Патшалықтың үшінші және төртінші кітаптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 15:40, доклад

Описание

Патшалықтың осы екі кітабы Самуил кітаптарының жалғасы болып табылады, олар бұрын онымен бірге толық тарихи кітапты құрады. Ол әдеби туынды емес, тек патшалар тарихының жазбасы ғана. Бұл тарихта әртүрлі ақтаңдақтар бар; жазушы оны түсініп, осыған байланысты екі елдің мұрағаттарында сақталған «Израиль және Иуда патшалары хроникасына» (Паралипоменонның Бірінші және Екінші кітаптарына) сілтеме жасайды.

Работа состоит из  1 файл

Патшалықтың үшінші және төртінші кітаптары.docx

— 37.15 Кб (Скачать документ)

Патшалықтың үшінші және төртінші кітаптары

ЖАЛПЫ

Патшалықтың осы екі кітабы Самуил кітаптарының жалғасы болып табылады, олар бұрын онымен бірге толық тарихи кітапты құрады. Ол әдеби туынды емес, тек патшалар тарихының жазбасы ғана. Бұл тарихта әртүрлі ақтаңдақтар бар; жазушы оны түсініп, осыған байланысты екі елдің мұрағаттарында сақталған «Израиль және Иуда патшалары хроникасына» (Паралипоменонның Бірінші және Екінші кітаптарына) сілтеме жасайды.

УАҚЫТ КЕЗЕҢІ

Кітаптар  Дәуіттің патшалық етуінің аяғынан  басталып, Израиль және Иуда патшалықтарының  құлдырауына дейін жалғасады. 4 Пат. 25, 27-30 Иехония патшасының тұтқыннан босатылуы жайлы айтылады. Осылайша, Патшалықтың үшінші және төртінші кітаптары 400-ден астам уақыт кезеңіне созылып жатыр.

ҚҰРАСТЫРУШЫ

Кітапшы құрастырушының есімі  бізге белгілі емес. Бір еврейлік өсиет бойынша Иеремия деп  аталады. Алайда оны басты назарға  алуға болмас, себебі ол вавилондық тұтқындық уақытына сәйкес келеді, ал ол кезде пайғамбар Египетте болған. Соңғы жазбада Иехонияның вавилондық тұтқындықта болуының 37-ші жылындағы (б.з.д. 561) босатылуы туралы айтылғандықтан, кітап тек оның өлімінен кейін жазылуы мүмкін, ол кезде құрастырушы тірі болған (3 Пат. 25, 29-30). Сонымен қатар, бұл бөлімнің кейіннен қосылуы да мүмкін. Бірақ, кітаптар вавилондық тұтқынның аяқталуына дейін жазылған шығар (б.з.д. 538), әйтпесе ол туралы айтылмаушы еді.

Кітаптың шынайылығы басқа  библиялық жазбаларға сілтемелермен  расталады: Матф. 12, 42; Лук. 4, 25-27; Рим. 11, 2; Иак. 5, 17-18 және т.б. Сонымен қоса, құрастырушы бірқатар сенімді қайнар көздерге ие болғандығын да атап өткен жөн; олардың ішінен ол келесілерді атап көрсетеді:

1 Пат. 11, 41: Соломон Паралипоменоны,

1 Пат. 14, 29: Иудея патшаларының Паралипоменоны,

1 Пат. 14, 19: Израиль патшаларының Паралипоменоны.

Египеттіктер, ассириялықтар  және вавилондықтар әдебиеттерінде Патшалықтар кітабында сипатталған  бірқатар жағдайлардың расталады.

МАЗМҰНЫ

Екі кітап та қос елдің Израилін көрсетеді, ол Құдайға сенімді болмауы және заңды сақтамауы салдарынан біртіндеп өзінің құлдырауына жетеді, ол қудалауға жеткенге дейін жалғасады. Патшалық пен рухтылыққа әкейлердің алтын тәжі мен құнды киімдерімен емес, тек Рух пен Құдайдың билігімен қол жеткізілді. Егер де соңғылары болмаса, адамның сыртқы келбетіне қарамастан, ол мағынасыз болып қала береді.

Әрбір патша өзінің Құдай  мен заңға қатынасы бойынша жекелеген  түрде бағаланады. Олардың әрқайсысының өмірін құрастырушы мына сөздермен қысқаша сипаттайды: «...және ол Құдай көздерінің алдына дұрыс емес істер жасады», немесе: «және ол Құдай көздері алдында жағымды істер жасады».

Осы кітаптардың  бұлай аталуы – отаны құлдырағанын білетін отанынан қуылғанға, қатты азап шеккен халыққа оның айнадағы бейнесі қандай болғанына қарамастан, өзінің кінәсін сезініп, Құдай алдында мойынсұнуын көрсетуі.

ТИПОЛОГИЯ

Соломон

Соломонның  бейбіт патшалық етуі Дәуіт жеңістерінің жемісі болды. Христос біздің жауларымызды жеңгендіктен, біз Оның патшалық ету  әлеміне жақындай аламыз. Соломонның билік етуі – Иса Христтың бейбіт патшалық етуінің үлгісі.

Сава Патшайымы

Христостың  өзі Соломонды көру үшін алыс елден  келген Сава патшайымы мен өзгеріссіз Ұлы Соломон араларында болғандығына қарамастан, ықылассыз. Оның кезеңінің адамдары арасындағы өзгешелікті көрсетеді. Сава патшайымы – Христқа келетін, және Одан толық қанағаттанатын адамның үлгісі.

ӘР ТҮРЛІ

Қос патшалықтың қарсы қойылуы

Иуда патшалығы      Израиль патшалығы

Оңтүстік      Солтүстік

Екі ұрпақ: Иуда және Вениамин  10 ұрпақ

Астанасы: Иерусалим    Астанасы: Самария

19 патша және бір патшайым   19 патша

Жалғыз династия      Тоғыз династия

4 жақсы патша, 4 жеткілікті жақсы  Тек жаман патшалар

және 12 жаман патша

б.з.д. 586 ж. Навуходоносордың   б.з.д. 722 ж. Саргонның

Иерусалимді алуы     Самарияны алуы

Вавилонға көшу     Ассирияға көшу

70 жылдан соң оралу    Қайтарымсыз

Қос патшалықтың арақатынасы

Біз үш кезеңді көрсетеміз:

Иудея мен Израиль арасындағы қақтығыстар (б.з.д. 931-874 жж.)

Бұл кезеңде, Иудея қайтадан он ұрпақты басқарғысы келгенде, келесі патшалар болған:

1 Иеровоам Амвриге дейін (Израиль)

Ровоамнан Асаға  дейін (Иудея).

Израиль мен Иудея арасындағы одақ (б.з.д. 874-798 жж.)

Бұл одақ екі билік етуші үйлер арасындағы некенің арқасында пайда болды. Иорам, Иосафат ұлы, Иудея патшасы Афалияға, Ахава қызына, Израиль және Иезавели патшасына үйленді. Охозияның өлімінен кейін, Афалия билік басына келіп, бірнеше жыл бойы Иудеяны басқарды. Бұл кезеңде келесі патшалар басқарды:

Ахавтан Иоасаға дейін (Израиль)

Иосафаттан  Иоасаға дейін (Иудея).

Иудея мен Израиль арасындағы қақтығыстар (шамамен б.з.д. 798-722 жж.)

Одақ Ахавтың барлық үйін бұзған Ииуемен бұзылды. Жаулықтың соңғы кезеңі Израильдің Ассирияға кетуіне дейін жалғасты, яғни келесі патшалардың билігі кезінде:

Иоастан Осияға дейін (Израиль)

Амасиядан Ахазға дейін (Иудея).

Паралипоменоннің бірінші және екінші кітаптары

ЖАЛПЫ

Еврейлік Библияда Паралипоменоннің бірінші және екінші кітаптары бір кітаптан тұрады. Еврейлік «Дибре хаямим» атауы келесіні білдіреді: «Күннің жағдайлары» немесе «жаңалықтар» - күн тарихы. Иероним оны «Хроника» ретінде атап өткен. Септуагинтте грек сөзі «Паралипоменон» қолданылады, ол «қалдықтар» немесе «жіберілген оқиғалар» дегенді білдіреді. Бұл атау онда сипатталатын оқиғалардың басқа ешқандай кітаптарында айтылмағандықтан пайда болған, және де олар тарихи еңбектерге, әсіресе Патшалықтар кітабына толықтырулар ретінде жазылғандығы болжанады.

Паралипоменон кітаптарында Патшалық кітаптарына сілтемелер жиі кездеседі, алайда олар анықталған сипатқа ие.

УАҚЫТ КЕЗЕҢІ

Кітаптар әлемнің құрылуынан б.з.д. 538 ж. Кир патшасының эдиктісімен аяқтай отырып, үлкен уақыт кезеңін қамтиды. Негізінен тек Дәуіт пен Соломон патшаларының тарихтары ғана егжей-тегжейлі қарастырылады, оларға иудейлік

ҚҰРАСТЫРУШЫ

Біз оны білмейміз. Әр түрлі талқылаушылар бұл кітапты Ездра жасады дейді. Мұны растау ретінде көзге түсетін Ездра кітабының стилімен ұқсастығы табылады. Сонымен қатар, соңғысы Паралипоменонға жақындығы сонша, соның жалғасы сияқты. Егер де ол оның жалғасы болса, онда шежіре аяғын толықтырылған қосымша ретінде қарастыру қажет. Патшалықтың кітаптарын құрастырушы сияқты, Паралипоменонды жазушы да сенімді қайнар көздерді негізге алған.

Айтылмаған қайнар көздер

Басты негіз  болып Мұса бес кітабы мен Иисус  Навин кітабы, және де шежіре мен  статистикалық мәліметтер (қазір  жоғалған) табылуы қажет.

МАЗМҰНЫ

Екі кітап  та еврей тарихын қысқа қарап  шығу болып табылады, ол Құдайдың күштілігін Оның әлемді жасауынан бастап, вавилондық тұтқындыққа дейінгі істерінен көрсетеді. Яхва Израильге Өзін Өз елінің тарихына ғажайыптар жасайтын Құдай ретінде көрсетеді. Қандай да бір патша оған жүгінгенде, Құдай оның жауларын жояды.

БЕЙНЕЛЕМЕ

Кеме

Аведдар үйіндегі кеме – Құдай өмір сүретін үйдегі алғыстың түрі  (1 Пар. 13)

Иерусалимдегі кеме, діни және саяси өмірдің ортасында  (1 Пар. 15-16) – Құдайдың өмірінің негізіне қойғанның, халық арасында сыйынушының алғыс беру түрі.

Мориа тауы

Халық санағы тарихы (1 Пар. 21) және Орна Иевусеян гумнында аяқталған кейінгі оба.

Пайғамбар тауы, онда Құдай ашуы басылған, ол Голгофқа көрсетеді.

Ондағы Дәуіттің жасаған құрбан шалатын жері ерекше жалғыз құрбан шалатын жерді еске түсіреді: Голгофтағы крестті.

Гумнды сатып алу: Болашақ ғибадатхана сатып алу негізінде құрылуы қажет: бұл бағаны Иисус Христос төледі.

Аспаннан түскен от (құрбан шалғаннан соң): Қасиетті Рух Крестке құрбан шалған соң толтырылған жүректерді тазартады.

 

ЕРЕКШЕ  БЕЛГІЛЕР

Тек иудея патшаларының тарихы сипатталады. Израиль туралы толығымен  ештеңе айтпау израильдік патшалардың  ғибадатхана мен құдайға шын  тағзым етпегендіктерінен шығар.

Көптеген шежірелер. Бұл  тізімдер израильдіктер үшін әр түрлі  рулар мен Құдай қауымдарға жататындықтарының  дәлелі ретінде ерекше маңызды болды.

Құрастырушы оқиғаларды әдейі осылай, қоғамдық Құдайға сыйынулармен және оған қатыстылардың барлығымен (ғибадатхана, әулие әкейлер) байланысты етіп жасады.

Ездра мен Неемия кітаптары

Еврейлік  канондарда Ездра мен Неемия кітаптары Ездраның атындағы бір кітап болып табылады. Септугинде екі кітап та алғаш рет бөлінеді. Екеуінде де сол уақыт кезеңі қарастырылады, және олар бір-бірін өзара толықтырады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада: бірінші кітапта басты рольді Ездра ойнайды, ал екіншісінде – жерді сақтаушы Неемия. Бұған қарамастан екеуі де бірге еңбек етіп, ортақ іс үшін күресті, қиналды. Қос кітап та Паралипоменонның жалғасы болып табылады (салыст. 2 Пар. 36, 22-23 оған қоса Ездра 1, 1-3). Аггей, Захария және Малахия пайғамбарлары Ездра мен Неемиямен тығыз байланыста болды.

Бұл кітаптар үлкен тарихи маңызға ие. Олар Иерусалимнің қирауы мен маккавеялармен соғыс арасындағы кезеңдегі Палестина  тарихы туралы ішінара түсіндіретін жалғыз тарихи құжат болып табылады.

УАҚЫТ КЕЗЕҢІ

Кітаптар  538 жылы Зоровавельдің басқаруымен алғашқы тұтқындардың қайтып оралуынан бастап (Ездра 1-2 тар.), 433 ж. Неемияның Иерусалимде екінші рет болуы (Неем. 13, 6-7) арасындағы жүз жыл мерзімді кезеңді қамтиды.

Ездра мен Неемия кезіндегі басты оқиғалар:

538 Кир Эдикті: еврейлердің Зоровавель және Исаның басқарушылығымен (шамамен 50.000 тұтқын) қайтып оралуы, Ездра 1-2 тарау.

538 Жаңа құрбан шалатын жерді салу, 3, 1-7.

537 Ғибадатхананы салуды бастау, 3, 8-13. Жұмысты тоқтату, 4, 23-24.

520 Аггей мен Захария пайғамбарлары өз қызметтерін бастайды (Агг. 1,1; Зах. 1,1), 5, 1.

Құрылыс жұмыстарының қайта  басталуы, 5,2.

515 Ғибадатхананы жарықтандыру (адар айында – жылдың соңғы айында), 6, 15-18.

515 Пасханы тойлау (1-ші айдың 14-ші күні), 6, 19-22. 57 жылдық бос кезең (Ездраның 6 және 7 тарауларының арасында). Мұнда Есфирь кітабында сипатталатын оқиғаларды жазу қажет етеді (515-458).

458 Ездра Вавилонды тастап, Иерусалимге шамамен 1800 қоныс аударылғандармен оралады, 7, 1-8, 36.

12 жылдық бос кезең (Ездраның аяғы мен Неемия кітапыбының басы арасында: 457-446).

446 Неемия Иерусалимдегі еврейлердің қайғысы туралы хабарды алады, Неем. 1,1.

445 Неемияның Иерусалимге саяхаты, 2,9.

52 күн ішінде қала қабырғасы салынады, 6, 15.

12 жылдық бос кезең (Неемияның Сусанға қайтып оралуы 445-433)

433 Неемия қайтадан Иерусалимге оралады, 13, 6-7.

ҚҰРАСТЫРУШЫ

Бұл кітаптарды құрастырушы белгісіз. Елиашив шежіре ағашы Иаддуйға жететіндіктен (Неем. 12, 10-22), Ұлы Александрдың замандасы (336 бастап, 323 дейін), құрастырушы сипатталушы оқиғалардан соң өмір сүрген сияқты. Сонымен қатар, бұл жерде кейіннен қосылулар да орын алуы мүмкін. Сондықтан да бұл жазбалар оқиғалардан соң бірнеше жыл өткен соң жазылған болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, біз осы жазбаларға негіз болған екі басты қайнар көзді ажырата аламыз. Олар – Ездра мен Неемияның жеке жазбалары; оларды жазылған нысаны бойынша оңай ажыратуға болады, дәлірек айтсақ – олар бірінші жақтан жазылған: Ездра 7, 27-29, 15; Неемия 1, 1-7, 5 және 12, 27, 13, 31. Сонымен қатар, құрастырушы әр түрлі шежірелер мен статистикалық мәліметтерді (Ездра 2), және де қауым мүшелерінің, қорғанның құрылысшыларының (Неем. 3 және 7), әкейлер мен левиттердің (Неем. 10 және 12) есімдік тізімдерін пайдаланды.

Кітаптардың растығы Аггей мен Захария  пайғамбарларының кітаптарында дәлелденеді.

МАЗМҰНЫ

Бұл кітаптардың  мазмұнын екі сөзбен айтуға болады: ғибадатхана салу және реформация. Бұған алғышарт болып Құдайға қайтып оралу мен Мұса заңдарын қатал сақтау табылады (Неем. 8, 1-8). Кітаптардың тағы да бір мақсаты болып Құдайдың Құдіреті израиль халқын тұтқыннан өз отандарына қайтаратынын және ішкі және сыртқы жаулардың көздерінше ол қайта туушы мемлекеттің жаңа тәртібіне билік жүргізетінін көрсету табылады.

БЕЙНЕЛЕМЕ

Бөліну

Иудейлердің басқа ұлттармен байланыстарына тыйым салу қайта қалыптасуға  кедергі болды (Ездра 9-10). Ездра бөтен әйелдер мен жартылай пұтқа табынушылар – самарлықтарды жіберді. Иса қауымы анықталған халық болуы қажет: 2 Құр. 6, 15-18.

Ғибадатхана мен қорғанды қайта  қалпына келтіру

Кез келген Құдайға оралу  Құдай ғибадатханасын, яғни құрбан шалатын жерді, яғни Исаның Крестін  салудан басталады. Адам Кресттің өмірлік  күшіне жеткен кезде, оның сыртқы өмірі  де өзгеруі мүмкін (қорған).

 

Жаулары

Санаваллат, Хоронит және Товия, аммонитянин (Неем. 2, 10), Гешем сияқты, аравитянин де (2,19) Құдай халқының құрылысына кедергі болу үшін бар күш-жігерлерін жұмсайды; бұл Құдай халқын Құдай құрылысын салудан аулақ ұсатуға бағытталған одақ.

ӘР ТҮРЛІ

Тәжірибедегі  оқыту

Құдай, біздің Құдай Өз халқын бақылауда. Жүзжылдықтар бойы Ол Өз халқын қорғап отырды. Құдай патшалығына өз міндеттерін білетін, оларды жүрекке жақын қабылдайтын ерлер мен көсемдер қажет. Парықсыз және жалқау адамдар Құдай ісін жасауға жарамайды.

Құдай ісін сәтті аяқтау үшін, қылышпен де, күрекпен де жұмыс жасау қажет. Қылыш  Құдай Сөзін білдіреді (Еф. 6,17), оның көмегімен біз дұшпан шабуылынан қорғана аламыз; күрек біздің Құдай патшалығын салуға қатысуымызды білдіреді.

Ояну белгілері

Қасиетті Жазбаларға қайта оралу . . . . 8, 1-8. 18

Құдай қайғысы мен қуанышы . . . . . 8, 9-12

Тыңдау (заң шарттары бойынша  мереке жүргізу)  . 8, 13-18

Барлық күнәларын жалпының мойындауымен қоса болған

мойынсұну . . . . . . . . 9, 1-37

Ішкі оянумен одақтың  қайта құрылуы . . . 10, 1-28

Құдай заңдарын сақтауға берілгендік . . . 10, 29-40

Есфирь  кітабы

ЖАЛПЫ

Есфирь кітабы Көне Өсиеттің ең даулы кітаптарына жатады. Еврейлердің өздері де – шынында, ортодаксальдық емес – оны теріске шығарды және әлі күнге дейін теріске шығаруда, олардың ойы бойынша, бұл кітап жеккөрініштілік пен кек алу сезімдеріне толы, ал діни құндылықтарға келетін болсақ, ол Қасиетті Жазбаның басқа  кітаптарынан алыста қалған. Әрбір шынайы көзқараста бір тамша болса да шындық болатындықтан, ол мұнда да расталады: Есфирь кітабы, шынымен де, жеккөрініштілік пен кек алу ойларынан бос емес, бірақ бұл сезімдер басқа елде бөтен болып тұрған әрбір халықты рухани қоректендіруі қажет. Еврей халқы соңғы екі мың жылдықта басқа халықтар арасында бөтен болып өмір сүруде; ол көптеген адамгершіліксіз қудалауларға тап болды; оны жердегі басқа халықты жек көрмегендей жек көріп, қудаланды. Біз еврей халқының Есфирь кітабында бөтен халықтар еврейлерді қудаламай, еврейлер бөтен халықты жеңетін арманның жүзеге асуын көргендігіне таң қала аламыз ба?

Сонымен қатар, Есфирь кітабы ешқандай дін құндылыққа ие емес деп айта алмаймыз. Есфирьдің «егер де өлу керек болса, өлем» дегенін еске алғанымыз жетеді (4, 16). Бұл сөздер ешбір шынайы христианинге арамдық боп көрінбес; Інжілде иман туралы куәгерлердің көбісі осы қағида бойынша өмір сүрмеді ме?

Информация о работе Патшалықтың үшінші және төртінші кітаптары