Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2011 в 12:38, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып, шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды.

Содержание

I НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ

1.1. Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ғылыми негізделуі

1.2. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуының ерекшеліктері

1.3. Шағын кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ 18 бет.doc

— 89.50 Кб (Скачать документ)

      Бүгінгі күні Қазақстанда өте сапалы мамандықты, ең алғашқы инвестицияы көп қажет етпейтін саладағы, шағын кәсіпкерлік аяғынан тік түруда ( шағын сауда, қызмет көрсету саласы ) Мүндағы шағын кәсіпорынның өсуі экономикалық жағдайға әсер етуі төмен. Қамтамасыз етпейді. Өндіріс, инновация, коммерция және қаржылық қызмет саласындағы шағын кәсіпорын өркениетті нарыққа енді қалыптасып, дамып келе жатыр.

      Қазақстандық кәсіпкерлік өзінің қалыптасуында батыс елдеріне үқсас(10 жыл аралығында) бірнеше кезеңнен  өтті.

      Мемлекеттік емес меншіктің дамуында бірнеше мәселелер туындады. Айта кетсек, жоғарыдағы заңдағы еркіндіктер мемлекеттік жоспарда орын алмағандықтан жеке сектордың ресурспен жабдықталуына және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Әрекеттер кәсіпорынның тіркелуіне  әсіресе    біріккен    кәсіпкерлік үлкен    кедергі  болды.

      Кәсіпкерлікке деген қоғамдық пікір де дүрыс болмады, оларды мемлекетті тонаушы немесе алыпсатарлар деп көрсетті. Оның үстіне заңның жетілмеуі жеке сектордың дамуына жол бермеді.

      Бүкіл кеңестік кеңістікте соның ішінде Қазақстанда да «шоковая терапия» сияқты мүлде басқа экономикалық курс керек. Қазақстандық шағын кәсіпорын жаңа екінші кезеңін бастады.

     Реструктуризация мен мемлекеттік ірі кәсіпорынды реформалау өндіріс көлемінің төмендеуіне және кейбір кәсіпорынның жойылуына әкелді. Бүл үрдіс жүмыспен қамтығандардың санын да қысқартты. 1992 және 1996 жылдары жүргізген кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағытындағы бағдарламалар еліміздігі шағын кәсіпорынның қүрылуы мен қалыптасуына негіз салды.

      Шағын кәсіпкер сауда делдалдық жаққа ығысуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатаң салық саясатына қарсы заңды әрекет. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде нарық жағдайында жүмыс істейтін салық жүйесінің болуы мүмкін емес болатын. Сондықтан тәжірибелі шаруашылық өмірге енгізілген салық міндеттемесі бүған үйренбеген кәсіпкерлердің қарсылығын тудырды, оның үстіне шағын кәсіпкерліктің табыстың 70 - 90% - ын аламыз деген үкіметтің ашық экстремистік салық саясаты жүрді. Қатаң салық салу қиын жағдайдан, жаңа сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндік бере қоймас, сондықтан салық төлеушілер, салық органдарынан салық табыстарын жасырудың жолын іздеп, таба бастады. Бірліктерді бақылау қиын болғандықтан сауда мен делдалдардың табысы көлеңке экономикаға кетуін тудырды.    

      Өндірістік құрылым көлеміндегі шағын кәсіпорынның жағдайы төмендегідей:

      Өнеркәсіп және электроэнергия - 0,7% , көмір - 1,4% , қара және түсті металлургия - 2,77% , химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіп - 14,79%, машина жасау және металл өңдеу - 50,34%, басқалары - 29 %.

     Бүл жерден шығар жол, шағын кәсіпорындармен республиканың  және өндірістік емес қажеттерін қанағаттандыруға бағыттау, олардың арасындағы бәсекелестікті күшейту.

     Қазақстанда кәсіпкерлікті қорғау мәселесі бірінші рет 1992 жылы 4 - ші шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау» туралы заңында көрсетілді. Бәрімізге белгілі Кеңес үкіметі ыдырағанда Қазақстандағы көптеген ірі кәсіпорындар да өз жүмыстарын тоқтата бастап, көптеген жүмысшылар босап қалған болатын. Бардың орнын толтыру үшін, олардың орнын, шағын кәсіпорынмен толтыру керек болатын. 1992 және 1996 жылдары кәсіпкерлікті қорғау және қолдау  жүзеге асыру  елдегі    шағын   кәсіпорынның    қүрылуы   мен   қалыптасуына негіз салды. Бүдан кейін шағын кәсіпкерлікті қолдау белсендірек жүрді. Үкіметтің мүндай қадамы 1997 жылғы 6 - шы наурыздағы Президенттің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау және белсенділету туралы шаралары туралы» бұйрық болды деп айтуға болады. Бұл Республикадағы 1997 жылғы шағын кәсіпорынның дамуындағы бағдарламалық қүжат болып табылды.

       Осы  бүйрық бойынша  мыналар жүзеге асты:

  • шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік институты қүрылды;

- «шағын    кәсіпкерлікті    мемлекеттік      қолдау   туралы»,    « жеке кәсіпкерлік туралы»,   жеке кәсіпкерлікке    қатысты   кейбір   Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер  мен толықтырулар енгізілді;

-    шағын кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі қор құрылды;

- 2 - ші  деңгейдегі барлық банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеудің минималды мөлшерін белгіледі (барлық банктердің несиелік қарыздары 10 - тен төмен болмауы керек)

-   бақылаушы    және    инспекторлық    мемлекеттік  органдар    мен олардың көрсететін ақылы   қызметтер саны  қысқартылды;

- шағын  кәсіпорынның жүмыс істеуіне  жағдай  жасалуда (өндірістік ғимараттар  мен жер учаскелері берілгелі жатыр және тағы басқалар)

-    шағын кәсіпорындарға жеңілдік  беру, жүйесі қаралуда;

-    шағын   кәсіпкерлікті   қолдаудағы    әкімдердің   жұмыстарын  қатаң бақыланған.    Бұдан    кейінгі жылдардағы    Қазақстан Республикасының мемелекеттік  саясаты    шағын    кәсіпкерлікті    қолдау    және    дамыту бағытында болады.

      Республикада «Шағын кәсіпорын» статусын алған ұйымдар мен кәсіпорындарға салықты есептеу мен төлеудің арнайы режимі белгіленген; кәсіпкерлік іске қолайлы жағдай жасалған; қүқықтар қамтамасыз ету үйымдастырылған.

Шағын кәсіпорындар командалық істің келесі түрін жүзеге асырады;    

-  түрғын   үй,   өндірістік,   әлеуметтік     және   табиғатты       қорғауға негізделген    объектілердің    қүрылысын,    әртүрлі    жөндеу    жүмыстарын жүргізді:                 

-   өнімді   өткізумен айналысады;

-   әртүрлі  қызметтер  көрсетеді;

  • 1999 жылы 17,5 мың шағын және - орта кәсіпкерлер, ал одан кейінгі жылы шағын және орта кәсіпкерліктің 41,7% - ке дейін 2005 жылы олардың саны 98,3 мың бірлікті қүрады немесе 5 есеге өсті.

1 кесте  - Қазақстан    Республикасындағы    шағын    кәсіпорындардың саны, бірлік. 

Салалар 1997    жыл 1998   жыл 1999 жыл 2005  жыл 2005/1997 жылдар
1 .өнеркәсіп 2526 3668 5633 12474 4,97
2. құрылыс 2142 3007 4680 10165 4,75
3. сауда,   авто   және          
  ќұралдарды жөндеу 7587 11959 17531 46690 6,15
4. мейманхана   мен          
    мейрамханалар 227 490 789 1854 8,17
5. транспорт    және

    байланыс

         
670 1152 1952 5000 7,46
6. білім        және          
денсаулық сақтау 3130 2892 4549 2422 0,77
7. коммуналдық

қызмет

         
1257 1680 1961 2329 1,85
  Барлығы 17539 24848 37095 98300 5,61

       Экономика саласындағы еңбектің тиімділігін, пайдалы жақтарын ондағы өндірілген өнім көлемін 1 жұмысшыға есептеу арқылы көруге болады.

      Біз Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорынның    қүрылуына және дамуына   сараптама  жасадық. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің ерекшелігі «көлеңке» сектордың жоғарғы деңгейде қалып отырғандығы. Эксперттік баѓалауѓа қарағанда шағын кәсіпорын субьектілерінің 30 - 50% құрап отыр. Потенциялды ресурстардың көп бөлігі жалпы ұлттық мәселелерді шешуге қатынаспай отыр. Сонымен бірге шағын кәсіпкерліктің аймақтық дамуындағы айырмашылықтар өте алшақ.

Тағы  бір ерекшелігіне еліміздің экономиканы, салалық, әлеуметтік, демографиялық  ерекшеліктеріне сай шағын кәсіорындардың көлемі. Келесі жағдай нарықтық қатынастардың  орнауының және экономикалық дамуға сәйкес салалардағы айырмашылықтар. Шағын кәсіпорындарды дамытудағы мемлекеттік органдардың оларды қолдауға байланысты бағдарламаларды жүзеге асыруына байланысты ішкі қайшылықтар 

                 1.3  Шағын кәсіпкерліктің дамуының шетелдік тәжірибесі

      Экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпкерлік маңызды роль атқарады. Олардың үлесіне жүмыспен қамтылғандардың 50 - 60 пайызы, ал жаңа жүмыс орындарының 70 - 80 пайызы келеді. Өнім өндіру мен қызмет көрсетуде ЖІӨ - нің жартысына жуығын алады.

      Бұл параметрлер Қазақстанға үлгі болатын жағын осы бөлімде қарастырайық. Бірақ әр елдің өзіне тән әлеуметтік - экономикалық ќўрылымы, мемлекеттік ќўрылымы, тарихи, мәдени, дәстүрі бар дегендей ерекшеліктерді ескеру керек. Оның үстіне әр елді шағын кәсіпкерлікке жатқызу критерилері әртүрлі болатынын ескерсек ЖІӨ - гі үлес салмақты әртүрлі болуы мүмкін.

     Енді шағын кәсіпкерліктің әртүрлі елдерде дамуын және үлгі болатын жағын қарастырайық.

     Шағын кәсіпкерлік - бұл миллиондаған кәсіпкерлердің өздерінің жаңа ойларымен экономиакалық өмірге енетін негізгі ұйымдастырушылық нысаны. Ерекше институт ретінде шағын кәсіпкерлік жаңа тауарлары мен қызметтерінің, басқару әдістерінің және тағы басқа көптеген жаңалықтарды зерттеуге қоятынын көруге болады.

   Статистикалық мәліметтер үшін кіші кәсіпорындардың өсуі маңызды болып келеді. Батыс елдер экономикасының құрылысындағы кіші  кәсіпорындар үлесінің активті өсуі 70 жылдардың ортасында, 90 жылдардың басында қалыптаса бастады. Бүгінгі күні жоғары дамыған Батыс елдеріндегі шағын фирмалар барлық кәсіпорындардың 70 – 90% - ын құрайды. Салыстыру үшін, мысалы АҚШ - ты алуға болады, онда шағын кәсіпкерлікте барлық халықтың 53% - ы жұмыс істейді. Жапонияда бұл көрсеткіш 71,7% -ды құрайды, ал ЕО мемлекеттерінде осындай кәсіпорындарда жұмысшы халықтың жартысы қызмет етеді. Осы мәліметтер бұл елдердің экономикасында шағын бизнестің үлкен маңызы бар екенін дәлелдейді. 10% жаңа технологиялар енгізетін ірі кәсіпорындарға қарағанда, 1 т.е. шығынға  шағын кәсіпорындар 17 есе көп жаңалықтар мен жаңа жұмыстар енгізеді, яғни бұл 90% жаңа технологияларды шағын кәсіпорындар мен тәуелсіз ғылыми ойлап табушылар енгізетінін көрсетеді. 

      Ресми статистика бойынша АҚШ - та шағын кәсіпкерлікке құрамындағы жұмыс істейтіндердің саны 500 - ден аспайтын кәсіпорындар кіреді, мұнда:

   -  1-ден 20-ға дейін  -  өндіруші;

   -  20-дан 100-ге дейін – шағын;

   -100-ден  500-ге дейін -  орта кәсіпорындар.

   Елдің экономикасындағы шағын бизнестің  маңыздылығына байланысты, бұл әр түрлі топтарға бөлінеді. Мысалы, Германияда төрт категория бар: 20 -49; 50-99; 100-199; 200-499.

   Германияда, фирманы шағын деп тану үшін оның жылдық айналымы 3,5 - 11,5 млн. DM, ал АҚШ 3 - 12 млн долларды құрау керек. Бірақ кез - келген жағдайда фирмаларды градациялау жүйесі және оны шағын немесе орта кәсіпорындарға жатқызу проблема болып келеді.

   Германиядағя  шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ пен Жапонияға қарағанда  біршама жоғары болып табылады. Мұнда  ірі кәсіпорындардың 12,3%  және сонда  жұмыс істейтіндердің 34% - на тек 52,6 % ұлттық табыс келеді. Оған қоса жұмыс орындарының 2/3 бөлігі ұсақ кәсіпкерліктің арқасында жасалады. Сондықтан, шағын кәсіпорындар саны өсіп келеді.

   Ұсақ  кәсіпкерліктің дамуына келесі факторлар  үлкен әсер етеді:

- инфрақұрылымның  және байланыс құралдарының дамуында секіріс болады;

- жалпы  білім деңгейі мен адамдардың  ірі компаниялардағы жұмыс істеу  әдеті жоғарлады;

- габариттер, құны және ақпарат жүйелерін  пайдаланудағы қысқартулардың азаюы;

- жұмыссыздық  мәселесін шешуінде шағын фирмалардың  қатысуы;

- жұмыс сменасын қысқарту шағын кәсіпорындар жасаудың қосымша стимулы болып табылады;

- накладтық  шығындар мен жалақының төмен  тербелістеріне, артық бюрократиялық  ақпараттың жоқтығына шартталған  аз шығындар арқасында жасалған  үлкен бәсекелестікке қаблеттілік;

- шағын кәсіпорындарға негізделген қызметтер сферасының кеңеюі.

   Шағын бизнестің бұл саладағы сәттілігін келесідей себептермен түсіндіруге  болады. Ғылыми жұмыстардағы маманданудың тереңдеуі көп жағдайда кішігірім  фирмалардың өте қарапайым және тәуекелділік жолымен жүруіне және перспективалық емес салаларда жұмыс істеуіне әкеліп соқтырды.

Информация о работе Персоналды басқарудың құрамы, басқару аспектілері және тұжырымдамасы”