Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 15:40, доклад
Патшалықтың осы екі кітабы Самуил кітаптарының жалғасы болып табылады, олар бұрын онымен бірге толық тарихи кітапты құрады. Ол әдеби туынды емес, тек патшалар тарихының жазбасы ғана. Бұл тарихта әртүрлі ақтаңдақтар бар; жазушы оны түсініп, осыған байланысты екі елдің мұрағаттарында сақталған «Израиль және Иуда патшалары хроникасына» (Паралипоменонның Бірінші және Екінші кітаптарына) сілтеме жасайды.
Есфирь кітабы Көне Өсиеттің бірқатар тарихи кітаптарын аяқтайды. Еврейлік канон бойынша, ол «кетубимге» жатады, және әр түрлі еврей мейрамдарына байланысты оқылатын бес жазба (мегилоттар) бірі болып табылады. Есфирь кітабы Пурим мейрамының алғашқы күнінде (12-ші ай, Адар айының 14-ші және 15-ші күндері), еврейлердің бостандыққа шығуы мен олардың Есфирь кезінде өлімнен аман қалуын еске алу үшін оқылады.
УАҚЫТ КЕЗЕҢІ
Бұл кітапта сипатталатын оқиғалар тұтқыннан бірінші және екінші оралу арасындағы кезеңде орын алды (біріншісі 528 жылы Зоровавельде, екншісі 458 жылы Ездраның кезінде). Хронологиялық тұрғыдан кітап Ездраның 6 және 7 кітаптарының тарауларының арасында болуы тиіс (Ездра мен Неемия кітаптарындағы уақыт кезеңін қараңыз).
ҚҰРАСТЫРУШЫ
Бұл кітапты құрастырушы бізге белгісіз. Ол кітапты тұтқыннан оралған соң жазғаны анық. Ол парсы сарайының әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс және ерекше әдеби дарынға ие еврейлік патриот болуы тиіс. Қолжазба ежелгі-еврей тілінде жазылған, алайда онда көптеген арамейлік сөздер орын алған, бұл әр түрлі талқылаушыларды құрастырушы ретінде Ездраны санауға итермеледі. Не болса да, 9, 20 тараулардың негізінде іс жүзіндегі мәліметтерді Мардохай берді деп санауға болады.
Кітаптың растығы даулы болды, алайда патша сарайын және парсы патшалығындағы барлық ұйымдарды нақты сипаттау, бүгінгі күні де тойланатын Пурим мейрамын орнату оның шынайылығының бірден бір дәлелі болып табылады. Сонымен қатар, Есфирь кітабы Геродоттың шығармаларымен, соңғы уақыттың археологиялық қазбаларымен расталады.
МАЗМҰНЫ
Кітап Құдайдың шашырап өмір сүруші Өз халқына деген мейірімділігінің, махаббатының, берілгендігінің шексіздігін көрсетеді. Құдай қауымын, оның опасыздығына қарамастан, Құдай тастап кеткен жоқ. Ол қасқарлар арасындағы қойлар сияқты тұтқында өмір сүреді. Кітап Израильге шығыс сарайының байлығымен салыстыра отырып, Мұса заңдарын сақтай отырып адал өмір сүрудің үлгісін көрсетеді.
БЕЙНЕЛЕМЕ
Есфирь патшайым
Оның өз халқы үшін өзін құрбан етуге дайындығының және оның құдай алдында жол беруінің арқасында, ол барлық халықты аман алып қалудағы делдал болды, - ол Құдай алдында өз халқын қорғау үшін өз өмірін қиюға дайын адам кейпінде болды.
Өзінің патша алдына шығудан бұрын дайындығы кезінде, ол Христ Шіркеуінің үлгісі бола алады, ал Аспан Патшасының алдына баруға әрдайым дайын болды.
Өз сыйынуларында ол Патшалардың Патшасына сыйынушыларға мейірімді болуды сұрайды.
ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ
Кітапта еврейлердің заңдары, діни ғұрыптары туралы ештеңе айтылмайды. Жаңа Өсиетте Есфирь кітабына ешқандай да сілтемелер, үзінділер жоқ.
Құдайдың есімі кітапта жазылмаған. Мұны қалай түсіндіруге болады? Тек ең маңызды жауаптарды қайталаймыз:
Мұнда болжамның шынайы болуы туралы айтылады: Құдай өз бетін өз халқынан жасырады. Оның аты аталмаса да, оның халқын қиын жағдайларда қорғаушы ретінде қызмет еткен Құдайдың құдіретті қолы сезіледі.
Библияны талқылаушылардың кейбіреуі, соның ішінде д-р Буллингер де бар, ежелгі еврейлік тілдің меңгергендер Есфирь кітабында акростихон нысанындағы Яхве атауын төрт рет еске салудың болғандығын айтады. Бұған Талмудта да сілтеме жасалынады. Израильдіктердің сыйынып, жылағандары олардың Құдайға жалбарынғандықтарын көрсетеді.
Иов кітабы
ЖАЛПЫ
Иов кітабы басты тұлға ретінде Иовтың есімін иемденген. Бұл кітап еврейлік «аиаб» түбірінен келесідей аударылады: «жек көру», «шабуылдау» немесе «жауласу».
Иовтың тарихта болуы бірнеше рет дауланған. Қасиетті жазбаға сүйенбей, біз Иовтың шынымен де өмір сүріп, қиналған адам болғандығына көзімізді жеткіземіз.
Иов кітабы Көне Өсиетте өз мазмұны бойынша да, нысаны бойынша да ерекше орынға ие. Және оған қоса: өзінің көркемдігі мен ақындық күшіне орай, ол әлемдік әдебиеттің ең жақсы туындыларымен қатар қойылуы мүмкін. Мазмұны бойынша ол әрдайым замандық болып қалмақ; себебі жер бетінде адамдар өмір сүруіне байланысты, олар өмірдің мәні туралы сұраққа орала бермек.
УАҚЫТ КЕЗЕҢІ
Иов патриархтар кезеңінде өмір сүрген секілді. Бұл туралы көптеген библиялық дәлелдер бар:
Оның аты кітапта көп кездеседі.
Иовтың малдан құралған байлығының болуы.
Иовтың патриархтарсен қоса ұзақ өмір сүруі.
Израиль халқына қандай да бір сілтеме жасалынбау; Иов Мұсаға дейін өмір сүруі тиіс.
Иаков оқиғасы бойынша белгілі кездің айтылуы.
Иовтың патриарх, князь, не болса да лауазымды болғаны анық.
ҚҰРАСТЫРУШЫ
Кітаптың өзінде құрастырушы туралы айтылмайды. Талмудта айтылатын дәстүр кітапты Мұсаның жазғаны туралы айтады. Алайда біз бұған толыққанды сенімді бола алмаймыз. Бұған қатысты әр түрлі көзқарастар бар:
Көптеген құдай ілімін зерттеушілер кітапты Соломонның кезеңіне жатқызады. Олар Дәуіт пен Соломонның билігі кезінде олар ең бай кезеңде өмір сүргендігін айтады. Басқалары оны Езекия кезеңіне жатқызады. Ал кейбіреулері кітаптың қудалану кезінде, нақтырақ айтсақ, қудалаудан қайту кезінде жазылғандығы туралы айтады. Қорытындыласақ, құрастырушының кім екендігі туралы нақты дәлел жоқ. Ол израильдік болды; онда израильдік діни ойдың негізі қаланған.
МАЗМҰНЫ
Бұл кітаптың басты тақырыбы – азаптану құпиясы. Оның мақсаты – Құдай әділдігіне сәйкес адамгершілігі бар адамдардың сұрақтарын шешу. Онда азап міндетті түрде жасаған күнәлары үшін жазалау болуы тиіс еместігі көрсетіледі; себебі жазалаудың азабымен қатар тазалаушы азап пен сынаушы азап бар. Сондықтан да азапталушы Құдайға қарсы шықпай, Әлемді жаратушыға бағынуы тиіс.
ЕРЕКШЕ БЕЛГІ
Израиль тарихы мен Мұса заңдары туралы мүлдем айтылмайды. Яхве де, Израиль Құдайы да кітапта бір рет ғана кездеседі. Құдай туралы айта отырып, достары тек Елоим атын ғана қолданады.
Кітап ақындық сипатқа ие. Құдай мен ібіліс арасында диалог орын алады.
Информация о работе Патшалықтың үшінші және төртінші кітаптары