Пәндік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 14:41, курсовая работа

Описание

Қазақстан электр стансаларының техникалық ахуалын талдау олардың негізгі қорларының 50-60%-ы тозып, өзінің қызмет ету мерзімін әлде қашан өтеп болғанын көрсетеді. Кейбір стансаларда қазіргі уақытқа дейін 40 жылдардағы, көбінесе Германияда жасалған жабдықтар жұмыс істеуде. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін барлық ТМД елдерінің экономикалық даму деңгейі екі есеге төмендегені белгілі, соған сәйкес электр энергиясын өндіру мен тұтыну да төмендеді. Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі байқалып келеді, бұл энергияны тұтынуды өсірді. Энергетиканың нарықтық қатынастарға өтуі ұлттық-шаруашылық салаларының үйлесімсіз өсуі, тұтынылған энергияға төленбеген қалдық қарыздар және энергетикалық жабдықтардың тозуы бір жағынан жаңа қазіргі заманғы электр стансаларды салуды қажет ететін болса, ал екінші жағынан стансаларға тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік бермейді. Әлемдік тәжірибеде мұндай экономикалық жағдайларда

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................
3
Берілген мәліметтер.......................................................................................
4
1
ЖЭО жылдық энергия жіберілуін анықтау........................................
5
2
Отынға жұмсалатын шығындарды анықтау.......................................
5
3
Отынды пайдаланудың ПӘЕ-ін есептеу.............................................
6
4
Суға жұмсалатын шығындарды есептеу.............................................
7
5
Еңбекақы шығындарын есептеу..........................................................
7
6
Амортизациялық аударылымдарды есептеу......................................
8
7
Ағымдағы жөндеу шығындарын есептеу...........................................
9

8
Жалпы стансалық және цехтық шығындарды есептеу......................
9
9
Энергияны жіберудің өзіндік құнын есептеу.....................................
9
10
ЖЭО салуды және пайдалануды экономикалық бағалау..................
11
Әдебиеттер тізімі............................................................................................
16

Работа состоит из  1 файл

экономика курсовой.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

                                   Коммерциялық емес

      акционерлік 

      қоғам


 

 

    

 

 

                                         САЛАДАҒЫ ЭКОНОМИКА

ПӘНДІК ЖҰМЫС 

 

№33-нұсқа

 

 

 

 

 

                                                                      Орындаған: ТЭСк-09-2 тобының

      студенті  Исаков А.С.

                                                                      Тексерген: доц. Түзелбаев Б.И.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2013

Мазмұны


 

Кіріспе.............................................................................................................

3

Берілген мәліметтер.......................................................................................

4

1

ЖЭО жылдық энергия жіберілуін анықтау........................................

5

2

Отынға жұмсалатын шығындарды анықтау.......................................

5

3

Отынды пайдаланудың ПӘЕ-ін есептеу.............................................

6

4

Суға жұмсалатын шығындарды есептеу.............................................

7

5

Еңбекақы шығындарын есептеу..........................................................

7

6

Амортизациялық аударылымдарды есептеу......................................

8

7

Ағымдағы жөндеу шығындарын есептеу...........................................

9

     

8

Жалпы стансалық және цехтық шығындарды есептеу......................

9

9

Энергияны жіберудің өзіндік құнын есептеу.....................................

9

10

ЖЭО салуды және пайдалануды экономикалық бағалау..................

11

Әдебиеттер тізімі............................................................................................

16


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе


 

Жұмыстың мақсаты энергетикалық саланың экономикасында теориялық білімдерді электр және жылу энергиясының белгілі бір өндіру көлеміндегі шарттары бойынша олардың өзіндік құндарын практикалық және инженерлік-экономикалық есептеу жолы арқылы нығайту болып табылады. Есептеулерді жүргізу нәтижесінде студенттер электр және жылу энергиясын жіберудің құраушыларын анықтаудың әдістемесін меңгереді және энергетика саласында инвестициялық талдау әдістерін практикада қолдануға дағдыланады.

Қазақстан электр стансаларының техникалық ахуалын талдау олардың негізгі қорларының 50-60%-ы тозып, өзінің қызмет ету мерзімін әлде қашан өтеп болғанын көрсетеді. Кейбір стансаларда қазіргі уақытқа дейін 40 жылдардағы, көбінесе Германияда жасалған жабдықтар жұмыс істеуде. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін барлық ТМД елдерінің экономикалық даму деңгейі екі есеге төмендегені белгілі, соған сәйкес электр энергиясын өндіру мен тұтыну да төмендеді. Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі байқалып келеді, бұл энергияны тұтынуды өсірді. Энергетиканың нарықтық қатынастарға өтуі ұлттық-шаруашылық салаларының үйлесімсіз өсуі, тұтынылған энергияға төленбеген қалдық қарыздар және энергетикалық жабдықтардың тозуы бір жағынан жаңа қазіргі заманғы электр стансаларды салуды қажет ететін болса, ал екінші жағынан стансаларға тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік бермейді. Әлемдік тәжірибеде мұндай экономикалық жағдайларда (тіпті оданда күшті) ірі энергетикалық нысандарды (стансалар, электр желілері) салу мемлекеттің қолдауымен, демек бюджеттік қаражат есебінен жүргізіледі. Еске сала кететіні, мемлекеттік қаржыландыру үлесі 60-80%-ға жетуі мүмкін. Бұл мемлекеттің стратегиялық нысандарды басқаруды сақтап қалуына мүмкіндік береді. Қаражаттың қалған бөлігі акционерлік қоғам құру жолымен банктерден жеңілдетілген мемлекеттік несиелер алынады. Ірі энергетикалық нысандарды қаржыландырудың бұл стратегиясы өте үлкен капиталдық салымдарға, жұмсалған қаржылардың қайтарылуының ұзақ мерзіміне байланысты болады және ол ұлттық экономиканың бастапқы даму кезінде энергетиканың қалыпты жұмыс істеуінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген мәліметтер


 

Есептеу үшін бастапқы берілгендер ретінде электр және жылу энергияларының жылдық өндіру көлемдері және 1 кВт×сағ электр энергиясы мен 1 Гкал жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын шартты отынның меншікті шығысы, отын түрі, оның жылу шығару қабілеті (ккал/кг көмір үшін және теңге/м3 газ үшін), отынның бағасы (теңге/т.о.т. көмір үшін және теңге/м3 газ үшін), қатты отынның шығарылу көзінен стансаға дейінгі тасымалданатын ара қашықтығы беріледі.

 

1 Кесте - Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер   

№А

Эөнд, млн.кВт×сағ

Qөнд,

 мың Гкал

Отын

Qб, ккал /кг

Ботын, теңге /тот

R, км

№Б

Тм, сағ

4

1800

1210

газ

8550

11,0

    -

3

5200


Бір кВт×сағ өндіруге жұмсалатын отынның меншікті шығысын 190-210 ш.о.г/кВт×сағ көлемінде деп қабылдайды; ал бір Гкал жылу энергиясына жұмсалған отынның меншікті шығысы - 170-180 ш.о.кг/Гкал.

Газбен жұмыс істейтін ЖЭО үшін штаттық еселеуішті қатты отында жұмыс істейтін ЖЭО-мен салыстырғанда 15-20% -ға төмендету қажет.

Қатты отынның тасымалдану  құнының шамасы 0,8-1,0 теңге/т-км. Есептеулерде газдың тығыздығын 0,83 кг/м3 деп қабылдайды.

Пәндік жұмысты орындағанда:

    • ЖЭО салуға және жылу стансасын пайдаланғандағы жұмсалатын қосынды шығындарды есептеу;
    • электр және жылу энергиясын өндірудің өзіндік құнын есептеу;
    • NPV, IRR, PP көрсеткіштерін есептеу және ЖЭО-ын пайдалануға лайық екендігі жөнінде қорытынды жасау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ЖЭО-ның жылдық энергия жіберуін анықтау


 

Электр стансасының  жұмысы кезінде өндірілетін энергияның бір бөлігі стансаның өзіндік мұқтажына жұмсалады. Электр энергиясының бұл шығысы қондырғының типіне және оның бірлік қуатына, қолданатын отын түріне, негізгі және көмекші қондырғылардың техникалық жетілу дәрежелеріне және стансада техника мен қаржы саясатын дұрыс жүргізуге байланысты болады. Стансаның өзіндік мұқтажына жұмсалатын электр энергиясының шығысы - 6 дан 16%-ға дейін.

Есептерде өзіндік мұқтаждыққа жұмсалатын электр энергиясының шығынын - 7- 9% (Эө.м..), ал жылу энергиясына - 0,5- 1% (Qө.м) деп қабылдау керек.

Электр және жылу энергияларының жылдық жіберулері келесі кейіптемелермен анықталады

 

Эжіб = Эөнд* (1 – Эө.м.)=1800*(1-0,08)=1656 млн. кВтсағ,

 

Qжіб = Qөнд * (1 – Qө.м.)=1210 *(1-0,8*10-2)=1200 мың Гкал,

 

мұндағы Эөнд және  Qөнд – электр және жылу энергиясының жылдық өндірілуі (1-кестені қараңыз).

Мұнда жіберілетін энергиядан өндірілетін электр және жылу энергиясына жұмсалатын меншікті отын шығындарына түзету жүргізу керек, яғни отын өзіндік мұқтаждыққа жұмсалатын шығынын ескеру керек. Оның мәні төмендегідей анықталады

= Вэ / Эжіб= 200 ш.о.г/кВтсағ,

 

= Вж / Qжіб=170 ш.о.кг/Гкал.

 

  1. Отынға жұмсалатын шығынды анықтау

Электр және жылу энергияларын өндіруге жұмсалатын жылдық отын шығыны

Вэ = Эо * bэ =1800*200=360 мың ш.о.т,

 

Вж = Qо * bж =1210*170 =205,7 мың ш.о.т.

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЭО-ның жалпы отын шығыны


 

Вш = Вэ + Вж=360+205,7=565,7 мың ш.о.т.

 

Отынға және оның тасымалына жұмсалатын шығындар табиғи отын бойынша анықталса, онда отынның шығысы бойынша анықталған шамаларды табиғи отынға айналдыру керек.

Табиғи отынның шығысы келесі түрде болады

Вт = Вш / Ка=565,7/0,82=690,96 мың т.о.т.

Ка- шартты отынды табиғи отынға аудару еселеуіші шартты және табиғи отынның жылу шығару қабілетінің қатынасынан шығады (барлық берілгендер 1-кестеде көрсетілген).

Қатты отынның  бір тоннасын тасымалдауға жұмсалатын шығындар

  Бтасым = R*(0,8-1,0)=0*(0,8÷1,0)=0 тенге/т.о.т

Магистралды газ құбыры бойынша табиғи газды әкелу және оны стансаға дейін жеткізуге жұмсалатын шығындар газды сатып алу бағасына кіреді.

Отынға жұмсалатын шығын құраушысы төмендегі кейіптемемен табылады

Шотын= Вт отын+ Бтасым)=690,96*(11+0)/1000=7,601 млн. теңге.            

 

  1. Отынды қолданудың ПӘЕ-ін есептеу

 

ПӘЕ-і бірге тең құрылғыда 1 кВт×сағ электр энергиясын алуға 123 ш.о.г, ал 1 Гкал жылу энергиясына - 143 ш.о.кг қажет екені белгілі. Өзіндік мұқтаждыққа жұмсалатын электр және жылу энергиясының шығындарын ескергендегі отынды пайдалы пайдалану еселеуіші

 

ПӘЕэ = 123 :

* 100%=123/200*100%=61,5%,

 

ПӘЕж = 143 :

*100%=143/170 *100%=84,1%.

 

Стансаның отынды пайдалану еселеуіші төмендегідей болады

 

0,86 * Эжіб + Qжіб

ПӘЕ =      --------------------  * 100%=

7 * В

=[(0,86*1656+1200)/(7*565,7)]*100=66,3%

 

 

  1. Суға жұмсалатын шығындарды есептеу

  

    ЖЭО-да су шығыр шықтандырғыштарында буды салқындатуға, жылумен қамдау жүйелерін толықтыруға, генераторлар мен трансформаторлардың салқындатылуына, күлді тазалауға және т.б. шығындалады. Стансалардың сумен қамдау жүйесіне (тікелей, айналмалы) сәйкесті су шығындарының шамалары да әртүрлі болады. Мысал ретінде Қазақстандағы стансалардың біріндегі суға кететін шығынның көлемі 0,13-0,15 теңге/ кВт×сағ аралығында екен. Күрделі есептер үшін сумен қамдаудағы шығындар келесідегідей табылады

Шс= Эс (0,13 - 0,15)=1800 *0,14=252млн.теңге.

 

  1. Еңбекақы шығындарын есептеу

 

Өндірісте және қызмет көрсететін ЖЭО-ының өнеркәсіптік-өндірістік персоналға (ӨӨП) жұмсалатын еңбекақыларды анықтау үшін оның санын білу қажет. ӨӨП-лар - пайдалану, жөндеу және әкімшілік-басқару деп жіктеледі. Олардың саны негізінен негізгі энергетикалық қондырғының қуаты мен санына, қолданатын отын түріне, жөндеу жүргізу тәсілдеріне тәуелді болады.

ӨӨП санын электр стансасында 1 МВт орнатылған электр қуатына қанша адам саны кететінін көрсететін штаттық еселеуіш арқылы анықтауға болады. Стансаның орнатылған электр қуатын осы қуатты пайдаланудың максималды сағат саны және электр энергиясын жылдық өндіру шамасы арқылы анықтауға болады, яғни

                                     

                                      Эөнд

                         Nорн  = ---------- = 1800/5,400=333,33 МВт.

                                       Тм

 

Орнатылған қуатты пайдаланудың максималды сағат саны Тм-ді есепте 5500 сағат деп аламыз. Жоғарыда айтылып өткендей, студенттерге нұсқа жетпеген жағдайда Тм санын 5000 сағат (оңтүстік аймақтар) және 6000 сағат (солтүстік аймақтар) деп түзетеміз. ЖЭО жылу энергиясын - жалпы тұрғын үй және қоғамдық құрылыс аймағын жылуландыру және ыстық сумен қамтамасыз етуге жібереді.

Қазақстанның кейбір стансаларындағы жұмысшылардың саны туралы әдеби және іс-жүзіндегі мәліметтер бойынша штаттық еселеуіштің орташа мәндерін алуға болады (Кш): орнатылған қуаты 500 МВт-тан жоғары ЖЭО үшін  - 1,3 -1,5 адам/МВт, қуаты 500 МВт-тан аз болса - 16 - 1,8 адам / МВт. Тапсырмада көрсетілгендей ЖЭО табиғи газбен жұмыс істегенде Кш шамасы 15 - 20 % - ға төмендейді.

Стансаның қызметкерлер саны төмендегідей анықталады

ҚС = Кш* Nорн =1,5*333,33=500 адам.

Еңбекақының қосынды қорына кіретіндер:


  • негізгі еңбекақы (Шнеа), оған энергияны өндірудің технологиялық үрдісте айналысатын жұмысшылардың еңбекақысы кіреді, сонымен қатар жұмыс істелген уақытпен байланысты (тарифтік мөлшерлемелер және міндетті айлық ақылар, еңбекақы қорынан алынатын жұмысшылардың сыйақылары, мерекелік күндер мен түнгі уақыттағы жұмыс үшін төленетін қосымша төлемдер және т.б.) ақылар да кіреді.
  • қосымша еңбекақыға (Шқеа) жұмыс уақытына байланысты емес (кезекті, қосымша және оқуға байланысты демалыстарға және мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты төлемдер және т.б.) төлемдер кіреді.
  • еңбекақыдан алынатын төлемдерге (Шеаа) әлеуметтік салықтар және зейнеткерлік қорға түсетін аударылымдар кіреді.

Информация о работе Пәндік жұмыс