өтпелі экономикалық кезеңдегі Қазақстан Республикасының
жағдайы------------------------------------------------------------------------------24
Қорытынды -------------------------------------------------------------------------29
Пайдаланылған әдебиеттер ---------------------------------------------------31
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілғен монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап калды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндіріс аралық диспропоциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттын ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған
Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж, арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының), экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады
2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
Ұлттық банктің негізгі
мақсаты мен міндеттерін
Инфляциялық таргеттеу
Ұлттық банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.
2004 жылы ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6 % шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін және ол нақты бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе кысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрынннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстаннның барлық әкімшілік – экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда да монетарлық - қаржы саясаты Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
Құнсызданудың (инфляцияның)
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де тырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. бірақ 60 – 70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады [4].
Екінші әдістемені жаңа классикалық
бағыттағы экономистер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі № 4 2005 жылғы 13 қаңтардағы берілген бойынша мына мәліметтерді көруге болады:
Қазақстан Республикасының
Азық – түлік тауарларының құрылымында, әсіресе, жұмыртқаға баға 12,8 % - ға өсті, сүт – 4,9 % - ға, шұжық тағамдары – 3,0 %- ға, күріш – 2,6 % - ға қымбаттады. Жеміс – жидек пен көкөніске баға 1,4 % - ға, ұнға – 0,4 % - ға, нанға – 0,1 % - ға арзандады.
Азық – түлікке жатпайтын тауарлар тобына бағаның өсуі көп жағдайда жанар – жағармай материалдарының қымбаттауымен байланысты болды: бензин – 5,1% - ға, дизель отыны – 2,8 % - ға , көмір – 2,4 % - ға қымбаттады. Киім – 0,6 %– ға, тұрмыстық тоқыма бұйымдары мен аяқ – киім – 0,5% - дан қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны – 6,5% - ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,3% - ға, тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі 0,1% - ға қымбаттады.
Ағымдағы жылдың басынан бері
инфляцияның деңгейі 3,8 % болды
(2003 жылдың қаңтар – қыркүйегінде
- 2,8 %) , сонымен бірге азық –
түлік тауарларына баға 4,0 % - ға, азық
– түлікке жатпайтын тауарларға
2004 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсетуде 7,7 % -ды құрады (2004 жылғы тамызда – 7,3 %).
2004 жылдың 1 – жартыжылдығында
2004 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық
капитал бойынша
2004 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86 % - ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.
3. Қазақстан
жағдайындағы инфляция
3.1Өтпелі
экономикалық кезеңдегі
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция. Тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кенес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінін 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс теңгенің тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт кұлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60%-ке қысқарды.
Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса жүргізілді. Өндірістің құлдырауы экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.
Информация о работе Отандық экономикада инфляция жағдайы және ерекшеліктері